- •1.Салықтардың экономикалық мәні және мазмұны
- •2. Салықтардың сыныпталу ерекшеліктері.
- •3. Салық салу элементтері
- •4. Салық салу қағидалары
- •5 Салық төлеу тəсілдері
- •6) Салық есебінің əдестері
- •7 Салық механизмі ұғымы жəне құрылымы
- •9. Салықтар мен салық жүйесін құру негіздері
- •10. Салық жүйесі жəне салық механизмі
- •11 Салық саясаты жəне оның сыныпталу ерекшеліктері
- •12 Қр салық саясатының ерекшеліктері
- •13. Жер салығы
- •14. Ауыл шаруашылығы жерлеріне жер салығын салу ерекшеліктері
- •15 Өнеркəсіп мақсатындағы жерлерге салық салу ерекшеліктері
- •16 Заңды тұлғалардың мүлкіне салынатын салық
- •17 Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық
- •19. Меншікке салынатын салық бойынша салық жеңілдіктері
- •20. Қосылған құнға салынатын салық
- •21. Салық салынатын айналымды анықтау тəртібі
- •22 Акциздер
- •24. Экспортқа рента салығы
- •26 Төлем көзінен салық салынатын табыс
- •27 Төлем көзінен салық салынбайтын табыс
- •30. Ойын бизнесіне салық
- •31 Тіркелген салық
- •32 Бірыңғай жер салығы
- •34. Жжт және оның құрамы
- •35 Шегерімдер жəне оның қажеттігі
- •36)Үстеме пайда салығы
- •37 Шетелдік тұлғаларға салық салу ерекшеліктері
- •39. Алымдар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
- •40 Қр салық жүйесінің құрылу жəне даму кезеңдері
- •41 Дербес кəсіпкерлерге салық салу тəртібі
- •42 Қр салық қызметінің құрамы мен құрылымы
- •44. Кәсіпкер заңды тұлға/рға салық салу тәртібі
- •45 Ауылшаруашылығындағы заңды тұлғаларға салық
- •47 Қр салық салу қағидалары
- •49. Әлеуметтік саладағы ұйымдарға салық салу.
- •50. Бонустар: ұғымы, төлену тəртібі
- •51. Салық төлеушінің құқықтары мен міндеттері.
- •52. Салық агентінің құқықтары мен міндеттері
- •53.Салық қызметі органдарының басқа мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылы
- •54.Салық қызметі органдарының міндеттері мен құрылымы
- •55.Салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері
- •56.Салық міндеттемесі: ұғымы, тәртібі, мерзімі және тоқтатылуы
- •57. Жылдық жиынтық табысты түзету
- •58.Қызметтік іссапарларкезіндеөтемақыларсомасыныңшегерімі
- •59. Шегерімге жатпайтын шығындар
- •60.Тіркелген активтер бойынша шегерімдер
- •61. Инвестициялық салық преференциялары
- •62.Табыстар мен шегерімдерді түзету
- •65. Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
- •68.Салық төлеушілердің жекелеген санаттарының корпоративтік табыс салығын есептеу және төлеу ерекшеліктері
- •69. Аванстық төлемдер сомасын есептеу
- •70. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік салық салығы: есептеу тәртібі
- •71.Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
- •72.Қр резиденті болып табылатын шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның табыстарына салық салу ерекшеліктері
- •73.Халықаралық салық салудың ерекшеліктері
- •74. Резидент емес жеке тұлғаның табыстарына салық салу тәртібі
- •76. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар
- •77.. Халықаралық тасымалдауға салық салу
- •78. Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар және импорт
- •80. Акцизделетін тауарлардың бүлінуі және жоғалуы.
