Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 том норм.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
74.7 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

КАСПИЙ ҚОҒАМДЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Халелов А.Қ., Сүйеубай А.С.

ӘЛЕМДЕГІ МҰНАЙГАЗДЫ АЛАПТАР

3- БӨЛІМ

Алматы 2011

ЖОК 553.98.041.552.571.578

Халелов А.К., Сүйеубай А.С.

Әлемдегі мұнайгазды алаптар. 3 бөлім. 202 бет 2011 ж.

Осы жұмыста ежелгі платформалардың мұнайгазды провинциялары рифттекті құрылымдардың ежелгі қабаттарында көмірсутектерді іздеудің негізгі геологиялық және теориялық сұрақтары, жер қабатының өрбуінің жалпы бағыттамасы және оның геодинамикалық моделі қарастырылған.

Оқулықта мұнайлы және газдылы кенорындар ақпараттары ірі мұнайгаздылы алаптар мен аудандары бойынша жазылған. Осы алаптардың және аудандардың дамуы стратиграфиясы, тектоникалары, мұнайгаздылы қабаттардың аймақты сипаттамалары туралы мәліметтері бойынша анықталған.

Бұл жұмыс оқу құралы ретінде «Мұнай және газ кенорындарын іздеу мен барлау негізі» пәніне арналған және басқа геологиялық пәндерінің мысалы, «Әлемдегі мұнайгаздылы бассейндер», «Геодинамика», «Мұнай және газ ісі», және т.б. дәрістерін оқытылғанда пайдалану қажеттілігі, сонымен қатар «Мұнай және газ геологиясы», «Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау» мамандығын меңгеруші студенттерге, газ түрлі, сұйық және қатты пайдалы қазбаларды болжаудың ғылыми зерттеуші мамандарға арналған.

Кесте 7, 119- сурет. Әдебиеттер тізімі 85 атау.

КҚУ 2011

3 Ежелгі платформалардың мұнайгазды провинциялары

Ежелгі платформалар кембрийге дейінгі,соның ішінде ерте кембрий алды кристалдық іргетаста дамыды;олар жас платформалармен және қатпарлы тізбек-орогендериен шектеген қазіргі материктердің ядроларын құрайды. Олардың бәрі бойынша қазіргі материктің 40пайыз ауданын қамтиды; олар көлденеңінен 1000 км-ден аса және ауданы бойынша бірнеше миллион шаршы шақырым жазықтықтың жербедері бар жер қыртысының жер бедері бар жер қыртысының полигональды, изометрлік жеке жондарын құрайды. Күрделі жас платформалар мен мұхиттардан ежелгі платформалар тік бағыттамалы жарылымдармен бөлінген, ал қатпарлы тізбектерден (орогендер) осы тізбектер тектоникалық платформаның шеттерін жабатын,ұзындығы кейде 200 км-ден көп қашықтықтағы (мысалы, скандинавиялық каледонидтер-Шығыс Еуропа платформасының солтүстік-батыс шеті) ілгергі иіндіойыспен (шеттік) немесе қаусырмалармен (шарьяждармен) бөлінген. Көне платформалар екі басты топты құрайды (қатар):солтүстік немесе лавразиялық және оңтүстік немесе гондвандық, біріншісіне (батыстан шығысқа дейін ) Солтүстік Америкалық, Шығыс Еуропалық Сібір платформасы, ал екіншісіне – Оңтүстік Америкалық, Африка – Арабиялық, Индостандық, Австралиялық, Антарктидалық платформалар жатады.

Аралық жағдайды Қытай – Кореялық және Оңтүстік Қытай платформалары жатады; сонымен қатар Арктикадағы Гипербаройлық платформасы да жатады. Осы негізден айтуға болады, барлық көне платформалар континенттік бірлескен массивтің түрлі реликтілерінен тұрады, («панплатформалар»-А.В.Пейве,В.М.Синицин), олар орта кембрийге дейін қалыптасқан және ежелгі кембрийге дейін-палеозой басы, кейде одан да ежелгі (гондвандық платформа) уақытта ұсақталуға бейім болған. Бұны бәрінен бұрын дәлелдейтін негіз, ежелгі платформаның қазіргі құрылымы ішкі құрылымның іргетасын бірден үйлесімсіз қияды,яғни қосымшаланған қасиеті бар, сонымен қатар соңғы кембрий алды-фанерозойлық қатпарлы белдемдегі көне континенттік қыртыстың көптеген сансыз майда түйірлері болады (орталық массивтер және қазіргі мұхиттарда(микроконтиненттер)).

