Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дайын салык.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
210.59 Кб
Скачать

72.Қр резиденті болып табылатын шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның табыстарына салық салу ерекшеліктері

1. Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның (бұдан әрі - резидент шетелдік тұлға) табыстарынан төлем көзінен жеке табыс салығын есептеуді, ұстауды және аударуды, сондай-ақ салық есептілігiн табыс етудi салық агенті осы Кодексте көзделген салықтық шегерімдерді ескере отырып және ставкалар бойынша осы тарауда және осы Кодекстің 19-тарауында белгіленген тәртіппен жүргізеді.Резидент шетелдік тұлға Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алатын табыстарға осы Кодекстің 178-бабында белгіленген тәртіппен салық салуға жатады.

178-бап. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеу

1.Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеуді салық төлеуші салық кезеңі үшін осы бапта көрсетілген салық төлеушілерді қоспағанда, төлем көзінен салық салынбайтын тиісті табыстың салық салынатын сомасына осы Кодекстебелгіленген ставканы қолдану жолымен дербес жүргізеді.Бұл ретте есептелген жеке табыс салығының сомасы жеке табыс салығының осы Кодекске сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын сомасына азайтылады.Төлем көзінен салық салынбайтын тиісті табыстың салық салынатын сомасы осы Кодексте көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын табыс пен осы Кодекстің ережелері ескеріліп, осы Кодексте белгіленген салық шегерімдері арасындағы айырма ретінде айқындалады.

2.Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушылары мен адвокаттардың табыстарын қоспағанда, салық төлеушіде төлем көзінен салық салынбайтын табыстардың бірнеше түрі болған кезде жеке табыс салығын есептеуді салық төлеуші осы Кодексте белгіленген ставканы төлем көзінен салық салынбайтын барлық табыс түрлерінің сомасына қолдану жолымен дербес жүргізеді.

3.Осы Кодексте белгіленген салық шегерімдері, егер көрсетілген шегерімдер қызметкердің табысын айқындаған кезде жүргізілмеген болса, төлем көзінен салық салынбайтын табыстардың жиынтық сомасы бойынша жеке табыс салығын есептеу кезінде қолданылады.

73.Халықаралық салық салудың ерекшеліктері

Халықаралық салық салудың негізгі принциптері

1. Қазақстан Республикасының резиденттерi Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлердегi көздерден түсетiн табыстарынан салықтар төлейдi.

2. Қазақстан Республикасында резидент еместер Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетiн табыстардан салық төлейді.

3. Резиденттер мен резидент еместер Қазақстан Республикасында осы Кодексте белгіленген өзге де салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді осындай міндеттемелер туындаған кезде төлейді.

Резиденттер

1. Қазақстан Республикасында тұрақты болатын немесе Қазақстан Республикасында тұрақты болмайтын, бірақ өмірлік мүдделерінің орталығы (Қр азаматтығы не тұруға рұқсаты болса, отбасы не жақын туыстары ҚР-да тұрса, меншігінде жылжымайтын мүлкі болса) Қазақстан Республикасында орналасқан жеке тұлғалар осы Кодекстің мақсатында Қазақстан Респуб­ли­касының резиденттері деп танылады. 

2. Жеке тұлға ағымдағы салық кезеңінде аяқталатын кез келген үздіксіз он екі айлық кезеңде кемінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күн Қазақстан Респуб­ли­касында болса, ол ағымдағы салық кезеңі үшін Қазақстан Республикасында тұрақты болатын жеке тұлға деп танылады. 

Резидент еместер

мыналар:

1) резидент болып табылмайтын жеке және заңды тұлғалар;

2) қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес резидент еместер болып танылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар резидент еместер деп танылады. 

Резидент еместер ҚР заңнамасына сәйкес өзінің қызметін тұрақты мекеме құрып немесе тұрақты мекеме құрмай жүзеге асырады. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға әкеп соғатын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын резидент емес заңда белгіленген тәртіппен салық органына салық төлеуші ретінде тіркелуге міндетті.

ҚР қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес тұлғалар табыстарына шегерiмдер жүзеге асырылмай, төлем көзiнен табыс салығы салынады. Төлем көзінен табыс салығын салық агенті табысты төлеуді жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан, резидент емес заңды тұлғаға табысын төлеу кезінде ұстайды. Ставкалары: 15 %, ал тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары – 5 процент; халықаралық тасымалдарда көлік қызметтерін көрсетуден түсетін табыстар – 5 процент; құн өсімінен түсетін табыстар, дивидендтер, сыйақылар, роялти –15 процент. Резидент емес заңды тұлғаның табыстарынан ұсталатын төлем көзінен табыс салығын салық агенті бюджетке есебіне жазылған және төленген табыс сомасы бойынша – табысты төлеу күніндегі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша оны төлеу жүргізілген ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей аударуға тиіс. Салық агенті өзі орналасқан жердегі салық органына резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисапты есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей табыс етуге міндетті.

Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес тұлғалар Резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін таза табысына 15 проценттік ставка бойынша корпоративтік табыс салығы салынады.

Есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы алып тасталған, заңда көзделген табыстар мен шығыстар сомасына, ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын табыс таза табыс деп танылады. Таза табысқа корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда көрсетіледі.

Резидент емес заңды тұлға тұрақты мекеме арқылы қызметінен түсетін таза табысына корпоративтік табыс салығын төлеуді корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейінгі күнтізбелік он күн ішінде жүргізуге міндетті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]