Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дайын салык.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
210.59 Кб
Скачать

61. Инвестициялық салық преференциялары

      Инвестициялық салық преференциялары (бұдан әрі – преференциялар) салық төлеушінің таңдауы бойынша және преференциялар объектілерінің құнын және (немесе) реконструкциялауға, жаңғыртуға арналған шығыстарды шегеруге жатқызуды білдіреді.  Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар және құрылыстар, машиналар мен жабдықтар, егер пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі кемінде үш салық кезеңі ішінде бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келсе:1) концессия шартының шеңберінде концессионер (концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған құқық мирасқоры немесе заңды тұлға) жүргізген және (немесе) алған, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер;2) преференцияларды қолданған салық төлеуші табыс алуға бағытталған қызметте пайдаланса;3) оларды пайдалану ерекшеліктеріне байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызметті жүзеге асырумен тікелей себеп-салдарлы байланысы бар активтер болып табылмаса; 4) жер қойнауын пайдаланушы осы активтер бойынша шеккен келесі шығыстар салық есебінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызмет пен келісімшарттан тыс қызмет арасында бөлуге жатпаса;5) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілетін активтер болып табылмаса, преференция объектілеріне жатқызылады.Преференцияларды қолдану мақсаты үшін негізгі құралды реконструкциялау, жаңғырту – келесі шығыстардың бір түрі, олардың нәтижелері бір мезгілде:  - негізгі құралдың конструкциясын өзгерту, оның ішінде жаңалау; - негізгі құралдың қызмет ету мерзімін үш жылдан астам уақытқа ұзарту; - реконструкциялауды, жаңғыртуды жүзеге асыру үшін осы негізгі құрал пайдаланудан уақытша шығарылған күнтізбелік айдың басындағы техникалық сипаттамаларымен салыстырғанда негізгі құралдың техникалық сипаттамаларының жақсаруы болып табылады. Преференцияларды қолдану мақсаты үшін: спортқа арналған құрылыстар мен демалу орындарынан, мәдени-ойын-сауық, қонақ үйге, мейрамханаға арналған, әкімшілік мақсаттарға, автомобильдер тұрағына немесе аялдауына арналған құрылыстардан басқа құрылыстар өндірістік мақсаттағы құрылыстарға жатады.Преференцияларды қолдану мақсаты үшін: - құрылыс мердігерлігі шартын жасасу жолымен салу кезінде – мемлекеттік қабылдау комиссиясы ғимараттың (ғимарат бөлігінің) пайдалануға берілу актісіне қол қойғаннан кейін құрылысты жүргізушінің құрылыс объектісін тапсырысшыға беруі болып табылады.            

62.Табыстар мен шегерімдерді түзету

Табыстар немесе шегерімдер мынадай жағдайларда:1)тауарларды толық немесе ішінара қайтарғанда;2)мәміленің шарттарын өзгерткенде;3)сатылған немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін бағаны, өтемақыны өзгерткенде;4)бағадан жеңілдіктер, сатудан жеңілдіктер жасалғанда;5)шарттың талаптарын негізге ала отырып, өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ұлттық валютамен төленуге тиіс сома өзгергенде;6)ол бойынша табысты түзету осы баптың 2-тармағына сәйкес жүргізілетін талапты есептен шығарғанда түзетуге жатады. Табысты түзетуді салық төлеуші-кредитор: заңды тұлғадан;дара кәсіпкерден.Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғадан осындай тұрақты мекеменің қызметіне қатысты талаптар бойынша талапты есептен шығарған кезде жүргізеді. Осы тармақта көзделген табысты түзету:1)салық төлеуші-дебитор таратылған кезде оны тарату балансын бекіту күніне салық төлеуші-кредитор талап қоймаған;2)заңды күшіне енген сот шешімі бойынша талап есептен шығарылған жағдайларда жүзеге асырылады.Түзету бір мезгілде мынадай талаптарды сақтаған кезде:1)талаптардың туындауын растайтын бастапқы құжаттар болғанда;2)талап бухгалтерлік есепте табысты түзету күніне көрсетілгенде не алдыңғы кезеңдердегі бухгалтерлік есепте шығысқа жатқызылғанда (есептен шығарылғанда) жүргізіледі. Табысты түзету есептен шығарылған талаптың және осындай талап бойынша бұрын танылған табыстың сомасы шегінде жүргізіледі.Осы Кодекске сәйкес күмәнді деп танылған талаптарға осы тармақтың ережелері қолданылмайды.Табысты түзету талаптардың мөлшерін оларды кәсіпорынның сатып алу-сату шарты бойынша мүліктік кешен ретінде беруге байланысты азайтылған кезде жүргізілмейді.Табыстар мен шегерiмдердi түзету осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жағдайлар басталған салық кезеңiнде жүргiзiледi.

