Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 том норм.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
74.7 Mб
Скачать

3.1.1 Печора - Тиман мұнай - газ провинциясы

Печора – Тиман мұнай – газ провинциясы шығыс және оңтүстік – шығыс бөлігінде Орал қатпары жүйесімен, батысында Тиман көтерілімімен, солтүстігінде Баренц теңізі акваториясымен шектеседі.

Қыртыс қабаттары палеозой, мезазой, кайназой жыныстарынан құралған. Оның құрамында төрт Құрылымдық комплекс ерекшеленеді.

1.Төменгі ордовик – төменгі девон комплексі ордовик, силур және төменгі девон. Қалыңдығы 2.5 шақырым болатын әктасты- доломитті, құмтасты, сазды, карбонатты формациясынан құралған.

2.Ортаңғы девон – триас комплексі ортаңғы девон – төменгі франк қалыңдығы 2.5 шақырым болатын құмтасты, сазды формациясынан құралған. Жоғарғы девон- турне қалыңдығы 2 шақырым болатын әктасты- доломитті формациясынан құралған. Жоғарғы девон- турне шығыс бағытында карбонатты сазды қалыңдығы жүздеген метр формациясымен алмасады. Жоғарғы турне, ортаңғы визе құмтасты, сазды формациясымен (0.82 шақырым), ортаңғы визе аса ізбестасты, доломитті формациясымен (1.3 шақырым), кунгур- жоғарңы пермь құмтасты- карбонатты формациясы(0.1- 2.5 шақырым), триаста құмтасты- сазды формациясымен (1.5 шақырым) алмасады.

3.Ортаңғы юра – төменгі бор комплексі құмтасты сазды 1.5 шақырым формациясымен көрсетілген.

4.Кайназой Құрылымдық комплексі полеоген- неогеннің құмтасты, сазды (300м) формациясымен және антропогеннің тиллитті- терригенді (50м) формациясымен құралған.

Жалпы сипаты бойынша провинция келесі құрылымдарға бөлінеді: Тиман көтерілімі, Ижма- Печора ойпаты, Печора- Колвин құрылымдық зонасы, Хорейвер ойпаты, Варандей-Адзьвин құрылымдық зонасы, Орал алды шеткі ойысымы және Орал аудандық қаусырма белдемі.

Тиман көтерілімі іргетас жатысының ең бір көтереңкі облысын (400 м) иемденеді. Оның ұзындығы 1100 шақырым жетсе, ені 150 шақырым болады. Жарылымдар жүйесі бойынша Тиман көтерілімі ірі горст тәрізді көтерілімдерге жарылған.

Ижма-Печора ойпаты батысында Тиман көтерілімі, шығысында Печора- Колвин құрымдылық белдемімен, оңтүстігінде Орал алды шеткі ойысымы араларында орналасқан. Ойпат ұзындығы 800 шақырым, ені 200 шақырым ауданда созылған. Шөгінді түзіліімдер қалыңдығы солтүстік пен оңтүстік- шығысқа қарай 1ден 5 шақырымға дейін артады.

Печора- Колвин құрылымдық зонасы Печора- Тиман мұнай- газды провинциясының орталығында орналасқан. Оңтүстігінде Орал алды шеткі ойысым құрылымымен шектесіп, солтүсігінде Баренц теңізі су айдынымен мен жалғасады.

Бұл құрылым күрделі құрылымдық белдемдер қатарына жатады.Өлшемдері 700х60- 120 шақырым.

367- сурет. Тиман – Печора мұнайгаздылы провинция (В.И. Богацк., Б.Я. Вассермак бойынша).

