
- •3 Ежелгі платформалардың мұнайгазды провинциялары
- •3.1 Шығыс европа платформасы
- •3.1.1 Печора - Тиман мұнай - газ провинциясы
- •3.1.2 Еділ – Оралтау мұнайгазды алабы
- •3.1.3 Днепр-Препят газмұнайлы провинциясы
- •3.1.5 Каспий маңы ойпаты
- •3.1.5 Каспий маңы және Солтүстік Каспий
- •3.2 Шығыс Сібір мұнайгазды провинциясының орналасу жағдайы
- •3.2.1 Шығыс Сібір мұнайгазды провинциясының геологиялық құрылысы
- •3.2.2 Сібір платформасының геологиялық тарихы
- •3.2.3 Шығыс Сібір мұнайгазды провинциясының мұнайгаздылығы
- •3.2.3.1 Лена-Вилюй мгп
- •3.2.3.2 Лена-Тунгус мгп
- •3.2.3.3 Енисей – Анабар гмп
- •3.2.4 Шығыс Сібір платформасының геодинамикасы
- •3.3 Орталық Азия Қытай тақтасы
- •3.4 Ежелгі Австралия плаформасының сипаттамасы мен ерекшеліктері
- •3.4.1 Ежелгі Австралия платформасының сипаттамасы
- •3.4.2 Австралия алаптарының ерекшелігі
- •3.4.3 Австралия алаптары
- •3.4.4 Ежелгі Австралия платформасының даму тарихы
- •3.4.4.1 Протерозой дәуіріндегі Автралия. Жоғарғы рифей
- •3.4.4.2 Каледон дәуіріндегі Австралия платформасы
- •3.4.4.3 Герцин дәуіріндегi Австралия платформасы
- •3.5 Африка
- •3.5.1 Африка ежелгі тақтасы
- •Сирт ойпатының алабы
- •3.5.2 Батыс Африка
- •3.5.3 Шығыс Африка
- •3.5.4 Атластың қатпарлы облыстары
- •3.6 Солтүстік Америка
- •3.6.1 Греновил баикалиттері
- •3.6.2 Солтүстік және Орталық Америка
- •3.6.3 Солтүстік Америка көне платформасы
- •3.7 Оңтүстік Америка
- •3.7.1 Оңтүстік Американың геогафиялық орналасуы және мұнайгазды геологиялық құрылысы .
- •3.7.2 Амазонка провинциясы
- •3.7.3 Жоғарғы Амазонка провинциясы
- •3.7.4 Бразилия
- •Қорытынды
- •Мазмұны
- •3 Ежелгі платформалардың мұнайгазды провинциялары...................................3
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
3.1.5 Каспий маңы және Солтүстік Каспий
Ортаңғы девонға дейін Каспий және Каспий маңының басқа Шығыс Европа көтерілім аудандарынан ерекшелігі мүмкін рефей-венд түзілімдерінің қалың қабат болып жиналуында еді. Батыс және Солтүстік Капий маңы ойпаңының ордовик-силур кездеріндегі түзілімдер құрамы табиғатының флишті болуы және өсімдік қалдықтарының болуы ол жердің жағажай және ұсақ тенізді болып келуін көрсетеді. Төменгі девон түзілімдеры сай бөлігінде жергілікті құрылған. Түрлі түсті құмтастар, алевролиттер және әктастардар кұралған қосылыс қимасы Каспий маңының солтүстік және батыс шеттеріңе төменгі девон түзілімдері болып келеді. Бүл ұсақ теңізді түзілімдер казалин свитасында 700м қалындықпен көрініс алады. Кейін, Каспий маңы ойпатының үлкен бөлігі жерең сулы алап қураушы және континентальді ойыс шеттерімен белсенді төмен түскенде, осы аймақтың дамуының жаңа кезеңі басталды. Дерлік ортанғы девон – жоғарғы девон төменгі франк ярус бөлігінің түзілімдер қалыңдығының бастапқы шақырымында екі есе өсуі Каспий маңы алабынің айналасында осы кезеңмен байланысты болуы мүмкін (399-404-суреттері).
Солтүстік және батыс Каспий маңы ойпатында соңғы девон және таскөмірдің турне ярусында биогенді карбонаттар қалын қабат болып жинала берді. Алаптың ортаңғы бөлігінде оларды ақ қалыңдықты терригенді түзілімдер ауыстырады. Қабат қалыңдығы мен тас келбеттік құрам қатынасы Каспий маңы ойпатының солтүстік бөлігінде осы уақытта терең сулы алаптың болғанын көретеді. Континентальдық беткей шеттерінде карбонатты түзілімдер жиналды. Беткейдің төменгі жерінде биогенді карбонатты түзілімдер шөгілген жоқ, ал басқа шөгімді заттар жеткілікті көлемде болған жоқ. Сондықтан ойпаттың ішкі бөлігіндегі шөгінді жиналу қалындығы салыстырмалы түрде аз болды.
