Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әдебиеттегі образ тудырушы факторлар қандай бол...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
28.01.2020
Размер:
54.46 Кб
Скачать
  1. Образ түрлерін анықтау қаншалықты дәрежеде шартты. Бір образдың бойынан түрлі қырлар көрінуі мүмкін бе? Нақты бір шығарма негізінде салыстырыңыз.

  2. Әдебиеттегі айшықтаудың (фигура) түрлері, мысал келтіріңіз.

Айшықтау түрлері:

  1. Арнау :

  • Жарлай арнау –көпшілікке сөйлеу. Мысалы: Кел, балалар, оқылық!

  • Зарлай арнау – зар, мұң, қайғы міндетті түрде болады.

  • Сұрай арнау – соңында міндетті түрде сұрақ белгісі болады.

  • Риторикалық – сұрақ қоя тұрып, сұрақтың жауабын өзі айтып тұрады. Мысалы:

Орайда борай қар жауса

Қаптама киген тоңар ма?

  1. Қайталау:

  • Жай – өлеңдегі бір сөздің бірнеше рет қайталануы.

  • Еспе – бір сөздің өлеңнің басында да, ортасында да, соңында да орын талғамай кездесуі.

  • Әдепкі(анафора) – бір сөздің өлеңнің тек басында қайталанып келуі.

  • Кезекті(эпифора) – бір сөздің өлеңнің тек соңында келуі.

  1. Шендестіру (Антитеза) - мүлде қарама-қарсы ұғымдарды, жағдайларды, образдарды салыстыра не қарама-қарсы қоя отырып, ой мен сезімді әсерлі жеткізуге ұмтылатын стильдік, эстетикалық бейнелеу құралын көркемдік әдісінің бірі.

Қара жерге қар жауар

Қарды көр де етім көр

Қар үстіне қан тамар

Қанды көр де бетім көр

Қар аппақ, бүркіт қара, түлкі қызыл

Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға

(Абай )

  1. Дамыту (Градация) – алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы оқиадан соңғы оқиғаны дамыту.

Қиқу салып құзға ұшқан

Құздан суық мұзға ұшқан

Мұздан биік бұлтқа ұшқан

Бұлттан ьиік көкке ұшқан

  1. Инверсия - сөздердің әдеттегі грамматикалық түзілу тәртібінен тыс, орындарын ауыстырып өзгеше тіркестер құратын фигураның бір түрі. Мысалы:

Сен құрметте оны.

Түсіндің бе, қарағым.

Ол ақшаға сатқан жоқ,

Тізеден кесіп аяғын

(Ә.Сәрсенбаев)

  1. Эллипсис - сөйлемнің бір мүшесін алып тастау арқылы құрылған сөз үлгісі. Элипсис сөйлемнің, ойдың ықшамдылығын, әсерлілігін, өткірлігін арттырады.

  1. Орта көлемді эпикалық тек түрлеріне сипаттама жасаңыз.

Орта көлемді эпикалық түрдің үлгісі - повесть пен поэма. Повесте шағын эпостағыдай бір емес, бірнеше оқиға, адам өмірінің бір немесе бірер эпизоды ғана емес, бір алуан кезеңді құбылыстары кеңірек, біраз дамытыла суреттеледі. Сондықтан әңгімеге қарағанда, повестің көлемі де үлкен, сюжеті де күрделі, оқиғларға қатысатын қаһармандар да біреу емес, бірнешеу. Орта көлемді эпикалық түрдің повестен басқа тағы бір түрі – поэма - өлеңді повесть, өмірде болған не болуға тиіс күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды, алуан-алуан адамдар тағдры мен заман шындығын көлемді, желлі, эпикалық не лирикалық сипаттағы өлеңмен суреттеу.

  1. «Әдебиет танытқыш» бойынша троп түрлерінің «Сөз өнеріндегі» троп түрлерінен айырмашылығы мен ұқсастығын талдаңыз.

  2. Өлең өлшемі. Ұйқас түрлері.

Өлең өлшемі – біркелкі ырғақ сақтау үшін қолданылатын өрнек. Өлең өлшемінің негізгі атаулары ежелгі грек поэзиясынан келген, көне грек, рим әдебиетінде бұл өлшемдер ұзын буын мен қысқа буынның кезектесуі арқылы жасалған. Араб, парсы, қазақ поэзиясындағы өлең өлшемі буын санын тұрақты мөлшерде сақтау арқылы жасалады. Мысалы, қазақ жыр үлгісінің тармақтары көбіне 7 не 8 буынды болып келеді, сондай-ақ 6 буынды өлең өлшемі қолданылады. Ең көп тараған өлшемнің бірі 11 буынды. Тармақта буын саны төрттен асса, ол ырғақтың құрылысы жағынан бірнеше бунаққа бөлінеді. Мысалы, алты буынды тармақта екі бунақ болады (3 буын + 3 буын). Өлең өлшемі сөздердің тек сыртқы өрнегі ғана емес, ол ойдың өрістеуі, сөздердің мағыналық өзара байланысына, қиюласуына орайлас келеді. Өлең ұйқасы – тармақтың соңындағы бірнеше буынның келесі тармақтарға сәйкес буындармен үйлесуі. Ұйқас өлеңдегі әр тармақтың жігін айқындап, өлең сөздің ырғағын күшейтуге себін тигізеді, әуезділігін арттырады. Ұйқас түрлерін ажыратқанда, алдымен, оның сапасы, яғни ұйқасқан сөздердің өзара үйлесімі еске алынады. Ұйқас өзара үйлескен тармақтардың кезектесу ретіне қарай сан түрлі болып келеді: қара өлең ұйқасы (ааәа), шұбыртпалы ұйқас, ерікті ұйқас, кезекті ұйқас (аәбә), шалыс ұйқас (аәаә), егіз ұйқас(ааәбббә), аралас ұйқас, осы күнгі ерікті ұйқас.