Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-51.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
364.54 Кб
Скачать

19. Ғасырдың екінші жартысындағы Ресей заңгерлерінің соттағы жарыссөздерінің жалпы мінездемесі. Ф.Н.Плевако, н.П.Карабчев-

Адвокаттардың өз кәсiби еңбегi тұрғысынан сөйлей бiлудiң негiзгi өзе­гiн­де адамгершiлiк принциптер, моральдық қарым-қатынастар үстем болаты­ны­ кәдiк. ¤йткенi адвокат қызметi азаматтар мен ұйымдардың заңды мүд­де­ле­рiн қорғауға, сот әдiлдiгiн жүзеге асыруға, адамдардың ар-намысы мен қа­дiр­-қа­сиетiн құрметтеу рухында өрiсiн табады.

¤ткен ғасырлардағы Ресейдiң адвокаттық тарихында шеберлiктiң жар­қын­ мысалы ретiнде көп айтылатын қас сұлудың сүйрiктей саусағынан өрiлiп шық­қан кестедей сөзi бойды балқытып, тыңдармандарды сиқырдай баулап ал­атын тамаша заңгер, қазаққанды Ф. Н. Плеваконың кезiнде құны елу тиын қаң­ылтыр шәйнек ұрлаған кемпiрдiң iсiнде: «¤з тiрлiгiнiң мыңжыл-дан ас­там­ тарихында Россия ненi көрмедi, не қиындықты басынан өткермедi?.. Сол­ қиындықтың бәрiне төздi. Бәрiн жеңдi Россия. Ал ендi… мiне, бiр кем­пiр­ елу тиындық шәй­нек ұрлап отыр. Әрине, Россия бұл сұмдықты көтере ал­майды. Бiржола құри­ды…» деген сөзiнен кейiн соттың кемпiрдi ақтап жi­бе­­руi үлкен адамгершiлiк қасиет пен сөйлеудiң жемiсi. Кiм кiмге де үлгi бо­лар­лықтай өнеге.

Адвокат кәсiбiнiң негiзгi өзегi — кәсiби этика, кәсiби мiнез-құлықтың ая­сын­да қалыптасады. Мәселен, адвокаттық қызмет туралы Қазақстан Рес­пу­б­л­и­­касының заңының 16 бабы толықтай қорғаушының кәсiби мiнез-құлық нор­ма­ларына арналған. Онда адвокат заң көмегiн көрсету кезiнде мынадай кә­сiп­тiк­ ережелердi сақтауға тиiс делiнген:

1) көп күш-жiгер не уақыт жұмсауды та­­лап ететiн қажеттi әрекеттер жа­сау­дан жасқанбай ыждағаттық пен құл­шы­ныс­ бiлдiру;

2) заң мәселелерiн қарап жатқан органдар мен лауазымды адамдарға қа­тыс­­ты өзiн әдептi ұстау;

3) өз кәсiби мiнез-құлқын көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның құқық­та­ры мен заңды мүдделерiне сәйкес қалыптастыра және тежей отырып, iстi не­гiзсiз сөзбұйдаға салуға, заң көмегiн көрсетудiң заңсыз әдiстерiне, алдауға жол­ бермеу;

4) көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның мүдделерiне адал болу және он­ың­ мүдделерiне қарсы қандай да болмасын әрекет жасамау.

20. Аннтық сот шешендерінің риторикалық тәсілдері. А.Ф.Кони,

П.Сергеич және Л.Е.Владимировтың жұмыстарындағы соттағы

жарыссөздің теория және тәжірибелік проблемалары туралы айтылуы.

Осы кезеңдегі заңгерлердің сот жарыссөзіндегі сөз тәсілдерін таңдап

пайдалануы.

