Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дайын салык.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
210.59 Кб
Скачать

32 Бірыңғай жер салығы

1. Егістік бойынша бірыңғай жер салығын есептеу жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнына жер учаскелерінің жиынтық ауданын негізге ала отырып, мынадай ставкаларды қолдану жолымен жүргізіледі:

 

Рет №

Жер учаскелерінің алаңы (гектар)

Салық ставкасы

1

2

3

1.

500-ге дейін

0,1

2.

501-ден 1000-ға дейін қоса алғанда

500 гектардан бағалау құнының 0,1  500 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,2

3.

1000-нан 1500-ге дейін қоса алғанда

1000 гектардан бағалау құнының 0,2  1000 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,3

4.

1501-ден 3000-ға дейін қоса алғанда

1500 гектардан бағалау құнының 0,3  1500 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,4

5.

3000-нан жоғары

3000 гектардан бағалау құнының 0,4  3000 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,5

 

Жайлаулар, табиғи шабындықтар және арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын басқа да жер учаскелері бойынша бірыңғай жер салығын есептеу жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнының 0,1% ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі.

2. Шаруа немесе фермер қожалықтары жер пайдалану құқығындағы бірыңғай жер салығын жер учаскесін пайдаланудың нақты кезеңі үшін есептейді.Жер учаскесін пайдаланудың нақты кезеңі үшін жер учаскесін бағалаудың құны жер учаскесін бағалаудың құнын он екіге бөлу және жер учаскесін пайдаланудың нақты кезеңі айларының санына көбейту арқылы айқындалады.Шаруа немесе фермер қожалықтары жер учаскесін басқа шаруа немесе фермер қожалығына жалға берген кезде тараптардың әрқайсысы бірыңғай жер салығын жер учаскесін пайдаланудың нақты кезеңі үшін есептейді.Жалға алушының бірыңғай жер салығын есептеуі жер учаскесін жалға алған айдан кейінгі айдан бастап жүргізіледі.

33.АСР қолдану ерекшеліктері

Арнаулы салық режимдері мынадай түрлерге бөлінеді: 1) патент негізінде арнаулы салық режимін; оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қамтитын шағын бизнес субъектiлерi үшін арнаулы салық режимі; 2) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық            режимі; 3) ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар  және селолық тұтыну коопертивтері  үшін арнаулы салық режимі. Салық төлеуші осы бөлімде белгіленген жағдайларда және тәртіппен  жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе арнаулы салық режимін таңдауға құқылы. Патент – төлем көздерінен ұсталатын жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықты қоспағанда,  жеке  табыс салығы  бойынша бюджетпен есеп айырысу фактісін растайтын құжат. Шағын бизнес субъектiлерi салықтарды есептеу мен төлеудiң, сондай-ақ олар бойынша салық есептiлiгiн табыс етудің төменде санамаланған тәртiптерiнің бiреуiн ғана дербес таңдауға құқылы:  1) жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп;  2) патент негiзiндегi арнаулы салық режимi;  3) оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi.  Жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауысқан кезде жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп  күнтізбелік екі жыл қолданылғаннан кейiн ғана арнаулы салық режимiне қайта ауысуға болады. Арнаулы салық режимiн мына заңды тұлғалардың қолдануға құқығы жоқ.: 1) филиалдары, өкiлдiктерi бар заңды тұлғалардың; 2) заңды тұлғалар филиалдарының, өкiлдiктерінің; 3) әртүрлi елдi мекендерде өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi және (немесе) салық салу объектілері бар салық төлеушiлердің; басқа  заңды тұлғалардың қатысу үлесі  25 проценттен асатын   заңды тұлғалардың; құрылтайшысы арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның бір мезгілде құрылтайшысы болып табылатын заңды тұлғалар Арнаулы салық режимдері мынадай қызмет түрлеріне қолданылмайды: 1) акцизделетiн өнiмдi өндiруге; 2) консультациялық, қаржылық, бухгалтерлiк қызметтерге; 3) мұнай өнiмдерiн өткiзуге; 4) шыны ыдыстарды жинауға және қабылдауға; 5) жер қойнауын пайдалануға қолданылмайды. Патент негiзiндегi арнаулы салық режимiн мынадай талаптарға сай келетiн дара кәсiпкерлер қолданады: 1) қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланбайтын; 2) жеке кәсiпкерлiк нысанындағы қызметтi жүзеге асыратын; 3) салық кезеңіндегі табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 200 еселенген мөлшерінен аспайтын дара кәсіпкерлер.

Күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.  Патент кемінде бір ай және он екі айдан аспайтын мерзімге беріледі. Дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы  куәлiк  көрсетiлмейінше, патент жарамсыз болады.Патент құнын есептеу салық салу объектісіне 2 процент мөлшеріндегі ставканы қолдану жолымен жүргізіледі. Патент құны: 1)  патент құнының 1/2 бөлiгi мөлшерiнде - жеке табыс салығы; 2) «Мiндеттi әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтiк аударымдарды алып тастағаннан кейiнгi патент құнының 1/2 бөлiгi мөлшерiнде әлеуметтiк салық түрінде бюджетке төленуге жатады.  Әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтiк салық сомасы нөлге тең болады.

Мынадай шарттарға сай келетiн шағын бизнес субъектiлерi оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимiн қолданады:  1) дара кәсіпкерлер үшiн:  қызметк 25 адам табысы 10 млн 2) заңды тұлғалар үшiн:  қызметкерлердiң шектi орташа тiзiмдiк саны 50 табысы 25млн  Салық кезеңi күнтізбелік тоқсан болып табылады. 1. оң декл негізінде есептеуді салық төлеуші салық салу объектiсiне есептi салық кезеңiнде 3% ставканы қолдану арқылы дербес жүргiзедi. 2. Қызм-ң орташа айлық жалақысы ең төмен жалақының, дара кәсiпкерлерде кемiнде 2 еселенген, заңды тұлғаларда кемiнде 2,5 еселенген мөлшерін құраса, арбир қызметкер үшiн салық сомасының 1,5 процентi мөлшерiндегi сомаға азайтылу жағына қарай түзетiлуге жатады. Оңайлатылған декларация салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей табыс етіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]