- •3 Ежелгі платформалардың мұнайгазды провинциялары
- •3.1 Шығыс европа платформасы
- •3.1.1 Печора - Тиман мұнай - газ провинциясы
- •3.1.2 Еділ – Оралтау мұнайгазды алабы
- •3.1.3 Днепр-Препят газмұнайлы провинциясы
- •3.1.5 Каспий маңы ойпаты
- •3.1.5 Каспий маңы және Солтүстік Каспий
- •3.2 Шығыс Сібір мұнайгазды провинциясының орналасу жағдайы
- •3.2.1 Шығыс Сібір мұнайгазды провинциясының геологиялық құрылысы
- •3.2.2 Сібір платформасының геологиялық тарихы
- •3.2.3 Шығыс Сібір мұнайгазды провинциясының мұнайгаздылығы
- •3.2.3.1 Лена-Вилюй мгп
- •3.2.3.2 Лена-Тунгус мгп
- •3.2.3.3 Енисей – Анабар гмп
- •3.2.4 Шығыс Сібір платформасының геодинамикасы
- •3.3 Орталық Азия Қытай тақтасы
- •3.4 Ежелгі Австралия плаформасының сипаттамасы мен ерекшеліктері
- •3.4.1 Ежелгі Австралия платформасының сипаттамасы
- •3.4.2 Австралия алаптарының ерекшелігі
- •3.4.3 Австралия алаптары
- •3.4.4 Ежелгі Австралия платформасының даму тарихы
- •3.4.4.1 Протерозой дәуіріндегі Автралия. Жоғарғы рифей
- •3.4.4.2 Каледон дәуіріндегі Австралия платформасы
- •3.4.4.3 Герцин дәуіріндегi Австралия платформасы
- •3.5 Африка
- •3.5.1 Африка ежелгі тақтасы
- •Сирт ойпатының алабы
- •3.5.2 Батыс Африка
- •3.5.3 Шығыс Африка
- •3.5.4 Атластың қатпарлы облыстары
- •3.6 Солтүстік Америка
- •3.6.1 Греновил баикалиттері
- •3.6.2 Солтүстік және Орталық Америка
- •3.6.3 Солтүстік Америка көне платформасы
- •3.7 Оңтүстік Америка
- •3.7.1 Оңтүстік Американың геогафиялық орналасуы және мұнайгазды геологиялық құрылысы .
- •3.7.2 Амазонка провинциясы
- •3.7.3 Жоғарғы Амазонка провинциясы
- •3.7.4 Бразилия
- •Қорытынды
- •Мазмұны
- •3 Ежелгі платформалардың мұнайгазды провинциялары...................................3
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
3.5 Африка
Африканың үлкен бөлігін Африкандық (Африкан – Аравиялық) кембрийге дейінгі қатпар алып жатыр. Тек солтүстік тік батыста және оңтүстік қиырда альпілік және герциндік қатпарлы жүйе қатты дамыған. Альпілі қатпарлы облысы ( Рифтік және Телсілік Атласы ) жіңішке ұзынды созылғыш бойынша «Орта» жағалау теңізі , солтүстік бөлігінде Морокко, Алжир және Тунис алып жатыр. Оңтүстігінде эпигерциндік Атластық қатпар, құрамына бөлінетін көлемді орнықты жеке жонды мороккандық және оронскілік Месет , жоғарғы орта Сахаралық және Тунистік Атластар орналасқан.Мінездемесі жағынан алып қарағанда Африка алаңы ірге табанының астындағы шөгінді қабаттан басым болып шықты . Бұл екі ширекте бірінші меридианда жолақ ұзындығында бөлек қалың сызықтармен байқалады. Шығыс және батыста Африканың алаңында бірінші мұиттық ойыстар қалыптасқан. Африка ежелгі платформасы рифейден бастап қазіргі кездегі түзілімдермен толған платформаішілік және шеттікойпаңдары бар кристалл массивтері және қалқандардың алмасып келуімен сипатталады. Континенттің солтүстік бөлігінде қалқандар мен массивтер негізінен субмеридиональ бағытты көптеген жарылымдармен бөлінген. Ойпаңдар әртүрлі құрылым, тереңдік және қалыптасу уақыттарымен сипатталады. Олардың арасында өте ежелгі кезде қалыптасқан, ірі, терең, симметриялы болып келген синеклизалар және кембрийге дейін қалыптасқан қатпарлы белдемдермен немесе жас рифт жүйелерімен байланысты енсіз грабендер бар.
