- •3 Ежелгі платформалардың мұнайгазды провинциялары
- •3.1 Шығыс европа платформасы
- •3.1.1 Печора - Тиман мұнай - газ провинциясы
- •3.1.2 Еділ – Оралтау мұнайгазды алабы
- •3.1.3 Днепр-Препят газмұнайлы провинциясы
- •3.1.5 Каспий маңы ойпаты
- •3.1.5 Каспий маңы және Солтүстік Каспий
- •3.2 Шығыс Сібір мұнайгазды провинциясының орналасу жағдайы
- •3.2.1 Шығыс Сібір мұнайгазды провинциясының геологиялық құрылысы
- •3.2.2 Сібір платформасының геологиялық тарихы
- •3.2.3 Шығыс Сібір мұнайгазды провинциясының мұнайгаздылығы
- •3.2.3.1 Лена-Вилюй мгп
- •3.2.3.2 Лена-Тунгус мгп
- •3.2.3.3 Енисей – Анабар гмп
- •3.2.4 Шығыс Сібір платформасының геодинамикасы
- •3.3 Орталық Азия Қытай тақтасы
- •3.4 Ежелгі Австралия плаформасының сипаттамасы мен ерекшеліктері
- •3.4.1 Ежелгі Австралия платформасының сипаттамасы
- •3.4.2 Австралия алаптарының ерекшелігі
- •3.4.3 Австралия алаптары
- •3.4.4 Ежелгі Австралия платформасының даму тарихы
- •3.4.4.1 Протерозой дәуіріндегі Автралия. Жоғарғы рифей
- •3.4.4.2 Каледон дәуіріндегі Австралия платформасы
- •3.4.4.3 Герцин дәуіріндегi Австралия платформасы
- •3.5 Африка
- •3.5.1 Африка ежелгі тақтасы
- •Сирт ойпатының алабы
- •3.5.2 Батыс Африка
- •3.5.3 Шығыс Африка
- •3.5.4 Атластың қатпарлы облыстары
- •3.6 Солтүстік Америка
- •3.6.1 Греновил баикалиттері
- •3.6.2 Солтүстік және Орталық Америка
- •3.6.3 Солтүстік Америка көне платформасы
- •3.7 Оңтүстік Америка
- •3.7.1 Оңтүстік Американың геогафиялық орналасуы және мұнайгазды геологиялық құрылысы .
- •3.7.2 Амазонка провинциясы
- •3.7.3 Жоғарғы Амазонка провинциясы
- •3.7.4 Бразилия
- •Қорытынды
- •Мазмұны
- •3 Ежелгі платформалардың мұнайгазды провинциялары...................................3
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
3.1 Шығыс европа платформасы
Орыс платформасының территориясында Тиман - Печора, Днепро – Донецк, Каспий маңы, Балтық маңы, мұнай – газ облыстары кездеседі. Бұлардың фундаменті Архей – Протерозой дәуірлерінің қабаттары болып, қыртыс қабаттары мезозой, кайназой жыныстарынан құралған.
Тиман – Печора мұнай – газ провинциясында мұнай – газ кендері 1930 жылы ашыла бастады. Өнімді қабаттары палеозой, мезо – кайнозой қабаттары, қазіргі уақытта Тимано – Печора мұнай газдылы провинциясында 181 мұнай – газ кені ашылды. Олардың 134 мұнай кені.
Днепро – Донецк мұнай – газ облысында кенорын 1956 жылдары табылды. Бұл жерде 156 мұнай – газ кені, оның 30 – мұнай кені.
Припят мұнай –газ облысында мұнай кені 1964 жылы ашылды.
Тиман – Печора мұнай газдылы провинциясы – Русь жазықтығының солтүстік – шығыс бөлігінде орналасқан және әкімшілік территориясы жағынан Архангельск облысының Кеңес автономы округін қамтиды. Провинцияның мұнай газды ресурстарын игеру 1929 жылы басталды. 30 жыл бойы көмірсутегі шоғырларын іздеу жұмыстары негізінен доманик асты терригенді, батыс бөлігінің түзілімдерімен байланысты болады.