Каспий маңы ойпатын шектеуші эпиконтинентальді алаптың (402-cурет) оңтүстік-шығыс және шығыс белдемдерінде визей кезеңінде терригенді шөгінді жиналу көп болып жүріп жатты. Олар Шығыс Европа платформасының онтүстік-шығыс бөлігіндегі бірдей қимадан, және де Каспий маңы ойпатының басқа бөлігінде Солтүстік және Батыс Каспий маңы ойпатындағы карбонатты шөгінді жиналудың орнына терригенді түзілімдер жинала бастады, кейіннен окск-ерте башкир кезеңінен кейінен башкир-визейде карбонат түзілу процессі қайта басталды ( 402-403-суреттер).
Терең сулы алаптың және бөліктеріндегі терригенді шөгінді жиналу шельфтің басқа бөліктерімен салыстырғанда қалыңдығы көп болды. Терең сулы аймақтың континенталь беткейіндегі шөгінді түзілімдер кей жерлерде тегістелген.
Аккумулятивті және континентальді беткей құрылды. Бұл туралы верей ярусының жыныстарының пайда болу ерекшелігі дәлел болады. Солтүстік-батыс аймақтың сипатына қарасаң верей шөгінділерінің қалыңдығы 1000-1200 метрге дейін жетеді, ол Шығыс Европа платформалындағы көтерілімдердегі 100-200 метрден де көп болып келеді. Сынықты материалдардың аздығынан верей шөгінділерінің қалыңдығы терең сулы алаптың орта бөлігінде қалыпты мәндеріне және одан да азаюы мүмкін.
Осы уақытта Каспий маңы ойпатының оңтүстік-батыс бөлігінде шөгінді жиналу процессі басқаша өтіп жатты. Астрахань-Теңіз маңы белдемінде шамамен соңғы девоннан бастап көбінесе биогенді карбонатты шөгінді жиналуы 1500метр болған. Осы қабатпен кедер тасты денелер байланысты, олар жеке массивтер, және де қыра, кедергі, сақина және қармақ тәріздес түрлі құрылымдармен байланысты, олар қазіргі кездегі атолл және оның жүйесіне ұқсас болып келеді.
Визей кезеңінің ортасына дейін Каспий маңы ойпатының оңтүстік шығыс бөліктерінде эпиконтинеталды алап шарты бойынша терригенді шөгінділер жиналып жатты, ал терең сулы алаптың шекарасы Астрахань Ақтөбе іргетасының шеткі белдемінің ішік беткейімен қосылып жатты (Еңбек, Жарқамыс, Шұқат). Осы шеттерде девон және таскөмір қалыңдықтарының күрт азаюы белгіленген. Осы аумақтың үлкен бөлігінде терең сулы шөгінді жиналу шарты визей кезеңінің соңғы кезеңінде пайда бола бастады. Осы кезден бастап ақ қалыңдықты аралас терригенді шөгінділер жинала бастады. Терең сулы алап шеттерінде басқа да Каспий маңы ойпатының шекара белдемдеріндегідей, карбонатты платформа құраушы карбонатты шельф жинала бастады.
Визейдің соңы мен Каширдің бастапқы кезеңдерінде жаңа, биіктігі жағынан маңыздырақ Каспий маңы ойпатының төмен түсуі болды. Солтүстікте бұл барысқа москваға дейінгі жасты шельфті аймақтарда кіріктірілді, олар жаңа терең сулы алаптың континенталды беткейін құрады. Карбонатты жиналу шөгінді кезеңдері орта таскөмірдің москва эпохасынан бастап артинге дейін қайталанып отырды.
Москва эпохасының соңында төмен түсу оңтүстік Орал маңына таралды. Бұл уақыт Орал маңы шеткі ойыстың құрылуымен сәйкес келді. Төмен түсу нәтижесінде, біріктірілген Каспий маңы мен Орал маңы ойпаттарының терең сулы алабы құрылды, солтүстікке қарай Каспий маңы ойпатынан бастап созылып Қаратау шетіне дейін. Ерте пермьнің бірінші жартысында, кунгур кезеңі басталғанға дейін Каспий маңы ойпатының көлемі ұлғайды. Орал сынықты материалдырының ағысы көп болғандықтан, ерте пермьде карбонатты шөгімді жиналым терригенді шөгінді жиналымға ауысады.
Бұл кезеңге қысқа уақытты көтерілімдер мен төмен түсулер сипатты, бұл шөгінділер арасына үзіліс болуына, Астрахань жиналымдары Каратон Теңіз көтерілім белдемдерінде мүжілу болуына әкеп соқты. Қимада толықтай жоғарғы және аз ғана ортаңғы таскөмір жыныстары жоқ, ал төменгі пермь жыныстары депрессиялық таскелбеттілігімен көрсетілген. Олар ежелгі карбонатты жыныстарда мүжілу белгілерімен орналасқан.
Каспий маңының шығыс бөлігі тектоникалық қозғалыстарға қатысқан, ол қозғалыстар Оралдың таулы қатпарлы белдемі мен оның шетімен және ойысты переклиналымен байланысты.
Олар тектоникалық төмен түсу белдемін құрды, оның орнына қалың шөгінді қабат формациясымен ауысты. Соңғы палеозойлы таулы Орал үлкен бұзылыстар көшу көзі болып, Каспий маңы алабыне үлкен көлемде терригенді заттар әкелетін еді. Осымен байланысты болған континенталды беткей мен терең сулы алабың бөлігі осы Орал жақтан шыққан шөгінді қабат астында қалған. Кейін жаңа терең сулы алапге қарай кірітірілген аккумулятивті беткей құрылды. Осы жаңадан құралған аккумулятивті беткей арқасында Каспий маңы ойпатының шығыс бөлігі батыс және солтүстік бөлігіне қарағанда кеңейді. Осы Орал көшкіні арқылы онда қалың тұзасты қабат жиналымы түзілді, оның қалыңдығы батыстан шығыстқа қарай кішірейе түсті.
