Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дайын салык.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
210.59 Кб
Скачать

41 Дербес кəсіпкерлерге салық салу тəртібі

Дара кәсіпкердің табысы

1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, дара кәсiпкердiң салық салынатын табысы корпоративтiк табыс салығы салынатын объектiнi айқындау үшiн белгiленген тәртiппен, сондай-ақ түзетулер ескеріле отырып салықтық шегерімдермен айқындалады.

2. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің табысы Салық Кодексінің сәйкес айқындалады.

1. Дара кәсіпкер патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін оны қолдана бастағанға дейін орналасқан жері бойынша салық органына салықтық өтінішті табыс етеді.Қайтадан құрылған дара кәсіпкерлер аталған өтінішті дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей табыс етеді. Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күн аталған дара кәсіпкерлер үшін арнаулы салық режимін қолдану басталатын күн болып табылады. Дара кәсіпкерлердің салықтық өтінішті осы тармақта аталған мерзімдерде табыс етпеуі,  олардың жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыруға келісімі деп саналады. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануға салықтық өтінішпен бір мезгілде уәкілетті Қазақстан Республикасының Үкіметі нысан бойынша  патент алуға арналған есеп-қисап (осы тарауды қолдану мақсатында бұдан әрі  - есеп-қисап) табыс етіледі.

Бюджетке төленген патент құнын, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын аударуды растайтын құжаттар есеп-қисапқа қоса беріледі.

Есеп-қисапты электронды түрде табыс ететін салық төлеушілер аталған құжаттарды табыс етпейді.

Кезекті патентті алуға арналған есеп-қисап патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануға салықтық өтінішті табыс етпестен осының алдындағы патенттің қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін табыс етіледі.

Салық төлеушінің талаптарға сай келмеуі  патент беруден бас тарту үшін  негіз болып табылады.дара кәсіпкерге патент бір салық кезеңі шегінде кемінде бір ай мерзімге беріледі.

Патент:

1) ағымдағы салық кезеңінің соңғы айында жаңадан тіркелген;

2) ағымдағы салық кезеңінің соңғы айында қызметін уақытша тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін немесе аяқталғаннан кейін қызметін қайта бастаған дара кәсіпкерлерге бір айдан аз мерзімге берілуі мүмкін.

Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы  куәлік  көрсетілмейінше, патент жарамсыз болады.

3. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде кәсіпкерлік қызмет  уақытша тоқтатыла тұрған жағдайда, дара кәсіпкер орналасқан жері бойынша салық органына салықтық өтінішті табыс етеді.

4. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату салықтық өтініш негізінде салық органының шешімі бойынша жүргізіледі.

5. Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануды ерiктi түрде тоқтату кезiнде салықтық өтiнiш патенттiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн табыс етiледi.

Бұл ретте:

1) патенттiң қолданылу мерзiмiнiң соңғы күнi арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;

2) патенттiң қолданылу мерзiмiнiң аяқталған күнiнен кейiнгi күн жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе салық төлеушi таңдаған өзге де арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күнi болып табылады.

6. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін шарттар туындаған жағдайда, дара кәсіпкер:

1) шарттармен сәйкессіздік туындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде:

арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату туралы салықтық өтінішті;

егер нақты табысы белгіленген табыс мөлшерінен асып түсетін болса, асып түскен сомаға қосымша есеп-қисапты табыс етуге;

2) осындай шарттар туындаған айдан кейінгі айдан бастап осы Кодексте белгіленген тәртіппен жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге де арнаулы салық режиміне ауысуға міндетті.

7. Салық органы салық төлеушiнiң талаптарға сәйкес келмеу фактiсiн анықтаған кезде, осы салық төлеушiнi сәйкессiздiк туындаған айдан кейiнгi айдан бастап жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырады.

Бұл ретте камералдық бақылау барысында осындай сәйкессiздiк фактiсi анықталған жағдайда, салық органдары жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырғанға дейiн салық төлеушiге белгiленген мерзiмдерде және тәртiппен камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық қызметi органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жiбередi.

Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер келесі талаптарға сай болуы керек:

дара кәсіпкердің өзін қоса алғанда, қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде жиырма бec адам болса;

салық кезеңі ішінде шекті табысы 10 000,0 мың теңгені құраса; 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]