60 – шы жылдардың басынан бастап іздеу – барлау жұмыстары солтүстік және солтүстік – шығыс аудандарға көшті, зерттеу объекті болып шөгінді тыстың барлығы болды. Тектоникалық тұрғыда провинция ежелгі Шығыс Европа платформасының шеткі жүйесімен байланысты. Тиман көтерілімінің шығыс бөлігінде, Печора синеклизасына және Орал алды шеткі ойысымының солтүстік бөлігіне жатқызылады. Оңтүстік – батыс және Оңтүстік – шығыс жағынан провинция территориясы мұнай газдылы болашағы жоқ Тиман көтерілімі және Орал қатпарлы жүйесімен шектеседі. Оның аудандық тұйықтығын жақсы деп санауға болады.
Провинцияның материктік бөлігінің ұзындығы 900км, енінің максималды бөлігі 700 шақырымға дейін. Шөгіндінің көлемі 1415 мың шаршы шақырым, соның ішінде палеозой 1200 мың шаршы шақырым, мезозой 125мың шарщы шақырым, кайнозой 30 мың шаршы шақырым. Шөгінді тыстың түзілімдері байкал іргетасында жатыр. Іргетас негізінен әлсіз қатпарланған тақтатастардан, кварцті құмтастардан, доломиттерден тұрады. Геологиялық – геофизикалық жұмыстар нәтижесі бойынша бірқатар зерттеушілер Тиман – Печора мұнай газдылы провинциясының рифей түзілімдерін өтпелі кешен деп қарастыруды, ал іргетас ретінде (шығыс Европа сияқты) архей – протерозой түзілімдерін санауды айтады. Рифей кешенінің іргетас тереңдігі белгілі бір заңдылықпен батыстан шығысқа қарай алғашқы он немесе жүз метрден (Тиман көтерілімі) 10-12 шақырымға дейін (Орал алды ойысымы ойпаңында) ұлғаяды.
Провинция әр түрлі көлемдік (10 –нан 200 шаршы шақырымға дейін ) жергілікті құрылымдарға бай (550 ден астам).
Тиман – Печора мұнай газдылы провинцияда аймақтық жапқыш ретінде жоғарғы девон (Кын - Саргая) сазды карбонатты және жоғарғы юра – төменгі бор сазды қабатын белгілейді.
Бұл жерде бірнеше мұнай газдылы кешендері бөлінеді:
Ордовик – төменгі фран;
Жоғарғы фран – төменгі пермь;
Жоғарғы пермь – мезозой
Жоғарғы пермь – мезозой кешені терригенді, ал қалғандары карбонатты (Ордовик – төменгі девон, Жоғарғы фран – турне, жоғарғы визе – төменгі пермь) және терригенді (орта девон – төменгі фран, төменгі – орта визе және артин – кунгур) бөліктерден тұрады.
Тиман – Печора мұнай газдылы провинциия құрамында бес мұнай газдылы облыс кіреді. Олардың өндірістігі мұнай газдылығы бүкіл шөгінді тысты(ордовиктен бастап триасты қоса алғанда) қамтиды. Көмірсутектің ең ірі шоғырлануы Печора – Колвин, Солтүстік – Орал алды, Хорейвер – Морею мұнай газдылы облысының, оның ішінде бірінші мен үшіншісінде мұнай, ал екіншісінде газ басым.
Көмірсутегінің ең ірі қоры орта девон – төмен фран және жоғарғы визе – төмен пермь түзілімдерінде. Провинция негізінен көпқабатты кенорындардан тұрады (20 шоғырға дейін). Мұнай және газдың өндірістік қоры 21 мұнай газдылы ауданның 80 кенорнында шоғырланған.
В.Д. Козырев өндірістік мұнай – газдылы әлем алаптарын зерттеу негізінде олардың мұнай – газдылығының негізгі бес геотектоникалық белгілері нысандалған.
1. Шөгінді алап типі: платформалық, тауалды, тауаралық.
2. Шөгінді алап қалыңдығы және оның өлшемдері.
3. Алап дамуының тектоникалық активтілігі, яғни фундаменттің жарылымдарға бөліну дәрежесі, литологиялық құрамы бойынша қиманың күрт дифференциациясы немесе үзіктілігімен үйлесімсіздігінде.
