Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-51.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
364.54 Кб
Скачать

25. Адвокат-құқыққорғаушылар - р.А.Руденко, я.С.Киселев,

В.Л.Россельстердің соттағы сөздері.

Қылмыстық iстiң түйiнiн шешуде сотқа қосалқы көмек беретiн, мем­ле­кет­ атынан айыптаушы мiндетiн атқаратын прокурордың сөзiнiң қылмыстық сот­ жүр­гiзу iсiнде алар маңызы ерекше. Орыс заңгерi Р. А. Руденко сотта мем­ле­кет­тiк айыптаудың қылмысқа қарсы күресте қоғамдық пiкiрдi қалып­тас­ты­ру­дағы ор­нын айрықша бөлiп айтқан едi1.

Айыптаушылық сөздiң мазмұны белгiлi бiр iс бойынша сөйлейтiн про­ку­рор­дың азаматтық позициясымен, төрелiк айтар сөздiң мәнiмен өрнектеледi. Қа­зiр­де халық арасында прокурор сөзiн алдағы сот шығарар үкiмнiң әуелгi не­гiзгi жо­басы санайтын жаңсақ пiкiр етек алған. Ендеше бұдан қорғаушы сө­зi де ал­дын ала белгiленген үкiм жобасының негiзiнен шығады деген ұғым ту­ындауы да мүмкiн. Осы екi жобаның қисынға келер бiрiн ғана соттың таң­да­уы керек де­ген жорамал айтады. Бұл тiптi де олай емес. Соттағы төрелiк ай­тар сөзде үкiм шы­ғару үшiн қарастырылар барлық мәселе тiлге тиек бо­ла­ды.­ Прокурор бола­шақ үкiм жобасын емес, қылмыстық iске деген өзiнiң ой-ше­шiмiн ғана айтады. Шын­туайтында заң бойынша прокурор былай тұрсын сот­тың да сот проце­сiн­де­гi жарыссөзден кейiн кеңесу бөлмесiнде болмаса, ал­дын ала үкiм шығаруға құ­қысы жоқ.

26. 70-80 жылдардағы заңгерлердің соттағы жарыссөзіне сипаттама

Сот жарыссөздерi және оның ретi 1. Iске қатысушы ад­­ам­дар­ мен өкiлдердiң сөз­де­рi­нен тұрады. 2. Алдымен талап қоюшы және он­­ың өк­i­лi, ал содан соң — жауапкер мен оның өк­­iлi сөз сөйлейдi. Басталып кет­­кен про­цесте даудың нысанасы бойынша дербес талаптар қой­­ған үшiншi тұл­­ға мен он­ың өкiлi тараптар мен олардың өкiлдерiнен кейiн сөз сөйлейдi. Дау­­­­дың ны­са­на­сы бойынша өз бетiнше талаптар қоймаған үшiншi тұлға iске өзi­­ қатысатын жақ­­тағы жауапкерден кейiн сөз сөйлейдi. 3. Прокурор, мем­ле­кет­­тiк ор­ган­дар­дың­ және жер­гi­лiк­тi өзiн-өзi басқару органдарының, ұйым­дар­­­дың өкiлдерi және бас­қа адамдардың құ­қық­та­рын, бостандықтаны және заң­­мен қорғалатын мүд­де­лерiн қорғау үшiн сотқа жүгiнетiн азамат­тар сот жа­­рыссөздерiнде соңынан сөз сөйлейдi»1.

Басқаша айтқанда, қылмыстық, азаматтық, арнайы сот iсiнде сөйлеу құ­қы­­ғы заң бойынша оғ­ан тiкелей қатысушыларға ғана, заңда көрсетiлген рет бой­­ын­ша берiлген. Соттағы төрелiк ай­тар тiлмарлық соттың бiрiншi, екiншi са­ты­сы­­на қа­тыс­ты, ол белгiлi бiр аудиторияға: сотқа, он­дағы басқа да қа­ты­су­шы­лар­­ға ба­ғыш­тала айтылады. Соттағы сөйлеу көпшiлiкке ар­нал­ған­дықтан ол сөй­­леудiң мо­нологты түрiне жатады.

27. В.И.Царев, д.П.Ватман с.Л. Ария, и.М.Ксешинскийлердің соттагы жарыссөзі.

Сөзiмiздi жүйелеп айтсақ, олардың жарыссөзге шығып сөйлеуi сот тер­ге­у­i­нен­ кейiн басталады. Жарыссөз кезiнде прокурор мен адвокат айып­тау­шы,­ қор­ғау­­шы тұрғысынан сот тергеуiнiң қорытындысын шығарады. Сот ба­ры­сында iс­­тiң мән-жайлары қарастырылғаннан кейiн, өз дәйектемелерiн кел­тi­рiп, сот мә­жiлiсiнде зерттелген iс материалдарын тереңiрек, кеңiнен түсi­ну­ге­ ұйытқы бо­лады. Осылайша екi жақтың пiкiр-таластары ақиқатты ашуға, заң­ды тұрғыда әд­iл үкiм шығаруға негiз бередi.

¤з сөйлеуiнде айыптаушы мен қорғаушы болған қылмысты жан-жақты тек­­серiп, оның қоғамға қаншалықты қауiптiлiгiн анықтап, күнәкерге тиiстi ба­ға­сын айтуы тиiс. Сайып келгенде, мұның сотталушыға да, сот залындағы қа­ты­сып отырған халыққа да тәрбиелiк мәнiнiң әсерiн жоққа шығаруға бол­май­ды. Азаматтарға қылмыстық әрекеттiң салдарын түсiнiп, дұрыс қоры­тын­ды­ шы­ғаруға түрткi болады. Ендеше соттағы сөз сөйлеудiң үлкен тәрбиелiк, ғи­б­рат­тық тәлiмi бары сөзсiз демекпiз.

Сотта сөйлеудiң маңызы мұнымен ғана шектелмесi анық. Қылмыстық iс­тi қарау барысында айыпталушы мен қорғаушы оның сипаты мен орындалу ам­ал-тәсiлiне, мақсаты мен ниетiне терең талдау жасап, жасалған қылмыстың су­рет-сүлбесiн, яғни болған жағдайды, оқиғаны толық қайта қалпына кел­тi­ре­дi. Ол­ар­дың­ жасалған жеке бөлiктерiне тиiстi баға берiп, көпшiлiк алдына са­рапқа са­луы сотқа қатысушы тұлғалардың талқыланып отырған iстiң маз­мұ­нын терең тү­сiнуге, көңiл зердесiнен өткiзуге түрткі болып, шығарылған үкi­мнiң қан­ша­лық­ты әдiлдiгiне көз жеткiзуiне мүмкiндiк алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]