Кунгурге дейінгі уақытта таулы қатпарлы. Оларға қослыған алаңдар тектоникалық қозғалысқа кіріктірілді. Олар Каспий маңы ойпатының шығысындағы дипрессияда белсенді болды, онда кунгурге дейінгі түзілімдер жер бетіне шығып, шайылып кетті.
Кунгур кезеңінде бұрынғы терең сулы Каспий алабынің көп шақырымды қалыңдықты эвопорит формациясымен толтыру басталды. Батысындағы денудациялық белдемдерде баспалдақ тәрізіді жыныстармен жабылуға ұшырады, олардың ішінде қалың тұзды қабат жиналымы жүріп жатты. Соңғы Каспий маңы алабынің шөгінді алмасуы соңғы пермь кезеңінде болды, бұнда ол эпиконтиненталды сипатқа ие болды, тұрақты кейінгі кездерге дейін сақталған болды.
395-сурет.
Орта палеозой-триастың
литологиялық-палеогеографиялық
сұлбаларының шартты белгілері
396-сурет. Субмередианальды кескін бойынша Каспий теңізінің геологиялық үлгі қимасы. (Б.В. Сенин, Л.Э. Левин, Ю.А. Висковский,2002).
1-Байкал алды кристалды іргетас; 2-байкалдық кристалды және қатпарлы-метоморфты іргетас; шөгінді және жанартаутекті-шөгінді кешендер, соның ішінде ауыспалы; 3-девон алды; 4-тұз асты, орта-жоғарғы палеозойлық-Каспий маңы ойпатының және Скиф-Тұран платформасының синхронды кешендері; 5-тұзды төменгі пермдік; 6-Альпі белінің палеозой-триастық; 7-тұз үсті Каспий маңы ойпатының пермь-триас кешенінің бөлімі және Скиф-Тұран платформасының синхронды ауыспалы кешені; 8-Альп белінің триас-юра кешені; мезозой-кайнозой кешендері; 9-юра-бор; 10-мезозой-эоцен; 11-бор-эоцен ; 12-кайнозой, биіктелмеген; 13-палеоген-неогенді (майкон сериясымен); 14-орта плиоценнің өнімді қызыл түсті қабатшасы; 15-плиоцен-төрттік түзілімдер; 16-жарылымдар; 17-Түркмен сутурасы; 18-биогермдер; 19-сазды диопирлер және балшық жанартаулар; 20-Оңтүстік Каспий ойпатының тірек кешендері: а-жер қабығының жаңа пайда болған субмұхиттық иа болмаса субконтинентальды белдемдері; б-ежелгі кембрийге дейінгі иа болмаса палеозойлық іргетастың мол тектено-магмалық жөндеу белдемдері. Құрылымдық элементтердің индекстері (шеңбер ішіндегі сандар). Көтерілімдер мен көтерілім белдемдері.
397-сурет.Қаратеңіз-Каспий аймағының литологиялық-палеогеографиялық сұлбасы.а-орта-соңғы девон (Эйфель-фран ғасыры); б-соңғы девон-алғашқы карбон (фран-турне ғасыры). Шартты белгілері 399-суретте.
398-сурет Қара-теңіз-Каспий аймағы: а-алғашқы карбон (визе ғасыры); б-алғашқы-орта карбон (серпухов-башкур ғасыры). Шартты белгілері 399-суретте.
399-сурет. Қара-теңіз-Каспий аймағының литологиялық-палеогеографиялық сұлбасы; а-орта карбон (баскурт ғасыры-верей уақыты); б-орта-соңғы карбон (Мәскеу-гжель ғасыры). Шартты белгілері 395-суретте.
400-сурет. Қаратеңіз-Каспий аймағындағы алғашқы пермнің литологиялық-палеогеографиялық сұлбасы: а-ассель-сакмар ғасыры; б-кунгур-армин ғасыры. Шартты белгілері 395-суретте.
Солтүстік Батыс облысы
Қазақстан аумағында геологиялық және географиялық шекаралармен шектелген. Батыс, солтүстік және солтүстік-шығыс шегі Қазақстанның Ресей федерациясымен мемлекеттік шекарасы болып табылады. Оңтүстік шекарасы іргетасының төмен түсу тереңдігінде орналасқан. Солтүстік Батыс облыс шегінде мұнайгаздылығына байланысты үш тұзүсті қимасын бөлуге болады: «сыртқы», «борттық» және «ішкі».
Орталық Каспий маңы
Кунгурға дейінгі палеозой беті Орталық Каспий маңы облысында 8-9км тереңдікте орналасқан. Бұрғылау мәліметтері болмаған жағдайда, тұзасты түзілімдерінің қимасы сейсмобарлау мәліметтері арқылы жасалады. Қимадағы сынық толқындар арқылы 5-6,6 шақырым шөгінді қабаты зерттелген, ол дислокацияға ұшыраған түзілімдерді құрайды, сонымен қатар бұл түзілімдер өзіне рифей- ерте палеозой құрылымдық- тектоникалық кешенді кіргізеді. Осы аталған түзілімдер қалың қабатты терригенді және карбонатты жыныстардың кезектесіп орналасуынан тұрады.