Тектоникалық аумақтың шекаралық элементтері: 1 – алып, 2 –і рі,3-орташа, 4-иілім негіздерінің шығуы, 5- сырғыма және шапшыма, 6- қаусырмалар; мұнай – газ геологиялық аумақтың элементтері: 7- провинциялар, 8- облыстар, 9- аумақтар; кенорындар: 10- мұнайлы, 11- газды, 12- мұнайгаздылы, 13- газмұнайлы, 14- газ конденсатты, 15- мұнайгазконденсатты; кіруі: 16- мұнай, 17- газ. Алып тектоникалық элементтер: I- Пайхой антиклинорйі, II- Тиман қырқалары, III- Орал иілімді жүйесі, IV- Орал алды иіндіойыс шеті; Ірі тектоникалық элементтер: V- Ижма – Печора ойысы, VI- Печора – Колвин авлокагені, VII- Хорейвер ойысы және Варандей – Адзъвин авлокогені, VIII- Коротаихин ойысы, IX- Косью – Рогов ойысы, X- Большесынин ойысы, XI- Жоғарғыпечора ойысы, XII- Чернышев қырқалары, XIII- Шығыс- Тиман мега бел – белесі. Мұнайгаздылы облыстар мен аймақтар: А- Ижма – Печора МГО: а1- Малоземель – Колгуев МГА, а2 – Омра – Сойвин МГА, а3 – Джеболь МГА, а4 – Велью – Тэбук МА, а5 – Мичаю – Пашнин МГА, а6 – Верхнелож – Лемью МА; Б – Печора – Колвин МГО: б1 – Кыртаель – Печорогород МГА, б2 – Шапкин – Юрьяхин МГА, б3 – Лай – Лодмин МГА, б4 – Ярейю МГА, б5 – Харьяга – Усин МГА; В – Хорейвер – Морею МГО: в1 – Колва – Висов МГА, в2 – Сорокин МГА, в3 – жоғарғы Адзъвин МГА; Г – Солтүстік орал алды МГО; Д – Тиман МГА.

368- сурет. Тимано – Печора мұнайгаздылы провинциясының формациялық бағаны.(В.И. Богац, Б.Я. Вассерман бойынша).

Формациялар: 1-әктасты, 2- рифогенді әктасты, 3- мерглеь – борды, 4 – саз – карбонатты, 5 – доломитті, 6 – молассалы, 7 – шұбар саз – құмтасты, 8 – сұр түсті саз – құмтасты, 9 – сазды,10 – тұзды, 11 – сульфатты,12 – вулкано – терригенді, 13 – вулканогенді, 14 – стратиграфиялық үйлесімсіздік; фундамент түзілімдері: 15 – архей – төменгі протерозой, 16 – жоғарғы протерозой; шоғырлар:17 – мұнай, 18 – газконденсат, 19 – газ.

Печора- Кожвинск мега бел- белесі 400 шақырымға дейін созылып, ені 30-40 жетеді, іргетас беті Выдшор, Лебедин, Лыжск- Кыртаельск тау түзілімді көтерілімдермен қиындатылған. Батыс қанаты Печора жарылымды бұзылыстармен тілемденген.

Хорейвер ойпаты батысында Колвин мега бел- белесімен, шығысында Варандей- Адзьвин құрылымдық зонасымен, оңтүстік- шығысында Чернышев көтерілімімен шектеседі. Оның ұзындығы 300 шақырым, ені 60-140 шақырым. Ойпат іргетас блогына сәйкес келеді,пология және бұзылған изометриялы аз амплитудалы көтерілімдер Большеземель күмбезінде шоғырланған [8].

369- сурет. Усин кенорыны.(Б.Я. Вассерман бойынша).

а- орта девондағы құмтастармен жапсарласқан құрылымдық картасы; б - I-I сызығымен геологиялық қимасы. 1- орта девондағы өнімді құмтастардың жайылу шекарасы, 2 – мұнай шоғырларі, 3 – мұнайгаздылы шек, 4 – фундамент тысы, 5 – 1 метрдегі изогипстер.

Колвин мега бел-белесінің шығыс баурайы бойымен Чернореченск депрессиясы созылып жатыр. Бұл ойпаттың барлық құрылымдық қабаттар бойынша ең төмен бөлігі (7 шақырым).

