Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дайын салык.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
210.59 Кб
Скачать

5 Салық төлеу тəсілдері

Салық салу объектілерін есепке алу ж/е оларды бағалау амалдарына қарай салық салудың мынадай төрт тәсілі қолданылары: кадастрлық, салық төлеушінің мағлұмдамасы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патенттік негізде.1. Кадастрлық тәсілге сәйкес салықты есептеу мен оны алу, салық салу объектілерінің нақты табыстылығын есепке алмай табыстылық (жер салығы, мүлік салығы) нормасын көрсете отырып, олардың тізімдемесі негізінде жүзеге асырылады. 2. Салық төлеушінің мағлұмдамасында салық төлеуші табыстың мөлшерін, қажетті жеңілдіктерді, шегерімдерді көрсетеді ж/е салық сомасын есептеп төлейді. 3. Табысты алу көзінен ұстап қалу тәсілі бойынша салық төлеуші жұмыс істейтін заңды тұлғаның бухгалтериясы одан салықты табыс алынған жерде есептеп, ұстайды (төлейді).4. Анықтау мен олардың көлемдерін есепке алу қиын қызметтің сан алуан түрлерінен алынған табыстары үшінсалық патенттік негізде төленеді.

6) Салық есебінің əдестері

Салық есептілігінде салық объектлерін анықтауда және салық базасын есептеуде, негізінен, екі әдіс қолданылады: 1) есептеу әдісі; 2) кассалық әдіс. Салы базасын есептеудің әдісі- табыстар мен шегерімдер жұмыстар орындалғанда, қызметтер көрсетілгенде, сатып алушыларға тауарлардв жеткізген кезде есепке алынады. Есепте\у әдісінде салық міндеттемесінің пайда болуы негізінде салық төлеушіде табысқа құқықтың пайда болу фактісі жүзеге асады. Салық заңдарында бұрын былайша анықтама берілген: бұл-төлем жасау уақытына қарамастан, есеп жүргізудің табыс пен ұстап қалу жұмыстың орындалған, қызметтің көрсетілген, мүліктің түсірілген және есепке алынған сәтінен бастап есептелген әдіс.

Кассалық әдіс кезінде салық базасы табыстар мен шегерімдер салық төлеушілердің орындалған жұмысына, көрсетілген қызметтерде, сатып алушыларға тауарлар жеткізуде нақты төлем төленген кезде есепке алынады. Кассалық әдісте салық салудың пайда болу негізінде табысты нақты алу фактісі жүзеге асады. Кемітуге қатысты нақты табысты алу немесе шығынды жүзеге асыру факті салықты кассалық есептеу әдіс негзінде жатр. Салықты есептеудің кассалық әдісі ақша қаржылары мен материалдық құндылықтардың іс жүзінде қозғалуына негізделеді. Салық заңдарында: бұл-жұмыстың орындалған, қызметтің көрсетілген, мүліктің түсірілген және кіріске алынған әрі оларға төлем жасалған сәтінен бастап табыс пен ұстап қалу есепке алынатын есептеу әдісі деп анықтама берілген.

