- •1.Салықтардың экономикалық мәні және мазмұны
- •2. Салықтардың сыныпталу ерекшеліктері.
- •3. Салық салу элементтері
- •4. Салық салу қағидалары
- •5 Салық төлеу тəсілдері
- •6) Салық есебінің əдестері
- •7 Салық механизмі ұғымы жəне құрылымы
- •9. Салықтар мен салық жүйесін құру негіздері
- •10. Салық жүйесі жəне салық механизмі
- •11 Салық саясаты жəне оның сыныпталу ерекшеліктері
- •12 Қр салық саясатының ерекшеліктері
- •13. Жер салығы
- •14. Ауыл шаруашылығы жерлеріне жер салығын салу ерекшеліктері
- •15 Өнеркəсіп мақсатындағы жерлерге салық салу ерекшеліктері
- •16 Заңды тұлғалардың мүлкіне салынатын салық
- •17 Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық
- •19. Меншікке салынатын салық бойынша салық жеңілдіктері
- •20. Қосылған құнға салынатын салық
- •21. Салық салынатын айналымды анықтау тəртібі
- •22 Акциздер
- •24. Экспортқа рента салығы
- •26 Төлем көзінен салық салынатын табыс
- •27 Төлем көзінен салық салынбайтын табыс
- •30. Ойын бизнесіне салық
- •31 Тіркелген салық
- •32 Бірыңғай жер салығы
- •34. Жжт және оның құрамы
- •35 Шегерімдер жəне оның қажеттігі
- •36)Үстеме пайда салығы
- •37 Шетелдік тұлғаларға салық салу ерекшеліктері
- •39. Алымдар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
- •40 Қр салық жүйесінің құрылу жəне даму кезеңдері
- •41 Дербес кəсіпкерлерге салық салу тəртібі
- •42 Қр салық қызметінің құрамы мен құрылымы
- •44. Кәсіпкер заңды тұлға/рға салық салу тәртібі
- •45 Ауылшаруашылығындағы заңды тұлғаларға салық
- •47 Қр салық салу қағидалары
- •49. Әлеуметтік саладағы ұйымдарға салық салу.
- •50. Бонустар: ұғымы, төлену тəртібі
- •51. Салық төлеушінің құқықтары мен міндеттері.
- •52. Салық агентінің құқықтары мен міндеттері
- •53.Салық қызметі органдарының басқа мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылы
- •54.Салық қызметі органдарының міндеттері мен құрылымы
- •55.Салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері
- •56.Салық міндеттемесі: ұғымы, тәртібі, мерзімі және тоқтатылуы
- •57. Жылдық жиынтық табысты түзету
- •58.Қызметтік іссапарларкезіндеөтемақыларсомасыныңшегерімі
- •59. Шегерімге жатпайтын шығындар
- •60.Тіркелген активтер бойынша шегерімдер
- •61. Инвестициялық салық преференциялары
- •62.Табыстар мен шегерімдерді түзету
- •65. Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
- •68.Салық төлеушілердің жекелеген санаттарының корпоративтік табыс салығын есептеу және төлеу ерекшеліктері
- •69. Аванстық төлемдер сомасын есептеу
- •70. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік салық салығы: есептеу тәртібі
- •71.Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
- •72.Қр резиденті болып табылатын шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның табыстарына салық салу ерекшеліктері
- •73.Халықаралық салық салудың ерекшеліктері
- •74. Резидент емес жеке тұлғаның табыстарына салық салу тәртібі
- •76. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар
- •77.. Халықаралық тасымалдауға салық салу
- •78. Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар және импорт
- •80. Акцизделетін тауарлардың бүлінуі және жоғалуы.
- •81.Акциз маркаларының,есепке алу-бақылау маркаларының бүлінуі,жоғалуы
- •82.Акцизделетін тауарлардың импортына салық салу
- •83. Импортталатын акцизделетін тауарлардың салық базасы
- •84. Акцизден босатылатын акцизделетін тауарлар импорты
- •85. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді белгілеу тәртібі, төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi
- •86. Мұнайға арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығы
- •88. Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, минералды шикізатқапайдалы қазбаларды өндіру салығы
- •89.Кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдік балшықтарға пайдалы қазбаларды өндіру салығы
- •90.Пайдалы қазбаларды өндіру салығын, шикі мұнай, газ конденсатыбойынша экспортқа рента салығын, роялтиді және қр заттай нысандағы өнiмдiбөлу жөніндегі үлесiн төлеу тәртiбi
- •91.Арнаулы салық режимдерін қолданатын төлеушілердің әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін есептеу, төлеу және табыс ету ерекшеліктері
- •92. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орман қоры мен су қорының жерлеріне салынатын салық ставкалары
- •93. Автотұрақтар, автомобильдерге май құю станциялары үшін, казино орналасқан жер учаскелеріне салынатын салық ставкалары
- •94.Ойын бизнесi салығын төлеушiлердiң қосымша төлемi
- •95. Патент негізіндегі арнаулы салық режимі
- •96. Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі.
- •97. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі.
- •98.Өкілдік шығыстар сомасының шегерімі
- •99. Хеджирлеу операциялары бойынша салық есебінің ерекшеліктері
- •100. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның табыстарына салық салу ерекшелiктерi.
