Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дайын салык.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
210.59 Кб
Скачать

98.Өкілдік шығыстар сомасының шегерімі

Өкілдік шығыстарға мынадай:1)өзара ынтымақтастықты орнату немесе қолдау мақсатында;2)салық төлеушінің атқарушы органдарынан басқа, директорлар кеңесінің, өзге басқару органының отырыстарын ұйымдастыру және өткізу мақсатында, көрсетілген іс-шаралардың өткізілу орнына қарамай жүргізілетін, тұлғаларды, оның ішінде салық төлеушінің штатында тұрмайтын жеке тұлғаларды қабылдау және оларға қызмет көрсету жөніндегі шығыстар жатады.Өкілдік шығыстарға аталған тұлғаларды көлікпен қамтамасыз етуге, келіссөздер уақытында тамаққа, ұйымның штатында тұрмайтын аудармашылар көрсететін қызметтерге ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар да жатады.Бос уақытты, көңіл көтеруді немесе демалысты ұйымдастыруға арналған шығыстар өкілдік шығыстарға жатпайды және олар шегерімге жатпайды.Өкілдік шығыстар осы Кодексте көрсетілген салық салуға жататын қызметкердің табыстары бойынша жұмыс берушінің шығыстар сомасының 1 процентінен аспайтын мөлшерде шегерімге жатқызылады.

99. Хеджирлеу операциялары бойынша салық есебінің ерекшеліктері

      1. Хеджирлеу – бағаның, валюта бағамының, пайыздық мөлшерлеменің қолайсыз өзгеруі немесе хеджирлеу объектісінің өзге де көрсеткішінің қолайсыз өзгеруі нәтижесінде ықтимал залалдарды азайту мақсатында туынды қаржы құралдарымен жасалатын және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есепке алуында хеджирлеу құралдары болып танылған операциялар. Активтер және (немесе) міндеттемелер, сондай-ақ көрсетілген активтерге және (немесе) міндеттемелерге немесе күтіліп отырған мәмілелерге байланысты ақша қаражатының ағындары хеджирлеу объектілері болып табылады.       2. Туынды қаржы құралдарымен жасалатын операцияларды хеджирлеу операцияларына жатқызудың негізділігін растау үшін салық төлеуші осы операцияларды жасау хеджирлеу объектісімен жасалатын мәмілелер бойынша ықтимал залалдардың (пайданы толық алмаудың) мөлшерін азайтуға алып келетінін (алып келуі мүмкін екенін) растайтын есеп-қисап жасайды.       3. Хеджирлеу объектісі нақты мәміле болып табылатын туынды қаржы құралы бойынша табыс немесе залал, хеджирлеу мәмілесінің нәтижесі салықтық есепке алуда танылған күні осы Кодекстің хеджирлеу объектісі үшін белгіленген нормаларына сәйкес есепке алынады.       4. Хеджирлеу объектісі нақты мәміле болып табылмайтын туынды қаржы құралы бойынша табыс немесе залал тиісінше жылдық жиынтық табысқа кіреді немесе мұндай табыс немесе залал осы Кодекстің 127 және 128-баптарына сәйкес танылған сол салық кезеңіндегі шегерімдерге жатады.

100. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның табыстарына салық салу ерекшелiктерi.

Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның (бұдан әрі - резидент шетелдік тұлға) табыстарынан төлем көзінен жеке табыс салығын есептеуді, ұстауды және аударуды, сондай-ақ салық есептілігiн табыс етудi салық агенті осы Кодекстің 158 және 166-баптарында көзделген салықтық шегерімдерді ескере отырып және ставкалар бойынша осы тарауда және осы Кодекстің 19-тарауында белгіленген тәртіппен жүргізеді.

158-бап. Салық ставкалары

1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген табыстарды қоспағанда, салық төлеушінің табыстарына 10 проценттік ставка бойынша салық салынады. 2. Қазақстан Республикасындағы және одан тысқары жерлердегі көздерден алынған дивидендтер түріндегі табыстарға 5 проценттік ставка бойынша салық салынады.