- •81.Акциз маркаларының,есепке алу-бақылау маркаларының бүлінуі,жоғалуы
- •82.Акцизделетін тауарлардың импортына салық салу
- •83. Импортталатын акцизделетін тауарлардың салық базасы
- •84. Акцизден босатылатын акцизделетін тауарлар импорты
- •85. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді белгілеу тәртібі, төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi
- •86. Мұнайға арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығы
- •88. Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, минералды шикізатқапайдалы қазбаларды өндіру салығы
- •89.Кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдік балшықтарға пайдалы қазбаларды өндіру салығы
- •90.Пайдалы қазбаларды өндіру салығын, шикі мұнай, газ конденсатыбойынша экспортқа рента салығын, роялтиді және қр заттай нысандағы өнiмдiбөлу жөніндегі үлесiн төлеу тәртiбi
- •91.Арнаулы салық режимдерін қолданатын төлеушілердің әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін есептеу, төлеу және табыс ету ерекшеліктері
- •92. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орман қоры мен су қорының жерлеріне салынатын салық ставкалары
- •93. Автотұрақтар, автомобильдерге май құю станциялары үшін, казино орналасқан жер учаскелеріне салынатын салық ставкалары
- •94.Ойын бизнесi салығын төлеушiлердiң қосымша төлемi
- •95. Патент негізіндегі арнаулы салық режимі
- •96. Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі.
- •97. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі.
- •98.Өкілдік шығыстар сомасының шегерімі
- •99. Хеджирлеу операциялары бойынша салық есебінің ерекшеліктері
- •100. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның табыстарына салық салу ерекшелiктерi.
36)Үстеме пайда салығы
Төлеушілер – жер қойнауын пайдалану шартына сәйкес пайдалы қазбалардың түрлерін өндіретін, салық салу режимінің бірінші үлгісі бойынша салық төлейтін жер қойнауын пайдаланушылар.
Салық салу объектісі
Жер қойнауын пайдаланушылардың шегерімдер омасының 25 процентіне тең сомадан асатын салық кезеңіндегі әрбір жекелеген келісімшарт бойынша таза табысының бір бөлігі үстеме табысқа салық салу объектісі болып табылады
Салық базасы
Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңіндегі әрбір жекелеген келісімшарт бойынша таза табысының салық кезеңінің аяғына шегерімдер сомасының 20 пайызынан асатын бөлігі салық базасы болып табылады.
Салық кезеңі. Үстеме пайд салығы үшін 1 қаңтардан бастап31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.
Салық төлеу мерзімі. Үстеме пайда салығы салық төлеушінің орналасқан жері бойынша бюджетке салық кезңінен кейінгі жылдың 15 сәуірінен кешіктірілмей төленеді. Салық декларациясы орналасқан жері бойынша салық кезеңінен кейінгі жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей табыс етеді.
Үстеме пайда салығын жер қойнауын пайдаланушы мынадай тәртіппен айқындалатын ставкалардың өзгермелі шкаласы бойынша төлейді:
1)25 проценттен кем н.се соған тең-ставка белгіленбейі
2) 25 проценттен 30 процентке дейін қоса алғанда 10 пайыз
3) 30 проценттен 40 процент қоса алғанда- 20 пайыз
4) 40-50 процентке дейін қоса алғанда-30 пайыз
5) 50-60процентке дейін қоса алғанда 40 пайыз
6)60-70процентке дейін қоса алғанда-50 пайз
7) 70 проценттен жоғары-60 пайыз
37 Шетелдік тұлғаларға салық салу ерекшеліктері
Шетелдік тұлғаларға салық салу мақсатында олар резидент және резидент емес деп жіктеледі. Резидент тұлғаларға ағымдағы салық жылында 183 және одан да көп уақыт болатын тұлғалар жатады. Резидент емес тұлғаларға 183 күннен аз уақыт қызмет ететін шетелдік тұлғалар жатады. Резидент емес тұлғалар қызмет жасау барысында тұрақты мекеме арқылы және тұрақты мекеме құрмай қызмет ететін резидент тұлғалар болып жіктеледі. Резидент еместің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұрақты қызмет орнына мыналар жатады:
а) қызметті жүзеге асыру мерзімдеріне қарамастан, тауарларды өндірумен, жинақтаумен, өткізумен, жөнелтумен байланысты қызмет жүзеге асырылатын кез-келген орын;
ә) резидент еместің кез-келген басқару орыны, филиалы, бөлімшесі, өкілдігі, дүкені, қоймасы;
б) табиғи ресурстарды өндірумен байланысты кез-келген орын: шахта, кеніш, карьер, мұнай және скважина;
в) кәсіпкерлік қызмет жүзеге асырылатын тағы басқа орындар.
