- •1.Салықтардың экономикалық мәні және мазмұны
- •2. Салықтардың сыныпталу ерекшеліктері.
- •3. Салық салу элементтері
- •4. Салық салу қағидалары
- •5 Салық төлеу тəсілдері
- •6) Салық есебінің əдестері
- •7 Салық механизмі ұғымы жəне құрылымы
- •9. Салықтар мен салық жүйесін құру негіздері
- •10. Салық жүйесі жəне салық механизмі
- •11 Салық саясаты жəне оның сыныпталу ерекшеліктері
- •12 Қр салық саясатының ерекшеліктері
- •13. Жер салығы
- •14. Ауыл шаруашылығы жерлеріне жер салығын салу ерекшеліктері
- •15 Өнеркəсіп мақсатындағы жерлерге салық салу ерекшеліктері
- •16 Заңды тұлғалардың мүлкіне салынатын салық
- •17 Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық
- •19. Меншікке салынатын салық бойынша салық жеңілдіктері
- •20. Қосылған құнға салынатын салық
- •21. Салық салынатын айналымды анықтау тəртібі
- •22 Акциздер
- •24. Экспортқа рента салығы
- •26 Төлем көзінен салық салынатын табыс
- •27 Төлем көзінен салық салынбайтын табыс
- •30. Ойын бизнесіне салық
- •31 Тіркелген салық
- •32 Бірыңғай жер салығы
- •34. Жжт және оның құрамы
- •35 Шегерімдер жəне оның қажеттігі
- •36)Үстеме пайда салығы
- •37 Шетелдік тұлғаларға салық салу ерекшеліктері
- •39. Алымдар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
- •40 Қр салық жүйесінің құрылу жəне даму кезеңдері
- •41 Дербес кəсіпкерлерге салық салу тəртібі
- •42 Қр салық қызметінің құрамы мен құрылымы
- •44. Кәсіпкер заңды тұлға/рға салық салу тәртібі
- •45 Ауылшаруашылығындағы заңды тұлғаларға салық
- •47 Қр салық салу қағидалары
- •49. Әлеуметтік саладағы ұйымдарға салық салу.
- •50. Бонустар: ұғымы, төлену тəртібі
- •51. Салық төлеушінің құқықтары мен міндеттері.
- •52. Салық агентінің құқықтары мен міндеттері
- •53.Салық қызметі органдарының басқа мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылы
- •54.Салық қызметі органдарының міндеттері мен құрылымы
- •55.Салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері
- •56.Салық міндеттемесі: ұғымы, тәртібі, мерзімі және тоқтатылуы
- •57. Жылдық жиынтық табысты түзету
- •58.Қызметтік іссапарларкезіндеөтемақыларсомасыныңшегерімі
- •59. Шегерімге жатпайтын шығындар
- •60.Тіркелген активтер бойынша шегерімдер
- •61. Инвестициялық салық преференциялары
- •62.Табыстар мен шегерімдерді түзету
- •65. Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
- •68.Салық төлеушілердің жекелеген санаттарының корпоративтік табыс салығын есептеу және төлеу ерекшеліктері
- •69. Аванстық төлемдер сомасын есептеу
- •70. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік салық салығы: есептеу тәртібі
- •71.Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
- •72.Қр резиденті болып табылатын шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның табыстарына салық салу ерекшеліктері
- •73.Халықаралық салық салудың ерекшеліктері
- •74. Резидент емес жеке тұлғаның табыстарына салық салу тәртібі
- •76. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар
- •77.. Халықаралық тасымалдауға салық салу
- •78. Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар және импорт
- •80. Акцизделетін тауарлардың бүлінуі және жоғалуы.
- •81.Акциз маркаларының,есепке алу-бақылау маркаларының бүлінуі,жоғалуы
- •82.Акцизделетін тауарлардың импортына салық салу
- •83. Импортталатын акцизделетін тауарлардың салық базасы
- •84. Акцизден босатылатын акцизделетін тауарлар импорты
- •85. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді белгілеу тәртібі, төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi
- •86. Мұнайға арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығы
- •88. Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, минералды шикізатқапайдалы қазбаларды өндіру салығы
- •89.Кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдік балшықтарға пайдалы қазбаларды өндіру салығы
- •90.Пайдалы қазбаларды өндіру салығын, шикі мұнай, газ конденсатыбойынша экспортқа рента салығын, роялтиді және қр заттай нысандағы өнiмдiбөлу жөніндегі үлесiн төлеу тәртiбi
- •91.Арнаулы салық режимдерін қолданатын төлеушілердің әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін есептеу, төлеу және табыс ету ерекшеліктері
- •92. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орман қоры мен су қорының жерлеріне салынатын салық ставкалары
- •93. Автотұрақтар, автомобильдерге май құю станциялары үшін, казино орналасқан жер учаскелеріне салынатын салық ставкалары
- •94.Ойын бизнесi салығын төлеушiлердiң қосымша төлемi
- •95. Патент негізіндегі арнаулы салық режимі
- •96. Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі.