О.Г.Сорохтин бойынша тектоникалық белсенділік максимумы алғашқы протерезойдың соңына келеді (1990-1977 млн жыл бұрын)-қазіргі континенттердің өзегі ретінде алғашқы континенттер пайда болу кезеңі.

Палеотектоникалық құру нәтижелері бойынша бірінші платформалар Оңтүстік Америка және Африка экваторлық Атлантикада алғашқы рифей кезеңінде пайда болған. Бұл геологиялық зерттеулермен дәлелденген «Жердің өрбу тарихында жаңа өрбу кезеңі міндетті түрде кембрий алдында емес, рифейде болған, өйткені жер қабығында белгілі ірі тектоникалық элементтерінің құрылуымен жүріп жатқан процестердің күрделі өзгеруі осы дәуірге қатынасты».

Зеленный мыс және Кариб аралдарының аралығында Британ ғалымдары уникальды жерді анықтаған. Ол жерде Жер қабығы жоқ. Мың квадраттық шақырымнан артық алаң жердің мантиясынан құралған.Оның бәрі су астында 3 шақырым тереңдікте орналасқан.

Сонымен барлық ежелгі материктердің өрбуі осы жерде басталған кембрий алдында аяқталды.

Литосфералық тақталы тектоникасына сай литосфера мен астоносфера шекарасы ең маңызды басымды болғанмен,басқа жазықтық шекаралар барлығы анықталды. Солай алғашқы А.В.Пейва және басқалар, соңынан АҚШ-та зерттелген, литосфера тектоникалық көп қабатты екені дәлелденді. Сонымен сейсмикалық мәліметтер бойынша литосферада анықталған шекаралар тек қана әр түрлі тау жыныстар кешенінің шекарасынан басқа литосфера ішіндегі жоғары орналасқан қабаттардың астыңғы таужыныстарының жазықтары болуы мүмкін.

Континенттің шымырланған қыртысында да беткейлік жыртылым сөзсіз болады. Бұның жанама дәлелі физикалық құрамының біртекті емес және бірден өзгеруі және тереңдік бойынша жыныстардың кернеулі жағдайы болып табылады. Тереңдік сейсмозондылау нәтижелері бойынша қыртыстың көбіне орталық бөлігі,жылдамдықтардың төмендеу аймағы,сонымен қатар Кольск беткейлі тереңдік ұңғыма қимасы бойынша анықталған,онда жыныстың ұсақталуы дамыған.

Тығыздығы төмендегі жарылған, су қаныққан, жарылымдардың сағалануы мен өткізгіштілігі өскен (ұлғайған) жыныстардың серпінді қасиеттері, инверсиалған қалың қабатты белдемдер кездескен: 11500м асатын оқпаны бар С-Г-3 ұңғыма қима бойындағы жалпы үш қабатты құрылымында 4500-6842м аралығында (2 қабат) шоғырланған шағылыс толқындар жылдамдықтарының төмендеген және субгоризонтальды жарықшақты қалың белдемі байқалды, ал 8200м тереңдікте тік жарықшалық көп кездеседі, ол жоғары сығымды кернеулер әсерінен екінші түгелімен және төменгі 90 шақырымға дейінгі тереңдікте бос гравитациялық сумен қаныққан. Мұндай гидрогеологиялық жағдай бірінші рет үлкен тереңдікте кембрийге дейінгі жыныстарда кездескен. Онда жеткілікті кеуектілі аралықтардың болғанын,жалпы кеуектілік шамаларымен дәлелденген: 8729 тереңдікте 4,31пайыз, 7120 м-де 4,9пайыз. Одан да аз тығыздалған кеуектілі қабаттарының белдемдері кездеседі. 10109 м тереңдікте ашық қуыстарда мусковит минералы өскен. Мұндай қуыстар гидробұзылу арқылы болуы мүмкін. Гидрохимиялық зерттеу мәліметтері бойынша осындай тереңдікте сулы қуысты қабаттар су құрамды минералдардың қосыла гидраттану (дегидрация) әдісімен қалыптасуы мүмкін.