Резидент емес тұлғаның табыстарына тұрақты мекеменің қызметіне байланысты табыстардың барлық түрі жатады. Тұрақты мекеме арқылы жұмыс жасайтын резидент емес тұлға есептелген корпорациялық табыс салығы мен салық салынатын табыстың айырмасынан, яғни таза табыстан 15 пайыздық ставка бойынша салық төлейді. Тұрақты мекеме құрамай жұмыс жасайтын резидент емес тұлғалар Қазақстандық көздерден алған табыстарына шегеріс жасалмай, төлем көзінен салық салынады. Резидент емес тұлғалардың Қазақстандық көздерден алынған табыстарына мыналарды жатқызады:-Қазақстан Республикасында тауарларды өткізуден, жұмыстарды, орын-даудан, қызмет көрсетуден түскен табыстар;- нақты қызмет көрсетуіне қарамастан Қазақстан Республикасында көрсеткен басқару, қаржылық, кеңестік, аудиторлық заңдық, адвокаттық қызметтеріне байланысты алынатын табыстар;- ҚР жеке тәуелсіз қызмет көрсетуден алынған табыстар,- Қазақстан Республикасында орналасқан мүлікті жалға беруден түскен табысы;-резиденттер шығарған бағалы қағаздарды, кез-келген түрдегі қарыздық міндеттемені өткізу кезіндегі құн өсіміннен түскен табыстары және тағы басқа табыстар.Резидент еместердің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемеге байланысты емес көздерден алатын табыстарының төлем көзіне мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиіс: дивидендтер, қатысу үлесінен түскен табыстар және сыйақылар, роялти,тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтан-дыру сыйақылары-15%;халықаралық тасымалдарда көлік қызметтерін көрсетуден түскен табыстар,тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйақылары-5%төлейді.
38.Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу.
Акционерлік қоғамдарды, мекемелерді және пәтерлер (үй-жайлар) иелері кооперативтерінен басқа тұтыну кооперативтерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында коммерциялық емес ұйым үшін белгіленген нысанда тіркелген ұйым қызметін қоғамдық мүддені көздеп жүзеге асыратын және мынадай талаптарға сай келетін:
1) осындай қызметіне орай табыс алу мақсаты жоқ;
2) алынған таза табысты немесе мүлікті қатысушылар арасында бөлмейтін ұйым коммерциялық емес ұйым деп танылады.
Коммерциялық емес ұйымның мемлекеттік әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша, депозиттер бойынша сыйақы, грант, кіру жарналары және мүшелiк жарналар, кондоминиумға қатысушылардың жарналары, қайырымдылық және демеушiлiк көмек, өтеусiз алынған мүлiк, өтеусiз негiздегi аударымдар мен қайырмалдық түріндегі табысы салық салуға жатпайды.
Осы тармақтың мақсаты үшiн:
ортақ мүлiктi күтiп-ұстау және пайдалану бойынша ортақ шығыстарды жабуға бағытталған үй-жайлар (пәтерлер) меншiк иелерiнiң мiндеттi төлемдерi;
тұтастай үйдi қажеттi пайдалануға мiндеттi және қамтамасыз ету қатарына жатпайтын, үй-жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерiне олардың келісімiмен жүктелген қосымша шығыстарды жабуға бағытталған үй-жайлар (пәтерлер) меншiк иелерiнiң төлемдерi;
үй-жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерi мiндеттi төлемдер мерзiмiн өткiзiп алған кезде ортақ шығыстар шотына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде есептелген өсiмпұл кондоминиумға қатысушылардың жарналары болып танылады.
Кондоминиумға қатысушылар жарналарының мөлшерi және оларды енгізу тәртібі Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен үй-жайлар (пәтерлер) меншiк иелерiнiң кооперативi мүшелерiнiң жалпы жиналысында бекітіледi.
Осы баптың 1-тармағында аталған шарттар сақталмаған жағдайда, коммерциялық емес ұйымның табыстары жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жатады.Жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстарды алған кезде коммерциялық емес ұйым шығыстарының шегерімдерге жатқызылатын сомасы салық төлеушінің таңдауы бойынша барабар немесе бөлек әдіс бойынша айқындалады.Шығыстардың жалпы сомасындағы шегерімге жатқызылатын шығыстар сомасы барабар әдісі бойынша коммерциялық емес ұйым табыстарының жалпы сомасында айқындалады.Салық төлеуші бөлек әдіс бойынша осы баптың 2-тармағында көрсетілген табыстарға жатқызылатын шығыстар және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстарға жатқызылатын шығыстар бойынша бөлек есеп жүргізеді.
