Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дайын салык.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
210.59 Кб
Скачать

26 Төлем көзінен салық салынатын табыс

Төлем көзінен салық салынатын табыстарға табыстардың мынадай түрлері жатады: 1)қызметкердің табысы; 2) жеке тұлғаның салық агентінен түсетін табыстары; 2) жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетн зейнетақы төлемдері; 4) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс; 5) стипендиялар; 6) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс.

1)Қызметкердің табысы-қызметкердің жұмыс беруші есептген салық шегерімдері сомасына азайтылған табыстары. Жұмыс беруші материалдық, әлеуметтік игіліктер немесе өзге де материалдық пайда түрінде берілген табыстарды қоса алғанда, жұмыс беруші төлейтін ақшалай немесе заттай нысандағы кез келген табыстар қызметкердің табыстарына жатады.

2)Жеке тұлғаның салық агентінен алатын табысы- жеке тұлғаның салық агентінен алған, төлем көзінен салық салынатын табысы түзетулер ескеріле отырып жеке тұлғаның салық агентінен алған, салық салуға жататын табысы ретінде айқындалады. Мыналар жеке тұлғаның салық агентінен алатын табысы болып табылады: жеке тұлғаның ҚР заңнамасына сәйкес салық агентімен жасасқан азаматтық -құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыстар; жеке тұлғаларға төлемдер. Ал мыналар салық салатын жататын табысқа жатқызылмайды: төлем көзінен салық салынбайтын табыстар; жеке тұлғаларға олардан жеке мүлкін сатып алғаны үшін төлемдер.

3)жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетн зейнетақы төлемдері-салық төлеушілердің зейнетақы жинақтарынан жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын, табыс есептеудің тиісті айына ҚРның заң актісімен белгіленген айлық есептік көрсеткіш сомасына азайтылған төлемдер жатады; 4)дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс-жеке табыс салығының сомасы төлем көзінен салық салынатын дивидендтер, сыйақылар мен ұтыстар түріндегі есебіне жазылған табыс сомасына 10 пайыздық және 5 пайыздық ставкаларды қолдану жолымен есептеледі. Сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлкпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындайтыз өзге де жағдайларда пайда алушының сенімгерлкпен басқарудан түсетін заңды тұлғадан алған таза табысы жа дивидендтерге жатады. 5)Стипендиялар- білім беру ұйымдарында оқып жүргендерге төлеуге арналған ақша сомасы, сондай ақ мәдениет, ғылым қайраткерлеріне, бұқаралық ақпарат құралдары қыметкерлеріне және басқа жеке тұлғаларға төлеуге арналған ақша сомасы төлем көзінен салық салынатын стипендия б.т. 6) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысқа сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақ.у төлемдері сомасының сақ.у сыйақыларының сомасынан асып кеткен сомасы жатады.

27 Төлем көзінен салық салынбайтын табыс

Жеке табыс салығы мемлекеттік бюджеттің кірістерінің басты көздерінің бірі және де басқа салықтарға қарағанда халықтың өміріне тікелей әсер ететін салықтың бір түрі болып табылады.Жеке табыс салығын салу объектілері мыналар: төлем көзінен салық салынатын табыстар; төлем көзінен салық салынбайтын табыстар.

Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынбайтын табыстарына табыстың мынадай түрлері жатады:

1.мүліктік табыс, оған:а) бағалы қағаздары, сондай-ақ заңды тұлғадағы қатысу үлесі; б) қымбат бағалы тастар мен қымбат бағалы металдарды, олардан жасалған зергерлік бұйымдарды және құрамында қымбат бағалы тастар, орындалған жұмыстар мен басқа да операциялары үшін ақшалай немесе заттай нысанда алынған табыстардың барлық түрлері кіреді.

2) Адвокаттар мен жеке нотариустардың заңдық көмек, нотариалдық іс-әрекеттер ақысын қоса алғанда, адвокаттық және нотариалдық қызметті жүзеге асырудан түскен табыстарының барлық түрлері, сондай-ақ қорғау мен өкілдікке байланысты шығыстардың орнын толтырудан алынған табысы. 3) Басқа да табыстар – Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден алынған табыстар.Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде төленген жеке табыс Қазақстан Республикасында салық салу кезінде есепке жатқызылады.

Жеке тұлғалардың салықтан толық немесе ішінара босатылатын табыстары:

- балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер;

- борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар;

- республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мұндай ұтыс-тарды есептеу күні қолданыста болатын ең төменгі жалақының 50.

-І, ІІ, ІІІ топтардағы мүгедектердің;мүгедек баланың; «мүгедек балаң деген санаты бар адам он сегіз жасқа толғанға дейін – мұндай адамның ата-анасының бірінің; «бала кезінен мүгедекң деген себеппен мүгедек деп танылған адамның өмір бойына – оның ата-анасының бірінің республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының басында қолданыста болатын ең төменгі жалақының 55 еселенген мөлшері шегінде бір жылдағы табыстары;- банк пен клиент арасында жасалған шартта белгіленген пайызсыз кезең ішінде төлем карточкасын ұстаушыға банктік қарыз берілген кезде алынған, сыйақыны үнемдеуден түсетін материалдық пайда;

28.Әлеуметтік салық.

