
- •2 Жас платформалардың мұнайгазды провинциялары
- •2.1 Батыс Сібір мұнай-газды провинциясы
- •2.1.1 Батыс Еуропалық эпипалеозойлық тақта
- •2.1.2 Болгар тақтасы
- •2.1.3 Аквитан провинциясы
- •2.1.4 Баск провинциясы
- •2.2 Солтүстік Кавказ мұнай-газ провинциясы
- •2.2.1 Аймақтық мұнай-газдылы кешендер
- •2.2.2 Негізгі мұнайгазды облыстардың қысқаша сипаттамасы
- •2.2.3 Мұнай және газ жинақтарының орналасуының геологиялық ерекшеліктері
- •2.3 Орта Азия
- •2.3.1 Арал - Каспий аумағының кеңістік геодинамикасы
- •2.3.2 Каспий аймағының мұнай газды алаптары
- •2.3.3 Орталық Каспийлік мұнай газды алабы
- •2.3.4 Ірі жарылымдар жүйесі
- •2.3.5 Рифтогенді жүйелер
- •2.3.6 Бозащы мұнай-газды провинциясы
- •2.3.7 Заволжско- Орал алды облысының кенорындары
- •2.3.8 Солтүстік-Үстірт мұнайгазды обылысының мұнай және газды кенорындары
- •2.3.9 Сурхан-Вахш мұнай-газды облысының мұнай және газ кенорындары
- •2.3.10 Оңтүстік Маңғышлақ провинциясы
- •Тектоникасы мен газдылығы
- •2.3.12 Зайсан болашақты-мұнайгаздылы облысы
- •2.3.13 Амудария газдылы мұнай провинциясы
- •2.3.14 Орталық Қарақұм мұнай – газ аймағы
- •2.3.15 Тәжік мұнайгазды облысының геологиялық құрылысының негізгі ерекшеліктері
- •Тәжік мұнайгазды облысының мұнайгаздылығы
- •2.3.16 Ферғана мұнайгазды облысының геологиялық құрылысының негізгі ерекшеліктері
- •2.4 Арабия тақтасы
- •2.4.1 Сирия
- •2.4.2 Түркия
- •2.4.3 Сауд Арабиясы
- •2.4.5 Катар
- •2.5 Оңтүстік Америка
- •2.5.1 Анд қозғалмалы белінің мезо – кайнозойлы қатпарлы құрылыстары.
- •2.5.2 Колумбия
- •2.5.3 Эквадор
- •2.5.4 Перу
- •2..5.5 Боливия – Аргентина провинция
- •2.5.6 Нигерия мұнайгаздылы алабы
- •2.5.7 Атлант мұхит маңы
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Мазмұны
- •2 Жас платформалардың мұнайгазды провинциялары.................................3
2.2.2 Негізгі мұнайгазды облыстардың қысқаша сипаттамасы
Батыс Кубань мұнай-газ облысы. Краснодар өлкесінде орналасқан. Оңтүстік шекарасы ретінде жер бетіне майкоп сериясының түзілімдері шығып жатқан сызық қабылданған. Солтүстік шекарасы ондай анықтылыққа ие емес, себебі майкоп түзілімдері литолого-фациалдық өзгерістерсіз иінді ойыстан алыс солтүстікке, Кавказ маңы-Қырым тақтасына дейін таралып жатыр. Бұл шекараны геофизикалық зерттеулермен анықтаған Новотитар жарылымымен жүргізуге болады. Шығысында иінді ойыс Адыгей көтерілімі мен Усть-Лабин белімен тұйықталады. Батысында қарастырылып отырған иінді ойыс қөлденең жатқан Керчень-Тамань периклинальды иінді ойысымен жабылған. Батыс Кубань тауалды иінді ойысы қалыңдығы 12000-14000 м-ге дейінгі мезо-кайназой түзілімдерінен құралған. Тауалды баурайы геосинклинальды, соның ішінде бұл түзілімдердің флишті формациялары дамыған. Юра түзілімдерінің ең үлкен қалыңдығы 4000 м, бор түзілімдері 3000 м.
Иінді ойыстың тауалды баурайы тік болып келеді, мұнда төменгі моласс саның солтүстіктен құлауы 15-700, ал жоғарғы моласс саныкі 100-қа дейін. Мезозой және палеоген түзілімдері күрделі сызықтық қатпарларға лықсыма мен қаусырмалармен күрделендірілген антиклинориларға жинақталған.
