Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әдебиеттегі образ тудырушы факторлар қандай бол...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
54.46 Кб
Скачать
  1. Әдебиет теориясы ғылым ретінде зерттейтін мәселелерінің аумағын анықтаңыз.

Әдебиет теориясы көркем шығарманың табиғатын зерттейді: тақырыбы мен идеясы, мазмұны мен пішіні, композициясы мен сюжеті, образдар әлемі, көркемдегіш тәсілдер, әдебиеттәң тектері мен түрлері, өлең құрылысы, стиль мәселесі, әдеби ағымдар.

  1. Сөз, сурет, сәулет, мүсін өнерінің бірлігіне өмірден, табиғаттан мысалдар келтіріп дәлелдеу.

  2. Лирикалық тек түрлеріне талдау жасаңыз.

Лирика – әдебиеттің Аристотель заманынан бері келе жатқан дәстүрлі үш тегінің бірі, шындықты адамның ішкі көңіл күйіне бөлеп, ойы мен сезіміне астастыра суреттейтін терең психологиялық шығармалардың түрі. Көбіне өлеңмен жазылады.

Оған:

  1. Баллада – шағын сюжетті өлең.

  2. Ода ( мадақ жыр) – есімі елге тарағанжеке адамдарды мадақтаған немесе ел ішіндегі елеулі оқиғаларды ерекше дәріптеген аса көтеріңкі жыр.

  3. Идиллия – уайым-қайғысыз, ешқандай әрекетсіз қызықты өмір туралы жыр.

  4. Сонет – арнаулы өлшеммен әр түрлі тақырыпқа жазылатын сыршыл өлең. Сонеттің өлшемі:

14 жолдан тұрады

Алғашқы 8 жолы – І-бөлім – катрен

Соңғы 6 жолы – ІІ-бөлім – терцет

  1. Арнау – кейде көлемді шығармаға беташар түрінде, кейде жеке адамдарға бағыштау түрінде жазылған.

  2. Ой – әр тақырыпта туған әр алуан философиялық толғау.

  3. Романс – сүюді жырлау

  4. Пастораль – малшы сазы.

  5. Эклога – ауылдағы сауық жырдың бір түрі

  6. Эпитолама – жас жұбайлардың жарасымдылығын мадақтайтын өлең (жар-жар)

  7. Эпитафия – дүниеден өткен әлдебір кісі жайлы жоқтау, қабір басындағы жоқтау өлең.

  8. Эпиграмма – жеке біреулерді мінеп, мысқылдайтын сықақ өлең

  9. Элегия – бір мұң, бір сарын аралас назды өлең, адам басында болған күйініш-сүйініштерді суреттейтін шығарма. Элегияда адамның жабырқаған сәттерін, көңілдің қайғысын суреттеу жиі кездесетіндіктен «элегия – қайғылы өлең» деген түсінік қалыптасқан.

және тағы да басқа түрлері жатады.

  1. Драмалық тек түрлеріне талдау жасаңыз.

Драма (грекше «drama – қимыл, әрекет») - әдебиеттің үшінші тегі, шындықты айрықша тәсілдермен синтез қалпына келтіріп, шиеленіскен тартыстар үстінде жинақтап, оқиғаға қатысатын аамдардың сөзі мен ісі арқылы көрерменнің көз алдында қолма-қол көрсететін күрделі жанр – «әдебиеттің ең қиын түрі»(Горький). Драмадағы ең шешуші нәрсе – тартыс.Эпос пен лирика сияқты, драманың да бірнеше жанрлық түрлері бар. Драмалық тек трагедия, комедия және сатиралық драмадан тұрады.

Трагедия (грекше «tragoidia – текенің әні») – құдіретті күш иесі, ғаламат қайсар, ақиық, ер де өр тұлғалардың жаратылыстағы, жалпы өмір-тіршіліктегі адам жеңіп болмас асыңқы, асқақ кедергілермен кескілесіне, оның жан дүниесіндегі терең тебіреністерге, өзімен-өзінің іштей арпалыстарына құрылған күрделі сахналық шығарма. Трагедиядағы оқиғалар әдетте қатерлі, қайғылы қалден туындап тұтасады да, бас қаһарманның қазасымен – мұңмен, зармен бітіп отырады.

Драматургияның бір түрі – комедия (грекше «komodia – күлкілі қызық, ән») - өмірдегі келеңсіз, керексіз құбылыстарды, адам бойындағы қасиетсіздікті, оспадарлықты, мінездегі мінді сықақпен сынап, келекеге айналдыратын күлдіргі пьеса.