Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дайын салык.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
210.59 Кб
Скачать

17 Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық

Салық төлеушілер: Салық салу обьектісі бар жеке тұлғалар. Салық салу обьектісі: Жеке тұлғаларға меншік құқығына тиесілі ҚР-ның аумағындағы тұрғын үйлер, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар ж/е өзгеде құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар ж/е аяқталмаған құрылыс обьектілері қоныстану, пайдалану кезінен бастап оларға мүлік салығын салу обьектісі б.т. Салық ставкасы: Жеке тұлғалардың салық ставкасы мүлік салығы салық салу обьектілерінің құнына қарай есептеледі.Жеке тұлғалардың мүлік салығынан босатылатындар:әскери қызметкерлер толық босатылады;1,2 топтағы мүгедектер,Ұлы Отан соғысына қатысқандар,осыларға теңестірілгендер 1500АЕК көлемінде босатылады;3топтағы мүгедектер,Халық қахарманы,Отан ардагерлері,жалғыз тұратын зейнеткерлер 1000АЕК көлемінде босатылады.Салықты есептеу мен төлеу тәртібі: Жеке тұлғалардың салық салу обьектілері б/ша салықты есептеуді салық кезеңінің 1тамызынан кешіктірмей тиісті салық ставкасын салық базасына қолдану арқылы, салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан салық салу обьектілерінің орналасқан жері б/ша салық органдары жүргізеді. Егер салық салу обьектісі салық кезеңі ішінде меншік құқығында 12 айдан аз болса, төленуге жататын мүлік салығы айқындалған салық сомасын 12-ге бөлу ж/е салық салу обьектісінің меншік құқығында болған айларының санына көбейту жолымен есептеледі. Бірнеше жеке тұлғаның ортақ үлестік меншігіндегі салық салу обьектісі үшін салық олардың осы мүліктегі үлесіне барабер есептеледі. Бірнеше салық салу обьектілері б/ша салық төлеуші 1 жеке тұлға болған жағдайда, салықты есептеу әрбір салық салу объектісі б/ша бөлек жүргізіледі. - салық салу объектісі жойылған, қираған, бұзылған кезде жойылу, қирау, бұзылу фактілерін растайтын, уәкілетті орган беретін құжаттар болған жағдайда, салық сомасын қайта есептеу жүргізіледі. - салық кезеңі ішінде салық төлеушінің салық төлеуден босатылу құқығы туындаған кезде, осы құқық туындаған айдың 1-ші күнінен бастап салық сомасын қайта есептеу жүргізіледі. - бюджетке салық төлеу салық салу объектілерін орналасқан жері б/ша есепті салық кезеңінің 1 қазанынан кешіктірілмей жүргізіледі. - салық кезеңі ішінде салық салу объектілеріне меншік құқықтары берілген жағдайда, салық сомасы меншік құқықтарын іске асырудың нақты кезеңі үшін есептеледі. Салық кезеңі 1 қаңтар 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл б.т. Егер ұйым күнтізбелік жыл басталғаннан кейін құрылса, оның құрылған күнінен бастап күнтізбелік жылдың аяғына дейінгі уақыт кезеңі ол үшін 1-ші салық кезеңі б.т. Егер ұйым әділет органында мем/к тіркеуден өткен күні оның құрылған күні болып есептеледі.

18.Көлік құралдарына салынатын салық.Салық салу объектілері бар жеке және заңды тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады.Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуге жататын және (немесе) есепте тұрған, тіркемелерді қоспағанда, көлік құралдары салық салу объектілері болып табылады.Мыналар:1) жүк көтергіштігі 40 тонна және одан асатын карьерлік автосамосвалдар; 2) мамандандырылған медициналық көлік құралдары салық салу объектілері болып табылмайды.

Жеңілдіктер: мемлекеттік мекемелер; салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар, соларға теңестірілетін адамдар, меншігінде мотоколяскалары мен автомобильдері бар мүгедектер ; Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистік Еңбек Ерлері, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар; ауыл шаруашылығы құрылымынан шығу нәтижесінде пай ретінде алынған, пайдалану мерзімі жеті жылдан асқан жүк автомобильдері бойынша жеке тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылмайды.Салық салу базалары: жеңіл автокөлік үшін двигатель көлемі; автобус үшін отыратын орындар саны; жүк көтергіш автокөліктер үшін жүк көтергіштігі; мотоцикл үшін қуат күші; яхта, биржа, катерлер үшін ат күші; ұшқыш аппараттар үшін қуат күші.Салықты есептеу айлық есептiк көрсеткiштермен белгiленген мынадай.Жеңiл автомобильдердiң үш айлық есептiк көрсеткiш ставкасы бойынша салық салынатын двигателiнiң көлемi 1500-ден жоғары 2000 текше сантиметрдi қоса алғандағы, алты айлық есептiк көрсеткiш ставкасы бойынша салық салынатын 2000-нан жоғары 2500 текше сантиметрдi қоса алғандағы, тоғыз айлық есептiк көрсеткiш ставкасы бойынша салық салынатын 2500-ден жоғары 3000 текше сантиметрдi қоса алғандағы, он бес айлық есептiк көрсеткiш ставкасы бойынша салық салынатын 3000-нан жоғары 4000 текше сантиметрдi қоса алғандағы, жүз он жеті айлық есептiк көрсеткiш ставкасы бойынша салық салынатын 4000 текше сантиметрден жоғары көлемде болған кезде салық сомасы двигатель көлемiнің тиісті төменгі шегінен асып түскен әрбір бірлiк үшiн 7 теңгеге ұлғайтылады.Пайдаланылу мерзiмiне қарай ұшу аппараттарының салық ставкаларына мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады:1) 1999 жылғы 1 сәуiрден кейiн Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерден сатып алынған ұшу аппараттарына:пайдаланылу мерзiмi 5 жылдан жоғары 15 жылды қоса алғанда - 2,0; пайдаланылу мерзiмi 15 жылдан жоғары - 3,0; 2) 1999 жылғы 1 сәуiрге дейiн сатып алынған, сондай-ақ 1999 жылғы 1 сәуiрден кейiн сатып алынған және (немесе) Қазақстан Республикасында  1999 жылғы 1 cәуipгe дейiн пайдалануда болған ұшу аппараттарына:пайдаланылу мерзiмi 5 жылдан жоғары 15 жылды қоса алғанда - 0,5; пайдаланылу мерзiмi 15 жылдан жоғары - 0,3.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]