- •1.“Сот шешендігі» оқу пәнінің ұғымы мен мәселелері туралы
- •2.Көпшілік алдындағы сөздің ерекшеліктері, шешендіктің негізгі типтері.
- •3. Ежелгі Шығыстың құқықтық мәдениетіндегі сот сөзінің негізгі көздері.
- •4.Ежелгі Египетте сот сөзінің пайда болуы, ежелгі египеттік көзқарастарда шешндік өнерінің құқықтық және эстетикалық көтерілуінің негіздері.
- •5. Ежелгі Индия және Қытайдағы шешендік трактаттардың сотта сөйлеу мен сот сөзінің жоспарын құруға негіз болуы.
- •6.Антиктік цивилизацияларда сот сөзінің гүлдену кезеңдері.
- •7.Ежелгі Грециядағы соттағы шешендік сөз өнері.
- •8.Афиныдағы шешендік өнері туралы ілім.
- •9.Логографтар мектебінің адвокатура институтының негізі болуы. Ежелгі Грециядағы сот шешендері Горгий, Исократ, Демосфен т.Б.
- •10. Ежелгі Римдегі соттағы шешендік өнері.
- •11. Ежелгі Римдегі сот процессінің процедурасы.
- •12. Цицеронның жұмыстарындағы оның шешендік өнеріне деген көзқарасы. Римнің сот шешендері - Цезарь, кіші Плиний, Цицерон және т. Б
- •13. Орта ғасырлардағы Европа мәдениетінің христиан ілімімен тығыз байланыстығымен ерекшеленуі.
- •14. Орта ғасырларда диалектика мен шешендіктің /риторика/ дамуы. Византияның атақты шешендері - Фома Аквинский, Иоанн Златоуст т.Б.
- •15. Орта ғасырлардағы соттар типтері, олардың ерекшеліктері -
- •16. Шығыс мәдениетінің типтері. Қәдіс - мұсылман шешендігінің негізі ретінде. Мұхаммед қағидаларындағы шешендік сөз жөніндегі ілімдер. Шығыс шешендері - Ғазали, Дәри т.Б.
- •17. Билер сотының ерекшеліктері. Билердің сөздері – халық сөзінің бір жанры ретінде. Қазақтың ұлы би-шешендері - Қазыбек-би, Төле-би, Айтеке-би, Сырым-би т.Б. Абай Құнанбаев
- •18. Франциядағы соттағы шешендік сөздің көздері. Француздық сот
- •19. Ғасырдың екінші жартысындағы Ресей заңгерлерінің соттағы жарыссөздерінің жалпы мінездемесі. Ф.Н.Плевако, н.П.Карабчев-
- •20. Аннтық сот шешендерінің риторикалық тәсілдері. А.Ф.Кони,
- •2 2. Идеологемдік басшылықтың негізіндегі а.Я.Вышинский мен н.В.Крыленконың сот жарыссөздеріндегі-“тоталитаризмң.
- •25. Адвокат-құқыққорғаушылар - р.А.Руденко, я.С.Киселев,
- •27. В.И.Царев, д.П.Ватман с.Л. Ария, и.М.Ксешинскийлердің соттагы жарыссөзі.
- •28. Қазақстаннның прокурорлары мен адвокаттардың соттағы сөздері п.И.Кудрявцев, и.В.Кацай, у.С.Сеиітов, е.Г.Пономаренко,
- •29. Сот ісін жүргізу қағидасының қазіргі сот жарыссөзі талабымен
- •30. Американың оқу жүйесіндегі шешендік /риторика/.
- •31. Американың сот шешендері- т.Джеферсон, п.Генри, р.Ингерсол.
- •32. Американың анттық соты мен соттағы жарыссөз. Сот жарыссөзінің тәртібі.
- •33. Соттағы жарыссөздің адам тәртібінің моделі ретінде теориясы.
- •34. Қәзіргі замандағы сот жарыссөзі - ұғым мен түрлері, жалпы түсіні Сот жарыссөзінің мағынасы.
- •35. Сот жарыссөзінің композиция-логикалық құрылымы.
- •36. Сот жарыссөзіндегі кіріспе, негізгі бөлімі мен аяқтамасы. Осы
- •37. Айыптау сөз - ерекшелігі мен құрылымы, оның мазмұны мен
- •38. Айыптаудың мәнісі, оның заңдылық тұжырымы мен құқықтық
- •39. Айыптау сөздің композициялық құрылымы.
- •40. Қорғау сөз - құқрылымының жалпы ерекшеліктері. Жалпы ұғым.
- •41. Қорғау сөздегі дәлелдеу шектері.
- •42. Қорғау сөздің негізгі процессуалдық мазмұны мен оның жалпы
- •43. Жарыссөздің риторикалық мүсіндері, олардың түрлерін бөлу, сөздер мен тұжырымдар түрлері. Оларды заңгердің тәжірибесінде дұрыс пайдалану.
- •44. Жарыссөздің тілдік түрлерін даярлау. Құжаттарды дайындау.
- •45.Қосымша дәлелдемелер
- •47.Сот жарыссөзіндегі тіл құралдары, онда тіл байлықтың стилистикасын пайдалану.
