Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дайын салык.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
210.59 Кб
Скачать

39. Алымдар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер

  • Бюджетке төленетін міндетті төлемдерге: 1)Алымдар; 2)мемлекеттік баж; 3)консулдық алым; 4) кеден төлемдері жатады. Алымдар- бұл– уәкілетті мемлекеттік органдар ҚР-ның заңнамасына сәйкес белгіленген тіркеу іс-әрекеттерін жасаған кезде, сондай-ақ осындай тіркеу іс-әрекеттерінің жасалғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын берген кезде өздері алатын бір жолғы міндетті төлемдер. Алым ставкалары республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алымдарды төлеу күні қолданыста болған АЕК мөлшері негізге алына отырып есептеледі. Оған: заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым; жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым; радиоэлектрондық құралдары және жоғары жиеліктегі құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым; аукциондардан алынатын алым; телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым; жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы; қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы; жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы; орманды пайдаланғаны үшін төлемақы; ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы; радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы; сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы; қала аралық және халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы жатады. Мемлекеттiк баж – уәкiлетті мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар iс-әрекеттер жасағаны үшiн және құжаттарды бергенi үшiн алынатын мiндеттi төлем. Заңдық мәнi бар iс-әрекеттер жасау және (немесе) құжаттар беру жөнiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға немесе лауазымды адамдарға өтiнiш жасайтын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттiк баж төлеушілер болып табылады. Оларға: сотқа берiлетiн талап арыздар, ерекше талаппен іс жүргізу арыздары, ерекше жүргiзiлетiн iстер бойынша арыздар (шағымдар), нотариаттық іс-әрекеттер, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы, басқа да іс-әрекеттер заңдық мәні бар іс-әрекеттер болып табылады. Консулдық алым – ҚР-ның дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерi консулдық iс-әрекеттер жасағаны және заңдық маңызы бар құжаттарды бергенi үшiн шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан, резидент емес шетелдiк заңды тұлғалардан, ҚР-ның жеке және заңды тұлғаларынан алынатын төлем. Шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және резидент емес шетелдiк заңды тұлғалар,заңнамада көзделген консулдық iс-әрекеттер өздерінің мүдделерi үшiн жасалатын ҚР-ның жеке және заңды тұлғалары консулдық алым төлеушiлер болып табылады. Кедендік төлемдер- ҚР-ның аумағына импортталатын және аумағынан экспортталатын тауарларды кеден аумағынан өткізу кезінде төленетін міндетті төлем.

40 Қр салық жүйесінің құрылу жəне даму кезеңдері

Еліміздің салық жүйесінің дамуын бес кезеңге бөліп қарастыруға болады

1-кезең (1991-1995 жж) жаңа салық жүйесі базисінің, салық кезеңінің өңделуі және іске қосылуы;2-кезең (1995-1998 жж) – нарықтық экономика талаптарына сай салық жүйесінің сай келетін салоық жүйесін құруды аяқтау;3-кезең (1998-2001 жж)- барлық қағидалардың ескерілуі арқлы салық жүйесіне өзгерістер мен толықытыруларды енгізу, салық жүйесін одан әрі жетілдіру.4-кезең (2001-2009жж) – Жаңа Салық Кодексі қабылданып, іске қосылды.5 кезең (2009 – казіргі кезге дейін).Салық заңдылықтарын құрастыруда өзіндік тәжірибесі жоқ Қазақстан өзінің салық саясатында көршілес мемлекеттердің қолданды. 1991 жылдың 24 желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының салық жүйесі туралы заңы Ресей салық заңдылығының көшірмесі болып табылды. Салықтардың шамадан тыс көптігі (43 түрлі салық: 16 жалпы мемлекеттік, 10 жалпыға бірдей жерілікті салықтар мен алымдар, 17 жергілікті салдықтар мен алымдар), салық заңдылығының тұрақсыздығы, түрлі жеңілдіктердің көп болуы, есептеу механизмінің әр қилы болуы (тек бір ғана пайдаға салынатын салық бойынша 9 түрлі ставка және 30 жуық жеңілдік түрлері болған) салық жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне қиындық туғызды және бұлай жұмыс істеу мемелекетке мүлдем тиімсіз болды.Осыдан келіп еліміздің салық жүйесін реформалаудың қажеттігі туындады. Қазақстан Үкіметі 1992 жылдың басында қабылданған «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Заң күші бар Жарлығы табылады. Ол 1995 жылдын бастап іске қосылды, нәтижесінде бұрін қызмет еткен 42 салық түрінің орнына 11 салықтар мен алымдар қызмет ететін болды. Бұл салық заңнамасы бойынша еліміздің салық жүйесі нарықтық қатынастар талабына біршама бейімделіп, халықаралық тәжірибеге мейілдінше жақындатылды.1999 жылы салық жүйесі бес рет күрделі өзгерістерге ұшырады. Оның негізгілері ретінде мыналарды атауға болады:1999 жылдың 1-қыркүйегінде ҚҚС есептеу механизміне көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Оның ішінде: 0-дік ставканың қолдану аясы кеңейтілді, ол текстилді, тігін, былғары аяқ киім өнеркәсбіне, халықаралық тасымалға қолданылды Сөйтіп, өзгерістер енгізілу нәтижесінде 2000 жылы 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында 17 түрлі салықтар мен алымдар қызмет етті.4-ші кезеңде, яғни 2001 жылдың 12 маусымында Жаңа Салық Кодексі қабылданып, 2002 жылы 1-ші қаңтарынан бстап іске қосылды. Салық Кодексіне Қазақстан Республикасында қолданылатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, атап айтқанда 9 салық, 13 алым, 9 төлем, 1 мемелкеттік баж, 4 кедендік алым белгіленген және жаңа Салық Кодексі 2002 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап күшіне енді.5-ші кезең 2009жылдан қазіргі уақытқа дейін біз қолданып отырған, талай рет реформалануға ұшыраған заң.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]