3.5.1 Африка ежелгі тақтасы
Қатпарлы белдеулердің тектоникалық құрылысының басты сипаты олардағы тектоникалық құрылымдардың негізгі бөлігі созылдырушы тангенциальды күштер әсерінен түзілгендігімен анықталады. Рифт белдеулерінде құрылымдардың жартысы белгілі этаптарда созылдырушы тангенциальды күштер әсерімен ілесіп келетін радиалды дөңес көтерілімдер нәтижесінде қалыптасқан. Сейсмология мәліметтері бойынша екінші айырмашылық қазіргі кездегі рифт белдемдерінде, олардың гиганттық мөлшерлеріне қарамастан (Шығыс Африка рифт жүйесі 6000 км-ге дейін созылады және солтүстік-шығыста Аденск шығанағының және Қызыл теңіздің грабендерін кіріктіреді, Азиядағы Өлі теңіз облысына, Иордан өзенінің аңғары және Ливантия шойтас белдеулеріне қарай жалғасады) терең фокустық жерсілкінулер байқалған жоқ. Бұл маңызды жағдай рифт белдеулеріндегі біршама өзгешелігі бар деформация механизміне сілтейді.
И. В. Давиденконың ойынша (1982 ж) Африка картасындағы пайдалы қазбалар кен орындары континенттің тектоникалық карталары бойынша жақсы мәлім жоспардағы элементтердің мозайкасы кездейсоқтық емес. Элемент контурлары (домен және мегаблоктар) картада өзара жабылады, табиғатта жабылу белдемдерінде созылған шөгінді формациялар, метаморфтық белдеулер, жанартаулық белдемдер, интрузивтік массивтер, белсенді белдемдері аймақтық жарылымдар, рифтогенді құрылымдар кіреді. Оның ойынша осының барлығы жер тобындағы планеталардың модульдік жинағы гипотезасына тікелей қатыста болады деген.
Жер тобындағы планеталардың модульдік құрылымы гипотезасы материктер бастапқыда пропланеталық модульдың мұхиттық агрегаттарынан бөлінген және олардың массасы төменнен өсіп, жоғарғы жағынан бұзылады деп болжайды. Бірақ барлық айтылғандар осы гипотезаның тек болжамы ғана: оның жағдайы мен тәжірибелік бөлімдері бөлшектік игеруді (талдауды) қажет етеді, мысалы, пайдалы қазбалар қалыптасуының геоморфологиялық және палеоклиматтық жағдайлары және Африкадағы мұнай мен газ кен орындарын орналастыру.
Ерте рифейде тақтаның ішкі бөлігінде солтүстікке қарай Кемерун массивіне параллель платформаішілік рифтогенді белдеу (спрединг) өткен болатын. Осы спрединг белдеуінің шегінде екі жағынан тереңдік жарылымдармен шектелген Нигерия ойпаңы, Чад ойпаңы, Солтүстігінде Сирт-Ливия синеклизасы және Катар ойпаңы орналасқан.
Бұл геологиялық уақытта Сахара тақтасын Шығыс Африка жарылымдар жүйесінің грабенді ойпаңдарының оңтүстік шекарасымен, Катар ойпаңымен, Жоғарғы Нілмен және Сомалий синеклизасының ең оңтүстік шегін қосатын субдукция-обдукциялық белдеммен әсерленген болатын. Осы геодинамикалық белдеу сәйкес ойпаңдардың мұнайгазды алаптардың қалыптасуының бастапқы этапын сипаттайды.
Литосфералық тақталар теориясы жағынан ежелгі Африка платформасының негізгі өндірістік мұнайгазды провинцияларының геотектоникалық қалыптасу жағдайларын қарастырайық.