- •97. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі.
- •98.Өкілдік шығыстар сомасының шегерімі
- •99. Хеджирлеу операциялары бойынша салық есебінің ерекшеліктері
- •100. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның табыстарына салық салу ерекшелiктерi.
20. Қосылған құнға салынатын салық
-дара кәсiпкерлер; -мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, резидент – заңды тұлғалар; -қызметiн Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместер; -сенімгерлікпен басқару құрылтайшыларымен не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушылармен сенімгерлікпен басқару шарттары бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымды жүзеге асыратын сенімгерлікпен басқарушылар;-Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттаушы тұлғалар қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылады.Салық салу объектілері мыналар:1) салық салынатын айналым; 2) салық салынатын импорт қосылған құн салығы салынатын объектілер болып табылады.Тауарларды өткізу бойынша айналым: 1) тауарға меншік құқығын беруді, оның ішінде:тауарды сатуды;кәсіпорынды тұтастай мүліктік кешен ретінде сатуды;тауарды тиеп-жөнелтуді, оның ішінде басқа тауарларға, жұмыстарға, қызмет көрсетулерге айырбастауды;тауарды өтеусіз беруді; жұмыс берушінің тауарды қызметкерге жалақы есебінен беруін; кепіл берушінің кепілге берілген мүлікті (тауарды) борыштың төленбеуі жағдайында беруін;1-1) тауар экспортын;2) тауарды бөліп-бөліп төлеу шартымен тиеп-жөнелтуді;3) мүлікті қаржы лизингіне беруді; 4) тауарды комиссия шарты бойынша тиеп-жөнелтуді білдіреді. 2. Жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым жұмыстарды кез келген оның ішінде өтеусіз орындауды немесе қызмет көрсетулерді, сондай-ақ тауарды өткізуден ерекшеленетін, сыйақы үшін кез келген қызметті, оның ішінде: 1) мүліктік жалдау шарттары бойынша мүлікті уақытша иелікке және пайдалануға беруді; 2) зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар беруді; 3) жұмыс берушінің қызметкерге жалақы есебінен жұмыстарды орындауын, қызмет көрсетулерін; 4) аванстарды және айыппұл санкцияларын қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізуге байланысты талап ету құқықтарын беруді,5) кредит (қарыз, микрокредит) беруді білдіреді.Экспортқа тауарлар өткiзу бойынша айналымға нөлдiк ставка бойынша салық салынады.Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын Кеден одағының кеден аумағынан тауарлар әкету тауарлар экспорты болып табылады.Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес декларациялануға жататын, Кеден одағының аумағына әкелiнетiн немесе әкелiнген тауарлар салық салынатын импорт болып табылады.Салық салынатын импорт мөлшерiне Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын импортталатын тауарлардың кедендiк құны, сондай-ақ, импортқа қосылған құн салығын қоспағанда, Қазақстан Республикасына тауарлар импорты кезiндегi салық және бюджетке төленетiн кеден төлемдерінің сомалары кіреді
21. Салық салынатын айналымды анықтау тəртібі
1.Қосылған құн салығы есепке жатқызылған тауарлар қалдықтары тұлғаны қосымша құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде салық салынатын айналым болып табылады.Салық салынатын айналым мөлшері, мәміле жасасқан тараптары қолданатын бағалар мен тарифтерді негізге ала отырып, оларға қосылған құн салығын енгізбей, өткізілетін тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер құны негізінде айқындалады.
