Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-51.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
364.54 Кб
Скачать

28. Қазақстаннның прокурорлары мен адвокаттардың соттағы сөздері п.И.Кудрявцев, и.В.Кацай, у.С.Сеиітов, е.Г.Пономаренко,

Л.И.Баширова, Ц.Я.Меламедовская, С.М.Гинзбург және басқалардың

соттағы сөздері. Олардың шешендік өнерінің негіздері.

Қылмыстық iстiң түйiнiн шешуде сотқа қосалқы көмек беретiн, мем­ле­кет­ атынан айыптаушы мiндетiн атқаратын прокурордың сөзiнiң қылмыстық сот­ жүр­гiзу iсiнде алар маңызы ерекше. Орыс заңгерi Р. А. Руденко сотта мем­ле­кет­тiк айыптаудың қылмысқа қарсы күресте қоғамдық пiкiрдi қалып­тас­ты­ру­дағы ор­нын айрықша бөлiп айтқан едi1.

Прокурор көпшiлiк алдына шыққан кезде өзiнiң заңның сақшысы, әд­iл­дiк­тiң жаршысы, мәмiлеге келе бермейтiн тұлға, сөзi мен iсiне табанды жан ек­е­нiн ұғынуы қажет деймiз. Әйгiлi адвокат А. Ф. Кони бiр сөзiнде «қорғау ке­зiн­де та­сып сөйлеудi кешiруге болады, ал айыптау iсiнде таусыла сөйлеудi ке­шiруге әсте болмайды»1 дейдi.

Прокурор сөзiнде айыптау жағы басымдау болғаны ләзiм. Бiрақ бұл қо­ғам­ға қауiптi жасалған iске атүстi жеңiл-желпi қарау, шындық, ақиқатқа қай­шы­ ке­летiн әрекетке бару деген сөз емес. П.И.Кудрявцев

Прокурордың айыптаушылық сөзiне этикалық талаптарда қойылады. Со­ның iш­iнде ең бастысы — iстiң қарау барысында прокурордың өз позици­я­сын­ ай­қын­дап, анықтап алу жатады. Оның шешiмдерi мен тұжырымдары заң­ға қа­таң сәй­кес болуы — шарт. Е.Г.Пономаренко

29. Сот ісін жүргізу қағидасының қазіргі сот жарыссөзі талабымен

байланысы.

қылмыстық, азаматтық, арнайы сот iсiнде сөйлеу құ­қы­­ғы заң бойынша оғ­ан тiкелей қатысушыларға ғана, заңда көрсетiлген рет бой­­ын­ша берiлген. Соттағы төрелiк ай­тар тiлмарлық соттың бiрiншi, екiншi са­ты­сы­­на қа­тыс­ты, ол белгiлi бiр аудиторияға: сотқа, он­дағы басқа да қа­ты­су­шы­лар­­ға ба­ғыш­тала айтылады. Соттағы сөйлеу көпшiлiкке ар­нал­ған­дықтан ол сөй­­леудiң мо­нологты түрiне жатады.

Төрелiк сөз (судебная речь) деп — қылмыстық немесе азаматтық iстердi қа­­­р­ау барысында сот пен сотқа қатысушы көпшiлiкке арналған, сот мә­жi­лi­сiн­­де нақ­ты iс бойынша тұжырым ай­тылатын, қарсы жаққа уәждi пiкiрлер бiл­­дiруге құ­рылған сөздi айтады. Төрелiк сөздiң су­дь­­яның, сотқа тiкелей қа­ты­­сушы тұл­ға­лардың iшкi сенiмiн, көзқарасын қалыптастырудағы, iс­тiң ақ-қа­­расын ан­ық­тап­, әдiл шешiм шығарудағы орны айрықша.

Соттағы пiкiрталастар көзқарастар күресiн, жарыс, бәсекелестiктi көр­­­сетедi. Оған қа­ты­сушы айыптаушы мен қорғаушылар көбiне көп ымыраға ке­­­ле бермейдi: не сөзi өтедi, не шы­ғарылған шешiмдi мойындайды. Сон­дық­тан­­ «пiкiрсайысқа қатысушыларда бiр ғана мақ­сат бар. Ол — қарсыласын ой­сы­­­ра­та жеңу, өз пiкiрiн дәлелдеп шығу»1. Соттағы пiкiрсайыс, не­­гi­зi­нен­, заңды, ад­­ам құқығын қорғау төңiрегiнде ұйымдастырылып, қоғамдық пi­кiрдiң қа­лып­­­тасуына ұйытқы болады. Ол үшiн айыптаушы мен қорғаушы өз дәл­ел­де­ме­­лерiнiң нақ­ты­лы­ғына, дәлелдiгiне сот алқасының көзiн жет­кi­зу­ге­ тырыса­ды.­­ Ол үшiн айтар уәждiң не­гiз­де­месiнiң мықты, шымыр әрi се­нiм­дi­ болуы —­ бас­ты шарт. Полемикалық (пiкiрсайыстық) ше­берлiктi меңгеру ар­­қы­­лы­ айыптаушы мен қорғаушы сот тергеуiнде маңызы бар мә­се­ле­лер­дi жан-жақ­­ты талқылауға қатыса алады. Соттағы пiкiрталас қылмыстық iс жүр­гi­­зу­дiң­­ не­гiз­гi бөлiгiн құраса, ал төрелiк сөз сол пiкiрталастардың негiзгi өз­е­гiн­ құ­­­райды. Ендеше тө­ре­лiк сөз қылмыстық сот жүргiзу iсiндегi процес­су­ал­дық­­­­ қызметтiң ерекше бiр айшықты кө­рi­нi­сi.

Реплика — бұл да соттағы сөйленер сөздiң құрамынан табылатын, қа­р­сы­­лас­ шешендерге ай­тылар қысқаша уәж-пiкiрлер. Төрелiк сөз соттың бiрiн­шi­ са­тысына, екiншi апелляциялық са­тыға тән сөйлеу өнерi болғандықтан он­ың­ ау­қымы соттағы пiкiрталастарға қарағанда ан­а­ғұр­лым кең. Оның ретi Қа­зақ­­стан­ Республикасынының азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 212-ба­­бында көр­­се­­тiлген: «Жарыссөзге қатысып болған соң олар сөздерiнде айтылған­дар­ға­ бай­ла­нысты екiншi рет сөз сөйлей алады. Соңғы реплика құқығын үнемi жау­­ап­кер мен оның өк­i­лi иеленедi»2.

Төрелiк сөздiң мазмұны — соттың нақты бiр қылмыс немесе құқық бұ­зу­шы­лық бойынша қа­растыратын, үкiм не шешiм шығаруға негiз беретiн мә­се­ле­лердiң өзегi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]