
- •Әңгіме жанрының қиындығы неде?
- •Очерк жанрының әңгіме жанрынан ең басты ерекшелігі неде?
- •Повесть жанрының ерекшелігі.
- •Проза тілі мен поэзия тілінің айырмашылығы неде?
- •Поэма жанрының ерекшелігі.
- •Образдың түрлерін белгілеудің (әдістік, тектік, тәсілдік) факторлары неге байланысты?
- •Роман жанрын а.Байтұрсынұлы қалай атаған? Бұл жанрдың ерекшелігі неде?
- •Кең көлемді эпикалық тек, түрлері, ерекшелігі.
- •Құбылту түрлеріне нақты бір шығармадан мысал келтір, олардың көркем шығармадағы ролі анықтаңыз.
- •Классицизм ағымының ерекшелігі мен кемшілігі неде? Өкілдері кімдер?
- •Реалистік образға бүгінгі өмірден мысал келтіріңіз
- •Романтикалық образдың негізгі ерекшелігін талдап көрсетіңіз.
- •Әдеби стиль. Стиль тек әдебиетке ғана қатысты ұғым ба? Дәлелдеңіз.
- •Натурализм ағымының негізін салушы кім болды, қай шығармасымен?
- •Қара өлең ұйқасына мысал келтіре отырып, анықтамасын шығарыңыз.
- •Әдебиет теориясы ғылым ретінде зерттейтін мәселелерінің аумағын анықтаңыз.
- •Сөз, сурет, сәулет, мүсін өнерінің бірлігіне өмірден, табиғаттан мысалдар келтіріп дәлелдеу.
- •Лирикалық тек түрлеріне талдау жасаңыз.
- •Драмалық тек түрлеріне талдау жасаңыз.
- •Образ түрлерін анықтау қаншалықты дәрежеде шартты. Бір образдың бойынан түрлі қырлар көрінуі мүмкін бе? Нақты бір шығарма негізінде салыстырыңыз.
- •Әдебиеттегі айшықтаудың (фигура) түрлері, мысал келтіріңіз.
- •Қайталау:
- •Орта көлемді эпикалық тек түрлеріне сипаттама жасаңыз.
- •«Әдебиет танытқыш» бойынша троп түрлерінің «Сөз өнеріндегі» троп түрлерінен айырмашылығы мен ұқсастығын талдаңыз.
- •Өлең өлшемі. Ұйқас түрлері.
- •Әдебиет теориясында мінездеудің түрлері нешеу, не себепті бұлай бөлінген?
- •Образдың жасалу жолдары.
- •Әдебиеттану ғылымының салалары арасындағы өзіндік ұқсастықтар мен айырмашылықтар қандай? Талдаңыз.
- •Әдебиеттің негізгі салаларының өзіндік зерттейтін обьектілеріне жан-жақты тоқталып, анализ жасаңыз.
- •Кең көлемді эпикалық тек түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •Әдебиеттану ғылымының салалары арасындағы өзіндік ұқсастықтар мен айырмашылықтар қандай? Талдаңыз.
- •Геройлық образға бүгінгі өмірден мысал келтіріңіз
- •Фантастикалық образдың ерекшелігі
- •Сатиралық образдың ерекшелігі
- •Юморлық образдың ерекшелігі
- •Эпигон жазушылар деп қазіргі әдебиеттен кімді атар едіңіз. Дәлелдеңіз
- •"Эпикалық образ - кең тынысты образ" дегенмен келісесіз бе?
- •Лирикалық образ - ақынның өз бейнесі дегенді қалай түсінесіз?
- •А.Байтұрсыновтың әдебиеттану ғылымына енгізген терминдері мен з.Қабдоловтың енгізген терминдері арасында қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар, салыстырып, талдаңыз.
- •Юморлық образ бен сатиралық образдың ұқсастығы мен айырмашылығы неде? Мысал келтіре отырып дәлелдеңіз.
- •Драмалық образдың қиындығы мен күрделігі, көрерменге тигізер әсері
- •Көркемдеуіш құралдар троп және фигура түрлерінің бірін-бірі толықтыратын немесе дара сипаттары неде?
- •Драмалық образдың ғұмыры - бір күндік деген ұғыммен келісесіз бе?
Роман жанрын а.Байтұрсынұлы қалай атаған? Бұл жанрдың ерекшелігі неде?
А.Байтұрсынов:”Ұлы әңгіме яки роман деп тұрмыс сарынын түптеп, терең қарап әңгімелеп, түгел суреттеп көрсететін шығармаларды айтамыз”, - деп түйіндейді. Роман — күрделі сюжетті, көбіне қара сөзбен, кейде өлеңмен жазылған кең көлемді эпикалық түр. Романда өмір құбылыстары, адамдар арасындағы қарым-қатынастар молынан қамтылған, композициялық күрделі құрылымнан тұрады. Романда лирика мен драма жанрларының сипаттары да кірігіп отырады, әңгіме мен повеске қарағанда онда түрлі оқиғалар жүйесі, сюжеттік желі, қаһармандар қатары кеңірек қамтылады. Роман адамдар тағдырын, замана шындығын суреттеу арқылы дәуір мен қоғамды, салт пен сананы бейнелейді. Романның ерекшелігі – көлемінің молдығы, композициялық құрылымының күрделігі, сюжетінің көпжелілігі, суреттеу, бейнелеу құралдарының алуандығы.
Кең көлемді эпикалық тек, түрлері, ерекшелігі.
