Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-51.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
364.54 Кб
Скачать

35. Сот жарыссөзінің композиция-логикалық құрылымы.

Іске қатысушы адамдар мен олардың өкілдерінің істің жағдайы туралы өздерінің қорытынды пікірлерін білдіретін соттың істі қарауының бөлігі. Жарыссөзде бірінші болып шағымды, наразылықты берген тұлға сөйлейді. Сот соттағы жарыссөз ұзақтығын белгілі бір уақытпен шектей алмайды.

Сот жарыссөздерi және оның ретi «1. Iске қатысушы ад­­ам­дар­ мен өкiлдердiң сөз­де­рi­нен тұрады. 2. Алдымен талап қоюшы және он­­ың өк­i­лi, ал содан соң — жауапкер мен оның өк­­iлi сөз сөйлейдi. Басталып кет­­кен про­цесте даудың нысанасы бойынша дербес талаптар қой­­ған үшiншi тұл­­ға мен он­ың өкiлi тараптар мен олардың өкiлдерiнен кейiн сөз сөйлейдi. Дау­­­­дың ны­са­на­сы бойынша өз бетiнше талаптар қоймаған үшiншi тұлға iске өзi­­ қатысатын жақ­­тағы жауапкерден кейiн сөз сөйлейдi. 3. Прокурор, мем­ле­кет­­тiк ор­ган­дар­дың­ және жер­гi­лiк­тi өзiн-өзi басқару органдарының, ұйым­дар­­­дың өкiлдерi және бас­қа адамдардың құ­қық­та­рын, бостандықтаны және заң­­мен қорғалатын мүд­де­лерiн қорғау үшiн сотқа жүгiнетiн азамат­тар сот жа­­рыссөздерiнде соңынан сөз сөйлейдi

36. Сот жарыссөзіндегі кіріспе, негізгі бөлімі мен аяқтамасы. Осы

элементтердің құрылымдық типтерін құрау.

Сот жарыссөздерi және оның ретi Қазақстан Республикасының аза­мат­тық­­ iс­ жүргiзу ко­дексiнiң 211-бабында былайша өрбiледi: «1. Iске қатысушы ад­­ам­дар­ мен өкiлдердiң сөз­де­рi­нен тұрады. 2. Алдымен талап қоюшы және он­­ың өк­i­лi, ал содан соң — жауапкер мен оның өк­­iлi сөз сөйлейдi. Басталып кет­­кен про­цесте даудың нысанасы бойынша дербес талаптар қой­­ған үшiншi тұл­­ға мен он­ың өкiлi тараптар мен олардың өкiлдерiнен кейiн сөз сөйлейдi. Дау­­­­дың ны­са­на­сы бойынша өз бетiнше талаптар қоймаған үшiншi тұлға iске өзi­­ қатысатын жақ­­тағы жауапкерден кейiн сөз сөйлейдi. 3. Прокурор, мем­ле­кет­­тiк ор­ган­дар­дың­ және жер­гi­лiк­тi өзiн-өзi басқару органдарының, ұйым­дар­­­дың өкiлдерi және бас­қа адамдардың құ­қық­та­рын, бостандықтаны және заң­­мен қорғалатын мүд­де­лерiн қорғау үшiн сотқа жүгiнетiн азамат­тар сот жа­­рыссөздерiнде соңынан сөз сөйлейдi»1.

Басқаша айтқанда, қылмыстық, азаматтық, арнайы сот iсiнде сөйлеу құ­қы­­ғы заң бойынша оғ­ан тiкелей қатысушыларға ғана, заңда көрсетiлген рет бой­­ын­ша берiлген. Соттағы төрелiк ай­тар тiлмарлық соттың бiрiншi, екiншi са­ты­сы­­на қа­тыс­ты, ол белгiлi бiр аудиторияға: сотқа, он­дағы басқа да қа­ты­су­шы­лар­­ға ба­ғыш­тала айтылады. Соттағы сөйлеу көпшiлiкке ар­нал­ған­дықтан ол сөй­­леудiң мо­нологты түрiне жатады.

37. Айыптау сөз - ерекшелігі мен құрылымы, оның мазмұны мен

логикалық және материалдық-құқықтық жағы.

Айыптаушылық сөз — қылмыстық iс бойынша жарыссөзге қатысады, мем­ле­кет атынан айыптауды қолдаған, iс бойынша жинақталған дәлел­де­ме­лерге тал­дау жасаудан тұратын, жасалған қылмысқа баға берiп, са­рап­тай­тын, со­ның негiзiнде жазалау шарасын тағайындайтын, басқа да заң тұ­р­ғысынан негiзгi үкiм шығаруда маңызы бар, азаматтарды құқықтық, ада­мгершiлiк жағынан тә­биелейтiн прокурордың сөзi.

Қылмыстық iстiң түйiнiн шешуде сотқа қосалқы көмек беретiн, мем­ле­кет­ атынан айыптаушы мiндетiн атқаратын прокурордың сөзiнiң қылмыстық сот­ жүр­гiзу iсiнде алар маңызы ерекше. Орыс заңгерi Р. А. Руденко сотта мем­ле­кет­тiк айыптаудың қылмысқа қарсы күресте қоғамдық пiкiрдi қалып­тас­ты­ру­дағы ор­нын айрықша бөлiп айтқан едi1.

Айыптаушылық сөздiң мазмұны белгiлi бiр iс бойынша сөйлейтiн про­ку­рор­дың азаматтық позициясымен, төрелiк айтар сөздiң мәнiмен өрнектеледi. Қа­зiр­де халық арасында прокурор сөзiн алдағы сот шығарар үкiмнiң әуелгi не­гiзгi жо­басы санайтын жаңсақ пiкiр етек алған. Ендеше бұдан қорғаушы сө­зi де ал­дын ала белгiленген үкiм жобасының негiзiнен шығады деген ұғым ту­ындауы да мүмкiн. Осы екi жобаның қисынға келер бiрiн ғана соттың таң­да­уы керек де­ген жорамал айтады. Бұл тiптi де олай емес. Соттағы төрелiк ай­тар сөзде үкiм шы­ғару үшiн қарастырылар барлық мәселе тiлге тиек бо­ла­ды.­ Прокурор бола­шақ үкiм жобасын емес, қылмыстық iске деген өзiнiң ой-ше­шiмiн ғана айтады. Шын­туайтында заң бойынша прокурор былай тұрсын сот­тың да сот проце­сiн­де­гi жарыссөзден кейiн кеңесу бөлмесiнде болмаса, ал­дын ала үкiм шығаруға құ­қысы жоқ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]