Күрделі құрылымды Сахаро-Ливия мұнайгазды алабы Атлас қатпарлы жүйесіне қарай төмендеген бірқатар синеклиза мен антиклизаларды біріктіреді. Бұл алап Африка-Аравия платформасының солтүстік аудандарының перикратонды төмен түсіп кететін құрылымдар жүйесін алады. Африка- Аравия платформасы ерте және орта рифейден бастап созылмалы төмен батумен сипатталады. Кембрий-ордовик түзілімдеріндегі мұнай және газ кен орындары негізінен алаптың солтүстік және орталық бөліктерінде, ерте, орта рифей, палеоген және неогеннің обдукционды, субдукционды процестерімен берілген әртүрлі кернеулі тектоникалық белдемдерінің даму территориясында байқалған. Кембрий-ордовиктік барлық барланған мұнай – газ қорының 78пайыз-і орналасқан мұнайгаздылықтың басты ауданы Амгид-Эль-Биод (Хасси-Мессауд, Зотти, Эль-Гасси) антиклизасының солтүстік бөлігі территориясын алып жатыр. Ірі мұнай және газ шоғырларының қалыптасуы осы провинцияның тектоникасына сәйкес ежелгі протерозой жасты жарылымдар бірнеше рет қайта жанданды (PR; C1-2 – V), осыған байланысты, негізгі құрылымдық элементтер созылмалы түрде дамыған. Платформаның солтүстік бөлігінде геодинамикалық рифтогенді белдемі Сахаро-Ливиялық мұнайгазды алабын, Мурзук, Чад, Орталық Африкалық ішкі мұнайгазды алаптарын меридиональ бағытта кесіп өтіп, әрі шығысқа қарай жоғарғы бор Абиссин және Аден шығанағының ішкі мұнайгазды алаптарын кесіп өтеді.
447- сурет. Африка- Аравия платформасының құрылымы.
Тектоникалық тұрғыда Сахара тақтасының мұнайгазды алабының Шығыс Ливия-Киренаник және Батыс Ливия-Триноштан облыстары субмеридиональ бағытта Чад ойысына дейін жарылым бұзылыстарымен бөлінеді, оларға негізгі мұнайгаз кен орындары кіріктірілген. Негізгі мұнайгазды кешен кембрий-ордовиктік болып табылады. Кембрийде 3-4 өнімді горизонттар бөлінеді, ал ордовиктік мұнайгазды горизонттары бағынышты мәнге ие болады.
Мұнай және газдың негізгі қорлары седиментациялық циклдардың трансгрессивті элементтеріне негізделген (кембрий, төменгі девонның базальтты құмтастары, триас негізідндегі құмтасты қабаттар).
Ежелгі Африка тақтасының жекежонды құрылымы негізінен субкеңістіктік бағытта жарылымдардың рифтогенді жүйесінің және тақтаның шекарасына кіріктірілген жарылымдар жүйесінің дамуымен сипатталады. Жаңа айтылған тақталардың шекарасында олардың докембрийде (PR2 - C1 -V) Азор-Гибралтар, Сенгальская-Чад ойысы, төменгі палеозойда Нигерия (D-S) ауданында, кейін жоғарғы палеозойда (D-С) Кванза – жоғарғы Конго (D2) типті сырғанауы болған.
Рифтогенді табиғатта анықталған бұзылыстар негізінен алдыңғы тауаралық ойыстар шекараларына кіріктірілген және платформаның тектоникалық табиғатын толығырақ сипаттайды.
Периконтинентальды ойыстардың Батыс Африкалық жүйесі Африканың батыс жағалауында солтүстікте Агадирдан оңтүстікте Мыс Добрая Надеждаға дейін созылады. Олар мұхитқа еңістеген қалқандардың ірі көтерілімдерімен бөлінеді немесе ірі жарылымдармен шектеседі. Олардың суасты жалғасулары кей жағдайларда жағадан 500 км қашықтықта жатыр. Периконтинентальдық ойыстардың теңіз бөлігі көбінесе тек шельф пен континенттік беткейді ғана емес, сонымен қатар материк беткейі және оған жататын абиссаль жазығының бөлігін қамтиды. Олардың шегіндегі шельф 90-120 м тереңдікте жатыр.
