Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дайын салык.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
211 Кб
Скачать
☆

76. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар

Тауарлар экспорты. Экспортқа тауарлар өткiзу бойынша айналымға нөлдiк ставка бойынша салық салынады. Кеден одағының кеден заңнамасына және Қ.Р-ның кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын кеден одағының кеден аумағынан тауарлар әкету тауарлар экспорты болып табылады.

Тауарлар экспортын растайтын құжаттар мыналар:

1) экспортталатын тауарларды беруге арналған шарт ;

2) тауарлар шығаруды экспорт кедендік рәсімінде жүзеге асыратын кеден органының белгiлерi бар, сондай-ақ кеден одағының кеден шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгiсi бар тауарларға декларацияның көшірмесі.

3) мынадай жағдайларда: - магистралдық құбыр жүйесі бойынша немесе электр беру желілері бойынша тауарларды экспорт кедендік рәсімінде әкету кезінде; - кезең-кезеңдік кедендік декларациялау рәсімін қолдана отырып, тауарларды экспорт кедендік рәсімінде әкету кезінде; - уақытша кедендік декларациялау рәсімін қолдана отырып, тауарларды экспорт кедендік рәсімінде әкету кезінде кедендік ресімдеуді жүргізген кеден органының белгілері бар тауарларға толық декларацияның көшірмесі;

4) тауардың ілеспе құжаттарының көшірмелері;

5) зияткерлiк меншiк құқығын қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның зияткерлік меншiк объектiсiне құқығы туралы, сондай-ақ зияткерлік меншік объектісін экспорттаған жағдайда, оның құнының растамасы тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады.

Халықаралық тасымалдауға салық салу

1. Халықаралық тасымалдау бойынша мынадай қызмет көрсетулерді іске асыру жөніндегі айналымға:

1) Қ.Р-ның аумағынан экспортталатын және Қ.Р-ның аумағына импортталатын тауарларды, оның ішінде почтаны тасымалдауға;

2) Қ.Р-ның аумағы бойынша транзит жүктерін тасымалдауға;

3) халықаралық қатынаста жолаушылар мен багаж тасымалдауға нөлдік ставкамен салық салынады.

Осы баптың мақсаттары үшін:

1) жүктерді тасымалдау кезінде: халықаралық автомобиль қатынасында – тауар-көлік жүкқұжаты; халықаралық және мемлекетаралық теміржол көлігі қатынасында – бірыңғай үлгідегі жүкқұжаты; әуе көлігінде – жүкқұжаты; теңіз көлігінде - коносамент немесе теңіз жүк құжаты; магистральдық құбыр жүйесі бойынша: шот-фактуралар;

2) жолаушылар мен багажды тасымалдау кезінде: автомобиль көлігімен:

тұрақты тасымалдау кезінде – Қ.Р-да сатылған жол жүру билеттерін сату туралы есеп, сондай-ақ жол жүру бойындағы автовокзалдар (автостанциялар) жасаған жолаушылар билеттері туралы есеп айырысу ведомостары;

тұрақты емес тасымалдау кезінде – жолаушылардың тізімі; теміржол көлігімен: әуе көлігімен: бас декларация; жолаушы манифесі; карго-манифест; жинақтау-тиеу ведомосы бірыңғай халықаралық тасымалдау құжаттары болып табылады.

Жекелеген жағдайларда салық салу

1. Нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы Қ.Р-ның аумағында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, сол келісімшарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушілерге өзі өндірген тауарларды өткізу бойынша айналымға салынады.