Батыс Кубань мұнай-газ облысында екі мұнай-газды аудан бар: Оңтүстік және Солтүстік. Оңтүстік ауданның құрамына оңтүстік тауалды баурайы мен иінді ойыстың осьтік бөлігінің мұнай-газ жинақтары белдемдері кіреді, ал Солтүстік аудан иіндіойыстың платформалық баурайымен байланысты.
Кішігірім газды кеніштерден басқа барлық көмірсутек жинақтары Оңтүстік ауданда шоғырланған. Оңтүстік ауданның мұнай, газконденсат, газ кеніштері тереңдіктері 500-5000 м және төменгі бордан плиоценге дейінгі кең стратиграфиялық аралық түзілімдермен байланысты. Төменгі бор түзілімдерінің болашақтығын Мирная Балка ауданында мұнай ағысы дәлелдейді. Осы жасты терригенді түзілімдерден өндірістік газ ағысы алынған. Батыс Кубань мұнай-газ облысының палеогенді аймақтық кешенінің өнімді қабатының саны 14-тен жоғары, олар осы облыстың қимасында белгіленген барлық свиталарда шоғырланған. Мұнай, газконденсат, газ кеніштерінің көпшілігі палеоцен түзілімдерімен байланысты.
Мұндағы кенорындардың көпшілігі көп кенішті болып келеді. Ейско-Березан және басқа аудандар аз мөлшерде бір кенішті дамыған болып келеді. Кеніштердің барлығы дерлік қабатты, күмбезді. Сонымен қатар, Батыс Кубань иінді ойысының оңтүстік баурайында стратиграфиялық, литологиялық және тектоникалық қалқанған кеніштер кездеседі (негізінен мұнай кенорындары).
Хадыжен мұнай кенорынының құрамында жоспар бойынша бір-бірімен сәйкес келетін үш өндірістік кеніш бар. Барлық кеніштерге газды телпектердің болмауы тән. Өнімді қабаттары фестон тәрізді шығанақ түрінде (заливообразно) келеді. Осьтің екі жаққа көтерілуінен құмтасты қабаттардың қалыңдығы азаяды.
Шығыс Кубань мұнай-газды облысының құрамында 4 мұнай-газды аудан бар: Адыгей, Совет, Темиргоев, Лабин және Беломечеть субиінді ойысы мұнай-газды аудан болуы мүмкін. Бұл аудандарда кеніштері жоғарғы юра, төменгі бор және неоген түзілімдерінде жиналған мұнайдың, газконденсаттың, газдың жинақталу орындарының қатары ашылған. Триас және төменгі юра түзілімдерінің мұнай-газдылығы көмілген Карачаев-Адыгей ойысымен байланысты.
Адыгей мұнай-газды ауданында триас, төменгі және жоғарғы юра, төменгі бор түзілімдеріндегі мұнай мен газконденсаттың бірнеше жинақталу орындары белгілі. Аудан газконденсат қоры бойынша облыста 1-орынды алады. Тауалды иінді ойыс баурайының батыс бөлігін алып жатқан Адыгей көтерілімі осы ауданның негізгі тектоникалық құрылымы болып табылады.
Совет мұнай-газды ауданы иінді ойыстың платформаалды баурайында орналасқан және ол Ставрополь күмбез көтеріліміне ұласып жатыр. Ауданда юра және төменгі бор түзілімдерінің мұнай, газконденсат және газдың кеніштерімен бірнеше жинақтар белгілі (Совет, Оңтүстік Совет және т.б.).
Темиргоев мұнай-газды ауданы иінді ойыстың орталық бөлігін алып жатыр. Бел тәрізді көтеріліммен байланысты бұл ауданның мұнай-газ жинағының белдемінде терең орналасқан эвапорит асты жоғарғы юра түзілімдеріндегі өнімді қабаттар мен газконденсат жинақтары ашылған.
Лабин мұнай-газды ауданы тауалдындағы иінді ойыстың батыс центриклинальды бөлігін алып жатыр, оның аумақта жоғарғы юра, төменгі бор және неогенді түзілімдердің мұнай, газконденсат, газ жинақтары ашылған. Олардың негізгілері бел тәрізді көтеріліммен күрделендірілген Усть-Лабин белдікпен байланысты.
Оңтүстік Совет газконденсатты кенорыны антиклинальдық қатпарда 4,5х3,0 өлшемді және 60 м биіктікте қалыптасқан. Ұңғыма арқылы неоген, палеоген, бор, юра жасты шөгінді түзілімдер ашылған.Бор және юра түзілімдерінің арасында бұрыштық және стратиграфиялық үйлесімсіздіктер байқалады. Апт ярусының құмтасты қабаттары I, II, III және келловейдің құмтасты-құмайттасты-сазды қабаттары V, VI, VII қабаттары газды болып келеді. Қабаттың қалыңдығы 2-28м, кеуектілігі 12-14пайыз. Төменгі бор кеніштері қабатты күмбезді, ал юра кеніштері стратиграфиялық қалқанған (2).
