Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дайын салык.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
210.59 Кб
Скачать

70. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік салық салығы: есептеу тәртібі

      Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығының сомасын салық агентi төлем көзiнен салық салынатын төленетiн табыс сомасына резидент еместердiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстарын қоспағанда, төлем көзiнен салық салынатын табыстар төлем көзiнен 15 проценттiк ставка бойынша салық салуға жатады.       Заңды тұлға құрылымдық бөлімшесі төлеген (төлеуге жататын) төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша өзінің осындай құрылымдық бөлімшесін төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салық агенті деп өз шешімімен тануға құқылы.      Заңды тұлғаның шешімі немесе мұндай шешімнің күшін жою мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.       Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше салық агенті деп танылған жағдайда, онда заңды тұлғаның мұндай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.       Жоғарыда көрсетілген талаптар Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмастан қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаға төленетін (төлеуге жататын) табыстардан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.       

71.Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

Осы бапты қолдану мақсаттары үшін бiр мезгiлде мынадай талаптарға сай келетiн:1)арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы салық органында орналасқан жері бойынша салық төлеуші ретінде тiркелген;2)арнайы экономикалық аймақтың аумағынан тысқары жерлерде құрылымдық бөлiмшелерi жоқ;3)өзі өндірген тауарларды, қызметтің осы түрлерінен туындайтын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден алынуға жататын (алынған) табыстар жылдық жиынтық табысының кемiнде 70 пайызын құрайтын осы Кодексте көзделген қызмет түрлерін қоспағанда, өзі өндірген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден, осы бөлімде көзделген қызмет түрлерінен алуға жататын (алынған) табыстары жылдық жиынтық табысының кемiнде 90 пайызын құрайтын заңды тұлға қызметiн арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыратын ұйым болып табылады.Салық салу мақсатында бір мезгілде мынадай талаптарға сай келетін:1)салық органында орналасқан жері бойынша салық төлеушілер ретінде тiркелген;2)құрылымдық бөлiмшелерi жоқ;3)өзі өндірген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден, осы Кодексте көзделген қызмет түрлерінен алуға жататын (алынған) табыстары жылдық жиынтық табысының кемiнде 70 пайызын құрайтын заңды тұлғалар да қызметін «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдар болып танылады.Осы тармақта көрсетілген заңды тұлғалардың тізбесін бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган және арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі мен оларды тарату саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган бірлесіп бекітеді. Мұндай тізбені қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.Қызметiн арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыратын ұйымдарға:1)жер қойнауын пайдаланушылар;2)осы Кодексте көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, құрастыруды (жинақтауды) жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, акцизделетiн тауарларды өндiретiн ұйымдар;3)арнаулы салық режимдерiн қолданатын ұйымдар;4)инвестициялық салықтық преференцияларды қолданған ұйымдар;5)ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар жатпайды.Салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу, сондай-ақ нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару осы бөлімде және осы Кодексте көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]