Төлеушілер: дара кәсіпкерлер; жекеше нотариустар, жекеше сот орындаушылары, адвокаттар; ҚР резидент заңды тұлғалары; ҚР қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын рез емес з.т., филиал не өкілдік арқылы қызметін жүзеге асыратын рез емес з.т.

Салық салу объектілері: дара кәсіпкерлер; жекеше нотариустар, жекеше сот орындаушылары, адвокаттар үшін өздерін қоса алғандағы қызметкерлер саны; ал қалған төлеушілер үшін табыстар түрінде рез емес қызметкерлерге төлейтін шығыстары, сонымен қатар шетел персоналының табыстары.

Гранттар қаражаты есебінен жасалатын төлемдер; Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Yкіметі тағайындайтын мемлекеттік сыйлықтар, стипендиялар; спорт жарыстарында, байқауларда, конкурстарда жүлделі орындар үшін берілетін ақшалай наградалар; жұмыс берушінің қызметкерлерге пайдаланылмаған ақысы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы үшін төлейтін өтемақы төлемдері; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына қызметкерлердің міндетті зейнетақы жарналары салық салу объектісі болып табылмайды.

Әлеуметтік салық 11 проценттік ставка бойынша есептеледі. Арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар өзі үшін Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және төленетiн күнi қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінде және әрбір қызметкер үшін айлық есептік көрсеткіштің бір еселенген мөлшерінде әлеуметтік салықты есептейді.

Тірек-қимыл мүшесі бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабілетінен айрылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдар 4,5 процент ставка бойынша әлеуметтік салықты есептейді.

Салық кезеңі – күнтізбелік ай. Төлеушiлер жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей тоқсан сайын табыс етеді. Әлеуметтік салықты төлеу салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық кезеңiнен кейінгі айдың 25-нен кешіктірілмей жүргізіледі.

Мемлекеттік мекемелер салық кезеңіне есептеген әлеуметтiк салық сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша қабiлетсiздiгi бойынша төленген әлеуметтiк жәрдемақы сомасына азайтылады

29. Жер қойнауын пайдаланушылардың салығы мен арнайы төлемдері. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары: 1) жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерін: а) қол қойылатын бонусты; ә) коммерциялық табу бонусын; б) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдерді; 2) пайдалы қазбаларды өндіру салығын; 3) үстеме пайда салығын қамтиды. Қол қойылатын бонус жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт жасалатын аумақта жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығы үшін біржолғы тіркелген төлемі болып табылады. Қол қойылатын бонустың түпкілікті мөлшері пайдалануға берілетін кен орындарының экономикалық құндылығын ескере отырып, келісімшартта белгіленеді, бірақ бонус мөлшері бастапқы мөлшерден кем болмауы керек. Коммерциялық табу бонусы келісімшарт аумағы шегінде ашылған, өндіру үшін экономикалық жағынан тиімді пайдалы қазбалардың белгілі бір түрінің запастарына тағайындалады. Коммерциялық табу бонусының мөлшерін салық салу объектісі, есептеу базасы мен ставкасы негізге ала отырып белгілейді. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасалғанға дейін келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен жиынтық шығындарды өтеу бойынша жер қойнауын пайдаланушының тіркелген төлемдері тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем болып табылады. Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығын Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін минералды шикізат, мұнай, жерасты сулары мен емдік балшықтың әрбір түрі бойынша жеке төлейді. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыру барысында пайдалы қазба- ларды өндіру салығын төлеудің ақшалай нысаны Қазақстан Республикасы Yкіметінің шешімі бойынша уәкілетті мем-лекеттік орган мен жер қойнауын пайдаланушының арасында жасалатын қосымша келісімде белгіленген тәртіппен заттай нысанға ауыстырылуы мүмкін. Жер қойнауын пайдалану шартына сәйкес пайдалы қазбалардың түрлерін өндіретін, салық салу режимінің бірінші үлгісі бойынша салық төлейтін жер қойнауын пайдаланушылар үстеме пайда салығын төлеушілер болып табылады. Жер қойнауын пайдаланушының жинақталған табыстардың жинақталған шығыстарға қатынасы 1,2-ден жоғары болған салық кезеңіндегі әрбір жекелеген келісімшарт бойынша таза табысының бір бөлігі үстеме табысқа салық салу объектісі болып табылады. Үстеме пайдаға салынатын салық, салық кезеңінің аяғында қол жеткен ішкі пайда нормасының деңгейі негізге алына отырып, Салық Кодексінде белгіленген ставкалар бойынша есептелінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]