2. Тауарлар өтеусіз берілген кезде, салық салынатын айналым мөлшері, оларға қосылған құн салығы енгізілмей, өткізу бойынша айналым жасау күні қалыптасқан бағалар деңгейі негізінде айқындалады, бірақ олардың баланстық құнынан кем болмауға тиіс.3. Аванстар мен айыппұл санкцияларынан басқа, қосылған құн салығы салынатын өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша талап ету құқығын беру кезінде, беру жүргізілу бойынша талап ету құқығының құны мен салық төлеушінің алғашқы құжатына сәйкес талап ету құқығын беру күніне борышкерден алынуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.4. Кепіл берушіге кепілге салынған мүлікті (тауарды) берген кезде кепіл берушідегі салық салынатын айналым мөлшері өткізілетін кепілдіктегі мүлік (тауар) құны негізінде, бірақ осы мүлікті (тауарды) кепілге беруден алынған заем қаражаты сомасынан төмен емес болып, оған қосылған құн салығы енгізілмей, айқындалады. 5. Тауарды бөліп-бөліп төлеу шарттарымен өткізген кезде салық салынатын айналым мөлшері, шарт талаптарында көзделген барлық тиесілі төлемдер ескеріле отырып, айқындалады.6. Ушінші тұлғалар үшін төлеуге байланысты қызмет көрсетулер кезінде салық салынатын айналымның мөлшеріне комиссиялық сыйақы қосылады. 7. салық салынатын айналым мөлшерiне акцизделетiн тауарлар бойынша акциз сомалары енгiзiледi.
8. Тауарларды сатып алу күні қолданыстағы Қазақстан Республикасының салық салық заңнамасына сәйкес олар бойынша сатып алу кезінде жазып берілген шот-фактураларда көрсетілген қосылған құн салығы есепке жатқызылмайтын тауарларды өткізу кезінде салық салынатын айналым мөлшері тауардың өткізілу құны мен баланстық құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
9. Қосылған құн салығынсыз сатып алынған жер учаскесін иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын берген кезде өткізу бойынша айналым жер учаскелерін өткізу кезіндегі құнның өсімі ретінде айқындалады.
10. Лизинг алушының негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер ретінде алуына жататын мүлікті, қайтарымды лизинг шарты бойынша беруді қоспағанда, қаржы лизингіне беру кезінде салық салынатын айналым мөлшері:
1) қаржы лизингінің шартына сәйкес белгіленген лизингтік төлем мөлшері негізінде, оған сыйақы мен қосылған құн салығы сомаларын енгізбестен, айналым жасау күніне;
2) барлық мерзімдік лизингтік төлемдер сомасының негізінде, алу мерзімі басталатын күн қаржы лизингінің шартына сәйкес мүлікті лизинг алушыға берген күнге дейін белгіленген сыйақы мен қосылған құн салығы сомаларын енгізбестен, айналым жасау күніне;
12. Көлік экспедициясының шарты бойынша қызмет көрсету кезінде экспедитордағы салық салынатын айналым мөлшері оның сыйақысы негізінде айқындалады.
Салық салынатын айналым мөлшерін түзету
1. Өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны қандай да бір өзгеріске түскен жағдайда, салық салынатын айналым мөлшері тиісті түрде түзетіледі.
2. Салық төлеушінің салық салынатын айналым мөлшерін түзету:
1) бұрын экспорт режимiнде әкетiлген тауарды керi импорт режимiнде әкелудi қоспағанда, тауар толық немесе iшiнара қайтарылған;
2) мәміленің шарттары өзгерген;
3) өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшін бағалар, өтемақылар өзгерген;
4) бағаны түсірген, сату бағасын түсірген;
5) өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшін теңгемен төлеу кезінде құнының айырмасын алған;
6) айналымға енгізілген ыдыстарды қайтарған жағдайларда жүргізіледі.
3. салық салынатын айналымның мөлшерін түзету бір мезгілде мынадай шарттар сақталған:
1) түзету жүргізу үшін негіз болып табылатын құжаттар болған;
2) салық салынатын айналым және қосылған құн салығы бойынша теріс (оң) мәні бар қосымша шот-фактура болған кезде жүргізіледі.
Салық салынатын айналым мөлшерін азайту жағына қарай түзету осындай тауарларды өткізу, осындай жұмыстарды атқару, осындай қызметтерді көрсету бойынша бұрын көрсетілген айналым мөлшерінен аспауға тиіс.Күмәнді талаптар бойынша салық салынатын айналым мөлшерін түзету
1. Егер өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшін талаптың бір бөлігі немесе бүкіл мөлшері күмәнді талап болып табылса, қосылған құн салығын төлеушінің мынадай жағдайларда:
1) күмәнді талаптың туындауына байланысты қосылған құн салығы ескерілген салық кезеңінің басынан бастап үш жыл өткен соң;
2) банкрот деп танылған дебиторды Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелімінен шығару туралы әділет органдарының шешімі шығарылған салық кезеңінде қосылған құн салығының сомасын осындай талаптар бойынша азайтуға құқығы бар.
