- •1.Салықтардың экономикалық мәні және мазмұны
- •2. Салықтардың сыныпталу ерекшеліктері.
- •3. Салық салу элементтері
- •4. Салық салу қағидалары
- •5 Салық төлеу тəсілдері
- •6) Салық есебінің əдестері
- •7 Салық механизмі ұғымы жəне құрылымы
- •9. Салықтар мен салық жүйесін құру негіздері
- •10. Салық жүйесі жəне салық механизмі
- •11 Салық саясаты жəне оның сыныпталу ерекшеліктері
- •12 Қр салық саясатының ерекшеліктері
- •13. Жер салығы
- •14. Ауыл шаруашылығы жерлеріне жер салығын салу ерекшеліктері
- •15 Өнеркəсіп мақсатындағы жерлерге салық салу ерекшеліктері
- •16 Заңды тұлғалардың мүлкіне салынатын салық
- •17 Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық
- •19. Меншікке салынатын салық бойынша салық жеңілдіктері
- •20. Қосылған құнға салынатын салық
- •21. Салық салынатын айналымды анықтау тəртібі
- •22 Акциздер
- •24. Экспортқа рента салығы
- •26 Төлем көзінен салық салынатын табыс
- •27 Төлем көзінен салық салынбайтын табыс
- •30. Ойын бизнесіне салық
- •31 Тіркелген салық
- •32 Бірыңғай жер салығы
- •34. Жжт және оның құрамы
- •35 Шегерімдер жəне оның қажеттігі
- •36)Үстеме пайда салығы
- •37 Шетелдік тұлғаларға салық салу ерекшеліктері
- •39. Алымдар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
- •40 Қр салық жүйесінің құрылу жəне даму кезеңдері
- •41 Дербес кəсіпкерлерге салық салу тəртібі
- •42 Қр салық қызметінің құрамы мен құрылымы
- •44. Кәсіпкер заңды тұлға/рға салық салу тәртібі
- •45 Ауылшаруашылығындағы заңды тұлғаларға салық
- •47 Қр салық салу қағидалары
- •49. Әлеуметтік саладағы ұйымдарға салық салу.
- •50. Бонустар: ұғымы, төлену тəртібі
- •51. Салық төлеушінің құқықтары мен міндеттері.
- •52. Салық агентінің құқықтары мен міндеттері
- •53.Салық қызметі органдарының басқа мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылы
- •54.Салық қызметі органдарының міндеттері мен құрылымы
- •55.Салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері
- •56.Салық міндеттемесі: ұғымы, тәртібі, мерзімі және тоқтатылуы
- •57. Жылдық жиынтық табысты түзету
- •58.Қызметтік іссапарларкезіндеөтемақыларсомасыныңшегерімі
- •59. Шегерімге жатпайтын шығындар
- •60.Тіркелген активтер бойынша шегерімдер
- •61. Инвестициялық салық преференциялары
- •62.Табыстар мен шегерімдерді түзету
- •65. Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
- •68.Салық төлеушілердің жекелеген санаттарының корпоративтік табыс салығын есептеу және төлеу ерекшеліктері
- •69. Аванстық төлемдер сомасын есептеу
- •70. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік салық салығы: есептеу тәртібі
- •71.Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
- •72.Қр резиденті болып табылатын шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның табыстарына салық салу ерекшеліктері
- •73.Халықаралық салық салудың ерекшеліктері
- •74. Резидент емес жеке тұлғаның табыстарына салық салу тәртібі
- •76. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар
- •77.. Халықаралық тасымалдауға салық салу
- •78. Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар және импорт
- •80. Акцизделетін тауарлардың бүлінуі және жоғалуы.
- •81.Акциз маркаларының,есепке алу-бақылау маркаларының бүлінуі,жоғалуы
- •82.Акцизделетін тауарлардың импортына салық салу
- •83. Импортталатын акцизделетін тауарлардың салық базасы
- •84. Акцизден босатылатын акцизделетін тауарлар импорты
- •85. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді белгілеу тәртібі, төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi
- •86. Мұнайға арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығы
- •88. Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, минералды шикізатқапайдалы қазбаларды өндіру салығы
- •89.Кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдік балшықтарға пайдалы қазбаларды өндіру салығы
- •90.Пайдалы қазбаларды өндіру салығын, шикі мұнай, газ конденсатыбойынша экспортқа рента салығын, роялтиді және қр заттай нысандағы өнiмдiбөлу жөніндегі үлесiн төлеу тәртiбi
- •91.Арнаулы салық режимдерін қолданатын төлеушілердің әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін есептеу, төлеу және табыс ету ерекшеліктері
- •92. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орман қоры мен су қорының жерлеріне салынатын салық ставкалары
- •93. Автотұрақтар, автомобильдерге май құю станциялары үшін, казино орналасқан жер учаскелеріне салынатын салық ставкалары
- •94.Ойын бизнесi салығын төлеушiлердiң қосымша төлемi
- •95. Патент негізіндегі арнаулы салық режимі
- •96. Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі.