Индоло-Кубань мұнай-газды аймағы өзі аттас ойысты қамтиды. Шөгінді тысының қалыңдығы 12км. Негізгі өнімді кешені төменгі бор, палеоген, неогенді қамтиды. Барлық қоры 1-3км тереңдікте орналасқан, күмбезді, дизъюнктивті қалқанған, стратиграфиялық, литологиялық шектелген болып келеді. Кенорындары көпқабатты.
Азов-Ей газды аймағының құрамына өзі аттас мегавал және Тимашев сатысы кіреді. Шөгінді тысының түзілімінің қалыңдығы 1 км-дейін. Негізгі өнімді кешені – төменгі бор. Мұндағы кеніш түрі газконденсатты қабатты күмбезді болып келеді.
Прикумско-Тюлень белі Карпинск кряжынан Шығыс Маныч валы арқылы бөлінеді. Карпинск қрамы Терско-Кумско ойысының солтүстік шеткі бөлігі болып табылады. Карпинск құрамының кішігірім желілік қатпарларында Астрахань облысының газды және газ-мұнайлы кенорындары орналасқан.
Шөгінділердің ең жоғарғы қалыңдығы Терско-Сунженско белдеміндегі бұрғылаумен айқындалған (5500м). Мұнда кайнозой терең терригенді қабат түрінде көрсетілген. Бор жыныстарының қалыңдығы 1000-2400м, юра жыныстарыныкі 3650 м-ге жетеді. Прикумско-Тюлень белі шекарасындағы шөгінділер қалыңдығы едәуір аз (бор 850-1700м, юра 650 м-ге дейін).
Мұнайгаздылығы. Терско-Кумско мұнай-газ облысының қимасында сарматтан пермьге дейінгі үлкен стратиграфиялық аралықта мұнай мен газ кеніштері айқындалған. Сарматтың өнімділігі шамалы ғана: мұнай мен газ кеніштерінің аз ғана бөлігі 1600 м-ге дейін тереңдіктегі құмтас қабаттарымен байланысты.
Мұнай мен газ кеніштерінің көпшілігі Терско-Сунженско белдемі мен тауалды Дағыстанда қараған және чокрак (миоцен) беткейлерінің құмтасты-сазды шөгінділерінде белгілі. Оның қимасында айтарлықтай қалыңдықты, коллекторлық қасиеті жоғары 20 өнімді құмтасты қабат анықталған (өткізгіштігі 2х10-12м2). Қараған-чокрак шөгінділері өнімділігінің жоғары болуымен ерекшеленеді.
Майкоп шөгінділерінің (олигоцен) өнімділігі айтарлықтай жоғары емес. Мұндағы мұнай кеніштері Прикумско-Тюлень белінде (Өзек-Суат, Ащықұлақ, Қамыш-Бурун және т.б.), тауалды Дағыстанда (Беной, Қарабұлақ, Ащысу, Старогрозненский) және Терско-Сунженско белдемінің кейбір кенорындарындарында белгілі. Мұнайлылығы 1500-2500м тереңдіктегі құмтасты және құмайттасты сазды қабаттармен байланысты.
Эоцен шөгінділерінің өнімділігі әктас қабатты жарықшақты мергельдерде айқындалған. Бұл түзілімдердегі мұнай кеніштері Терско антиклинориының орталығында орналасқан (Эльдар, Алиюрт және т.б.). Территорияның платформалық бөлігінде палеоцен мен эоцендегі жергілікті газ кеніштері тек Прасковей (2600-2700м) және Икибуруль (180-280м) кенорындарында белгілі.
Жоғарғы бор шөгінділері Терско-Сунженско белдемі мен тауалды Дағыстандағы мұнай өндірісінің көптеген бөлігін қамтасыз етеді. Мұнда жарықшақты әктастар мен мергельдер барлық жерде коллектор болып табылады. Жоғарғы бордың мұнай кеніштері өнімділігінің жоғары болуымен сипатталады. Ащысу, Шамхал-Бұлақ, Махачкала, Беной кенорындарындағы жоғарғы бордың әктастары газконденсатты кеніштермен жиналған. Аумақтың платформалық бөлігіндегі карбонатты шөгінділердің өнімділігі жоғарғы бормен шектелген. Мұнай кеніштері Прикумско-Тюлень валында (Величаев, Прасковей кенорындары), ал газ кеніштері Карпинск қрамында (Тенгутин) белгілі.