Батыс Африканың перимұхиттық ойысының мұнайгазды провинцияларының геодинамикалық қалыптасу табиғаты үш литосфералық тақталардың бірігу белдеуімен байланысты. Осы кезде Сингаль провинциясы Азор-Гибралтар шоңғалына орта рифей және докембрий (C1 –V), ал қалған перимұхиттық ойыстардың провинциялары (Кама, Нигерская D1 –S; Кванзе D2; Нигерская D2-С1; Карру С1) Буве өзені және оңтүстік Сандвич аралдық доғалары арасындағы ауданда орналасқан. Басқа геодинамикалық жағдайларға қарағанда (субдукция, обдукция) бұл белдем литосфералық тақталардың бір-біріне қатысты сырғанауы болатын бірігу шекарасы болып табылады. Батыс Африка жағалауының ойыстары мезозой-кайнозойдың теңіздік, жағалау-тоғандық және континентальдық (4-8 мың м) түзілімдермен шөгінген. Шөгінділердің қалыңдығы теңіз бағытына қарай өседі және осы бағытта түзілімдердің фациалдық құрамы континентальдықтан тоғандық және теңіздік түзілімдерге ауысады.
Африка платформасының батыс беткейі мезозой кезеңіндегі ірі жарылымдар (спрединг) жүйесі бойынша Гвинея шығанағының ірі тектоникалық ойысы пайда болған, Атлант мұхиты суының астына құлайды. Осы жарылымдар бойынша докембрий іргетасының беті сатылы түрде 8-15о бұрышпен оңтүстік және оңтүстік-батыс бағытта өрбиді. Мезо-кайнозой түзілімдерімен құралған моноклинальды беткей мұнайгаздылы белдем болып табылатын жарылым маңы көтерілімдердің сызықты белдемдермен күрделенген жеке ірі жекежондаға бөлінеді. Мұнайгаздылық ірі аралықта төменгі бордан миоценге дейін таралған. Негізгі өнімді кешендер апт сеноман және палеоген-миоцен болып табылады. Арасында эоценнің жарықшақты алевриттері мен тақтатастары және төменгі бордың әктастары, сонымен қатар тұз күмбездерінің кепроктары мен тұз асты түзілімдері мұнайгазды болып келеді. Гвинея шығанағын қоршаған оңтүстік ойыста төменгі бордың соңында қалыптасқан (Нигерия, Сенгаль) солтүстік ойыстарынан ертерек қалыптасқан. Мұнайгаздылықтың мұндай геологиялық құрылуы мен таралуы бор (оңтүстік ойыстар) және палеоген (Африканың барлық батыс жағалауы) кезеңдерінің геодинамикалық және палеотектоникалық жағдайымен байланысқан болатын. Бұл кезеңдерде Батыс Африка территориясы мұхит орталық жоталардың үстінде орналасқан еді. Осыған байланысты Батыс Африка жағалаулары ойыстарының мұнайгаздылығы мен геологиялық құрылуы өзара ұқсас болып келеді.
Африканың шығыс бөлігінде грабенді рифттік ойыстар қалыптасқан. Африка материгінде мұнай-газ кендері 1955 жылдан бастап өндіріс қатарына кірісті. 1969 жылда Ливияда -150 млн тонна, Алжирде-44 млн тонна, ОАР-14,0 млн тонна, Нигерияда-26 млн тонна мұнай өндірілді. Африка материгі ерте заман Гондван материгінің орталық аймағы болады.
Ливия-Киренаик мұнай-газ облысында 70-мұнай-газ кенорындары ашылды. Алжир мұнай-газ облысында -100-ден астам кенорындары табылды. Бұлардан басқа Конго, Нигерия, Ангола Габона, Камерун, Сенегал мұнай-газ облыстары бар.
Іздестіру, барлау жұмыстары аймақтық іздестіру, іздеу, барлау сатыларынан тұрады. Иірім кенді барлау сатысында оларды пайдалануға дайындайды, мұнай шығарудың технологиялық схемасы жасалады, қоры есептеледі. Жер шарында ауданы бірнеше мыңнан млн.км²-ге жететін 600-ге жуық алап (провинция) бар, олардың жиынтық ауданы 80млн.км²-ге жуық, оның 50млн.км²-і құрлықта, 30млн.км²-і қайраңда. өнеркәсіптік мұнайлылық 16 алапде анықталған, өзгелерінің іздестіру үшін келешегі бар. Белгілі қорлардың 25пайыз-тейі кайнозой, 55пайыз-і мезозой, 20пайыз-і палеозой шөгінділерінде.