401-
сурет.
Солтүстік батыс және Орталық Каспий
маңы облыстарының палеозой бойынша
схемалық қималары.
Астрахань- Ақтөбе облысы
Астрахань- Ақтөбе (ААО) Каспий маңы ойпатының 30пайыз- ін алып жатыр. Бұл облыс стратиграфиялық толықтығымен өзгешеленетін кең көлемде тұзасты қимасының жиынтығымен, литологиялық ерекшелігімен, өнімділіктің тік диапазонмен және көмірсутектердің фазалы жағдайымен сипатталады.
Оның солтүстік, солтүстік - батыс шекарасы ойпаттың орталық төмендеген бөлігінен бортты моноклинальдың сақиналы жүйесі бөліп тұрған жарылымдар жүйесімен қабылданған. Оңтүстік- онтүстік-шығыс шекарасы палеозой тысында карбонатты және терригенді болып табылатын палезой және жарылымдар жүйесімен шектелген.
Оңтүстік - батыстан шығыс-солтүстік-шығысқа қарай Астрахань - Ақтөбе облысы келесі жарылымдармен ерекшеленеді: Астрахань, Междуреченский, Тенгиз, Қаратон - Тәжіғали, Маткен - Үшмола, Шығыс Қарауылкелді, Кенкияқ, Аққудық – Боқтықарын (406 - сурет).
402–
сурет.
Астрахань- Ақтөбе МГО палеозой бойынша
схемалық қималары
Заволжско- Орал алды облысы
Бұл облыс мұнайгазды болжау картасында алғашқы рет жеке элемент ретінде көрсетілген. Бұл облыстың негізі ретінде оның геологиялық құрылымының ерекшелігі алынды, яғни жоғарыда аталған үш облыспен салыстырғанда онда геодинамикалық белсенділігі байқалады. Геологиялық құрылымында ең көрнекті элементтер болып созылған, кең тараған жарылымдар және қатпарлы- ығыспалы белдемдер белгілі бір қималар бөлігінде кездеседі (407 – сурет).
403 – сурет. Заволжско- Орал алды облысының палеозой бойынша схемалық қималары.
Солтүстік-Каспийлік мұнай газды алабы. Бұл алаптың ауқымды объектісі болып, Кашаған және Оңтүстік теңіздік Жамбай тобына жататын және тұзасты түзілімдеріндегі Солтүстік Каспийдің шығыс және орталық бөлігінде табылған қазіргі кездегі танымал көтерілім болып табылады.
Қашаған көтерілімі, жоғарғы амплитудалық сияқты, 1988-1991 жылдардағы уақыт аралығындағы Ресейлік геофизиктердің іздеу сейсмикалық жұмыстарының нәтижесінде, яғни Каратон –Теңіздік белдемінің көтерілімінің теңіз жалғасында Солтүстік Каспийдің тұзасты палезойлік кешенінде кедертыс текті көтерілімде табылған. Сонымен қатар ол Қазақстан Республикасы басқармасының тапсырысы бойынша жұмыс істейтін, яғни батыстық геофизиктік компаниялардың зерттеулерімен құпталған. Алғашында оның құрамында Қашаған, Кероғлы және Нубар массивтері 1995-1999 жылдардағы кезеңдерде Шығыс Қашаған, Батыс және сәйкесінше Оңтүстік Қашаған атауларын қабылдады.
Шығыс Қашағанның көлемі (408- сурет) шектелген изогипсте – 5000 м 40.0 (10.0÷15.0) шақырым құрайды, алаңы – 930 кв шақырым, биіктікте көтерілімі – 1300м. Су мұнай жапсырының болжауымен 4800 м абсолютті көрсеткіште жүргізіледі, массивті жарықтарының ұзындығы 1100 м, мұнай газының ауданы – 650 км², орташа мұнайға қаныққан қалыңдық – 550 м. УВ геологиялық ресурстар, мұнайдың ерекшелік қасиеттері, әртүрлі топты зерттеушілердің мынадай енді аралықта 1.2 ден 7.9 млрд.т дейін бағаланады.
Батыс Қашаған субмеридиональды құрылымдық кертпешпен Шығыс Қашағанмен шекаралас, яғни тектоникалық бұэылыс арқылы болуы мүмкін. Рифогенді көтерілімнің көлемі шектелген стратоизогипсте – 5000 м 40.0÷10.0 шақырым құрайды, алаңы – 490 кв шақырым, биіктігі – 900м. Су мұнай жапсары екі көтерілім үшін де жалпы болып келеді және 4800 м абсолютті көрсеткіште жүргізілген, тұтқыш биіктігі – 700м, мұнайлылық ауданы – 340 кв шақырым, орташа мұнай қанықтылығының қалыңдығы – 350м. Эксперттік бағалау бойынша КС геологиялық ресурстары 2.7 млрд.тонна ШӨ – нің құрауы мүмкін.