- •48. Сот жарыссөзінде тілді дұрыс және заңды пайдалану.
- •49. Қәзіргі замандағы сот жарыссөзінің лингво-герменетивтік мазмұны.
- •50. Сот жарыссөзі тілдің тарихи және мәдени кереметі ретінде.
- •51. Философиялық және құқықтық герменивитиканың қарым-қатынасы,
38. Айыптаудың мәнісі, оның заңдылық тұжырымы мен құқықтық
дәрежесі.
Прокурордың айыптау сөзi оның қызметiмен тiкелей байланысып, өзара қабысып, астасып жатыр. Яғни, прокурор сөзi оның негiзгi атқарар қызметiнен туындайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабының 1–4 тармақтарына, 1995 жылдың 21-желтоқсан күнгi Елбасының заңды күшi бар «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы ҚIЖҚ 62-бабына сәйкес: «Соттың қылмыстық iстi қарауына қатысушы прокурор айыптауды қолдау жолымен мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi және мемлекеттiк айыптаушы болып табылады. Мемлекеттiң мүдделiрн қорғап талап қоюға құқылы».
Айыптаушылық сөз — қылмыстық iс бойынша жарыссөзге қатысады, мемлекет атынан айыптауды қолдаған, iс бойынша жинақталған дәлелдемелерге талдау жасаудан тұратын, жасалған қылмысқа баға берiп, сараптайтын, соның негiзiнде жазалау шарасын тағайындайтын, басқа да заң тұрғысынан негiзгi үкiм шығаруда маңызы бар, азаматтарды құқықтық, адамгершiлiк жағынан тәбиелейтiн прокурордың сөзi.
Қылмыстық iстiң түйiнiн шешуде сотқа қосалқы көмек беретiн, мемлекет атынан айыптаушы мiндетiн атқаратын прокурордың сөзiнiң қылмыстық сот жүргiзу iсiнде алар маңызы ерекше. Орыс заңгерi Р. А. Руденко сотта мемлекеттiк айыптаудың қылмысқа қарсы күресте қоғамдық пiкiрдi қалыптастырудағы орнын айрықша бөлiп айтқан едi1.
39. Айыптау сөздің композициялық құрылымы.
Қазақстан Республикасының ҚIЖК айыптаушылық сөз элементтерiнiң неден тұратынын белгiлемейдi. ҚР ҚIЖК 317-бабының 4-тармағында: «Прокурор дәлелдердi ұсынады және оларды зерттеуге қатысады, сотқа айыптаудың мәнi бойынша, сондай-ақ сот талқылауы кезiнде ондаған басқа да мәселелер бойынша өзiнiң пiкiрiн баяндайды, сотқа қылмыстық заңды қолдану және сотталушыға жаза қолдану туралы ұсыныс айтады» делiнген. Алайда тәжiрибе жүзiнде соттағы дауларда бүгiнгi таңда айыптау сөздiң құрылымы қалыптасып үлгерген деуге әбден болатындай. Айыптау сөзiнiң құрылымы мынадай элементтерден тұрады:
қылмыстың қоғамдық бағасы;
iстiң мән-жайын баяндау;
iс бойынша жиналған және сот тексерген, зерттеген дәлелдемелердi талдап, бағалау;
қылмысты саралауды негiздеу;
сотталушыға, ал кейде жәбiрленушiге мiнездеме беру;
жазалау шарасы және азаматтық талап бойынша өз ой-пiкiрiн бiлдiру;
қылмыстың жасалуына түрткi болған жағдайлар мен себептердiң көзiн ашу және оларды жою туралы ұсыныстары.
Сотталушының, ал кей жағдайларда жәбiрленушiнiң, басқа адамдардың мiнездемесi соталушы сияқты және тұлғаның жауапкершiлiгiн негiздеу үшiн ғана емес, сондай-ақ қылмыстың субъективтi жағын анықтап, дәлелдемелердi бағалау үшiн де керек.
40. Қорғау сөз - құқрылымының жалпы ерекшеліктері. Жалпы ұғым.
Франциялық сот тiлмарлары қорғау сөздерiн айыптаушыны сынаудан бастаған. Мұның өзi сөздерiне өткiр, пiкiр-таласқа құрылған полемикалық сипат үстейдi. Әйтсе де бiр артықшылығы бiрақ процесуальды қарсыласының ар-ожданына, намысына тиюден қашқан.
Адвокаттың қорғау сөзi бойынша қорғанудың қажеттiлiк, пайдалы екенiне, адвокат қалаған позициясының заңды, әдiлеттi екенiне адамдардың көздерi жетуi тиiс. Мiне, осы жайттар төрелiк айтар сөздiң негiзгi мазмұнын құрайды.
Сотталушы өз тарапынан айтылар айғақтарды дәледеуi мiндеттi емес, ал адвокат қорғау сөзiнде дәлелдемелер келтiруге мiндеттi саналады. Әйтпесе сотта адвокаттың қажетi шамалы. Сот процесiнде адвокат прокурордан кейiн сөз алатындықтан оның сөзi өткiр, өтiмдi болғаны абзал.