Төменгі бор шөгінділерінің қимасында 2800-3300м тереңдіктегі мұнай мен газ кеніштерінің көпшілігі Прикумско-Тюлень белінде ашылған. Мұндағы өнімді қабаттар құмтасты және сирек түрде алевролитті болып келеді. Ставропольде орналасқан Прикумско-Тюлень белінің батыс бөлігіндегі төменгі бор түзілімдері тек мұнай кеніштерімен байланысты (Өзек-Суат, Зимняя Ставка, Величаевское және т.б.). Дағыстан аумағында орналасқан белдің шығыс бөлігіндегі төменгі бор түзілімдері негізінен газды кеніштермен байланысты (Солнечное, Солончаковое, Степное және т.б.).
Карпинск белінің шекарасы мен оның беткейлерінде қоры бойынша газ кенорындары ашылған және сирек түрде мұнай жиектері кездеседі.
Ставрополь мұнай-газды аймағы – Ставрополь күмбезін және оңтүстік Ставрополь көтерілімін қамтиды. Геологиялық құрылысының негізгі ерекшеліктері- Кавказалды палеозойлық іргетасындағы ең ірі көтерілім Ставрополь күмбезі аумағындағы негізгі тектоникалық элемент болып табылады. Күмбездің жергілікті қатпарларында газ кенорындары дамыған. Күмбездің мезозой-кайнозойлық шөгінді тысының қалыңдығы 1800-2200м. Негізгі өнімді кешені – палеоген. Ставрополь күмбезінің батыс беткейі Азов-Кубань ойысына қараған, мұндағы шөгінді түзілімдердің қалыңдығы 3000 м-ге дейін барады. Шығыс беткейі салыстырмалы қарағанда, жалпақ, тегіс келеді, ал оңтүстік-шығыс бөлігі Чернолес ойысымен шектеседі. Ставрополь күмбезі солтүстігінде Карпинск белінен Маныч ойысы арқылы бөлінеді, аумақтың солтүстік-батысында палеозойлық Сальский көтерілімі көрінеді, ал оңтүстігінде Минераловод көтерілімімен шектеседі.
Оңтүстік Дағыстан мұнай-газ ауданы Дағыстан сыналығының оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан және мұнда иінді ойыстың тауалды баурайын күрделендіретін Батыс және Шығыс антиклинориларымен байланысты. Құрылысы бойынша Сунжен және Терско антиклинориларына ұқсас және салыстырмалы көтеріңкі болып келеді. Олар жергілікті қатпарлардың кіші өлшемдерімен анық көрінетін диапиризмнің жоқтығымен ереекшеленеді.
Шығыс Кавказалды және Дағыстанда терригенді-карбонатты түзілімдер байқалады. Апт-альб кешені терригенді, сонымен бірге альб кешені сазды жыныспен жабылған. Жоғарғы бор карбонатты кешені барлық мұнай-газ провинциясының аудандарында дамыған. Шығыс Кавказалды газды мергельді, ал батысында таскелбеттік өзгерістер байқалады. Палеоген, неоген түзілімдері барлық аудандарда дамып таскелбетті өзгерістермен және қалыңдығымен ерекшеленеді. Палеогенде орталық Кавказалды сазды және құмды мергель, ал батысында флиштік формация дамыған. Бұл мұнай-газ аймағына Прикумск көтерілімі, Шығыс Маныч ойысы, Ноғай сатысы кіреді. Шөгінді тысының қалыңдығы 7км. Басты өнімді кешені –триас, юра, бор, палеоген; Кеніш тереңдігі 2,5-5км арасында, күмбезді болып келеді, қатпарланған, стратиграфиялық және литологиялық шектелген.
Солтүстік Азербайжан ауданында көмірсутек жинақтары неогенді аймақтық мұнай-газды кешендерде белгілі. Майкоп түзілімді мұнай жинақтары Сиазан моноклиналымен байланысты (Саадат, Амирханлы және т.б. кенорындар). Қалыңдығы 1000 м-ге жететін құмтастар мен саздардың жұқа және жиі алмасу аудандары өнімді болып келеді. Кеніштер жіңішке (узкий) және солтүстік-шығыс бағытында майкоп қабаттарының төңкерілуін тудырған бор жыныстарының бастырмаларымен қалқанған.