Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дайын салык.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
210.59 Кб
Скачать

49. Әлеуметтік саладағы ұйымдарға салық салу.

Әлеуметтік салық 1999 жылы ол уақытқа дейінгі әлеуметтік қорларға сақтандыру жарналары ретіндегі төлемдердің орнына: зейнетақылық, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру, халықтың жұмысбастылығына көмек қорлары болып табылады. Салық төлеушілер: бюджетпен есеп айырысуды біржолғы талон негізінде жүзеге асыратындарды қоспағанда, жеке кәсіпкерлер; жеке натариустар, адвокаттар; ҚР-ның резиденті – заңды тұлғалар; ҚР-да қызметін тұрақты мекемелер, филиалдар мен өкілдіктер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер әлеуметтік салық төлеушілер болып табылады; резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері әлеуметтік салық төлеушілер ретінде қарастырылуы мүмкін. Салық салу объектісі: резидент және тұрақты мекеме арқылы жұмыс жасайтын резидент емес заңды тұлғалар үшін әлеуметтік салық салу объекті жұмыс берушінің қызметкерлерге төлейтін шығындары; жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар мен адвокаттар үшін әлеуметтік салық салу объектісі болып салық төлеушінің өзін қоса алғандағы, жұмыскерлерінің саны табылады. Салық ставкалары Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары сондай-ақ қызметін Қазақстан Республика-сында тұрақты мекеме филиалдар мен өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын резидент еместер әлеуметтік салықты 11 пайызбен төлейді. Тірек қимыл мүшесі бұзылған, есіту, көру, сөйлеу қабілетінен айырылған мүгедектер жұмыс жасайтын мамандандырылған ұйымдар әлеуметтік салықты 4,5 пайыз ставкамен төлейді. Арнаулы салық режимін қолданылатындарды қоспағанда, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар мен адвокаттар өздері үшін 2 АЕК мөлшерінде, әрбір жалдамалы жұмыскері үшін 1 АЕК мөлшерінде әлеуметтік салықты ай сайын төлейді. Әлеуметтік салық ай сайын есептеледі және есепті айдан кейінгі айдың 15-нен кешіктірілмей бюджетке төленуі керек. Әлеуметтік салық жөніндегі декларация есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірілмей салық органына тапсырылуы қажет.

50. Бонустар: ұғымы, төлену тəртібі

      1. Жер қойнауын пайдаланушының тiркелген төлемдерi бонустар болып табылады.       2. Жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған келісімшарттың түріне және талаптарына қарай жер қойнауын пайдаланушы үшін бонустың мынадай түрлері белгіленуі мүмкін:       1) қол қойылатын бонус;       2) коммерциялық табу бонусы.

      Жер қойнауын пайдаланушының келiсiмшарт аумағында жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу үшiн алған бiржолғы тiркелген төлемi қол қойылатын бонус болып табылады.Төлеушілері:       1) барлауға арналған келісімшартты;       2) пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшартты;       3) бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшартты жасасқан жеке немесе заңды тұлға қол қойылатын бонус төлеуші болып табылады.

Қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері жер қойнауын пайдалануға жасалатын әрбір келісімшарт үшін мынадай мөлшерде жеке белгіленеді:       1) пайдалы қазбалардың бекітілген қорлары жоқ аумақта геологиялық барлау жүргізуге арналған келісімшарттар үшін:       - мұнай келісімшарттары үшін - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 2800 еселенген мөлшері;       - техногендік минералды құралымдарды игеруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, минералды шикізатты барлауға арналған келісімшарттар үшін - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 280 еселенген мөлшері;      - кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдік балшықтар жөніндегі келісімшарттар үшін - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 40 еселенген мөлшері;   

    

  Қол қойылатын бонус бюджетке салық төлеушінің тұрғылықты орны бойынша мынадай мерзімдерде:       1) белгіленген соманың елу проценті – салық төлеушіні Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес конкурс жеңімпазы деп жариялаған немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн ішінде;       2) белгіленген соманың елу проценті – жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшіне енген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешіктірілмей төленеді.

     Жер қойнауын пайдаланушы қол қойылатын бонус жөніндегі декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына төлеу мерзiмi басталған айдан кейiнгi екінші айдың 15-не дейiн табыс етедi.

Жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табу бонусын пайдалы қазбаларды өндiруге арналған және (немесе) келісімшарт аумағындағы пайдалы қазбаларды әрбір коммерциялық табу үшін, оның ішінде кен орындарына қосымша барлау жүргiзу барысындағы табу үшiн бірлескен барлау мен өндiруге арналған келісімшарттар шеңберiнде төлейдi.       Пайдалы қазбалардың кен орындарына оларды кейіннен өндіруді көздемейтін барлау жүргізуге арналған келісімшарттар бойынша коммерциялық табу бонусы төленбейді.           Жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған келісімшарттар шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде келісімшарт аумағында пайдалы қазбаларды коммерциялық табуы туралы жария еткен жер қойнауын пайдаланушылар коммерциялық табу бонусын төлеушілер болып табылады.

Коммерциялық табу бонусы салық базасының 0,1 процент ставкасы бойынша төленедi.

      Коммерциялық табу бонусы жөнiндегi декларацияны жер қойнауын пайдаланушы орналасқан жерi бойынша салық органына төлеу мерзiмi басталған айдан кейiнгi екінші айдың 15-не дейiн табыс етедi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]