63.Салық салынатын табысты азайту.Салық төлеушінің салық салынатын табысты мынадай шығыс түрлеріне:1)салық салынатын табыстың 3 процентінен аспайтын жалпы сомасы мөлшерінде:нақты шеккен шығыстардың осы Кодексте көзделген әлеуметтік сала объектілерін пайдаланған кезде алуға жататын (алынған) табыстардан асып түскен сомасын;коммерциялық емес ұйымдарға және қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдарға өтеусіз негізде берілген мүліктің құнын. Өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұмыстарды орындаумен, қызметтер көрсетумен байланысты шеккен шығыстар мөлшерінде айқындалады. Өтеусіз берілген өзге де мүліктің құны аталған мүлікті қабылдау-беру актісінде көрсетілген, берілген мүліктің баланстық құны мөлшерінде айқындалады;көмекті алатын тұлғаның тарапынан өтініш жасалу негізінде салық төлеушінің шешімі болған кездегі демеушілік және қайырымдылық көмекті;2)мүгедектердің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалған шығыстардың 2 еселенген мөлшерін және мүгедектердің жалақысының және басқа да төлемдердің есептелген әлеуметтік салық сомасының 50 процентін;3)жеке тұлға салық төлеушіде кемінде үш жыл жұмыс істеу міндеттемесі туралы шартты жасасқан жағдайда, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмаған жеке тұлғаны оқытуға арналған шығыстарды;Осы тармақшаның мақсатында оқытуға арналған шығыстар:оқытуға ақы төлеуге жұмсалған нақты шығыстарды;Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормалар шегінде тұруға жұмсалған нақты шығыстарды;оқитын адамға салық төлеуші айқындаған мөлшерде, бірақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормалардан аспайтын ақша сомасын төлеуге арналған шығыстарды;оқуға түскен кезде оқу орнына және оқу аяқталғаннан кейін қайту жолына жұмсалған нақты шығыстарды қамтиды.5)ғылым саласындағы уәкілетті органның қорытындысы бойынша ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық деп танылған жұмыстарды орындауға тиісті салық кезеңдерінде нақты жұмсалған шығыстардың 50 пайызы мөлшерінде азайтуға құқығы бар. Осы тармақша Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген жұмыстардың нәтижесі енгізілген жағдайда, өнертабысты, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган салық төлеушіге берген, осындай жұмыстарды жүзеге асыру нәтижесінде алынған өнеркәсіптік меншік объектілеріне арналған қорғау құжаттары болған кезде қолданылады.Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жатқызылатын жұмыстардың тізбесін, Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесін енгізуді растау тәртібін, сондай-ақ қорытындының нысаны мен оны беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Бұл ретте салық төлеушінің қорғау құжатын алуға арналған шығыстары ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауға арналған шығыстар деп танылмайды.Салық төлеушінің мынадай табыс түрлеріне салық салынатын табысты:1)негізгі құралдардың, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың, биологиялық активтердің қаржы лизингі бойынша сыйақыны;2)борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыны есебіне жатқызу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын осындай сыйақыны;3)мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттiк облигациялар бойынша сыйақыны;4)табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда гуманитарлық көмек түрінде алынған және мақсатты пайдаланылған мүліктің құнын;5)республикалық мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік органнан немесе республикалық мемлекеттік кәсіпорыннан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде өтеусіз негізде алған негізгі құралдардың құнын;6)заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды, қатысу үлестерiн өткізуден туындаған залалдарға азайтылған, заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды, қатысу үлестерiн өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстарды азайтуға құқығы бар. Осы тармақша бір мезгілде мынадай:акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;эмитент заңды тұлғаның немесе онда қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін консорциумда өткізетін осындай консорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;эмитент заңды тұлға немесе онда қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнының немесе қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының 50 пайыздан астамы осындай өткізу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құрау талаптары орындалған кезде қолданылады.