7 Салық механизмі ұғымы жəне құрылымы

Салық механизмі –салықтар ж/е бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді бюджетке төлеуді қамтамасыз ететін тәсілдер, әдістер ж/е элементтер жиынтығы.Салық механизмінің құрылымы келесідей: 1)салық салу элементтері; 2) салық салу тәсілдері; 3) салық салу әдістері; 4) салық салу қағидалары; 5) жоспарлау ж/е болжау. Салық салудың элементтері: салық субъекті – салықты және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі заңды тұлға. Қазақстанда заңды тұлға резидент емес және резидент заңды тұлға болып табылады. ҚР азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтағы жоқ тұлғалар болып жіктеледі. Салық көзі – салық салынатын табыс. Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыспен шегерімдердің айырмасы ретінде анықталады. Салық ставкасы өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері. Ставкалар тұрақты н/е процентпен белгіленеді. Тұрақты ставкалар салық объектісінен түсетін табыстың мөлшеріне байланыссыз, өлшем бірлігіне тұрақты сомамен тағайындалады. Проценттік ставкалар 3-ке бөлінеді: үдемелі н/е прогрессивті; регрессивті ж/е пропорционалды. Салық оклады – салық төлеушінің белгілі бір салық объектісінен төлейтін салық сомасы. Салық жеңілдіктері - заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп н|е түгел босату. Салық жеңілдіктеріне салықтан босатылатын, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық ставкасын төмендету, салық төлеу мерзімін ұзарту жатады. Салық төлеу мерзімі – салық төленетін уақыт. Салық төлеу тәртібі – белгіленген мерзімде салықты төлеген кезде алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезінде белгілі бір дәйектілікті белгілейді. Салық салудың объектісін есепке алу және бағалау тәсілдеріне қарай 4 тәсілі бар: 1)кадастрлық; 2)салық төлеушінің декларациясы бойынша; 3)табыс алу көзі бойынша; 4)патент бойынша.Кадастрлық әдіс бойынша салықты есепке алу және жинау салық объектілерінің сипаттамасы бойынша нақты табыстылықты ескерусіз жүргізіледі. Салық төлеушілер декларациясында табыс мөлшерін, қажетті жеңілдіктерді шегерістерді көрсетеді және салық сомасын өзі есептейді. Табысты алу көзіне қарай салық салық төлеуші жұмыс істейтін заңды тұлғаның бухгалтериясында табыс алу көзінде ұсталады. Патент негізінде салық төлеу әр түрлі қызмет түрлерінен алынатн табысты анықтау және олардың көлемін есептеу қиын болған жағдайда қолданылады.Салықтық есептің 2 әдісі бар: 1)кассалық; 2)есептік әдісі.Кассалық әдіс бойынша табыстар мен шегерістер жұмыстың атқарылған, мүлік жіберіліп, оның ақысы түскеннен кейін ғана танылады. Есептік әдіс бойынша табыстар мен шегерістер жұмыс атқарылған, мүлік жіберілгеннен кейін оның ақысы түспей тұрып танылады.Салық кодексі б/ша салық салу қағидалары: салық салудың міндеттілігі, айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жариялылығы принциптері жатады.

8.Салық жүйесінің құрамы мен құрылымы.

Салық жүйесі – салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, салық механизмінің және салық қызмет органдарының жиынтығын қамтитын қаржылық қатынастар кешені.

Салықтар: КТС, ЖТС, ҚҚС, акциздер, экспортқа рента салығы, жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары, әлеуметтік салық, көлік құралдары салығы, жер салығы, мүлік салығы, ойын бизнес салығы, тіркелген салық, үстеме салық.

Бюджетке төленетін басқа да төлемдерге мемлекеттік баж, тіркеу алымдары, алымдар мен төлемақылар жатады.

Салық механизмі – салықтар мен бюджетке төленетін басқа да мінд төлемдерді бюджетке төлеуді қамт ететін тәсілдер, әдістер мен элементтер жиынтығы. Салық механизмінің құрылымы келесідей: салық салу элементтері, салық салу тәсілдері, салық салу әдістері, салық салу қағидалары; жоспарлау және болжау.

Салық салу элементтері:

Салық салу объектісі - заң жүзінде негізделген салық салуға негіз болатын табыс, мүлік, қызмет көрсету, т.б.

Салық субъектісі – салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі заңды міндеті бар тұлға.

Салық базасы – салықты есептеу объектісінің құндық, заттай және т.б. сипаттамалары.

Салық көзі – салық салынатын табыс.

Салық ставкасы – бір өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері. Олар тұрақты және пайыз нысанында белгіленеді. Пайыздық салық ставкасы прогрессивтік, регрессивтік және пропорционалдық болып бөлінеді.

Салық жеңілдіктері – салықты тқлеуден жартылай немесе толық босату. Оның жеті түрі бар: салықтан толық босату; салық салынатын минимум; есептелген салық сомасын азайту; салық салынатын табысқа есептелмейтін сома; салықтарды төлеу мерзімін ұзарту; салықтық кредит; салықтық каникул.

Салық санкциялары – салық бойынша құқық бұзушылықтарды өтеу шаралары. Оның екі түрі бар: айыппұл және өсімпұл.

Салық құпиясы – үшінші тұлғаға салыққа қатысты мәліметтерді жасырып қалуы.

Салық агенті – салықты бюджетке аударуына жауапты тұлға.

Салық кезеңі – салықты тапсыру уақыты.

Салықтың өлшем бірлігі – есептеу үшін берілген салық объектісінің өлшем бірлігі.

Салық оклады – салық төлеушінің белг бір объектісінен төлейтін салық сомасы. Салықты төлеу тәртібі – төлеу кезіндегі белг бір дәйектілікті белгілейді.

Салық салу қағидалары: міндеттілік, айқындылық, әділдік, біртұтастық, жариялылық.

Салық тәсілдері: патент, оңтайландырылған декларация, кадастрлық, декларация, жалпыға ортақ режим.

Салық қызмет органдары ҚР Қаржы Министрлігі Салық Комитетінен және облыс, Астана, Алматы қалалары, аудандар мен қалалар бойынша салық комитеттерінен тұрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]