Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әдебиеттегі образ тудырушы факторлар қандай бол...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
28.01.2020
Размер:
54.46 Кб
Скачать
  1. Драмалық образдың қиындығы мен күрделігі, көрерменге тигізер әсері

Драмалық образ - эпикалық образ не лирикалық образдар сияқты қағаз бетінде емес, тура өмірдің өз аясында- сахнада көзбе-көз, қолма-қол жасалатын көркем бейне. Мұны кейде тура «сахналық бейне»  деп те атай береді. Антигона мен Отелло, Тартюф пен Хлестяков, Қарабай мен Телқара, Жүзтайлақ пен Сәуле – бәрі де драмалық образдар, өйткені бұларды біз тек қана сахнадан, актерлердің ойындары арқылы жүзбе-жүз көріп, таныдық.Драмалық образдың бір кемшін жері эпикалық образ не лирикалық образдар сияқты кітап бетінде бар қасиетін сақтап қалып, мәңгі өмір сүре алмайды; әр образ өзін жасаған актермен бірге кетеді, көрген адам санасында тек әсері мен елесі ғана қалады. Бұл ретте кейде әрбір сахналық бейненің бар ғұмыры бір кештік тәрізді. Алайда  драмалық образ, ғұмырының мұншалық қысқалығының есесіне, бір көрінсе де бірегей, кәдімгі тірілермен тірілерше дидарласып, оларды қолма-қол күлдіріп не жылатып; қуантып не сүйсінтіп; сүйгізіп не жек көргізіп, әйтеуір тікелей ықпал жасап, ойлантып, тебірентіп кетеді. Бұл тұрғыдан алғанда драмалық образдың эстетикалық және тәрбиелік мәні орасан үлкен әрі күшті.

  1. Көркемдеуіш құралдар троп және фигура түрлерінің бірін-бірі толықтыратын немесе дара сипаттары неде?

Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлігі үшін де орсан қажет тәсіл – құбылту, яғни троп – сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп кейде тіпті перделеп таныту, ойды өзгертіп, кейде тіпті өңін айналдырып айту. Құбылған сөз әсерлілік үстіне адам баласынынң танымын байытпақ; бір сөз бір-ақ нәрсені танытса, оны түрлендіре құбылту арқылы тіршіліктің сан алуан сырын тануға болады.демек, троптың ең басты мәні таным тарапында жатыр.

Әдеби тілді ажарлаумен, құбылтумен қатар керек жағдайда айшықтай білген жөн. Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлілігі үшін де қажет тәсіл – айшықтау, яғни фигура – сөз тіркестерін дағдылы синтаксистік қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен, айрықша айшықпен құру. Мұндағы мақсат біреу-ақ – сөздерге ерекше леп, екпін, тыныс беру, сөйтіп олардың оқырманға әсерін күшейту.

  1. Драмалық образдың ғұмыры - бір күндік деген ұғыммен келісесіз бе?