Е.М.Лазко атап айтқандай «Жер қабығының дамуы иірілім түрде болуы, бірақ ол секірме түріндегі бір саналылықтан екінші кезеңіне өтуі арқылы алдында ұзақ уақыт бойы дайындықтан өтеді.

Сонымен Жер қабығының секірмелі дамуы Күн жүйесінің магниттік өрісінің әсерінен болуы керек. Ежелгі материктерде магниттік қабылдағыштық қабат болып гранитті-гнейсті қабатшасы қабілетті. Бұл қабатша төменде орналасқан базальттік қабаттан сырғыма түрінде ығысуғаға мүмкіншілігі мол.

Бұған гранит-метаморфтық қабат жыныстарының біршама бөлігі қатысатын шарьяж негізі дәлел бола алады, мысалы Гималайда, Памирде, Аппалачта. Керемет құбылыс болып сонымен қатар тереңдігі бойынша жер сілкінісі ошағының таралуы да жатады: олар жабудың (чехол) және шымырланған қыртыстың шекараларының айналасында,Мохо шекрасының үстінде және қыртыстың орталық бөлігінде шоғырланады.

Сондықтан ежелгі материктер спрединг, субдукция немесе обдукция дамуының аумағына тап болғанда геотектоникалық күрделілік немесе ысырма, бастырма, лықсыма мен күрделенген терең жарылымда тік бағытты өзгерістерге тап болады. Осы қатпарлықтарда немесе плита ішінің магматизмінің дамуының әсерінің теориялық және тәжірибелік мәні бар жайлы жағдайлар жасалынады - бұл платформа ішінің рифтогенезінің аймақтық дамуының себебін анықтауға, мұнай газды провинцияларының белдемдік орналасуын және оларда мұнай кенорындары (шоғырларі) пайда болуының шарттарын анықтауға өте қажет.

Тақталы жаһандық (глобальды) тектониканың концепциясына сай келесі маңызды шешім ретінде тік бағытты қозғалыстардың пайда болуын және олардың белсенділігін дәлелдеу болады. Континенттердің тектоникалық жағынан ең байсалды аймақтарында – ежелгі платформалардағы тік бағытты қозғалымдарын осы геодинамикалық үлгі түсініктеме бере алады. Ол ежелгі платформалар жазықты (горизонтальды) секірмелі түрде орын ауыстыруымен байланысты. Жалпы платформалардың бір геодинамикалық белдем үстіне орналасуына сай (субдукциялы, обдукциялы, спрединг дамыған жерлерде) алдымен ойыстар пайда болады. Себебі тік бағытты иілуі мол болғандықтан, олардың келесі дамуы геотектоника зерттеулердің еңбегңнде ұштастырылған.

Қарастырылып жатқан геодинамикалық модельге сәйкес қалың шөгінді тысты жердің жоғарғы қабатында, я болмаса Конрад жазықтығы бойынша секірмелі ығысып (орнын ауыстырып) рифтотекті белдемде әсерленіп, мұнай мен газ шоғырларі пайда болуына жағымды жағдай туылады.

Ежелгі платформалардың мұнайгаздылы провинциялары жердің бір белгілі даму кезеңінде осындай геодинамикалық жағдайларға ұшыраған. Мысалы, Орыс, Сібір, Австрия мұнайгазды провинциялары және Африканың Сахар жері шығыс жарты шрының Каспий теңізінің оңтүстік бөлігінің, Қара және Жерорта теңіздерінің су айдындары көлеміндегі екі континенттердің түйіскен жерінде; Гренландия, Канада қалқаны және Солтүстік Америка мұнай газдылы аумақтары батыс жарты шардың екі литосфералық тақталар (Оңтүстік және Солтүстік Америка) қиылысқан жердегі Мексика бұғазы мен Кариб теңізі шектігінде; Оңтүстік Америкадағы және Африканың Батыс жағалау ойпаттары оңтүстік жартышарда орналасқан Оңтүстік - Сандвич ұсақ тақта ауданында (трансформалық бұзылыстармен шектелген) жерлерде – геодинамикалық белсенділіктің нәтижесінде мұнай газ жиналу үшін жайлы жағдайдың қалыптасуы басталды.