Кең көлемді эпикалық тек түрінде жазылған шығармалар шындықтың жекелеген эпизодтарын суреттеумен тынбайды, әдеби шығармаға арқау болған адам мен қоғам тіршілігін мейлінше кең қамтып, алуан-алуан даму кезеңдерімен тұтас жүйелеп, толассыз қимыл-қозғалыс қалпында жан-жақты жинақтайды. Адам мен қоғам өмірінің қандай ақиқаты болсын мұнда бүкіл тамыр тереңімен қопарыла көрсетіледі де, оқырманның көз алдында өзгеше бір әлем, бүтін бір тіршілік дүниесі пайда болады. Кең көлемді эпикалық текке роман мен эпос жатады.
Роман — күрделі сюжетті, көбіне қара сөзбен, кейде өлеңмен жазылған кең көлемді эпикалық түр. Романда өмір құбылыстары, адамдар арасындағы қарым-қатынастар молынан қамтылған, композициялық күрделі құрылымнан тұрады. Романда лирика мен драма жанрларының сипаттары да кірігіп отырады, әңгіме мен повеске қарағанда онда түрлі оқиғалар жүйесі, сюжеттік желі, қаһармандар қатары кеңірек қамтылады. Роман адамдар тағдырын, замана шындығын суреттеу арқылы дәуір мен қоғамды, салт пен сананы бейнелейді. Романның ерекшелігі – көлемінің молдығы, композициялық құрылымының күрделігі, сюжетінің көпжелілігі, суреттеу, бейнелеу құралдарының алуандығы.
Эпос - тарихи тақырыпты кең қамтып, халық өмірінің өткен кезеңдерін көркем бейнелейтін жанр. Эпостың басты ерекшелігі – өзі әңгімелеп отырған өмір құбылыстарын кең көлемде, эпик. тұрғыдан қамтып, кейіпкер образын, көркем әдебиеттің алуан түрлі әдістерін мейлінше мол қамту арқылы суреттеу. Көбінесе шығарма жазылудан әлдеқашан бұрын болған оқиға туралы жазылатындықтан, Эпоста баяндау тәсілі басым болып келеді
Құбылту түрлеріне нақты бір шығармадан мысал келтір, олардың көркем шығармадағы ролі анықтаңыз.
Құбылтудың түрлері көп. Әдеби тілдегі ең басты құбылтулардың бірі – ауыстыру, яғни метафора – сөз мәнін өңдендіре өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты ақындай, ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау; сөйтіп, суреттеліп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейту.
Гималай – көктің кіндігі,
Гималай – жердің түндігі.
(І. Жансүгіров)
Қыр төсінде мөлдір айдын – ақ сынап,
Жиегінде жасыл кірпік – жас құрақ.
(Ә. Сәрсенбаев)
Бірінші мысалдағы метафора Гималайды біресе көктің кіндігіне балап, әншейін бір жер атын қолма-қол заттандырып, тауға көл-көсір мағына берсе, екінші мысалдағы ауыстырулар ( ақ сынап, жасыл кірпік) қырдағы айдын көл мен бала құраққа айрықша сұлу сымбат бітірген.
Троптың екінші бір түрі – алмастыру, яғни метонимия – өзара шектес заттар мен себеттес құбылыстардың өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орнына бірін қолдану.
Үйі мәз боп қой сойды
Сүйіншіге шапқанға
(Абай)
Болыстың семьясын, туған-туысқанын түгел тізіп жатқан Абай жоқ, бәрін үйі деген бір ғана сөзбен алмастырады.Әрине, мәз болған үй емес, үй ішіндегі адамдар екені өзінен-өзі түсінікті.
Троптың келесі бір түрі – астарлау, яғни символ – бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге, не құбылысқа құпия теліп, жасыра жарастырып, бүкпелей бейнелеу, ойды да ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру.
Жартасқа бардым
Күнде айқай салдым
Одан да шықты жаңғырық.
Кейіптеу – жансызға жан бітіре сөйлеу, суреттеу.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр-мылқау танымас тірі жанды,
Үсті-басы — ақ қырау, тусі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Мезгеу, яғни синекдоха – алмастырудың бір түрі – бүтіннің орнына бөлшекті немесе керіснше, жалпының орнына жалқыны немесе керісінше қолдану.
Отыз тістен шыққан сөз,
Отыз рулы елге тарайды
Троптың бір түрі – ұлғайту, яғни гипербола; тағы бір түрі – кішірейту, яғни литота. Бұлар да суреткердің тілі мен стиліне бірсыпыра бояу қосады, сөздегі суреттерді түрлендіреді, өзгеше өрнектер төгеді, сөйтіп, көркем шығарманың оқырманға әсерін арттыра түседі.
Жауатын күндей күркіреп,
Жаңбырдай тері сіркіреп,
Құбылып ойнап жер басты,
Жалғаса ұшқан қоңыр қаз
Тозаңынан адасты,
Аттың жолы қазылды.
Ұмтылғанда қысылып,
Бес жүз құлаш жазылды, -
деген ұлғайтулар аттың шабысын ақылға сыймайтын әлдебір қиял-ғажайып құбылысқа айналдырып, оқырманды оқыс елең еткізеді.
Ал литота, гиперболаға керісінше, шамадан тыс ұлғайтылған құбылысты енді құлдырата кішірейтіп көрсетеді:
От орнындай тұяқтан
Оймақтайы қалыпты.
Етектейін еріннен
Екі елісі қалыпты.
Қиған қамыс құлақтан
Бір тұтамы қалыпты,
Жалбыраған жалыннан
Жалғыз қарыс қалыпты.
Бір құшақтай құйрықтан
Бір уытай қалыпты.
(«Ер Тарғын»)