Хорейвер ойпатының оңтүстік – шығыс бөлігінде Макариха – Салюкин антиклинальды зонасы, Саняныд қазан ойпаты және Цальегор депрессиясы ажыратылады. Бұл өзгерістер триас бөлімінде қатпарлардың аудандық ауытқуының нәтижесінде.

Варандей – Адзьвин құрылымдық зонасы солтүстік – батыс бағытта 240 шақырым, ені – 60 – 100 шақырым созылып жатыр. Батысы мен шығысында Хорейвер және Коротайхин ойпатымен, оңтүстігінде Чернышев көтерілімімен шектелген. Бұл зонаның іргетас беті Сорокин және Гашбурцев бел – белесін, Мореюс және Жоғарғы Адзьвин депрессиясын біріктіріп, көптеген түзу бағытты тектоникалық бұзылыстармен жарылған.

Печора – Тиман провинциясы құрамына енетін Орал және Полт – Хоя батыс баурайын бойлай созылады. Ол іргетасқа дейінгі ірі төмен түсу жүйелерімен көрсетілген, тереідігі 10 – 14 шақырым. Мұнда жоғарғы Печора (470x50 -70 шақырым), Үлкен Сынин (260x25-80 шақырым) және Косью – Роговск (300x30-120 шақырым) ойпаттары ерекшеленеді.

Мұнай газдылы кешендері

Печора - Тиман провинциясының шөгінді тысында сегіз мұнайгазды кешен ажыратылады: ордовик – төменгі девон. Коллекторы карбонатты, ортаңғы девон – төменгі франс, терригенді; жоғарғы франс – турней, карбонатты; төменгі пермь(артинск – кунгур ) терригенді карбонатты – галогенді. Жоғарғы пермь, терригенді; триас терригенді.

370- сурет. Батыс – Тэбук кенорыны.

а- II б қабаты бойынша Құрылымдық карта, б – геологиялық қима; 1- II б – III қабатындағы мұнайгаз шегі, 2 – II б қабатындағы коллекторлық аумақтың жоқтығы, 3 – мұнай шоғырларі, 4 – жоғарғы сртуктуралық үйлесімсіздік, 5 -1 метрдегі изогипстер.

Өнеркәсіптік мұнайгаздылық ордовик-төменгі девон, орта девон­төменгі фран, жоғарғы девон­турне,жоғарғы визе­артин, кунгур­жоғарғы пермь және триас кешендерімен ұштастырылған.Кенорындар антиклинальды немесе брахиантиклинальды қатпарлармен, бұзылған және бұзылмаған жарылымдармен, сонымен қатар рифогенді массивтер және моноклинальдармен тығыз байланысты.

Провинциялар шегінде 226 шоғырлар тіркелген. 4­кестеде олардың сипаттамасы берілген.10, 11­суретте стратиграфиялық кешендері мен тектоникалық элементтері бойынша шоғырлардің жіктелуі келтірілген.

Мұнай тығыздығы 807­981 кг/м³.Орал алды ойысы, Печоро­Колвин авлокогені, Ижма­Печора ойпаңының орта және жоғарғы девон терең түзілімдерінде едәуір жеңіл мұнай, ал ауырлары Сорокин белі мен Хорейвер ойпаңының силур­төменгі девон, триас шоғырларі мен Ижма­Печор ойпаңы және Шығыс Тиман мегабелінің палеозойлық шоғырларінде айқындалған. Күкірттің мұнайдағы мөлшері 0,1­ 3пайыз жоғары,тиесілі мәні 0,3­1пайыз.1­3пайыз күкірті бар мұнай әсіресе карбон­төменгі пермь, жоғарғы девон мен силур карбонатты түзілімдерімен ұштастырылған, сонымен қатар Сорокин белінің триасты шоғырларінде кездеседі. Кең таралған парафинді мұнай ( 25пайыз парафин ), едәуір кең жоғары парафинділер (623,4пайыз) және өте жиі кездесетін аз парафинді мұнай (2пайыз төмен). Топтық құрамы бойынша мұнай метандынафтенді болып келеді.