Жалпы Африка континентінің негізгі мұнай газ алаптары
Жалпы Африка континентінің негізгі мұнай газ алаптары 6 топқа бөлінеді. I -Алаптар Атлант Солтүстік Батыс Африкасы жүйесімен байланысты. Бұл жерде жекеленген риф алды Батыс Тельскілік, оңтүстік Тельскілік, Шығыс Атластық, Шығыс Тунистік МГА және орталық Атластық СМГА. II -Сахаралық алабының тақтасы, бұл аймақтың кең бөлігін Сахаралық Ливиялық МГА, біріктірілген қатпар синеклиза және ойысы бөлінген көтерілім тізбегін алып жатыр. III -Алаптар бірінші мұхиттық ойыс Атластық аймақта мұнайгаздылық аймақтар Батыс Морокколық және Гвинеялық шығанақ, Аюн және Сенегалдық және Намибиялық болып бөлінеді. Үнді мұхитының бірінші мұхиттық ойыстары Сомалилік, Мозамбиялық, Моджунгалық, Морондава МГАмен және тағы басқалармен байланысты. IV -Алаптар ішкі платформада синеклизасы Тауден СМГА, кіші Нигериялық Мурзук, Куфралық, Конголық, Оловамалық, Калахорилік және басқалары өте ұсақ. V- Алаптар рифтік жүйеде Шығыс Африкада : МГА - Суэцк шығанағы, СМГА Қызыл теңіз, Аден шығанағы, Ньяса көлі және басқада. VI -Оңтүстік Африкандық алаптары Африканың континентінде барлығы 41 алапқа бөлінген, олардың ішінде 11 өндірістік мұнайгаздылық болып саналады. Мұнайдың үлкен қоры Сахаралық Ливия МГА иемденетіні дәлелденді ( мұнда мұнайдың 4698млн т. және газдың 7385 млрд м3 қоры бар). Екінші орында мұнайдың қоры 3944 млн т және газ 1531млрд м3 МГА Гвинеялық шығанақ болып табылады. Бұл жерде 239 кенорны ашылған, үлкен бөлігі дельтада болып саналады. Алжир мұнай кенорнының саны -82, газдікі 59. МГА Батыс Тельстік, Оңтүстік Тельстік, Шығыс Атластық, Рертан, Сахаралық-Ливиялық (Батыс Алжирлік, Орта Алжирлік және Шығыс Алжирлік МГО). Араб Республикалық мұнай газ кенорны, мұнайы 36, газы 5. Тунис мұнай газ кенорнының саны 9, газдікі 2. МГА Шығыс Тунистік, Шығыс Атластық,Сахаралық-Ливиялық. Морокко мұнай газ кенорны саны 17, газдікі 4. МГА Риф алды-Батыс Мороккандық Батыс Тельстік (батыс бөлігі). Нигерия мұнай газ кенорны саны 185 газдікі 5.
448- сурет. Солтүстік және Орталық Африканың мұнай газдылы және потенциальды мұнай газдылы алаптары:
а – альптік эпигеосинклиналды қатпарлы облысы (Тель және Рифтік Атласс); б – Атластың эпипалеозойлық тақта; в – Атластың эпитақталы орогені (Биік және Орташа Атластар); г – Оңтүстік Атластың терең жарылымдар; д – алап шекарасы; е – алаптардың қатпарлы тіректерінің бетінің тереңдігінің сұлбаизосызықтары, м; ж – иінді ойыстарды осьтері: кенорындары: з – мұнайлы; и – газдылы:
1 – Рифалды мұнайгаздылы алап; 2 – Дуккала-Сус мұнайаздылы алап; 3 – Шелиф мұнайгаздылы алап; 4 – ішкіорамды потенциалды мұнай газдылы алап; 5 – Тель алды мұнай газдылы алап; 6 – Шығыс – Атласстық мұнайгаздылы бессейін; 7 – Ортаатласстық потенциалльды мұнайгаздылы алап; 8 – Сахара-Жерорта теңіздік мұнай газдылы алаптың (Керкенна белден аумағы) солтүстік(Тунистік) бөлімі.
