Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-51.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
364.54 Кб
Скачать

2.Көпшілік алдындағы сөздің ерекшеліктері, шешендіктің негізгі типтері.

Ше­шендік сөздердің әлеуметтік құбылыс болуын үш түрлі фактор арқылы тү­сін­­­діреді: 1)  кесiм-билiк шы­ға­р­ар­да­­­ғы шешендiк сөз бен қоғам арасындағы ге­не­зистiк бай­ла­­ныс, 2) шешендік сөздің дәс­түр­лік сипаты; 3) шеш­ен­­дiк­тiң­­ қо­ғам­дағы қызметi.

Шешендiк сөз бен қоғам арасындағы генезистiк байланысты аталған ға­лым­дар тiл мен қо­ғам арасындағы ге­незистiк өзара байланысты кө­р­се­­тетiн ғылыми-лингвистикалық дә­лел­дер­ге, тiл туралы пайымдауларға сүй­е­н­іп дәлелдейді. Сөз жоқ, тiл сияқты соттағы шешендiк өн­ер де — халықтық сөйлеу өнерiнiң же­­мi­сi. Де­мек, сот­та туындайтын шешендiк сөз қо­ғам­дық ор­тада қалыптас­қан­ дү­ние, сон­дықтан ол әлеуметтiк болмысқа ие. Сот­та­ғы шешендiк сөз өн­е­р­­i­­нiң­ әл­еу­мет­тiк сипаты, сайып келгенде, адамдардың құқығы мен еңбегiнiң, тұр­­мыс–тiр­­шi­лiгiнiң ұжымдық сипатымен түсiндiрiледi. Сотта қажеттi ше­шен­­дiк өнер әл­­еу­мет­тен тыс өм­iр сүре ал­май­ды, Шешендiк өнерсiз қоғам бол­­майды, ал әл­еу­метсiз алғашқы­сы­ның да бо­л­уы мүмкiн емес. Бұл екеуі — бiр­­-бi­рiнен бөлiп қа­рауға болмайтын бүтiннiң екi жа­ғы. Сотта­ғы шешендiк өн­­ердi зерттеу — қо­ғам­дық сананы зерт­теумен бiрге жүретiн құ­бы­лыс.

Сот шешендігінің логикамен байланысы.

Сот шешендігі логикамен де етене қабысып жатыр. Сот­ шеш­ен­дi­­гiнiң негiзгi үд­­десi — көп­­шiлiктi бiр ойға ұй­ыту, бiр пiкiрге ил­­ан­ды­рып, бой­ ұсындыру, қи­сын­­ды, жүйелi сөздiң қо­­рытынды түйiнiн, яғни тө­­ре­лiк­ ше­шiм­­дi, кесiм-билiктi ри­залықпен қабылдату іспетті мақ­сат­­тардан туындайды.

Сот процесіндегі прокурор мен адвокаттардың сөз қақтығыстары, кешегі би­лер дауына қа­тыс­­ты ай­ты­ла­тын­дай, “шытырман-шиеленiскен қарама-қай­шы­лық­тардың тоғысқан же­лiлер­i­нен­ туындайтын прокурор мен ад­во­кат дауы тек өз­дерiне ғана тән етене ой­лау­ жүй­е­лерi, ой ке­­шу үрдiстерi, сөз қолданымдары ар­қылы жүзеге ас­а­ды”1. Қа­­зақтың ай­ып­таушы, қор­ғау­шы­ла­рына iстiң-даудың шы­ғу себептерiн қа­у­зап­ талдау, оқи­ға­ның ширығу, ши­еленiсу барысын зер­­де­леу, қарама-қайшы мүд­­делердiң ара­қа­тынасын айшықтау сияқты ақиқатты нақ­ты­лы ашу та­лап­та­­ры тән. Мұндай та­лаптардың диалектикалық логика аясынан та­бы­ла­тын­ды­­ғы да еш күмән ту­ғыз­байды.

Сот шешендігінің психология ғылымымен байланысы.

Психология — сот процесінің ажырамас бөлігін құрайды. Сот шешендері пси­хикалық тұр­ғы­да жетілмесе, кә­сі­би қабілеті де жоғары болмайтыны сөзсіз шын­дық. Оларға қажетті нәр­се — табандылық, батылдық, са­быр­лық, бай­қам­паз­дық, зерделілік, мінез құлқындағы тұ­рақ­ты­лық. Мұндай сот шешендері бой­ы­нан табылуы тиіс қа­жетті компоненттер психология ғы­­лы­мының үлесіне тие­сі­лі. Осы саладағы ғалымдар заңгер мамандардың пси­хологиясын зерт­теу­де мы­надай үш компонентті алға тартады: 1) психологиялық қасиеттер (жі­гер­лі­лік, еп­­ті­лік, байқампаздық, есте сақтау қабілеті, т.б.); 2) психологиялық тұ­рақ­ты­лық (өзін өзі ұс­тай бі­лу, төзімділік, т.б.); 3) психололгиялық шеберлік (қыл­мыс­ты дұрыс бағалап, ол бой­ын­ша дұ­рыс шешім қабылдай алу, қарсы та­раптың ни­етін аңғара білу, қиын-қыстау жағ­дай­ла­рын­­да шығар жол таба алу, т.б.).1 Мұн­дай психология құ­бы­лыстарын меңгермейінше сот ше­шен­­­дерінің кәсіби ше­берлігінің ұшталмайтыны, жіті жетіле артпайтыны өз­ді-өзінен тү­сі­нік­ті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]