Оңтүстік Қашаған негізгі массивтен оңтүстікке қарай орналасқан. 5400 м сратоизогипсті көтерілімдер 9.0÷7.0 шақырым өлшенеді, ауданы – 47 кв шақырым, 550 м амплитудалы болады. СМЖ – сі 5350 м абсолютті көрсеткіште болжанады, мұнайлылық ауданы 33 кв шақырым, орта мұнай қанықтылық қалыңдығы – 250м. Оның потенциалы шамамен 150 млн.т ШӨ өлшемімен бағаланады.
Оңтүстік Жамбай көтерілімдер тобы әзірше шартпен Солтүстік Каспий құрлымының құрамына енуі мүмкін. Бұл элемент тұзасты карбонаты палеозой құрлымында сипатталады (408- сурет).
404- сурет. Оңтүстік Жем жүйесінің иінді ойыстарының тума құрылымдары:
а – Қашаған көтерілімдерінің тобы(карбон-төменгі пермь жасты карбонаттардың жабыны): б – оңтүстік теңіздік Жамбай көмпимелерінің тобы компимелерінің тобы (карбон-төменгі пермь жасты карбонаттар жабыны). Изогипсалар, м
Оңтүстік Жамбай массивінің 4400м стратоизогипс бойынша өлшемі 80.0 (15.0÷25.0) шақырам, амплитудасы 500м, 910 кв шақырым ауданды болып келеді. Шартты массив екі дөңбек күмбезге бөлінеді. Бұл массивтің потенциалды бағалауы оның 6.6 млрд.т ШО дейін құрау мүмкіндігін көрсетеді. Сонымен бірге флюидтер құрамының көп бөлігін газ бен конденсат құрауы мүмкін.
405- сурет. Кәсіптік- Бозащы белдемінің көтерілімдерінің тума құрылымдары: а- Құрманғазы көтерілімі, б- Қаражанбас- Теңіз көтерілімі; 1- изогипсілер, 2- басымды шапшыма, 3- басқа бұзылыстар: а- анықталған, б- сейсмика болжамдары бойынша, болжамды.
Кәсіпті – Бозащы алап аралық белдемі. Бұл белдемнің ірі элементтері массалы Құрманғазы көтерілімі мен Қаражанбас – Теңіз болып табылады. Олар Кәсіпті – Бозащы иілім сызықтың өзіне және солтүстігіне тиісті. Ракушечное және Широтное көтерілімдері де Каспий – Лагансктің құрамында.
Құрманғазы көтерілімі Кулалин дуалының неғұрлым көтеріңкі бөлігінде орын алған (130 сурет). Ол Ресейлік Карпин бұіратының жағалауының мұнай өнімді құрылымдар белдемдері мен Қазақстандағы Бозащы дөңбек күмбездерін байланыстырады. 1988-1989 жылдарда терең бұрғылауға дайындалған көтерілім юра және бор түзілімдерімен сипатталады. 1000м – лік юра түзілімдерінің жабық изогипстері бойынша көтерілім ауданы 380 кв шақырым құрайды. Өнімді көтерілімдер ретінде юра және төменгі бор түзілімдері қарастырылады. Олардың жинақ потенциалы эксперттер бағалауы бойынша 440- тан 1200 мил.т ШО-ға дейін құрауы мүмкін.
406- сурет. Каспий- Лаган белдемінің көмпимелерінің тума құрылымдары. Юра- бор түзілімдерінің беткейлері: а- Широтное көтерілімі, б- Ракушечное көтерілімі. Изогипсілер,м.
Бұл көтерілім шегіндегі нақты қызығушылық триас және палеозойдың терең беткейлерінің нәтижесіне сүйене отырып, жоғары мезазой иілімдерінің қатарына белгіленеді.
Қаражанбас теңізінің көтерілімі Бозащы дөңбек күмбезінің осьті белдемінің иілімдер қатарының теңіздік жалғасында орналасқан және бұл дөңбек күмбездің Батыс Бозащы жекежонының төмен түскен жарылымында қалыптасқан (409-сурет). Жекежон шегіндегі юра және бор түзілімдері бойынша беске дейін антиклиналь иілімдер айқындалады, неғұрлым ірі ауданды шамамен 130 м-лік амплитудалы және 42 шаршы шақырым болып табылады. (изогипс бойынша 650м, тектоникалық бұзылыстар бойынша жабылған).
Бұл құрылымның болжамды геологиялық ресурстары шамамен 154 мил.т ШО-ны құрайды, ал Батыс Бозащы блогының жалпы перспективалы геологиялық ресурстары 215-220 млн.т. ШО-ға дейін жетуі мүмкін.
Ракушечное көтерілімі (бұрын Ракушечное баурайы, ОАО НК «Лукойл» аймағының лецензиалды бөлігі, газды кенорны) жоғарыда аталып кеткен болашақты Каспий-Лаганск елдіарнасына тиісті болып келеді. Бұнда жақында ашылған Ю.Корчагин атындағы кенорында орналасқан. Перспективті юра және бор түзілімдері бойынша – бұл күрделі көп күмбезді үлгілер. Бұнда батыс және шығыс күмбездері ОАО НК «Лукойл» аймағының лецензионды шекарасынан тыс шығады.