Еркін газдар жоғары концентрациялы метан мөлшерімен ерекшеленеді (78,39.71пайыз). Этан мөлшері 0,111,69 пайыз, пропан 0 ден 4,1пайыз, бутан 0 ден 2пайыз, пентаннан жоғары 0ден 1,4пайыз. Азот мөлшері 0,9215пайыз, көмірқышқыл газы 0,10,5пайыз, сирек 23пайыз. Әдетте күкіртсутек болмайды немесе аз мөлшерде (0,20,6пайыз). 97пайыз дейін метаны бар құрғақ газдар едәуір кең тараған. Өтпелі газдар көмірсутекті, сирек азоткөмірсутекті болып келеді. Бұнда метанның мөлшері 1298 пайыз, этан 0419,1пайыз, пропан 0,116,9пайыз, пентан және жоғары 0,611,9пайыз, азот 1,366,6пайыз, көмірқышқыл газы 0,043,4пайыз. Жоғары азотты концентрациялы өтпелі газдар Ижма Печор ойпаңының кейбір шоғырларіне тән.

Көптеген газды шоғырларде конденсат мөлшері 10415кг/м³. Жоғары құрамдысы (200кг/м³ жоғары) ПечороКожвин мегабелінің терригенді девон шоғырларіне және Орал алды ойысының (Вуктыль, Батыс Соплесс) төменгі пермькарбон, орта девон кейбір шоғырларіне тән. Конденсат тығыздығы 672790 кг/м³. Құрамы метаннафтенді. Метанды көмірсутек мөлшері 63,686,6пайыз, нафтенді 9,223,6пайыз және ароматты 7,815,8пайыз. Жаңа кен орындардың болашақта айқындалуы барлық мұнайгазды првинциялар облыстарының ордовиктөменгі девон (Хорейвер Морею мен Печор Колвин МГО), жоғарғы девон, карбон және төменгі пермь карбонатты түзілімдерімен, сонымен қатар орта және жоғарғы девон, карбон, жоғарғы пермь мен триас терригенді түзілімдерімен байланысты. Көп көңілді аз амплитудалы құрылымдар мен шоғырлардағы шоғырларді іздеу алып келеді.

1.Ордовик – төменгі девон мұнайгаздылы кешені. Батыстан (Ижма – Печора синеклизасы) шығыс (Косью – Роговск ойысы) бағытта жыныстардың тас келбетті өзгергіштігі байқалады. Кешеннің ордовик бөлігінде сульфат – карбонатты түзілімдер сульфат – доломит – галогенді түзілімдермен аралас, төменгі силур бөлігінде сульфат – терригенді – доломитті түзілімдер әктас – доломитті түзілімдермен алмасады, жоғарғы силур карбонат – терригенді түзілімдер әктас – доломитті түзілімдермен, төменгі девон бөлігінде терригенді түзілімдер сульфат терриген карбонатты түзілімдермен аралас орналасуы байқалды.

Ордовик – төменгі девон кешенінде аймақтық жабын жоқ. Оның құрамында тек ішкі формациялық ақпа тірегінің қалқандаушы қасиеті байқалады. Кешеннің жатыс тереңдігі 1- 2 шақырым –нан (Ижма- Печора ойысы) 6 шақырымға дейін Печора –Колвин авлокогені мен Жоғарғыпечора ойысында, Большесынинск ойысының оңтүстігінде, Коротайхинск ойысының шығысында тереңдігі 9 шақырымға дейін барады. Коллектор болып жарықшақты кеуекті және каверналы кеуекті әктастар мен доломитер есептеледі.

