- •1.“Сот шешендігі» оқу пәнінің ұғымы мен мәселелері туралы
- •2.Көпшілік алдындағы сөздің ерекшеліктері, шешендіктің негізгі типтері.
- •3. Ежелгі Шығыстың құқықтық мәдениетіндегі сот сөзінің негізгі көздері.
- •4.Ежелгі Египетте сот сөзінің пайда болуы, ежелгі египеттік көзқарастарда шешндік өнерінің құқықтық және эстетикалық көтерілуінің негіздері.
- •5. Ежелгі Индия және Қытайдағы шешендік трактаттардың сотта сөйлеу мен сот сөзінің жоспарын құруға негіз болуы.
- •6.Антиктік цивилизацияларда сот сөзінің гүлдену кезеңдері.
- •7.Ежелгі Грециядағы соттағы шешендік сөз өнері.
- •8.Афиныдағы шешендік өнері туралы ілім.
- •9.Логографтар мектебінің адвокатура институтының негізі болуы. Ежелгі Грециядағы сот шешендері Горгий, Исократ, Демосфен т.Б.
- •10. Ежелгі Римдегі соттағы шешендік өнері.
- •11. Ежелгі Римдегі сот процессінің процедурасы.
- •12. Цицеронның жұмыстарындағы оның шешендік өнеріне деген көзқарасы. Римнің сот шешендері - Цезарь, кіші Плиний, Цицерон және т. Б
- •13. Орта ғасырлардағы Европа мәдениетінің христиан ілімімен тығыз байланыстығымен ерекшеленуі.
- •14. Орта ғасырларда диалектика мен шешендіктің /риторика/ дамуы. Византияның атақты шешендері - Фома Аквинский, Иоанн Златоуст т.Б.
- •15. Орта ғасырлардағы соттар типтері, олардың ерекшеліктері -
- •16. Шығыс мәдениетінің типтері. Қәдіс - мұсылман шешендігінің негізі ретінде. Мұхаммед қағидаларындағы шешендік сөз жөніндегі ілімдер. Шығыс шешендері - Ғазали, Дәри т.Б.
- •17. Билер сотының ерекшеліктері. Билердің сөздері – халық сөзінің бір жанры ретінде. Қазақтың ұлы би-шешендері - Қазыбек-би, Төле-би, Айтеке-би, Сырым-би т.Б. Абай Құнанбаев
- •18. Франциядағы соттағы шешендік сөздің көздері. Француздық сот
- •19. Ғасырдың екінші жартысындағы Ресей заңгерлерінің соттағы жарыссөздерінің жалпы мінездемесі. Ф.Н.Плевако, н.П.Карабчев-
- •20. Аннтық сот шешендерінің риторикалық тәсілдері. А.Ф.Кони,
- •2 2. Идеологемдік басшылықтың негізіндегі а.Я.Вышинский мен н.В.Крыленконың сот жарыссөздеріндегі-“тоталитаризмң.
- •25. Адвокат-құқыққорғаушылар - р.А.Руденко, я.С.Киселев,
- •27. В.И.Царев, д.П.Ватман с.Л. Ария, и.М.Ксешинскийлердің соттагы жарыссөзі.
- •28. Қазақстаннның прокурорлары мен адвокаттардың соттағы сөздері п.И.Кудрявцев, и.В.Кацай, у.С.Сеиітов, е.Г.Пономаренко,
- •29. Сот ісін жүргізу қағидасының қазіргі сот жарыссөзі талабымен
- •30. Американың оқу жүйесіндегі шешендік /риторика/.
- •31. Американың сот шешендері- т.Джеферсон, п.Генри, р.Ингерсол.
- •32. Американың анттық соты мен соттағы жарыссөз. Сот жарыссөзінің тәртібі.
- •33. Соттағы жарыссөздің адам тәртібінің моделі ретінде теориясы.
- •34. Қәзіргі замандағы сот жарыссөзі - ұғым мен түрлері, жалпы түсіні Сот жарыссөзінің мағынасы.
- •35. Сот жарыссөзінің композиция-логикалық құрылымы.
- •36. Сот жарыссөзіндегі кіріспе, негізгі бөлімі мен аяқтамасы. Осы
- •37. Айыптау сөз - ерекшелігі мен құрылымы, оның мазмұны мен
- •38. Айыптаудың мәнісі, оның заңдылық тұжырымы мен құқықтық
- •39. Айыптау сөздің композициялық құрылымы.
- •40. Қорғау сөз - құқрылымының жалпы ерекшеліктері. Жалпы ұғым.
- •41. Қорғау сөздегі дәлелдеу шектері.
- •42. Қорғау сөздің негізгі процессуалдық мазмұны мен оның жалпы
- •43. Жарыссөздің риторикалық мүсіндері, олардың түрлерін бөлу, сөздер мен тұжырымдар түрлері. Оларды заңгердің тәжірибесінде дұрыс пайдалану.
- •44. Жарыссөздің тілдік түрлерін даярлау. Құжаттарды дайындау.
- •45.Қосымша дәлелдемелер
- •47.Сот жарыссөзіндегі тіл құралдары, онда тіл байлықтың стилистикасын пайдалану.
- •48. Сот жарыссөзінде тілді дұрыс және заңды пайдалану.
- •49. Қәзіргі замандағы сот жарыссөзінің лингво-герменетивтік мазмұны.
- •50. Сот жарыссөзі тілдің тарихи және мәдени кереметі ретінде.
