- •2 Жас платформалардың мұнайгазды провинциялары
- •2.1 Батыс Сібір мұнай-газды провинциясы
- •2.1.1 Батыс Еуропалық эпипалеозойлық тақта
- •2.1.2 Болгар тақтасы
- •2.1.3 Аквитан провинциясы
- •2.1.4 Баск провинциясы
- •2.2 Солтүстік Кавказ мұнай-газ провинциясы
- •2.2.1 Аймақтық мұнай-газдылы кешендер
- •2.2.2 Негізгі мұнайгазды облыстардың қысқаша сипаттамасы
- •2.2.3 Мұнай және газ жинақтарының орналасуының геологиялық ерекшеліктері
- •2.3 Орта Азия
- •2.3.1 Арал - Каспий аумағының кеңістік геодинамикасы
- •2.3.2 Каспий аймағының мұнай газды алаптары
- •2.3.3 Орталық Каспийлік мұнай газды алабы
- •2.3.4 Ірі жарылымдар жүйесі
- •2.3.5 Рифтогенді жүйелер
- •2.3.6 Бозащы мұнай-газды провинциясы
- •2.3.7 Заволжско- Орал алды облысының кенорындары
- •2.3.8 Солтүстік-Үстірт мұнайгазды обылысының мұнай және газды кенорындары
- •2.3.9 Сурхан-Вахш мұнай-газды облысының мұнай және газ кенорындары
- •2.3.10 Оңтүстік Маңғышлақ провинциясы
- •Тектоникасы мен газдылығы
- •2.3.12 Зайсан болашақты-мұнайгаздылы облысы
- •2.3.13 Амудария газдылы мұнай провинциясы
- •2.3.14 Орталық Қарақұм мұнай – газ аймағы
- •2.3.15 Тәжік мұнайгазды облысының геологиялық құрылысының негізгі ерекшеліктері
- •Тәжік мұнайгазды облысының мұнайгаздылығы
- •2.3.16 Ферғана мұнайгазды облысының геологиялық құрылысының негізгі ерекшеліктері
- •2.4 Арабия тақтасы
- •2.4.1 Сирия
- •2.4.2 Түркия
- •2.4.3 Сауд Арабиясы
- •2.4.5 Катар
- •2.5 Оңтүстік Америка
- •2.5.1 Анд қозғалмалы белінің мезо – кайнозойлы қатпарлы құрылыстары.
- •2.5.2 Колумбия
- •2.5.3 Эквадор
- •2.5.4 Перу
- •2..5.5 Боливия – Аргентина провинция
- •2.5.6 Нигерия мұнайгаздылы алабы
- •2.5.7 Атлант мұхит маңы
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Мазмұны
- •2 Жас платформалардың мұнайгазды провинциялары.................................3
2.3.14 Орталық Қарақұм мұнай – газ аймағы
Кенорындардың саны-12, газ және газконденсаттық-10, мұнай-газ-2, Кенорынның бірінші ашылған жылы-1959
Орталық Қарақұм мұнай-газ аймағы Орталық Түркменстан аумағын, сонымен қатар Низмен бөлігінің батысын және Зунгуз Қарақұм бөлігін оңтүстігін алып жатыр.Өткен ғасырдың 50 жылдардың аяғында өндірісте Қарақұм шөлінің орталығында Зеагли-Дарвазин көтерілімінде (1959) газ алынды.Бұл жерде Түркменстанның платформалық бөлігінде орналасқан бірінші газ кенорны ашылды. Қарастырылып жатқан аумақта 12 газ және газконденсаттық кенорындар газ шамамен 130 млрд.т. Орталық Түркменстан кенорнында (Модар, Коюн, Шарлык) газ кенішінің ашылуымен бірге бірінші мұнай алынды.