Сахара алабы
Сахара алабы Африка тақтасының солтүстік баурайында ірі күрделі құрылымды шектік ойпаты түрінде орналасқан. Негізгі мұнайгаздылы кешені болып кембрий-ордовик түзілімдері есептеледі. Кембрийде орта және ірі түйіршекті, жиі-жиі шамалы іріктелген кварцитті құмтастардың үш-төрт өнімді беткейлері (қалыңдықтары 25тен 100-200м дейін) кездеседі. Колекторлары бұзылысты түрлеріне ұқсас, кеуектіліктері 10-20пайызжәне өтімділіктері бөлшек саннан 1500 миллидарси.Кембрий мұнайы өте жеңіл (800-820кг/м3), шамалы күкіртті, құрамында күкірті 0,15-0,6пайыз, құрамында парафин 2,2пайыз. Мұнагаздылы ордовик жасты құмтастар және кварциттер, коллекторлары түйіртпекті түрлі бағынышты маңды. Девон және карбон кешені мұнайгаздылығы жағынан екінші қатарға жатады. Өнімді беткейлері көбіне коллекторлық қасиеттері төменгі және аздап жоғарғы девонның ұсақ және орта түйіртпекті құмтастарында және төменгі карбонның құмтастарында қалыптасқан.Полиньяк ауданының төменгі девонның мұнайы өте жеңіл(740-820кг/м3) және аз күкіртті.Жоғарғы девонның құмтастары Ин-Сасах ауданында газдылы. Тұздылы бөлшектермен жабылған,триастың төменгі түйіртпекті бөлшегінің базальтты құмтастары да ірі газды және кейбір жерлерінде мұнайлы беткейлері орналасқан. Ұсақ және орта түйіртпекті құмтастарда (қалыңдықтары 10-50м),кеуектіліктері 5-20пайыз және өткізгіштіліктері 500-800миллидарси, саны үшке дейін өнімді қабаттар орналасқан. Осы алаңда 100ден астам мұнайлы және газдылы кенорындары белгілі. Олардың барлығының айырмашылығы өнімді қабаттарының құрамы терригенді палеозой және триас жасты болғаны. Барлық кенорындары іргетастың жоғарылаған жекежондарымен байланысты шөгінді тыстың ірі жергілікті көмпимелеріне қалыптасқан. Мұнай және газ шоғырларі көбінесе дөңбеккүмбезді болып,кейбір жағдайда кембрийдің қалың құмтастарында табандық сулары жиі кездеседі. Кейбір жерлерде дөңбеккүмбезді шоғырлар жекежондарға бөлінген. Тектоникалық қалқанған және стратиграфиялық шоғырларде кездеседі,мысалы, Хасси-Туарег. Сахара алабының мұнай және газ кенорындарының таралуында құрылымдық элементтерінің ірі көмпимелерімен байланысы бар екені жақсы көрінеді. Оларды мұнайгаз жинақ белдемдері ретінде қарастыруға болады. Сахара алабында мұнай және газ кенорындарының байлығы, жақсы коллекторлары триастың қалың тұздылы аймақтық жабындысы болғандықтан. Мұнай және газдың нақты қорлары, түзілімдік қатарлардың (кембрий, төменгі девонның базальді құмтастары, триас іргесіндегі құмтасты қабаттар) трансгрессивті элементтеріне қалыптасқаны байқалады. Осы алапта мұнайгаздылы облыстарына Иджиране-Хасси-Р’Мельск, Амгид-Биод және Полиньяк аттас дөңбеккүмбез түрлі көмпимелеріне және олардың баурайларына қалыптасқан, сонымен қатар Хамра ойпатын басып жатқан Триаполит облыстары бар.
