- •1.Салықтардың экономикалық мәні және мазмұны
- •2. Салықтардың сыныпталу ерекшеліктері.
- •3. Салық салу элементтері
- •4. Салық салу қағидалары
- •5 Салық төлеу тəсілдері
- •6) Салық есебінің əдестері
- •7 Салық механизмі ұғымы жəне құрылымы
- •9. Салықтар мен салық жүйесін құру негіздері
- •10. Салық жүйесі жəне салық механизмі
- •11 Салық саясаты жəне оның сыныпталу ерекшеліктері
- •12 Қр салық саясатының ерекшеліктері
- •13. Жер салығы
- •14. Ауыл шаруашылығы жерлеріне жер салығын салу ерекшеліктері
- •15 Өнеркəсіп мақсатындағы жерлерге салық салу ерекшеліктері
- •16 Заңды тұлғалардың мүлкіне салынатын салық
- •17 Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық
- •19. Меншікке салынатын салық бойынша салық жеңілдіктері
- •20. Қосылған құнға салынатын салық
- •21. Салық салынатын айналымды анықтау тəртібі
- •22 Акциздер
- •24. Экспортқа рента салығы
- •26 Төлем көзінен салық салынатын табыс
- •27 Төлем көзінен салық салынбайтын табыс
- •30. Ойын бизнесіне салық
- •31 Тіркелген салық
- •32 Бірыңғай жер салығы
- •34. Жжт және оның құрамы
- •35 Шегерімдер жəне оның қажеттігі
- •36)Үстеме пайда салығы
- •37 Шетелдік тұлғаларға салық салу ерекшеліктері
- •39. Алымдар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
- •40 Қр салық жүйесінің құрылу жəне даму кезеңдері
- •41 Дербес кəсіпкерлерге салық салу тəртібі
- •42 Қр салық қызметінің құрамы мен құрылымы
- •44. Кәсіпкер заңды тұлға/рға салық салу тәртібі
- •45 Ауылшаруашылығындағы заңды тұлғаларға салық
- •47 Қр салық салу қағидалары
- •49. Әлеуметтік саладағы ұйымдарға салық салу.
- •50. Бонустар: ұғымы, төлену тəртібі
- •51. Салық төлеушінің құқықтары мен міндеттері.
- •52. Салық агентінің құқықтары мен міндеттері
- •53.Салық қызметі органдарының басқа мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылы
- •54.Салық қызметі органдарының міндеттері мен құрылымы
- •55.Салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері
- •56.Салық міндеттемесі: ұғымы, тәртібі, мерзімі және тоқтатылуы
- •57. Жылдық жиынтық табысты түзету
- •58.Қызметтік іссапарларкезіндеөтемақыларсомасыныңшегерімі
- •59. Шегерімге жатпайтын шығындар
- •60.Тіркелген активтер бойынша шегерімдер
- •61. Инвестициялық салық преференциялары
- •62.Табыстар мен шегерімдерді түзету
- •65. Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
- •68.Салық төлеушілердің жекелеген санаттарының корпоративтік табыс салығын есептеу және төлеу ерекшеліктері
- •69. Аванстық төлемдер сомасын есептеу
- •70. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік салық салығы: есептеу тәртібі
- •71.Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
- •72.Қр резиденті болып табылатын шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның табыстарына салық салу ерекшеліктері
- •73.Халықаралық салық салудың ерекшеліктері
- •74. Резидент емес жеке тұлғаның табыстарына салық салу тәртібі
- •76. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар
- •77.. Халықаралық тасымалдауға салық салу
- •78. Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар және импорт
- •80. Акцизделетін тауарлардың бүлінуі және жоғалуы.
- •81.Акциз маркаларының,есепке алу-бақылау маркаларының бүлінуі,жоғалуы
- •82.Акцизделетін тауарлардың импортына салық салу
- •83. Импортталатын акцизделетін тауарлардың салық базасы
- •84. Акцизден босатылатын акцизделетін тауарлар импорты
- •85. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді белгілеу тәртібі, төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi
- •86. Мұнайға арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығы
- •88. Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, минералды шикізатқапайдалы қазбаларды өндіру салығы
- •89.Кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдік балшықтарға пайдалы қазбаларды өндіру салығы
- •90.Пайдалы қазбаларды өндіру салығын, шикі мұнай, газ конденсатыбойынша экспортқа рента салығын, роялтиді және қр заттай нысандағы өнiмдiбөлу жөніндегі үлесiн төлеу тәртiбi
- •91.Арнаулы салық режимдерін қолданатын төлеушілердің әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін есептеу, төлеу және табыс ету ерекшеліктері
- •92. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орман қоры мен су қорының жерлеріне салынатын салық ставкалары
- •93. Автотұрақтар, автомобильдерге май құю станциялары үшін, казино орналасқан жер учаскелеріне салынатын салық ставкалары
- •94.Ойын бизнесi салығын төлеушiлердiң қосымша төлемi
- •95. Патент негізіндегі арнаулы салық режимі
- •96. Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі.