Ресейдегi 1864-жылғы сот реформасы сот жүргiзу iсiнде жаңа прин­цип­тер­­дi не­гiздедi. Сотта iстi тыңдау жария түрде өтiп, оған прокурор, адвокат, сот­­ алқа за­седательдерi енгiзiлдi. Сот процесi көпшiлiк қатысар мәжiлiс ор­ын­­дарда, қор­ғау­шылар мен айыптаушылардың айтыс-тартыс майдан алаңына ай­­­налды. Бел­гi­лi адамдар қатысқан шулы сот процестерi көпшiлiк қауымның жи­­налуына себеп­кер болды, оның барысы iле-шала баспасөз беттерiнде жа­ри­я­ланып отырды. Осы­лайша сот iсiндегi тiлмар шешендердiң үлкен шоғыры па­й­­да болып, Н.­П.­Ка­рабчевский, А.Ф.Кони, қазаққа жиен болып келетiн Ф.­Н­.­Плевако, П.­А.­Ал­ек­сан­дров, С.А.Андриевский, В.И.Жуковский, А.И­.­Ур­у­­­со­в­ есiмдерi ел аузына iл­i­не бастады. Сол кезеңдегi сот шеш­ен­дер­i­нiң­ сөз­­де­рi­­нен Ресей қоғамының сол тұс­тағы тұрмыс-тiршiлiгi айқын байқалады. Ре­­сей­ заңгерлерiнiң сөздерi сот ше­шен­дiгiнiң жарқын үлгiлерi.

А.Ф.Конидiң пайымдауынша, ХIХ ғасырдың екiншi жартысынан бас­тап­, ай­ып­таушылар мен қорғаушылардың өзгеден ерекше түрлерi қалып­таса бас­­тай­ды. Айыптаушылардың бойларынан көрiнетiн негiзгi қасиеттер — бай­сал­­ды­лық, сотталушыға қарсы кек ұстамаушылық, айыптау әдiстерiнiң ти­­я­нақ­ты­лы­ғы, нақтылығы. Iстi бұрмалау мен әсiрелеуден адалық, сондай-ақ­ ең бас­ты­сы ым-ишара, iс-қимылы мен даусында жасандылықтың тiптен бол­­ма­­уы, яғни өз­iн-өзi ұстай бiлуi.

Шынайы қорғаушы бейнесiн А.Ф.Кони былайша сипаттайды: «Ол өзiн ж­а­­л­­да­­ған кiсiнiң құлы емес, оның әдiлеттi жазадан құтылуына ниеттес те ем­­­ес. Ол сотталушы адамның досы, кеңесшiсi, оның ұғымынша, ол адам тi­п­­­­тен де кi­­нәлi емес, кiнәлi болған жағдайда соттың айыптауындай ем­ес».­

Қазан төңкерiсiне дейiнгi орыс адвокаттары қатарында көптеген әйгiлi қо­р­­ғау­­шылар қылмыстық сот жүргiзу iсiндегi айтулы тұлғалар ғана емес, со­ны­­мен қа­­тар шоқтығы биiк әйгiлi ғалым-заңгарлер, шынайы әдебиетшiлер, жа­­зу­шы­лар, сыншылар, белгiлi қайраткерлер болды.

21. 20-40 жылдардағы соттағы жарыссөздің стратегиялық және

тактикалық ерекшеліктері.

жарыссөзге шығып сөйлеуi сот тер­ге­у­i­нен­ кейiн басталады. Жарыссөз кезiнде прокурор мен адвокат айып­тау­шы,­ қор­ғау­­шы тұрғысынан сот тергеуiнiң қорытындысын шығарады. Сот ба­ры­сында iс­­тiң мән-жайлары қарастырылғаннан кейiн, өз дәйектемелерiн кел­тi­рiп, сот мә­жiлiсiнде зерттелген iс материалдарын тереңiрек, кеңiнен түсi­ну­ге­ ұйытқы бо­лады. Осылайша екi жақтың пiкiр-таластары ақиқатты ашуға, заң­ды тұрғыда әд­iл үкiм шығаруға негiз бередi.

¤з сөйлеуiнде айыптаушы мен қорғаушы болған қылмысты жан-жақты тек­­серiп, оның қоғамға қаншалықты қауiптiлiгiн анықтап, күнәкерге тиiстi ба­ға­сын айтуы тиiс. Сайып келгенде, мұның сотталушыға да, сот залындағы қа­ты­сып отырған халыққа да тәрбиелiк мәнiнiң әсерiн жоққа шығаруға бол­май­ды. Азаматтарға қылмыстық әрекеттiң салдарын түсiнiп, дұрыс қоры­тын­ды­ шы­ғаруға түрткi болады. Ендеше соттағы сөз сөйлеудiң үлкен тәрбиелiк, ғи­б­рат­тық тәлiмi бары сөзсiз демекпiз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]