Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-51.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
364.54 Кб
Скачать

1.“Сот шешендігі» оқу пәнінің ұғымы мен мәселелері туралы

проблемаларға кіріспе.

Сот шешендігі қазіргі құқықтық қоғамымыздағы соны құбылыстардың бірі. ¦лт­­тық сот тө­­­релiгi тiл­мар­лы­ғы­ның дамуына негiз болған далалық құ­қық­тық инс­титуттардың ай­қын­ кө­рi­­­нi­сi — әдет-ғұрып заңы туралы, әрi ке­­сiм-би­лiк­те­рi­мен ел аузында қал­ған ат­ақ­ты­ би–ше­шен­­дер, айтулы тұл­­ғалар жайын, кезiнде, зерт­­теу­шi­лер­дiң­ ал­дыңғы ле­гiн құраған

сот ше­­шендiгiнің мақсат-мiн­­­дет­те­рi, зерттеу әдiстерi және ны­сан­дары шешен­дiктiң да­му та­ри­хын тек­се­ру­дегi ал­ар орындары, өзге де­ нә­зiк қырлары мен сырлары толық та­ны­лып бол­ған­ жоқ. Ол жө­нiн­де­­гi ұғым-тү­сiнiгiмiз көп рет­те әлi үстiртiн деуге бола­ды.­ Со­ны­мен бiр­­ге­ сот тө­релiгiн ат­қаруға қажетті тiл­мар­лы­қ өнер­ халқымыздың жалпы ру­хани өмi­рiн, та­лай­ ға­сыр­ғы тағлым жүй­е­­сiн, ата­ салтын, асыл да ежелгi елдiк қа­­­сиетiн қайта тү­летуде ер­ек­ше мән-ма­ң­ыз алып отыр. Оны жете сезiну үшiн он­ың өзiндiк не­гiз­гi ерек­ше­лiк­терi, маз­мұн­дық сипаты жөнiнен де жан-жақ­ты то­лық хабардар бо­лу ке­рек. Сол үш­iн де сот төрелiгi тiл­мар­­лы­ғы­ның түрлi мә­се­­ле­­лерi қа­қын­да соң­ғы кезде кө­бiрек айтылып жүрген ғылыми тол­ғам­ды пi­кiр­­лер­­дi,­ теориялық тұ­­­жы­рым­дар­ды жадыға ала отырып, қазақтың шешендiк өн­ерi­нiң таза өз дерек­те­рi не­гi­зiнде әрi қарай са­бақ­тап, заң­гер­лерге қа­жет­тi тiл­мар­лық өнердiң өз­iн­­дiк­ табиғатын кеңiрек аша түсу жөн.­

Сот шешендігінің мақсаты — сот би­­лi­гiн­де­гi­ ұлттық сот төрелiгi тiлмарлы­ғы­­ның жүйелi те­­ориялық не­гi­зiн­­ жа­сап, он­ың­ төл­ қасиеттерi мен мiндетте­рiнiң сот процесiне қа­жет­тi­ әл­­еу­мет­­тiк құ­бы­лыс­ ре­тiн­дегi табиғатын ашу бо­лып та­бы­­лады. Бұл мақ­­саттың орындалуы үш­iн мы­­­на­дай­ мiндеттер көзде­ледi — сот би­­­лi­гiн­ жү­зеге ас­ы­ру­­­шы сот iсiне қа­ты­сушы тұл­ға­лар­дың — су­дья мен ай­ы­п­­тау­­­шының, қорғаушы мен ай­ып­та­лу­шы­ның және жал­­пы құқық қор­ғау­ ор­­­ган­да­ры­­ның өзге де қызметкер­ле­рiн кә­сi­би тұрғыда ұш­тап,­ мем­­ле­­кет­тiк тiлде еркiн әрi жа­тық сөйлеуге, сау­атты жа­зу­ға, айтайын де­ген­ ой­­­ын дәл жеткiзуге баулу, мем­­лекеттiк тiлдiң шек­­сiз мол мүм­кiн­­дiк­­те­рi­ мен сар­­қылмас байлығын дұрыс пай­­далана бiлуге дағ­ды­лан­ды­ру,­ сот­­­та­ нақты да дәл,­ үйлесiмдi де­ ұй­­қа­сым­ды сөй­­леудiң, жа­зудың үлкен өнер екенiн көңiлге ұя­­­ла­ту, ұғ­ын­ды­ру,­ ба­ба­ла­ры­мыз­дың ға­сыр­дан-ға­сыр­ға ұластырып, шыңдаған, ұр­­пақ­­тан­-ұр­пақ­қа ми­рас етiп жет­­кiзген даудағы шешендiк сөз өнерiн бой­­­ла­ры­на да­ры­ту жол­да­рын­ қа­рас­ты­ру бол­мақ.

Сот шешендігінің мүддесін сала-салаға бөліп нақтылай айқындасақ:

–­ сот шешендігі – адамзат қауымы ғасырлар бойы жасаған шешендік өнер­дің бір түрі ек­ен­­дігі, дәлірек пай­ым­дағанда – соттағы қажет сөйлеу өнері ек­ендігі ту­­ралы ұғымды қа­лып­тас­­тыру;

– сот шешендігі – шешендік өнердің өз заңдылықтары, ерекшеліктері жай­ын­да білім бере от­­ырып, оның бас­қа да шешендік өнердің тектері мен түр­лерінен ай­­ырмашылықтарын айыра бі­­луге үйрету;

– сот шешендігінің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып, сот өнді­рі­сін­де­гі дәстүр мен жаңашылдық, заң­дылық пен жариялылық, жарыспалылық пен кі­нәсіздік презумпциясы, сот процесінің кеңістік бөліктері, он­ың ұлттық құқық та­рихымен тығыз байланысы жайында бі­­лімді негіздеу;

– тәуелсіз өз пікірі, кәсіби этикалық, эстетикалық талғамы бар сауатты, мә­де­ни­­етті ай­ып­тау­­шылар мен қор­ғау­шылардың кәсіптік шеберлігін ұштау. Ау­ыз­ша да, жазбаша да еркін, ше­­шен, көркем сөйлеуге, жаза білуге үй­рету, осы мә­се­­лелердегі машықтарын дамыту;

– қылмыстық істермен таныса отырып, оны заңгерлік тұрғыдан жүйелі тал­дай, саралай бі­лу­ге дағ­ды­лан­ды­ру;

– сот этикасы, моральдық, адамгершілік мұраттарға негізделген судьяның, ай­­ыптаушы мен қорғаушының сөй­леу әдептері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]