4. Иілудің аяқталу сатында алап күшті иілу уақыты.
5. Алап гипсометриясы мен геотектоникасы. Бұл келесідей нәрсені білдіреді: аймақ рельефінің төмен болуы және неогенге дейінгі беттің қосынды деформациялар деңгейі қазіргі жер қабатының құрылымында ежелгі протерозой, рифейге дейінгі фундаменте тектоникалық қозғалыстар жандана бастауымен оның бетіне әр жастылы жарылымдардан құралған қалың тор түсті. Ежелгі протерозойда құралған фундаменттің құрылымдық жобасы фанерозой уақытында жоғалып және өзгере отырып, қазіргі кезге дейін негізгі қасиеттерін сақтап қалған.
Ежелгі протерозойда Ладожко – Вонынская, Мәскеу – Пачелем және Солиганич – Беламор авлокегендері пайда болған деп саналады.
А.В. Лобусев пікірі бойынша Шығыс Европалық кратон шегінде ежелгі протерозойлық рифтердің кеңістіктік жайылуы құрылымдық – формациялық белдемдердің пайда болуына себептер болады.
Литологиялық құрамы: төменгі венд және рифейлік фациялық, формациялық сипаттамаларына сәйкес екі тектонотипті рифтогенді шөгінді алаптардің – интрократонды және перикратонды рифті жүйелерінің барын куәландырады.
Рифтогенез кезіндегі тектоникалық процесстер солтүстік – батыс созылымда және Днепро – Донецк, Рязань – Саратов авлокогендеріне параллельді дамыған жарылымдармен күрделенген.
Осы тереңдік жарылымдарын субдукция – обдукциялық S, D, C, P, T рифтогенді жүйелерімен сәйкестендіру нәтижесі олардың ортақ геодинамикалық табиғатына көрсетеді (366, 367 – сурет).
Осы субдукционды – обдукционды жүйелер қазіргіге ұқсас периокеандық Марокко және Мавританды ойыстарда дамыған. Субдукция – обдукция процесінің дамуы уақытында Шығыс Европа платформасында аяқталды.
Каспий маңы синеклизасы шегіндегі субдукция – обдукциялық процесінің негізгі қасиеті болып олардың субендік жайылуы табылады.
Орта және төменгі триаста осы процестер әсерінен континенттің орталық бөлігі күрт төмендеген, бұл ендік терең жарылымның болуын анықтайды (368 – сурет).
Каспий теңізінің су айдыны мен оның жағалауында мұнай және газ қорлары бойынша Қашаған, Теңіз, Астрохань, Қаламқас, Қаражанбас, Қаламқас – Теңіз, Хвалын және тағыда басқа ірі кенорындар ашылған. Каспий жағалауының солтүстігінің бойында фундамент көтерілімдерінің тобы созылып жатыр (Астрахань, Октябрьский, Новобоготинский , Биік жал) олар Астрахань - Ақтөбе белдемі құрамына кіреді (368-сурет). Осы жердің ерекшелігі палеозойлық түзілімдер көбі терригенді –карбонатты құрамды және әртекті жарылымды бұзылыстар өрбуімен белсенді плекативті және дизъюнктивті бұзылумен сипатталынды. Дислокация жүйелерінің бойымен және оған тік бағыттамасында қарапайым сырғыма-бұзылыстармен қатар шапшыма мен ығысу белдемінің мағынасы зор.
Бұл палеозойлық шапшыма белдемі Карпин-Бозащы және Оңтүстік Ембі аумағына жақсы көріністі Оңтүстік Орал иілу белдемдері Орыс тақтасының Шығыс аймақтарын, Беласка ойпатымен Оңтүстік Оралдың батыс құламасын алып жатыр. Ал солтүстігінде Тараташ пен Красноуфим , батыста Татар Жигулев – Пугачев, Сырт, Соль-Илецк және Ақбұлақ фундаменті көтерілімдерімен шектеседі. Оңтүстігінде Каспий маңы ойпатын жабады да, сол арқылы Каспий маңы – Оңтүстік Орал түсулер ауданын құрайды, ал гранитсіз қыртыс ретінде сипатталады, бұл жерде Мохорович беті 35 км төмен тереңдікте жатыр.