Иджеране-Хасси-Р’Мельск мұнайгаздылы облысында Хасси-Р’Мельск мұнайгаздылы ауданы бар. Бұл жерде Хасси-Р’Мельск атты бірегей газконденсатты астам алып кенорын орналасқан,яғни Алжир.Газы майлы,құрамында 75-79пайыз метаны, 15пайыз жақсы жоғарғы дәрежелі көмірсутектеріжәне 5 пайыз ке дейін азоты бар. Кенорны сенон бетіндегі жайпақ көмпимеде орналасқан. Кембрий ордовик түзілімдерінде тікелей орналасқан 2100-2250 м тереңдікте триастың базальді түзілімдеріндегі үш құмтасты беткейлері газдылы. Шоғырдың аймақтық жабындысы 500 м триастың тұздылы қабаты болып есептеледі. Триас астында девон түзілімдерінде Хасси-Р’Мельскіден оңтүстік-батыс бағыттамасында ірі мұнайлы кенорны Белькетайф табылған.
Облыстың оңтүстік бөлігінде Иджеран көмпимесінің батыс баурайында, яғни Ахмет ойпаты, Ин – Салах мұнайгаздылы ауданы орналасқан. Девон жасты, негізінде төменгі девон, және корбондық құмтастарында 25 тен артық көбінесе газдылы кен орындары белгілі. Кен орындары палеозойлық және мезозойлық қабатшалармен құралған жайпақ жергілікті көмпимелермен байланысты. Солардың ішінде ең ірі кен орындары Джебель – Берга және Ин – Салах болады. Мезозой астында тереңдікте көмілген Эль – Биод көмпимесіне Амгид – Биод мұнайгаздылы ауданының кенорындары орналасқан. Бұл аудан екі бағыттамалы: Амгид – Хасси – Мессауд және Эль – Биод – Хасси – Туарег. Эль – Биод көмпимесінің Хасси - Мессауд бағыттамасының батысында, оның тереңдеп төмендеген жерінде кембрий түзілімдері жоғары дәрежелері мұнайлы Хасси – Мессауд мұнайгаздылы ауданы орналасқан. Бұл жерде алабтағы ең ірі мұнайлы алыптан тыс кен орны Хасси – Мессауд орналасқан.
Амгид - Эль – Биод дөңбеккүмбезінің шығыс бағыттамасында Хасси – Туарег мұнайгаздылы ауданы белгілі. Ауданның төмендеген бөлшегінде, солтүстігінде екі ірі мұнайлы кенорындары Рурд – Эль – Багель және Эль – Хасси – Эль – Агреб орналасқан. Оңтүстік жағында жалпы газдылы және газдыконденсатты кенорындарының топтары табылған. Олардың ішінде ең ірі Хасси – Тоуил, Рурд – Нус және Хамра кен орындары бар. Олардың газ, газконденсат және мұнай шоғырларі кембрий – ордовик және триас жасты құмтастарда орналасқан.
Полиньяк ойпатының батыс баурайында дөңбеккүмбезді көмпимелерінде Тинь – Фуйе, және шығыс бөлігінде Тихембок томпағындағы дөңбеккүмбезінде Зарзаитин саны қырық жақсы мұнайлы және он бес газдылы кенорындары орналасқан. Кенорындары көп қабатты. Мұнай және газ шоғырларі дөңбеккүмбезді жекежондарға бөлінген. Мұнайлы шоғырларі триас түзілімдерімен жабылған ордовик, силур, төменгі және жоғарғы девон, карбон жасты қалың құмтастарда қалыптасқан. Газдылы шоғырларі ордовик және төменгі ордовик жасты құмтастарда табылған. Полиньяк облысының ең ірі кенорындары Зарзаитин, Эджеле, Тигнтурин және Тин – Фуйе болады. Мұнайгаздылы жағдайларына байланысты Тихембок көмпимесінің шығыс баурайында орналасқан Ливияның көршілес кенорындары Уэд – Талара, Атман және т.б. Полиньяк жатады.
Батыс Ливия және оңтүстік Тунис көмпимесі Хамра ойпатында Триноштан мұнайгаздылы облысы орналасқан. Осы облыста мұнайшоғырларі триаста 2500-2700 м тереңдікте орналасқан Эль – Барма ірі кенорны табылған. Оған жаұын жерде мұнайлы кенорыны Кескеса орналасқан. Триноштан облысының Ливия аумағында силур, ордовик және девон жыныстарында мұнайгаздылы бірнеше ұсақ кенорындары орналасқан.