371- сурет. Тиман – Печора провинциясындағы шоғырлар үлгілері.(Г.В. Важенин, А.А. Гобанов бойынша).

Шоғырлар: 1 – қабат және күмбезді, 2 – тектоникалық экрандалған, 3 – қабатты күмбкз литологиялық экрандалған, 4 – стратиграфиялық экрандалған, 5 – қабатты литологиялық, 6 – массивті литологиялық экрандалған, 7 – қолкескінді, 8 – рифогендік массивтегі массив күмбез, 9 – массив күмбезді Құрылымдық рифогендік массив түрінде, 10 – қабатты литологиялық экрандалған, 11– қабатты Құрылымдық экрандалған, 12– тектоникалық экрандалғанҚұрылымдық рифогендік массив түрінде, 13 – стратиграфиялық массивті және тектоникалық экрандалған.

Олардың кеуектілігі 5 тен ,10пайыз дейін, өткізгіштігі 0.03 – 0.07 мкм2 – тан аспайды.

Хорейверск ойысында мұнай шоғырларі ордовик (Ортаңғымакарихинск ауданы), силур (Баганск, Сандивейск, Ортаңғымакарихинск) және төменгі девон түзілімдерінде (Октябрьск, Варкнавтск) анықталды. Бұдан басқа Косью – Роговск ойысының Кочмеск ауданынан ордовик түзілімдерінен газ ағыны алынды. Бірнеше мұнай шоғырларі анықталды. Төменгі девон резервуарларының Варандей – Адзьвин құрылымдық белдемінде (Сарымбай, Нядейюск және т.б.), Ижма- Печора ойысында (Батыс Тэбук) силур түзілімдерінде. Анықталған шоғырларде тығыздығы жеңіл және отраша парафинді мұнай басым. Гипергенді өзгерген ауыр мұнай (0.934кг/м3), құрамында өте көп күкірт(2.63пайыз), смола(15.3пайыз), асфальтен( 9.7пайыз) кездеседі.

372- сурет. Вуктыль кенорыны.

а- пермь – триас өнімді қабатындағы стратиграфиялық карта, б – геологиялық қима; 1 – жарылым бұзылысы, 2 – газды шоғырлар, 3 – газдылы шектер, 4 – страграфиялық үйлесімсіздіктің үсті.

Ортаңғы девон - төменгі фран мұнайгаздылы кешені.

Орташа қалыңдығы 200-500м болатын терригенді түзілімдерден құралған. Максимальды қалыңдық Печора – Кольвинск авлокогенінде (>1800м) анықталды.

Кешен құрамында бірнеше құмтасты өнімді қабаттар ажыратылады. Провинцияның оңтүстігінде құмтасты өнімді қабаттар басым. Қабат қалыңдығы 20дан 70м –ге дейін, коллектор кеуектілігі 23пайыздан (Ярегск кен орны) 6-12пайызға дейін (Пашнинск кен орны). Бұл кен орындарда коллектор өткізгіштігі 0.03 – 0.07 ден 2.8мкм2- қа дейін өзгереді.

Провинцияның шеткі солтүстік – шығыс аудандарында кешен қимасы теңіздік кремнилі – сазды – карбонатты қабаттармен көрсетілген. Бұларды Левинск таскелбеттілігі деп атайды. Левинск белдемінен батыс бағытта елцких таскелбеттілігінің таяз сулы карбонатты түзілімдері басым.