366- сурет. Шығыс Еуропа платформасы.
Орыс тақтасының шығыс шетінде іргетас шығулары грабендермен бөлініп тұр. Ол негізінен Оңтүстік Орал төмендеу белдеміне қарай ашылады. Ірге тастың жату тереңдігі кең мағыналы өзгерісті. Осы белдемнің батысында осылайша іргетас беті 6 км тереңдіктен Орал бағытында шығысқа қарай 9-11 км дейін төмендейді.Әрі қарай шығыста Бель ойпатында миогеосинклинальды Орал белдемінде тереңдіктер мәндері 12-16 км және одан да көп тереңдіктерге дейін жетеді.
Іргетастың жату максималды тереңдіктері Солтүстік және Оңтүстік Орал төмендеу белдемінде белгіленеді; солтүстікте Башкұр мегаантиклиноря шамасында және Бель ойпатында іргетас 14 км дейінгі тереңдікке түсіп жатыр; Оңтүстікте Ақбұлақ шығымынан шығыста тереңдік 16 км асып тұр.
Ежелгі протерозойда дамыған құрылымдық жоба фанерозойда өзгере отырып, осы уақытқа дейін өзінің негізгі қасиеттерін сақтап қалған. Солардың арасында субендік жайылымды және Орал жарылымдары көп. Субендік бағытта жарылымдар ескілеу, олар рифейге дейінгі фундаменттің қалыптасуымен консолидациясымен байланысты. Олар көбінесе іргетастың ірі грабендерін шектейді және Шығыс бағытында Оралдың негізгі қимасына дейін байқалады.
Орал жайылымды жарылымдары Бель ойпатының рифейге дейінгі іргетас құрылымында және Орал еңістігінің батысында жақсы көрінеді, сондай-ақ батыс және шығыстан ірі грабенді іргетас рельефінде шектеледі.
Бұл грабен Орыс тақтасының шығыс шектігінде ендікке жақын бұзылыстармен кембрий алдындағы әр түрлі тереңдікте орналасқан және өзінің көлденен тектоникалық белдемдігін анықтайтын, іргетасын 6-ірі жеке жондаға бөлген.
Каспий маңы ірі синеклизасының терең қабаттарының геологиясы толық зерттелмегендіктен, мұнай газдылығын болжаудың көпшілік басымды жағдайлары зерттеушілер араларында әр түрлі пікірлер туғызды. Бұндай жағдай болжауға және іздеу-барлау жұмыстарын жобалау бағыттамаларына қиындық келтіреді.
Осы ірі синеклизасының құрлысы туралы біреулер протерозойда, басқалары керн дәуіріне, оның алдында Орал-Еділ бойы палеотектоникалық жағдайларына ұқсас өрбіген дегендіктен мұнайгаз геологиялық аудандардың принциптерімен болжау үшін бір нақты пікір әлі жоқ деуге болады.
Қарастырылған мәліметтерге сүйеніп Каспий маңы ірі синеклизасы осы дәуірдегі Балтық теңізіне сәйкес жағдайда ең терең төмендеу белдеміне сәйкес орта рифейде өрбіген.
Балтық теңізі Калининград траверсасының ең терең белдемінің солтүстік бағыттамасы батысқа қарай Торнквисте кесіп Рингкеби-Фюн массивіне тіреліп жатыр.Ортократондардың геологиялық өрбу тарихы өте көп мезгілді болады. Мысалы Каспий маңы ойпаты ортократонға сай иілуде, жоғарғы пермде өрбіген (М.К.Калинко бойынша алдыңғы перм дәуірінің соңында).
Төмендеудің бір ірі басымды бағыттамасы Орал тау алды иінді ойыс бойымен, екіншісі ортогональді Днепр-Донецк ойпатына батысқа қарай болған.
Орал тау алды иінді ойысының Оңтүстік Орал төмендеу белдемі орта девонда, орта карбонда және жоғарғы пермде осы дәуірдегі Жерорта теңізінің перимұхиттық Марокко және Мавриатанды ойыстарындағы субдукция-обдукция жүйелеріне ұқсас аумағында дамыған.
