Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дайын салык.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
210.59 Кб
Скачать

82.Акцизделетін тауарлардың импортына салық салу

Импортталатын акцизделетін тауарлардың салық базасы:ҚР/ң аумағына импортталатын акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы импортталатын акцизделетін тауарлардың зат түріндегі көлемі, саны ретінде айқындалады. Импортталатын акцизделетін тауарларға акциз төлеу мерзімдері.1. Кеден одағына мүше емес мемлекеттердің аумағынан импортталатын акцизделетін тауарларға акциздер, кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден одағының кеден заңнамасында және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында кедендік төлемдерін төлеу үшін айқындалған күні кеден iсi мәселелері жөніндегі уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен төленеді.2. Акциз маркаларын, есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейін Кодекске сәйкес таңбалануға жататын импортталатын акцизделетін тауарларға акциз төленеді.3. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған акцизделетін тауарлар бойынша (таңбаланатын акцизделетін тауарларды қоспағанда)акциздер импортталған акцизделетін тауарлар есепке қабылданған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей төленеді.Таңбаланатын акцизделетін тауарлар бойынша акциздерді төлеу кодексте белгіленген мерзімде жүргізіледі.4.ҚР/ң заңнамасына сәйкес ҚР\ң аумағына импортталуы акциздерді төлемей жүзеге асырылған акцизделетін тауарлар, оларға байланысты төлеуден босату немесе төлеудің өзге тәртібі ұсынылғандардан өзге мақсаттарға пайдаланылған жағдайда, осы акцизделетін тауарларға Кодексте белгіленген тәртіппен және акциздердің ставкалары бойынша акциздер салуға жатады.Акцизден босатылған акцизделетін тауарлардың импорты:1. Жеке тұлғалар кеден одағының кеден заңнамасында және ҚР/ң кеден заңнамасында көзделген нормалар бойынша импорттайтын акцизделетін тауарларға акциз салынбайды.2. Мынадай импортталатын акцизделетін тауарлар:1) жол бойы бағытында және аралық аялдама пункттерінде халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын көлік құралдарын пайдалану үшін қажетті акцизделетін тауарлар;2) кеден одағының кеден шекарасы арқылы өткізгенге дейін бүлінуі салдарынан бұйымдар және материалдар ретінде пайдалануға жарамсыз болып қалған акцизделетін тауарлар;3) шет елдің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық персоналы қатарындағы адамдардың, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, жеке пайдалануы үшін әкелінген акцизделетін тауарлар акциз төлеуден босатылады. Аталған тауарлар ҚР/сы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес акциз төленуден босатылады

83. Импортталатын акцизделетін тауарлардың салық базасы

ҚР өндірілетін, өткізілетін акцизделетін тауарларға салық салу объектісі:

  1. акциз төлеушінің өзі шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа құйған акцизделетін тауарлармен жүзеге асыратын мынадай операциялары:

акцизделетін тауарларды өткізуі;

акцизделетін тауарларды алыс-берістік негізде қайта өңдеуге беруі;

алыс-берістік, оның ішінде акцизделетін шикізат пен материалдарды, қайта өңдеу өнімдері болып табылатын акцизделетін тауарларды беруі;

жарғылық капиталға жарнасы;

акцизделетін тауарларды заттай ақы нысанында пайдалы қазбаларды өндіру салығын, экспортқа рента салығын төлеу есебіне беру жағдайларын қоспағанда, заттай ақы төлеген кезде акцизделетiн тауарларды пайдалануы;

өндірушінің акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық бөлімшелеріне тиеп жөнелтуі;

өндірушінің жасап шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа құйған тауарларды өздерінің өндірістік мұқтаждарына және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін пайдалануы;

өндіруші жүзеге асыратын акцизделетін тауарларды лицензияда көрсетілген өндіріс мекенжайынан ауыстыруы;

2) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі;

3) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі;

4) конкурстық массаны, тәркіленген және (немесе) иесіз, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделген тауарларды өткізуі;

5) акцизделетін тауарлардың бүлінуі, жоғалуы;

6) акцизделетін тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағына импорты акциз салынатын объект болып табылады.

Акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндірілген, өткізілген заттай нысандағы акцизделетін тауарлар көлемі (саны) ретінде айқындалады.

 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы импортталатын акцизделетін тауарлардың зат түріндегі көлемі, саны ретінде айқындалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]