- •51. Философиялық және құқықтық герменивитиканың қарым-қатынасы,
17. Билер сотының ерекшеліктері. Билердің сөздері – халық сөзінің бір жанры ретінде. Қазақтың ұлы би-шешендері - Қазыбек-би, Төле-би, Айтеке-би, Сырым-би т.Б. Абай Құнанбаев
Дәстүрлі билер соты - XIX ғасырдың бас кезіне дейін қазақтардың өздеріне тән бірегей дәстүрлі билер соты болды. Ол көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтына бейімделген еді. XIX ғасырдың 20-жылдарынан бастап патша үкіметі былер сотын бірте-бірте жоя бастады.
Ресей Қазақстан аумағына азаматтық және әскери сот жүйесін енгізгенге дейін мұнда дәстүрлі билер соты болатын. Ол қылмыстық, мүліктік, ішкі отбасылық тәртіп бұзушылықтар мен қылмыс түрлерін қарап, қоғамның құқықтық өмірін ретке келтіріп отыратын.
Қазақ қоғамында билер ешқашан сайланып та, тағайындалып та қойылмаған. Би лауазымына бекіту деген атымен болмаған. Би қызметі атадан балаға мұра болып та қалмайтын. Би болатын адамның бойынан бірнеше қасиет табылуы тиіс еді. Би,
біріншіден, қазақтың дәстүрлі әдет құқығын жете білуге міндетті. Мәселен, ол «{{Қасым ханның қасқа жолын]]», «Есім ханның ескі жолын», Тәуке ханның «Жеті жарғысын» жатқа білуі керек.
Екіншіден, би атағынан үміткердің шешендік өнер мен аталы сөзді жақсы меңгеруі қажет.
Үшіншіден, барынша адал, ешкімге бұра тартпайтын әділ болуы шарт. Ондай билердің атақ-даңқы жөніндегі хабар дала тұрғындары арасына тез таралатын. Кейде билердің баласы да өзінің бойындағы қасиеттеріне қарай би бола алатын. Бірақ мұндай жағдай ілуде бір рет кездесетін.
Өзінің беделіне дақ түсірген би сот ісіне араласу құқығынан айырылды. Дала тұрғындары өзіне жүгінуін тоқтатқан кезден бастап ол би аталудан қалады. Өз ұлының бойында би боларлық қасиеттері бар екенін байқаған ата-ана оның дүниеге көзқарасын дұрыс қалыптастырудың амалын қарастырған. Оны жас кезінен атақты билердің нөкерлері қатарына қосуға тырысты. Сөйтіп бала жастайынан далалық сот билігінің небір нәзік тұстарын меңгеруге ден қоятын. Болашақта би болудан үміткер бала қылмыстық істер қаралатын сот процесіне үнемі қатысып отырған.
Сот процесі шағымданушының тілегі немесе хан мен сұлтан, старшындардың тапсыруы бойынша басталды. Дәстүрге сай ежелгі салт-жоралар қатаң сақталынды. Мәселен, белгілі бір бидің билік жүргізуін таңдау үшін сотқа қатысушылар оның алдына қамшы тастайтын. Билер соты әдеттегі ұсақ тәртіп бұзушылықтан бастап ең ауыр қылмыс саналатын кісі өлтіруге дейінгі қылмысты істерді қарастырды.
Билер соты дауға әділ билік айту принципі бойынша жүргізілетін. Би әділ де тапқыр, Әйтеке би айтқандай,
18. Франциядағы соттағы шешендік сөздің көздері. Француздық сот
сөзінің ерекшеліктері. Ше д Эст Анж, Лабори, Берье, Мано, Морнар т.
б. соттағы сөздерінің риторикалық әдістері. 18-19 ғасырлардағы сот
шешендері – салыстырмалы анализ.
Францияның сот шешендігіне арнайы тоқталуымыздың ауыз толтырып айтуға тұрарлық өзiндiк себептерi бар. Ортадан ойып алып қарастыруымыздың өзi — Францияның қазiргi қоғамымыз зәру болып отырған қылмыстық iс жүргiзу iсiне сот алқа мүшелерi институтын нықтап орнатып, оны кәсiби деңгейге көтеруiнде, әдiлдiк принциптерiнiң түпкiлiктi белең алуына түрткi болғандығында жатыр.
Франциядағы сот шешендігінің жетiле түсуi қылмыстық сот жүргiзу iсiне сотқа алқа мүшелерiнiң енгiзiлуi және қылмыстық iстердiң жарыспалы түрде өтуiне тiкелей байланысты. Мiне, осы тұс небiр дарынды сот шешендерiнiң тiл мен жаққа сүйенген өздерiнiң шеберлiгiн шыңдай түсуiне негiз бердi. Ендеше, осындай құбылыстардың күре тамырын құрайтын аталмыш сот институтының өзiндiк ерекшелiктерiн, негiзгi белгiлерiн айқындап алу үшiн оған аз-кем болса да тоқтала кеткенiмiз жөн.
Шын мәнiнде бұл елдегi сот алқа мүшелерi сот мекемесiнiң басқа елдегiлерден еш айырмашылығы жоқ десек те, өзiндiк ерекшелiктерiн айтпай кетуге әсте болмайды. Бұл институт Франция буржуазиясының билiкке таласқан революцияларға толы алмағайып, аласапыран кезеңiнде пайда болды. Францияның сот iсiнiң дамуы ондағы қылмыстық iстердi қарауда жариялылық пен жарыспалылық принциптерiнiң енуiмен өлшенедi. Сот алқа мүшелерi институты 1791 жылы қыркүйектiң 16-сында өткен ¦лттық жиналыс актiсi бойынша қабылданады. Бұл кездегi бостандық, ерiк, теңдiк деген ұрандар көтерген буржуазияның әрекетi елде бiр қатар демократиялық реформалар жасауға алып келдi. Соның бiрi — қылмыстық сот жүргiзу iсiне сот алқа мүшелерi институтының енгiзiлуi десек, жалған айтқан болмас едiк.