- •97. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі.
- •98.Өкілдік шығыстар сомасының шегерімі
- •99. Хеджирлеу операциялары бойынша салық есебінің ерекшеліктері
- •100. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның табыстарына салық салу ерекшелiктерi.
96. Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі.
Мынадай шарттарға сай келетін шағын бизнес субъектілері:
1) дара кәсіпкерлер үшін:
дара кәсіпкердің өзін қоса алғанда, қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде жиырма бec адам болса;
салық кезеңі ішінде шекті табысы 10 000,0 мың теңгені құраса;
2) заңды тұлғалар үшін:
қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде елу адам болса;
салық кезеңі ішінде шекті табысы 25 000,0 мың теңгені құраса, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданады.
Салық кезеңі: күнтізбелік тоқсан болып табылады.
Салықтарды оңайлатылған декларация бойынша есептеу
1. Салықтарды оңайлатылған декларация негізінде есептеуді салық төлеуші салық салу объектісіне есепті салық кезеңінде 3 процент мөлшеріндегі ставканы қолдану арқылы дербес жүргізеді.
2. Егер есепті кезеңнің қорытындылары бойынша қызметкерлердің орташа айлық жалақысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және салық кезеңiнiң бірiншi күнi қолданыста болған ең төмен жалақының, дара кәсіпкерлерде кемінде 2 еселенген, заңды тұлғаларда кемінде 2,5 еселенген мөлшерін құраса, осы баптың 1-тармағына сәйкес салық кезеңі ішінде есептелген салық сомасы қызметкерлердің орташа тізімдік санын негізге ала отырып, әрбір қызметкер үшін салық сомасының 1,5 проценті мөлшеріндегі сомаға азайтылу жағына қарай түзетілуге жатады.
Оңайлатылған декларацияны табыс ету және салықтарды төлеу мерзімдері
1. Оңайлатылған декларация салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей табыс етіледі.
2. Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салықтарды бюджетке төлеу жеке (корпорациялық) табыс салығы мен әлеуметтік салық түрінде есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізіледі.
97. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері осы бапта белгіленген арнаулы салық режимін немесе жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті дербес таңдауға құқылы.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі корпорациялық табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтік салықты, жер салығын, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді, мүлік салығын, көлік құралдары салығын есептеудің ерекше тәртібін көздейді.
Арнаулы салық режимі:
1) ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру өнімін өндіруші заңды тұлғалардың:
жерді пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру өнімін өндіру, өзі өндірген осы өнімді қайта өңдеу және өткізу;
толық кезеңді (төлді өсіруден бастап) мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының (оның ішінде, асыл тұқымды), ара шаруашылығының, акваөсіру өнімдерін өндіру, сондай-ақ өзі өндірген осы өнімдерді қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметіне;
селолық тұтыну кооперативтерінің:
шаруа немесе фермер қожалықтары - осы кооперативтердің мүшелері (пайшылары) өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру өнімін өткізу;
шаруа немесе фермер қожалықтары - осы кооперативтердің мүшелері (пайшылары) өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру өнімін қайта өңдеу және осы өнімдерді қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімдерді өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады.
Селолық тұтыну кооперативтеріне:
1) мүшелері (пайшылары) тек шаруа немесе фермер қожалықтары болып табылатын;
2) жиынтық жылдық табысының кемінде 90 процентін осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алуға жататын табыстар құрайтын селолық тұтыну кооперативтері жатады.
Мыналардың:
1) еншілес ұйымдары, құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғаның;
2) арнаулы салық режимін қолданатын басқа да заңды тұлғалардың аффилиирленген тұлғасы болып табылатын заңды тұлғаның;
3) басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 проценттен асатын заңды тұлғаның;
4) құрылтайшысы бір уақытта арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы болып табылатын заңды тұлғаның;
5) мүшелері (пайшылары) басқа селолық тұтыну кооперативтердің мүшелері (пайшылары) болып табылатын селолық тұтыну кооперативтерінің арнаулы салық режимін қолдануға құқығы жоқ.
Аффилиирленген тұлға болып:
1) шешімдерді тікелей және жанама айқындауға және басқа заңды тұлға қабылдайтын шешімге, оның ішінде шартқа және өзге мәмілеге байланысты, ықпал етуге құқығы бар заңды тұлға;
2) басқа заңды тұлғаға қатысты шешімдерді тікелей және жанама айқындауға және оның ішінде шартқа және өзге мәмілеге байланысты ықпал етуге құқығы бар заңды тұлға танылады.
Арнаулы салық режимі салық төлеушілердің акцизделетін тауарларды өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметіне қолданылмайды.
Салық төлеушілер осы арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде, кірістер мен шығыстардың, мүліктің есеп-қисабын бөлек жүргізуге және осы Кодексте белгіленген тәртіппен аталған қызмет түрлері бойынша тиісті салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді және төлеуді жүргізуге міндетті.