Көтерілімнің 1300м изогипсі бойынша жинақ аудан бор түзілімдерінде 875 шаршы шақырым, ал перспективті УВ геологиялық ресурстары 700 млн.т ШО құрайды. Сонымен қатар батыс күмбез (Батыс Ракушечная) шамамен 100 млн.т ШО-ны, ал шығыс (Шығыс Ракушечная) – шамамен 250 млн.т ШО-ны құрауы мүмкін.
Широтное көтерілімі (Ю.Корчагин атындағы кен орны, ОАО НК «Лукойл» жұмыстарымен ашылған) Каспий-Лаганск белді арнаның (410- сурет) шығыс бөлігінде орналасқан. Ол Карпин бұйратының Камышин-Каспий белдемінің мұнай газ өнімінің теңіздік жалғасы болып табылады. Көтерілім бор, юра, кейбір белгілері бойынша триас пермь түзілімдерінде айқындалған. 1700 м изогипс бойынша көтерілім ауданы юра түзілімдерінде шамамен 75 шаршы шақырым құрайды. Юра және бор түзілімдері бойынша көмірсутектер қоры НК «Лукойл» мамандарының бағалауына сәйкес кенорында шамамен 140 млн.т ШО құрайды.
Солтүстік батыс облысының кенорындары
Қарашығанақ
1979 жылы ашылған. Тектоникалық- седиментациялық құрылымды, амплитудасы 1800м (408-сурет). Өнімді қабаттары таскөмірде, төменгі пермь карбонатты түзілімдерінде, мұндағы мұнайгазконденсатты шоғыртегі газконденсат биіктігі 1420м және мұнайлы – 200м. Өнімді болып биогермді және биогермді – детритті әктастар, доломиттер табылады.
Коллекторлары кеуекті және кеуекті-ұралы, орташа кеуектілігі газды бөлігінде 9,4 пайыз, мұнайлы бөлігінде 10,7 пайыз және өтікізгіштігі 80 мд. Бастапқы қабат қысымы 53,8- 56,7 МПа, қабат температурасы 67-890 С. Газдағы тұрақты конденсат мөлшері 486-644 г/см3. Дебиттері газда 590 мың. м3/тәу., конденсатта 500 м3/тәу, мұнайда 326 м3/тәу. Тығыздықтары мұнайда 810-888 кг/ м3, конденсатта 778-814 кг/ м3. Сепарирленген газ құрамында күкіртсутек 2,96- 3,84пайыз , көміртегінің қостотығы 5,18- 6,96 пайыз. Мұнай құрамындағы күкірт 0,54-1,98пайыз, парафин 3,71- 6,64 пайыз. Мұнайгаздылық жоғарғы девон түзілімдерінде 5,5 км ден жоғары.
Батыс Теплов
1973 жылы ашылған. Кедертастекті тұтқышының өнімділігі артин ярусының карбонаты жыныстармен және кунгур ярусының филиппов түзілімдерімен байланысты. Шоғырі газконденсатты, мұнайлы бөлігі бар. Шоғыр биіктігі 185 м, мұнайлы бөлігі 35м. Коллекторлары биогермді және биоморфты- детритті әктастар. Кеуектілігі 10- 15 пайыз және өткізгіштігі 53- 83 мд. Бастапқы дебиттері - газда - 340 мың м3/ тәу, мұнайда - 117,5 м3/ тәу 10 мм штуцерде. Құрамындағы конденсат газда 218- 316 г/ м3.
Бастапқы қабаттық қысым 31,4- 34,2 МПа, температура 73- 800 С. Тығыздық мұнайда 842 кг/ м3, конденсатта 756 кг/ м3. Газдағы күкіртсутек 1 пайыз-ке дейін, конденсаттағы парафин 16 пайыз -ке дейін, конденсаттағы күкірт 0,2 пайыз.
Каменское
1986 жылы ашылған. Жоғарғы пермнің төменгі казан ярусының калинов свитасының тұзаралық карбонатты Шоғыр түрі жыныстарының бөлігімен байланысты. Ол күрделі қалыптасқан күмбезаралық белдемде дамыды. Шоғырі конденсат құрамды, 40 г/ м3. бойынша: қабатты, дөңбек күмбезді және тектоникалық қалқандалған. Өнімді әктастар мен доломиттер жоғарғы пермь тұзымен жабылған. Коллекторлары кеуекті және кеуекті- жарықшақты, кеуектілігі 5,7- 12,6 пайыз. Бастапқы қабаттық қысым 45,4 МПа. Температура – 780 С. Газдың дебиті 6,4 мың м3/ тәу- тен 1280 мың м3/ тәу аралығында өзгереді. Газы метанды 87 пайыз, күкірсутек 0,93- 1,65 пайыз.
407- сурет. Қарашығанақ мұнайгазконденсатты кенорындарының құрылымдық картасы мен геологиялық қимасы.
408- сурет. Батыс Теплов мұнайгаз конденсатты кенорны және Каменское газконденсатты кенорындарының құрылымдық картасы мен геологиялық қимасы.
О
Шыңғыс
1986 жылы ашылған. Тұзды қырқалармен байланысты. Мұнайлы қабаттары төменгі триаспен байланысты және кеуектілігі 23 пайыз. Мұнайдың максималды дебиті 28 м3/ тәу, 6 мм-лік штуцерде.
Мұнайдың тығыздығы 816 кг/м3 , аз күкіртті 0,26 пайыз, парафинді 5,1 пайыз (413- сурет).