68.Салық төлеушілердің жекелеген санаттарының корпоративтік табыс салығын есептеу және төлеу ерекшеліктері
Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтынушылар кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші корпоративтік табыс салығын есептеуді осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жүргізеді.
451-бап. Жекелеген салық түрлерін және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу ерекшелігі
Жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептелген корпорациялық табыс салығының, қосылған құн салығының, әлеуметтік салықтың, жер салығының, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының, мүлік салығының, көлік құралдары салығының сомалары 70 процентке азайтылуға жатады.
Осы бапта көзделген корпорациялық табыс салығының сомасын азайту осы Кодекстің 141-бабына сәйкес айқындалатын корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің сомаларын есептеу кезінде де қолданылады.
Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепті салық кезеңінің қорытындылары бойынша декларация бойынша қалыптасқан есептелген салық сомасынан асып кетуі қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдердің есебіне жатқызылатын қосылған құн салығының асып кету сомасын айқындау кезінде 70 пайызға азайтылуға жатады.
69. Аванстық төлемдер сомасын есептеу
Салық төлеушiлер корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi белгiленген тәртiппен ағымдағы салық кезеңi iшiнде есептейдi және төлейдi. Мыналар аванстық төлемдердi есептемеуге және төлемеуге құқылы: 1) егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, түзетулер ескерiле отырып, алдыңғы салық кезеңiнiң алдындағы салық кезеңiндегi жылдық жиынтық табысы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 325000 еселенген мөлшерiне тең сомадан аспайтын салық төлеушiлер; 2) жаңадан құрылған салық төлеушiлер - әдiлет органында мемлекеттiк (есептiк) тiркеу жүзеге асырылған салық кезеңi iшiнде, сондай-ақ кейiнгi салық кезеңi iшiнде; 3) салық төлеушiлер ретiнде салық органдарында жаңадан тiркелген Қазақстан Республикасында қызметiн филиал, өкiлдiк құрмай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар - салық органдарында тiркеу жүзеге асырылған салық кезеңi iшiнде, сондай-ақ кейiнгi салық кезеңi iшiнде корпоративтiк табыс салығы бойынша. Аванстық төлемдер сомасы ағымдағы салық кезеңi iшiнде тең үлестермен төленедi. Алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткенге дейiнгi кезең iшiнде төлеуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабы есептi салық кезеңiнiң бiрiншi тоқсаны үшiн есептi салық кезеңiнiң 20 қаңтарынан кешiктiрiлмей, салық төлеушi орналасқан жердегi салық органына табыс етiледi. Алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткенге дейiнгi кезең iшiнде төлеуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы өткен салық кезеңi үшiн аванстық төлемдер сомаларының есеп-қисабында есептелген аванстық төлемдердiң жалпы сомасының төрттен бiрi мөлшерiндеесептеледi. Алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткеннен кейiнгi кезең iшiнде төлеуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын есептi салық кезеңiнiң екiншi, үшiншi, төртiншi тоқсандары үшiн салық төлеушi оны табыс еткен күннен бастап күнтiзбелiк жиырма күн iшiнде табыс етедi. Алдыңғы салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша залал шеккен немесе салық салынатын табысы жоқ салық төлеушiлер алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткен күннен бастап күнтiзбелiк жиырма күн iшiнде салық органына ағымдағы салық кезеңiндегi корпоративтiк табыс салығының болжамды сомасын негiзге ала отырып, аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етуге мiндеттi. Салық төлеушiлер есептi салық кезеңi iшiнде алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткеннен кейiнгi кезең үшiн, есептi салық кезеңiндегi табыстың болжамды сомасын негiзге ала отырып, есептi салық кезеңiнiң алдағы айлары үшiн төлеуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисабын табыс етуге құқылы. Корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисаптарында көрсетiлген түзетулер ескерiле отырып, алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткеннен кейiнгi кезең үшiн төлеуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының терiс мәнi болмауы керек. Алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткеннен кейiнгi кезең үшiн төлеуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисабы салық кезеңiнiң 20 желтоқсанынан кешiктiрiлмей табыс етiлуi мүмкiн. 9. Алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзiмi ұзартылған кезде салық төлеушi аталған декларацияны табыс ету мерзiмi ұзартылған кезең үшiн аванстық төлем сомасын өткен салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомалары есеп-қисабында есептелген аванстық төлемдердiң жалпы сомасынан айқындалған орташа айлық аванстық төлем мөлшерiнде төлейдi. Салық төлеушiлер корпоративтiк табыс салығын төлеудi орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады. Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар корпоративтiк табыс салығын төлеудi тұрақты мекеменiң орналасқан жерi бойынша жүргiзедi. Салық төлеушiлер корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi бюджетке айқындалған мөлшерде ағымдағы айдың 25-iнен кешiктiрмей, ай сайын енгiзуге мiндеттi. Салық кезеңi iшiнде бюджетке енгiзiлген аванстық төлемдер сомасы есептi салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы жөнiндегi декларация бойынша есептелген корпоративтiк табыс салығын төлеу есебiне есепке жатқызылады. Салық төлеушi салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша корпоративтiк табыс салығы бойынша төлемдi декларация табыс ету үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей жүзеге асырады.