Көмірсутекті флюидтер үшін Кыновск – Саргаевск сазж\ды қабаты аймақтық қалқан болып табылады. Кешеннің өнеркәсіптік мұнайгаздылы аймағы болып Тиман алды оңтүстік шығыс бөлігі, Ижма – Печора ойысының оңтүстік бөлігі, Печора – Кольвинск авлокогені және Ортаңғыпечора көтерілімі есептеледі. Шоғырлар қабатты және массивті, жиі литологиялық, тектоникалық, стратиграфииялық экрандалған, литологиялық шектелген болып келген. Ортаңғы девон – төменгі фран кешенінің мұнайы негізінде жеңіл, бірақ кей жерінде мұнай тығыздығы 0.940 кг/м3 қа жетеді. Ярегск кен орнының III өнімді қабатында нафтенді – ароматты мұнай шоғыры анықталды, тығыздығы 0.933 – 0.947 кг/м3. Ухта – Ижемск бел-белесінен шығыс бағытта мұнай құрамының физика – химиялық өзгерісі байқалды. Ауыр аз парафинді, жоғары смолалы мұнай жеңіл жоғары шайырлы (>10пайыз), асфальтені жоқ мұнаймен алмасады.

Жоғары фран – турней мұнайгаздылы кешені.

(Төменгі фран ярусының Саргаевск және Семиулск беткейлері енеді.) қалыңдығы 500 м- ден 2200 м-ге дейін Саргаевск беткейі арасы саз болып келген әктас және мергель жыныстарымен, Семиулск беткейі доманик түрлі жыныстар кездеседі. Печора – Кожвинск бел – белесі аумағында сазды, сазды – карбонатты, массивті органогенді әктастар мен доломиттер басым, провинцияның оңтүстік аудадарында доманик түрлі жыныстар.

Провинцияның оңтүстік шығысында фамен түзілімдері битуминоздыіктастармен және қара сазды – кремнийлі жіктастармен құралған. Солтүстік – батыс ауданы сазды және органогенді сынықты әктастар, арасы гипсті жыныстардан түзілген.

Провинцияның солтүстік батыс бөлігіндегі турней ярусының шөгінді түзілімдерінің арасы сазды әктастармен көрсетілген, ал оңтүстік шығыс бөлігі – терригенді түзілімдер, Вуктыло – Джебольск иінді ойысының төменгі бөлігіне тиесілі.

Жоғарғы девон – турней кешенінде мұнайлы шоғырлар басым, олар Саргаевск – Семиулск, жоғарғы франс,фаменнің карбонатты түзілімдеріне тиесілі. Мұнайдың өндірістік ағымы провинцияның солтүстік бөлігіндегі Возейск құрылымдарынан доманик түрлі түзілімдерінен алынды. Бірқатар аудандарда (Батыс –Тэбукс, Полиморск, Лузекая) мұнай шоғырлар кедертас текті массив және биогерм денелерінде анықталды. Резервуар балдырлармен кеуекті ұралы әктастармен көрсетілген. Көлемдік қасиеттері жоғары кеуектілігі 30пайыз -ке дейін, өткізгіштік 2мкм2-қа дейін. Батыс- Тэбуэкс кедертасты массивтің мұнайлы ауыр, газбен аса қанықпаған және терригенді девон мұнайына қарағанда күкіртті парафинді.

Ижма- Печора ойысының оңтүстік бөлігі және Колвин көтерілімінде фамен ярусының әктастарынан мұнай шоғырларі анықталды. Коллекторлары – ұралы сынықты оолиттер және онколитті әктастар, бірінші дәрежелі кеуекті 20-30 пайыз-ке дейін шоғырлар қабатты – күмбез түрлі. Бұл шоғырлар турней ярусының құмтас және алевролитті түзілімдерінен тұрады. Құрылымдық - литологиялық газ шоғырлары Троицк – Печора, Джебольск, мұнай солтүстік жилкин, газды конденсат Джебольск, 750м-ден 1600м тереңдікке дейін шоғырланған мұнай жеңіл (0.803 – 0.837кг/м3 ), аз күкіртті және күкіртті (0.18 – 0.58пайыз), парафинді(2-4.3пайыз).

Мачаю – Пошнинск белдемінде (Пошнин, Солтүстік - Савинобор) Печора синеклизасының шығыс шеткі бөлігі , турней ярусының карбонатты түзілімдері мұнай шоғырларін біріктіреді. Орал алды иінді ойысында 5км дейін тереңдікте Вуктыльск кен орнының қаусырма асты бөлігінде мұнайгаздыконденсатты шоғыр ашылды.