166-бап. Салық шегерімдері

1. Қызметкердің төлем көзінен салық салынатын табысын анықтау кезінде төлемдердің кезеңділігіне қарамастан, күнтізбелік жыл ішіндегі әрбір ай үшін мынадай салық шегерімдері қолданылады:1) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және табысты есепке жазу күнi қолданыста болатын ең төменгi жалақы мөлшеріндегі, табыс есебiне жазылатын тиiстi айдағы сома. Бір жылдағы салық шегерiмiнiң жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және ағымдағы жылдың әрбір айының басында қолданыста болатын ең төменгi жалақы мөлшерiнiң жалпы сомасынан аспауға тиiс;2) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген мөлшердегі міндетті зейнетақы жарналарының сомасы;3) өз пайдасына енгізілетін ерікті зейнетақы жарналарының сомасы;4) жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықақыларының сомасы; 5) Қазақстан Республикасының резиденті жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізуге тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінен алған қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге бағытталған сомалар;

Салық кезеңi iшiнде жұмыс беруші өзгерген жағдайда, оның қайта ұйымдастырылу жағдайларын қоспағанда, алдыңғы жұмыс берушіде жұмыс кезеңі ішінде құралған асып түскен сома жаңа жұмыс берушіде есептелмейді.

Аралық бақылау жəне емтиханның бағдарламалық сұрақтары

1 Салықтардың экономикалық мəні жəне мазмұны 1

2 Салықтардың сыныпталу ерекшеліктері5

3 Салық салу элементтері 12

4 Салық салу қағидалары2

5 Салық төлеу тəсілдері3

6 Салық есебінің əдестері

7 Салық мехаизмі ұғымы жəне құрылымы 13

8 Салық жүйесінің құрамы мен құрылымы

9 Салықтар мен салық жүйесін құру негіздері

10 Салық жүйесі жəне салық механизмі

11 Салық саясаты жəне оның сыныпталу ерекшеліктері

12 ҚР салық саясатының ерекшеліктері

13 Жер салығы

14 Ауыл шаруашылығы жерлеріне жер салығын салу ерекшеліктері

15 Өнеркəсіп мақсатындағы жерлерге салық салу ерекшеліктері

16 Заңды тұлғалардың мүлкіне салынатын салық

17 Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық

18 Көлік құралдарына салынатын салық

19 Меншікке салынатын салықтар бойынша салық жеңілдіктері

20 Қосылған құнға салынатын салық

21 салық салынатын айналымды анықтау тəртібі

22 Акциздер

23 Тұтынуға салынатын салықтар бойынша салық жеңілдіктері

24 Экспортқа рента салығы

25 Корпоративтік табыс салығы

26 Төлем көзінен салық салынатын табыс

27 Төлем көзінен салық салынбайтын табыс

28 Əлеуметтік салық

29 Жер қойнауын пайдаланушылардың салығы мен арнайы төлемдері

30 Ойын бизнесіне салық

31 Тіркелген салық

32 Бірыңғай жер салығы

33 Арнаулы салық режимінің қолдану ерекшеліктері

34 ЖЖТ жəне оның құрамы

35 Шегерімдер жəне оның қажеттігі

36 Үстеме пайда салығы

37 Шетелдік тұлғаларға салық салу ерекшеліктері

38 Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу

39 Алымдар жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер

40 ҚР салық жүйесінің құрылу жəне даму кезеңдері

41 Дербес кəсіпкерлерге салық салу тəртібі

42 ҚР салық қызметінің құрамы мен құрылымы

43 Біржолғы талон,патент, оңайлатылған декларация, жалпыға ортақ режимнің

ерекшеліктері

44 Кəсіпкер заңды тұлғаларға салық салу салу тəртібі

45 Ауылшаруашылығындағы заңды тұлғаларға салық

46 Шаруа қожалықтарына салық салу ерекшелігі

47 ҚР салық салу қағидалары

48 Салық функциялары

49 Əлеуметтік саладағы ұйымдарға салық салу

50 Бонустар: ұғымы, төлену тəртібі

51. Салық төлеушiнiң құқықтары мен міндеттері

52 Салық агентінің құқықтары мен міндеттері

53 Салық қызметі органдарының басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-

