Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 том норм.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
75 Мб
Скачать
☆

3.2.3.2 Лена-Тунгус мгп

Лена-Тунгус мұнайгазды облысы Сібір платформасының ішкі бөлігін қамтиды. Платформаның іргетасы ерте докембрийде қалыптасқан. Шөгінді тысы үйлесімсіздіктер, күшті тұзды қабаттар, сондай-ақ девон, ерте пермь-триас жасты эффузивті-интрузивті жынысытардан тұрады. Түзілімнің қалыңдығы 5 шақырымға дейін. Геологиялық зерттеу жұмыстары өткен ғасырдың 30-жылдарының соңында басталған. 1937 жылы Алдан антеклизасының баурайында 370-385 метр тереңдікте кембрий түзілімдерінен мұнай ағына алынды. Ең бірініші газдыконденсатты Атов кенорны 1961 жылы ашылды. Одан кейін Марков (1962ж), Ярактин (1969ж), Среднеботуобин (1970ж), Жоғарғывилючан (1975ж) және т.б.

Барлығы 20 кенорны анықталды. Өндірістік мұнайгаздылығы жоғарғы рифей-венд және төменгі пермь карбонатты және құмды-терригенді түзілімдеріне тән.

Кенорындардың құрылымдық типтері және шоғырлары әртүрлі. Көбіне антиклиналь емес тұзақтармен байланысты стратиграфиялық үйлесімсіздіктермен және коллектор жыныстардың литологиялық араласумен бақыланатын кенорындар кең тараған.

Кенорынның ерекшелігі қабаттық қысымның жетіспеушілігі, олар кей жағдайда гидрастатикалық қысымнан 15-20 пайыз дейін жетеді.

Облыс аумағында 43 шоғыр тіркелген.

Мұнайдың құрамы қима бойынша өзгереді. Рифей және венд түзілімдерінен нафтенді-метанды типтегі, тығыздығы 0,8-0,68 г/см3, аз күкіртті, шайыры – 0,8 – 14,38, парафинді 0,3 – 3,3 мұнай алынды. Венд- төменгі кембрий терригенді түзілімдерінен тығыздығы 0,8-ден 0,88 г/см3 дейін өзгеретін мұнай алынды. Бұл мұнай күкірттің көптегімен (0,28-1пайыз және шайырлылығымен (15 пайыз) ерекшеленеді. Венд-төменгі кембрий карбонатты түзілімдері мұнайының тығыздығы 0,8-0,9 г/см3.

423- сурет Лено-Тунгус МГО

а – мұнай және газ кенорындарының орналасу картасы; б – Геологиялық профиль.

Ең ірі тектоникалық элементтері: Антеклизалар : І – Анабар; ІІ – Байкит; ІІІ – Неп-Ботуобин; ІҮ –Алдан; Ү - Ангар-Лен сатысы; күмбезаралық ойыстар: ҮІ – Катанг; ҮІІ – Сюгджер; ҮІІІ – Курей; ІХ – Саян маңы-Енисей; Х – Ыгыаттин ойпаты; ХІ – Терин мегаойысы; ХІІ – Патом маңы аймақтық ойысы,

424 -сурет. Лено – Тунгус мұнайгаздылы провинциясының геологиялық профилі

Шоғырларі: (1 – мұнайлы; 2 - газдылы); ағымды (3 – мұнай; 4 - газ) 5 – терең ұңғымалары; 6 – жарылымдар; 7 – тау жыныстарының үйлесімсіз орналасу сызығы.

425- сурет Среднеботуобин газдыконденсатты кенорны.

426- сурет. Куюмбин мұнайгазды кенорны.

427- сурет. Верхневилючан газды кенорны.

3.2.3.3 Енисей – Анабар гмп

Е нисей – Анабар газмұнайлы провинциясы Якутияның солтүстік – батысында және Краснояр өлкесінің солтүстігінде екі мың километрден астам бағытта созылып жатыр. Оның ауданы 390 мың шаршы шақырым солтүстік және оңтүстік шекаралары Сібір платформасының шеттік платформасымен шектеседі. Провинцияның батысы, Енисей және Хатанг өзендерінің төменгі ағыстарындағы шөгінді тыстың қалыңдығы 15 шақырым шығыс бөлігі Лена және Хатанг өзендерінің төменгі ағыстарындағы қалыңдық 8 шақырым. Провинцияның көп бөлігінде 700метр қалыңдықтағы көпжылдық қатты жыныстар кездеседі. Енисей – Анабар провинциясы бұрғылау жұмыстарымен және сейсмобарлаумен зерттелген.

428- сурет. Енисей – Анабар мұнайгаздылы облысының мұнай және газ кенорындарының орналасу картасы мен геологиялық профилі.

(А.Э.Көжторович, В.С.Сурков, А.А.Трофимук бойынша)

Өте ірі тектоникалық бөлімдері:

І - Енисей-Хатанг аймақтық ойысы; ІІ – Хатанг күмбез аралық ойысы;

Ірі тектоникалық бөлімдері:

1 – Таймыр көтерілімі; 2 –Янгод-Горбид көтерілімі; 3 – Оңтүстік Таймыр моноклинальі; 4 – Орталық тАмыр мега ойысы; 5 – Рассохин мегабелі; 6 – Балахин мегабелі; 7 – Танам-Малохет мегабелі; 8 – Боганид-Джанихин мегаойысы; 9 – Солтүстік сібір мегаойысы; 10 – Лена-Анабар мегаойысы; 11 – Хантай-Рыбнин мегабелі; 12 – Нориль-Хараелах мегаойысы; 13 – Пендомаях ойпаты; 14 – Большехет мегабелі.

Мұнайгазды облыстары (аудандары:

А – Лено – Анабар МГО; Б – Енисей – Хатанг ГМО; (а – Танам МГА, б – Таймыр алды МГА, в – Пясин МГА, г – Балахин МГА).

Кенорындары: Оңтүстік Тигян; 2 – Мессоях; 3 – Солтүстік Соленин; 4 – Оңтүстік Соленин; 5 – Пеляткин; 6 – Казанцев, 7 – Зимнее; 8 – Дерябин; 9 – Озерноне; 10 – Балахин ; 11 – Хабей; 12 – Нижнехет; 13 – Джангод; 14 – Нордвиг.

429- сурет. Дерябин газдыконденсатты кенорны.

430- сурет. Мессоях газды кенорны.

4 31- сурет. Балахин газды кенорны.

432- сурет. Шығыс Сібірдің геологиялық профилдері. Құрастырған: А.Э.Конторович, В.В.Старосельцев.

33-кесте.

Шығыс – Сібір мұнайгазды провинциясының мұнайгазды облыстары

Мұнайгазды облыстар

Облыстың (аудан) тектоникасы

Нэп – Ботуобинск

Нэп – Ботуобинск антеклизасы (Усть – Кут, Нэп, Поледуй, Мирненск, Сульдюкар күмбездері, Вилючанск ертоқтылығы)

Ангаро – Саян

Брат дислокациясы, Аталангин мегадуалы және т.б.

Шығыс – Енисей

Енисей жотасының шығыс төмендеуі – Байкит антеклизасы

Игаро – Турухан

Игаро – Турухан мегадуалы, Курей – Летнин, Хантай – Рыбин және т.б. дуалдар, Төменгі Тунгус мега иінді осі.