373- сурет. Орал тау кенорындарының қаусырма белдемінің геологиялық қимасы.(М.И. Остров, Б. Я. Вассерман материалдары бойынша )

А – Вуктыль кенорыны (солтүстік сегмент), Б – Беркутов кенорыны (оңтүстік сегмент).1 – қаусырма, 2 – сырғыма, 3 – газды шоғыр.

Тиман – Печора алабының әртүрлі мұнайгаздылы кешендерінің мұнайлары жалпы физика – химиялық қасиеттерінде ұқсастық белгілі. Аймақтың мұнайы аз күкіртті және күкіртті (0.5 – 1пайыз), парафинді, шайырлы, көбінесе жеңіл. Ең жеңіл және сапалы мұнайлар орта девон – төменгі франк кешендерінде табылған. Орта тығыздықты мұнайлар жоғары девон мен орта таскөмірлі – төменгі пермь шоғырларінде орналасқан.

Өте ауырлау мұнайлар үлкен кенорындағы төменгі пермь жасты әктастарда (0.97 кг/м3) Печора – Кожвин бел – белесіндегі астыңғы карбон жасты кенорындарында және Ярег кенорынның эйфель ярусының үшінші жақшашасында(0.933 – 0.947кг/м3) табылған. Бұл кенорнында мұнай шахта әдісімен өндіріледі. Жалпы тереңдеген сайын мұнайлар жеңілдей бастайды.

Табиғи газдары метанды, күкіртсіз. Газ ішіндегі конденсат құрамы 340 кг/м3 дейін барады.

Қазіргі уақытта Солтүстік – Шығыс федеральды аймақта ірі мұнайлы және табиғи газ қоры ашылған. Ол ішкі қолданысқа және ірі экспорттық жобалауға жеткілікті.

Ашылған мұнай қорларының (кат. ABC1+C2) Солтүстік – Шығыс федеральды аймағының Неміс автономды аймағына берер үлесі 70пайыз, Коми республикасы 30пайыз, Калининград облысына 0.5пайыз; газдылығы бойынша 73пайыз және 27пайыз сәйкес келеді.

Ресейде Солтүстік Батыс федеральдық Ненецк автоном округі Калининград облысының Балтық мұнайлы облысында, сонымен Печора, Беренцев және Балтық теңіздер су айдын көлемінде 167 кенорын табылған, соның ішінде 144 мұнайлы, 79 кенорыны игерілу сатысында, 13 кенорын теңіз су айдында орналасқан.

Ежелгі платформалардың мұнайгаздылы провинциялары жердің бір белгілі даму кезеңінде геодинамикалық жағдайларға ұшыраған.

Орыс платформасының провинциялары ішінде Печора Тиман мұнай газ кендері санынан алда келеді. Печора – Тиман мұнай – газ провинциясы шығыс және оңтүстік – шығыс бөлігінде Орал қатпары жүйесімен, батысында Тиман көтерілімімен, солтүс тігінде Баренц теңізі акваториясымен шектеседі.

Печора - Тиман провинциясының шөгінді тысында сегіз мұнайгазды кешен ажыратылады.Кешен құрамында бірнеше өнімді қабаттар ажыратылады.

Қорыта келгенде, Тиман – Печора алабының әртүрлі мұнайгаздылы кешендерінің мұнайлары жалпы физика – химиялық қасиеттерінде ұқсастық белгілі. Аймақтың мұнайы аз күкіртті және күкіртті (0.5 – 1пайыз), парафинді, шайырлы, көбінесе жеңіл. Ең жеңіл және сапалы мұнайлар орта девон – төменгі франк кешендерінде табылған. Орта тығыздықты мұнайлар жоғары девон мен орта таскөмірлі – төменгі пермь шоғырларінде орналасқан.