64.Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу

1. Салық Кодексінің мақсаты үшін акционерлік қоғамдарды, мекемелерді және пәтерлер (үй-жайлар) иелері кооперативтерінен басқа тұтыну кооперативтерін қоспағанда, ҚР/ң азаматтық заңнамасында ком/қ емес ұйым үшін белгіленген нысанда тіркелген ұйым қызметін қоғамдық мүддені көздеп жүзеге асыратын және мынадай талаптарға сай келетін:1) осындай қызметіне орай табыс алу мақсаты жоқ;2) алынған таза табысты немесе мүлікті қатысушылар арасында бөлмейтін ұйым коммерциялық емес ұйым деп танылады.

2. Ком/қ емес ұйымның мемл/к әлеум/к тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша, депозиттер бойынша сыйақы, грант, кіру жарналары және мүшелiк жарналар, кондоминиумға қатысушылардың жарналары, қайырымдылық және демеушiлiк көмек, өтеусiз алынған мүлiк, өтеусiз негiздегi аударымдар мен қайырмалдық түріндегі табысы, кодексте көрсетiлген шарттар сақталған жағдайда, салық салуға жатпайды. Ортақ мүлiктi күтiп-ұстау және пайдалану бойынша ортақ шығыстарды жабуға бағытталған үй-жайлар меншiк иелерiнiң мiндеттi төлемдерi;тұтастай үйдi қажеттi пайдалануға мiндеттi және қамтамасыз ету қатарына жатпайтын, үй-жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерiне олардың келісімiмен жүктелген қосымша шығыстарды жабуға бағытталған үй-жайлар меншiк иелерiнiң төлемдерi;үй-жайлардың меншiк иелерi мiндеттi төлемдер мерзiмiн өткiзiп алған кезде ортақ шығыстар шотына ҚР/ң заңнамасында белгiленген мөлшерде есептелген өсiмпұл кондоминиумға қатысушылардың жарналары болып танылады .3. Кодексте аталған шарттар сақталмаған жағдайда, коммерциялық емес ұйымның табыстары жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жатады.4. Кодексте көрсетілмеген табыстар жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жатады.Бұл ретте коммерциялық емес ұйым осы бапқа сәйкес салық салудан босатылған табыстар бойынша және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстар бойынша бөлек есеп жүргізуге міндетті.5. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстарды алған кезде коммерциялық емес ұйым шығыстарының шегерімдерге жатқызылатын сомасы салық төлеушінің таңдауы бойынша барабар немесе бөлек әдіс бойынша айқындалады.6.Шығыстардың жалпы сомасындағы шегерімге жатқызылатын шығыстар сомасы барабар әдісі бойынша кодексте көрсетілмеген табыстардың үлес салмағы негізге алына отырып, коммерциялық емес ұйым табыстарының жалпы сомасында айқындалады.7. Салық төлеуші бөлек әдіс бойынша кодексте көрсетілген табыстарға жатқызылатын шығыстар және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстарға жатқызылатын шығыстар бойынша бөлек есеп жүргізеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]