- •97. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі.
- •98.Өкілдік шығыстар сомасының шегерімі
- •99. Хеджирлеу операциялары бойынша салық есебінің ерекшеліктері
- •100. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның табыстарына салық салу ерекшелiктерi.
84. Акцизден босатылатын акцизделетін тауарлар импорты
1. Жеке тұлғалар кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген нормалар бойынша импорттайтын акцизделетін тауарларға акциз салынбайды.
2. Мынадай импортталатын акцизделетін тауарлар:
1) жол бойы бағытында және аралық аялдама пункттерінде халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын көлік құралдарын пайдалану үшін қажетті акцизделетін тауарлар;
2) кеден одағының кеден шекарасы арқылы өткізгенге дейін бүлінуі салдарынан бұйымдар және материалдар ретінде пайдалануға жарамсыз болып қалған акцизделетін тауарлар;
3) шет елдің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық персоналы қатарындағы адамдардың, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, жеке пайдалануы үшін әкелінген акцизделетін тауарлар акциз төлеуден босатылады. Аталған тауарлар Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес акциз төленуден босатылады;
4) кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімін қоспағанда, кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген кедендік рәсімдер шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында босатылатын акцизделетін тауарлар;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнім (бальзамдардан басқа) акциз төлеуден босатылады.
85. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді белгілеу тәртібі, төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасалғанға дейін келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен жиынтық шығындарды өтеу б-ша жер қойнауын пайдаланушының тiркелген төлемдерi тарихи шығындарды өтеу б-ша төлем болып табылады. Келісімшарттарды жасасқанға дейін келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шығын шеккен пайдалы қазбалардың кен орындары бойынша Қ.Р-ның заңнамасындабелгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді төлеушілер болып табылады.
Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді белгілеу тәртібі.
1. Келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындар сомасын Қ.Р-ның заңнамасында белгіленген тәртіппен осы мақсаттар үшін уәкілетті мемлекеттік орган есептейді және ол осы баптың ережелеріне сәйкес бюджетке төленеді.
Тарихи шығындар сомасының бір бөлігі Қ.Р-ның жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты сатып алу төлемдері түрінде бюджетке төленуге жатады.
Тарихи шығындар сомасының қалған бөлігі тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдер түрінде бюджетке төленуге жатады.
2. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді бюджетке төлеу жөніндегі міндеттеме жер қойнауын пайдаланушы мен жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган арасындағы құпиялылық туралы келісім жасалған күннен бастап, ал жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың талаптары бойынша жасалуға тиіс болғанымен 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша құпиялылық туралы тиісті келісімдер жасалмаған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша, 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін жасалған, өнімді бөлу туралы келісімді қоса алғанда, тарихи шығындар мөлшерін айқындайтын уәкілетті мемлекеттік органмен құпиялылық туралы келісім жасалған күннен бастап туындайды.
Төлеу тәртібі мен мерзімдері
1. Келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемді жер қойнауын пайдаланушы бюджетке коммерциялық табудан кейінгі өндіру кезеңінің басынан бастап орналасқан жері бойынша мынадай тәртіппен төлейді:
1) егер келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемнің жалпы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күні қолданыста болған АЕК-тің 10000 еселенген мөлшеріне тең немесе одан кем соманы құраса, тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемді жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруді бастаған жылдан кейінгі жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей төлейді.
2) егер келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемнің жалпы мөлшері АЕК-тің 10000 еселенген мөлшерінен асатын соманы құраса, АЕК-тің 2500 еселенген мөлшеріндегі сомаға баламалы сомадан кем болуы мүмкін соңғы үлестің сомасын қоспағанда, тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемді жер қойнауын пайдаланушы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-і күнінен кешіктірмей республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күні қолданыста болған АЕК-тің 2500 еселенген мөлшерінен кем емес сомаға баламалы сомада, ұзақтығы он жылдан аспайтын кезең ішінде тең үлеспен төлейді.
3. Пайдалы қазбалардың кен орындарына оларды кейіннен өндіруді көздемейтін барлау жүргізуге арналған келісімшарттар бойынша тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем төленбейді.
Салық декларациясы
1. Егер келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің жалпы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күні қолданыста болған АЕК-тің 10000 еселенген мөлшеріне тең немесе одан кем соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруге кіріскен жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.
2. Егер келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің жалпы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күні қолданыста болған АЕК-тің 10000 еселенген мөлшерінен асатын соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-і күнінен кешіктірмей тоқсан сайын тапсырады.
