Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-51.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
364.54 Кб
Скачать

41. Қорғау сөздегі дәлелдеу шектері.

Айыпталушының өзiн-өзi қорғау сө­зi де сот тiлмарлығының бiр бөлiгiн құрайды. «Айыпталушының қорғану құ­қығы — адамның заңсыздық және әдiлетсiздiк жолымен қылмыстық жа­у­ап­кер­шiлiкке тартылуынан құтылу үшiн қорғану жөнiндегi кешендi субъек­тив­тiк­ құқығы болып табылады»3. Заңгер ғалым Е. Тұрашев өзiнiң «Се­зiк­тi­нiң, айып­та­лушының құқығын қамтамасыз ету мәселелерi» атты ғылыми ма­қала­сында қыл­мыстық iс жүргiзудiң функцияларын сөз ете келе, былай дей­дi: «Аза­мат­тар­дың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына үлкен әс­ер ететiн қыл­мыс­тық iс жүргiзу принциптерiнiң бiрi — айыпта­лу­шы­ның қор­ғануға құ­қы­ғын қам­та­масыз ету болып табылады. Қылмыстық iс жүргiзу жүй­есiнде бұл принцип бас­ты орында тұрады…Айыпталушының қорғануға құ­қығын қамта­масыз ету прин­циптерiмен бiрге қызмет жасау арқылы ғана сот­ төрелiгiн дұрыс жүргiзе аламыз»1.

Ғылыми әдебиеттер де бұған орын барынша аз берiлген. Қазiргi отандық қыл­мыстық iс жүргiзудiң осы күнге дейiнгi жүрiп өткен жолы бұралаңы көп бұл­тартпа бұрылыстарға толы. Әуел бастағы Ресейлiк, одан кейiнгi Кеңес Од­ағы кезiндегi сот жүйесiнiң қалыбы өз iз-таңбасын салмай кеткен жоқ. Ке­ше­гi саптыаяққа ас құйып, сабынан қарауыл қараған, сезiктенгiш те сес­кен­гiш­ алма­ғайып аласапыран уақыттардағы жеке басқа табынған 30-жылдар зұл­матында сот төрелiгiнiң айыптаушылық пен айыпталушының өзiн-өзi ақ­тау­ түрлерi қа­тар өрбiдi. Дегенмен оның айыптаушылық түрi бiрбеткей сың­ар­жақ дамыды. Ал екiншi түрiн «қылмыскер-мыс» атанған кiсiлердiң жауап­та­рынан шешен сөйлеудiң ұшқынын, нышанын ғана көремiз.

42. Қорғау сөздің негізгі процессуалдық мазмұны мен оның жалпы

құрылымы.

Франциялық сот тiлмарлары қорғау сөздерiн айыптаушыны сынаудан ба­с­­та­ған. Мұның өзi сөздерiне өткiр, пiкiр-таласқа құрылған полемикалық си­­­пат үс­тей­дi. Әйтсе де бiр артықшылығы бiрақ процесуальды қарсылас­ы­ның­ ар-ож­да­ны­на, намысына тиюден қашқан.

Адвокаттың қорғау сөзi бойынша қорғанудың қажеттiлiк, пайдалы еке­нi­­не, адвокат қалаған позициясының заңды, әдiлеттi екенiне адамдардың көз­де­­рi жетуi тиiс. Мiне, осы жайттар төрелiк айтар сөздiң негiзгi мазмұнын құ­рай­­ды.

Сотталушы өз тарапынан айтылар айғақтарды дәледеуi мiндеттi емес, ал ад­вокат қорғау сөзiнде дәлелдемелер келтiруге мiндеттi саналады. Әйтпесе сот­та адвокаттың қажетi шамалы. Сот процесiнде адвокат прокурордан кейiн сөз­ алатындықтан оның сөзi өткiр, өтiмдi болғаны абзал.

43. Жарыссөздің риторикалық мүсіндері, олардың түрлерін бөлу, сөздер мен тұжырымдар түрлері. Оларды заңгердің тәжірибесінде дұрыс пайдалану.

Сөйлеу мәдениетінің жоғарғы саты болып сөйлеу шеберлігі саналады, ойдың анық жеткілікті, сенімділікті ашудан, сөздіктің байлығымен грамматикалық құрамның әр түрлігінен тұрады. Сөйлеу өнерлігі - ол риторикалық тәсілдермен білікті қолдануды білдіреді, эмоционалдық психологиялық әсеріне көмек етеді. Заңгерге жақсы сөйлеу - ол кәсіптік қажеттілк болып есептеледі. Өйткені, ал дегенде заңгердің кәсібі тек қана кәсіптік шеберлікті емес, сонымен қатар кең жалпы білімді қажет етеді. Конидің айтуы бойынша "Заңгердің жалпы білімнің арнайы білімнің алдында болуы керек" деген.Заңгердің тарапынан сөздің нормаларын бұзу, тындаушылар тарапынан оған деген сенімділігін жоғалту, оның біліміне сенімсіздік туындайды. сөйлеу мәдениетінің биіктігінен әділ сот органдарының беделі көрінеді, заңгердің биік қоғамдық функциасы орындалғаны анықталады. Бірақ сот сөйлемдерінде арнайы , спецификалық сөздердің көптігін байқауға болады, сол себептен сөйлеу мәдениеті туралы айтуға болама деген ойлар бар. Мысалы : коддекс, контрабанда, мәмле, жауап , үкім, қылмыстын ниеті, тәркілеу, т.с.с., Термин сапасында келесі сөздер қолданады: жалтару, қайыршылық және т.б Сөйлем екі нысанда болады: ауызша және жазбаша. Жазбаша сөйлеу ережеге сәйкес ресми түрде жүзеге асырылады. Ол алдын ала ойлануға есептелгег, соңдықтан бұндай сөйлемге нақтылы қажет әдебиет тілінің нормаларын қатан сақтауду талап етеді.Заңгердің сөйлеу мәдениеті жазбаша көпшілік алдында сөйлеу нормаларын білуді қажет етедлі. Прокурор мен адвокаттардың сөйлемдерінде нақты істер бойынша процессуалдық құжаттардағы фактілер анықталады, сол себептен сот оарторлары ресми - іскерлік сөйлемдердегі құрамдарды жиі қолданады. Ал ауызша көпшілік алдындағы сөйлем - сөздіктің байлығын талап етеді. Өйткені ол нақты адамдарға бағытталған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]