қимылы

54 Салық қызметi органдарының мiндеттерi мен құрылымы

55 Салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері

56 Салық міндеттемесі: ұғымы, тәртібі, мерзімі және тоқтатылуы

57 Жылдық жиынтық табысты т‰зету

58 Қызметтік іссапарлар кезінде өтемақылар сомасының шегерімі

59 Шегерімге жатпайтын шығындар

60Тіркелген активтер бойынша шегерімдер

61 Инвестициялық салық преференциялары

62 Табыстар мен шегерімдерді т‰зету

63 Салық салынатын табысты азайту

64 Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу

65 Әлеуметтiк салада қызметiн ж‰зеге асыратын ұйымдарға салық салу

66 Залал: ұғымы, оны ауыстыру және қайта ұйымдастыру кезінде залалдарды

ауыстыру

67 Корпоративтік табыс салығын есептеу тәртібі және оны төлеу мерзімдері

68 Салық төлеушілердің жекелеген санаттарының корпоративтік табыс

салығын есептеу және төлеу ерекшеліктері

69 Аванстық төлемдер сомасын есептеу

70 Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы: есептеу тәртібі

71 Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн ж‰зеге

асыратын ұйымдарға салық салу

72 ҚР резиденті болып табылатын шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның

табыстарына салық салу ерекшелiктерi

73. Халықаралық салық салудың ерекшеліктері

74. Резидент емес жеке тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі

75 ҚР-да қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын және қызметін

филиалдар, өкілдіктер арқылы ж‰зеге асырмайтын резидент еместен

жұмыстар, қызмет көрсетулер сатып алу кезiнде салық салынатын айналым

76. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар

77. Халықаралық тасымалдауға салық салу

78. Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар және импорт

79. Әрт‰рлi ставкалар белгiленген жағдайда спирттің барлық т‰рiне және

шарап материалына салық салу ерекшелiктерi

80. Акцизделетiн тауарлардың б‰лiнуi, жоғалуы

81. Акциз маркаларының, есепке алу-бақылау маркаларының б‰лiнуi, жоғалуы

82. Акцизделетін тауарлардың импортына салық салу

83. Импортталатын акцизделетiн тауарлардың салық базасы

84. Акцизден босатылған акцизделетiн тауарлардың импорты

85. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді белгілеу тәртібі, төлеу тәртiбi

мен мерзiмдерi

86 Мұнайға арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығы

87. Шикі мұнай, газ конденсаты және табиғи газ құнын айқындау тәртібі

88. Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, минералды шикізатқа

пайдалы қазбаларды өндіру салығы

89. Кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдік балшықтарға

пайдалы қазбаларды өндіру салығы

90. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын, шикі мұнай, газ конденсаты

бойынша экспортқа рента салығын, роялтиді және ҚР заттай нысандағы өнiмдi

бөлу жөніндегі ‰лесiн төлеу тәртiбi

91. Арнаулы салық режимдерiн қолданатын төлеушілердің əлеуметтік салық

бойынша салық есептілігін есептеу, төлеу және табыс ету ерекшеліктері

92. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының

жерлерiне салынатын салық ставкалары

93. Автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары ‰шiн бөлiнген, казино

орналасқан жер учаскелерiне салынатын салық ставкалары

94 Ойын бизнесі салығын төлеушілердің қосымша төлемі

95. Патент негізіндегі арнаулы салық режимі

96. Оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi

97. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық

тұтыну кооперативтері ‰шін арнаулы салық режимі

98. Өкілдік шығыстар сомасының шегерімі

99. Хеджирлеу операциялары бойынша салық есебінің ерекшеліктері

100. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шетелдіктің және

азаматтығы жоқ адамның табыстарына салық салу ерекшелiктерi

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]