Дараймола
1975 жылы ашылған (413-сурет). Тектоникалық жағынан тұзкүмбезді құрылымды. Жарылымды бұзылыстар жүйесімен және грабендермен тұзүсті түзілімдері оңтүстік, шығыс және солтүстік- батыс қанаттары болып бөлінген.
Өнімді қабат коллектор желегі бойынша амплитудасы 120м. Шоғырларының биіктігі 19 және 26м, орташа өнімді қабат қалыңдығы 13 және 32м, мұнайқаныққан 7,3 және 10,8м, тұтқыштар мөлшері – 0,6 х 2,1 шақырым.
Өнімді болып табылатын ұсақтүйірлі құмтастар мен орта және төменгі юра алевролиттері , олар 461- 480м және 486- 524м тереңдікте орналасқан. Коллекторлары кеуекті, ашық кеуектілігі 18,2- 19 пайыз, өткізгіштігі 0,016 мкм2. Коллекторлардың мұнайқанығуы – 54 және 80 пайыз. Шоғырі: қабатты дөңбек күмбезді, тектоникалық қалқандалған.
Бастапқы қабаттық қысымы мен температурасы 5,3- 5,6 МПа және 350 С. Орта юра шоғырінің мұнайының дебиті 3 мм-лік штуцерде 7 м3/ тәу-тен аспайды. Мұнайының тығыздығы 903 кг/ м3. Мұнайы күкіртті 0,54 пайыз, парафинді 2,97 пайыз, жоғары шайырлы.
Төменгі юра беткейінің мұнайының дебиті 5 мм-лік штуцерде 17,8 м3/тәу. Мұнайының тығыздығы 889 пайыз, күкірт пен парафин мөлшері орта юра шоғырімен бірдей. Қабаттық мұнайдың газқанықтылығы – 8,2 м3/ т.
Матин
1986 жылы ашылған (414- сурет). Құрылымы жағынан антиклиналь көтерілім, көптеген тектоникалық бұзылыстармен күрделенген. 3 негізгі лықсымалар меридиональ сағаланады, амплитудалары 60- тан 100 м-ге дейін. Бұл лықсымаларды грабен шектейді, сонымен қатар бұл грабен тұзүсті түзілімдерін 3 қанатқа бөледі: шығыс, солтүстік- батыс және оңтүстік.
Мұнайгаздылық неоком және орта юра, пермотриас түзілімдерімен байланысты. Тереңдігі 467- 576 және 600- 767м. Шоғырдыңбиіктігі 50 мен 100 м аралықта ауыспалы. Шоғыр түрі – қабатты, дөңбек күмбезді, тектоникалық және литологиялық қалқындалған. Коллекторлары ұсақтүйірлі, сазды, нашар карбонатты алевролит, ашық кеуектілігі 24- тен 31 пайыз-ке дейін. Өткізгіштігі 0,31- 0,61 мкм2. Бастапқы қабат қысымы 6,04- 10,38 МПа, температура 12- 360С. Мұнайдың дебиті 4,57- 36,9 м3/тәу.
Кенорын мұнайы аз тұтқырлықты, аз парафинді, аз күкіртті, жоғары шайырлы. Сепарирленген мұнай тығыздығы 884- 899 кг/ м3 [1].
Болганмола
1964 жылы ашылған (414- сурет). Құрылымы жарты дөңбек күмбезді көтерілім. Шоғырі қабатты, литологиялық шектелген. Өнімді қабаты 1828м тереңдікте орналасқан.
Коллекторлары құмтастар және төменгі триас алевролиттері, кеуектілігі 20 пайыз-ке дейін. Тиімді мұнайқаныққан қабат қалыңдығы 3м.
Сумен араласқан мұнай дебиті 7 м3/тәу. Мұнайының тығыздығы 839 кг/ м3, аз күкіртті 0,13 пайыз, жоғары парафинді 15,4 пайыз, шайырлы 17 пайыз.
409- сурет. Шыңғыс мұнай кенорны және Дараймола мұнай кенорындарының құрылымдық картасы мен геологиялық қимасы.
410- сурет. Матин газмұнайлы кенорны және Болганмола мұнай кенорындарының құрылымдық картасы мен геологиялық қимасы.
Астрахань- Ақтөбе облысының кенорындары
Тенгиз
1979 жылы ашылған. Тектоно- седиментациялық антиклинальді қатпарлылықпен байланысты. Мұнайлылығы жоғарғы девон (фамен), төменгі және орта таскөмір карбонатты түзілімдермен, соның ішінде органогенді, органогенді- сынықты және биоморфты әктастармен байланысты.
Карбонатты коллекторлар кеуектілігі – кеуекті, каверналы, жарықшақты. Массивті шоғыр биіктігі 1550м. Мұнайдың бастапқы дебиті 600 м3/тәу, 8 мм-лік штуцерде. Бастапқы қабаттық қысым 85-98 МПа, температурасы 1060 С. Мұнайының тығыздығы 789-815 кг/ м3, күкірт 0,7 пайыз, парафин 3,69 пайыз. Еріген газда күкіртсутек 23,5 пайыз-ке жетеді.
Құлсары
1937 жылы ашылған. Тұзкүмбезді құрылымды. Мұнайлылық периотриас, жоғарғы, ортаңғы юра және төменгі бор түзілімдерімен байланысты . Кеуектілігі 24,7- 30 пайыз. Максималды кеуектілік төменгі бор жыныстарына тән. Өткізгіштік 0,387- 1,1 мд аралығында өзгереді.
Мұнайдың бастапқы дебиті 36 м3/тәу-тен аспайды. Бастапқы қабат қысымы 1,8- 15,0 МПа, температурасы 16- 530С, тығыздығы 785-919 кг/ м3, күкірт 0,35 пайыз, парафин 2 пайыз.
Кенкияқ
Мұнай шоғырі 1959 жылы тұзүсті кешенінде, 1971 жылы төменгі пермде, 1979 жылы таскөмір қабаттарында ашылған. Карбонда, төменгі және жоғарғы пермь, триас, юра және бордың мұнайлылығы анықталған. Орта карбон мұнайлылығы әктастармен байланысты, кеуектілігі 10 пайыз және өткізгіштігі 3-7 мд.
Бастапқы қабаттық қысым 67,7-79,6 МПа, температурасы 1000С дейін. Мұнайының тығыздығы 821-850 кг/ м3, күкірт 0,24- 1,24 пайыз, парафин 6,8 пайыз-ке дейін. Тұзүсті мұнайының тығыздығы 876-909 кг/ м3, парафин 0,37- 2,97 пайыз. Максималды дебиттер тұзүсті кешенінде 39 м3/тәу-ке дейін, тұзастында 1,5-65,0 м3/тәу, 7 мм-лік штуцерде.
411- сурет. Теңіз мұнайлы кенорны мен Құлсары мұнайгазды кенорындарының құрылымдық картасы мен геологиялық қимасы.
412- сурет. Кенкияқ мұнай кенорны мен Қаражанбас газмұнайлы кенорындарының құрылымдық картасы мен геологиялық қимасы.
Заволжско- Орал алды облысының кенорындары
Қаражанбас
1974 жылы ашылған. Брахиантиклиналь құрылымды. Мұнайлылығы неокомда және оратаңғы юраның бат ярусымен байланысты.
Неокомдағы шоғырлар қабатты, дөңбек күмбезді, бұзылысты. Сонымен бірге стратиграфиялық экрандалған, юрада – қабатты, литологиялық қалқандалған. Коллекторлары құмды және алевролитті қабаттар, кеуектілігі 27-29 пайыз, өткізгіштігі 0,013- 0351 Дарси, мұнайқанығу қалыңдығы 2- 14,6 м.
Бастапқы дебиті 1,2- 76,8 м3/тәу, бастапқы қабаттық қысым 3- 5,75 МПа, температурасы 25-370С. Мұнайының тығыздығы 939- 944 кг/ м3, күкірті 1,6-2,2 пайыз, парафин 0,7-1,4 пайыз. Мұнайы шоғырі шайырлы.
Қаламқас
Қаламқас газмұнайлы кенорны 1976 жылы ашылған. Нашар бұзылған брахиантиклиналь қатпарлылықпен байланысты. Газдылы қабаттар неокомда - 6, аптта – 2, жоғарғы және ортаңғы юрада 7 газмұнайлы, мұнайлы беткейлері анықталған. Коллекторы құмды және алевролитті жыныстар. Кеуектілігі 23-29 пайыз, өткізгіштік 0,105- 1, 468 Дарси.
Мұнайдың бастапқы дебиті 26,4 м3/тәу, Бастапқы қысым 6,5- 9,6 МПа, температурасы 39-440 С. Мұнайының тығыздығы 902- 914 кг/ м3.
413- сурет. Қаламқас газмұнайлы кенорны
Мұнай және газдың сипаттамасы
Каспий маңы ойпаты шегіндегі мұнайгаз шоғырларының орналасу жағдайының әртүрлілігіне байланысты мұнай мен газының физикалық қаситтері де әртүрлі болып өзгереді. Тығыздықтың өзгеру аралығы 780-нен 970-980 кг/м3. Тығыздыққа әсер ететін ең кең таралған фактор болып 100 бен 800 м тереңдіктегі тотығу мен биодеградация табылады.
Тұзүсті кешеніндегі шоғыр тереңдеген сайын оның тығыздығы онша жоғары емес, жеңіл фракциялармен байытылған. Мұндағы мұнай шоғырінде газконденсатты жиналым мен газды телпектер бар.
Аталған ойпаттың мұнайының құрамындағы күкірт мөлшері де әртүрлі. 2-2,5 пайыз аралығында өзгереді. Жалпы жағдайда күкіртті мұнай карбонатты өнімді кешенмен байланысты болып келеді.
Геологиялық құрылым анализі және Қазақстанның шөгінді алаптарынің мұнайгаздылығының ерекшеліктері қазіргі заманғы геохимиялық зерттеулер нәтижесінде шөгінді алаптарде мұнайгаз орналасуын нақты анықтауға мүмкіндік береді.
Геолого- геохимиялық факторлардың жақсы әсер етуі мен оның эволюциялықдамуы ерекшелігі аталған аудандағы мұнайгаздылық потенциялын жоғарылатады.
Батыс Қазақстан құрлық шегіндегі іске асырылмаған маңызды потенциалы Каспий маңы ойпатының тұзасты кешенімен байланысты болуы мүмкін.