Аумақ бөлімшелерінің қатарында пермь-триас дамуы, қызыл конгломераттармен және вулканогенді қалдық жыныстармен қапталған. Мезо-кайнозой қабығы литологиялық – стратиграфиялық кешен бетінде бөлінеді. Төменгі және ортаңғы юра терригенді кешеннің қалыңдығы 130-300м, алевриттермен, құмтастармен, саздармен белгілі. Жоғарғы юра сазды карбонатты кешені саздармен және әктастармен белгілі (60-100м). Алевриттер, құмтастар континенттік жағдайда болған валанжин – готерив қызыл терригенді жыныспен ұласады (100-160м). Төменгі баррем кешені қалыңдығы (30-270м) әктастармен белгілі. Қарастырылып жатқан аумақтың барлық газ кеніштері жоғарғы баррем-турон терригенді кенішімен араласады, оның қалыңдығы шамамен 1000м. Онда газ кенішіне аймақтық жапқыш сенон – палеогенді сазды карбонатты кешен болып табылады. Қалыңдығы 70-200м. Неоген – төрттік кезең үстінде жатқандары әктастармен, құмтастармен, саздармен, алевролиттермен белгілі. Қалыңдығы 1300-2600м.
Аймақтың негізгі тектоникалық элементі болып Орталық Қарақұм ойпаты болып келеді. Ол палеозой іргетас жыныстарының көтерілуімен анықталады. Бұл ойпат орталық бөлігінде Зеагли-Дарвазин көтерілімі бөлініп шығады. Қарастырылып отырған аумақтың барлық газ кенорындары олармен тығыз байланысты. Зеагли –Дарвазин көтерілімі палеозой ірге тасы ұңғыманың 800-2000м тереңдікте ашылады, ал ойыстардың тереңдігі 3000-3500м. Шығыстан бұл ойпат Заунгузбен, солтүстікте Дарьялык Даудан және батыста Верхнеузбой ойпатымен шектеседі. Ойпат оңтүстікте Қарақұм платформасының оңтүстік ойпатына ауысады.
Орталық Қарақұм ойпаты барлық жағынан аймақтық терең сынулармен белгілі, олардың ішінде негізгісі Донгузсырт – Ербент, ол оңтүстік ойыспен ойпат бөлгішін айырады.Ұсақ тектоникалық бұзылымдар Зеагли – Дарвазин көтерілімін де қиындатады.
Мұнайгаздылығы
Орталық Қарақұм мұнай – газ аумағының мұнай және газ кеніштерін қимада турон, сеноман, альб, апт, неоком, және жоғарғы юра жыныстарымен белгілі. Негізінен газдық қабат құмтастармен, аз дәнекерленген сазды әктастармен белгілі. Өндірістік қабаттардың қалыңдығы 5-10м, газдылық 3-5м. Сазды қабықшалардың қалыңдығы негізінен 5-20м, кейде 60-100м. Сапалы өндірістік қабат литологиялық стратиграфиялық кешен негізінен құмтастар мен саздардың кезектесіп келуімен анықталады. Жоғарғы апт және жоғарғы альб газдық кеніштердің санын құрайтын саздарға бай болып келеді. Мұнда құмтасты коллекторлар сазды қабатта орналасқан. Газ қабаттарының кеуектілігі ашық коллекторлар 12-22%, орташа өткізгіштігі 400 мд.
Модар кенорнында готерив және баррем беткейінде өндірістік қатар дамыған. Олардың ішінде өткізгіштігі зор ұсақ түйірлі әктастар қалыптасқан.Оны газ өнімі дәлелдейді 880 мың. м/тәул.
Кесте -18.
Амудария МГП, өнімді қабаттары
Облыс (аудан) |
Қалыңдығы, м |
|||||
Сеноман |
Турон |
Коньяк |
Сантон |
Кампан |
Маастрихт |
|
Копетдаг алды Орталық Қарақұм Беурдешик-Хиуа Заунгуз Мургаб Чарджоу Бухара Бадхыз-Қарабел |
200 дейін
150 дейін
300 дейін
310-450 200-450 40-180 130 дейін |
0-20
190-200
300 дейін
370 дейін 350 дейін 160 дейін 100-150 |
0-60
0-40
60-75
50 300 дейін 120 дейін 60-65 |
90-140
0-40
50-120
140-160 250 дейін 30-150 100-130 |
40-60
30-220
77-100
200 300 дейін 100 дейін 310 |
60-100
20-85
80-105
50-140 150 дейін 50 дейін 200 |
Кесте -19.
Геологиялық жасы |
Облыс және аудан бойынша қабаттардың номенклатурасы |
||
Орталық Қарақұм |
Бухара МГО |
Бадхыз-Қарабел ГО |
|
Маастрихт
Сенон
Турон Сеноман |
А, А1, А2, Б, Б1 В, В1, В2 |
VII (VIIа, VIIб, VIIв, VIIг) VIII, VIIIа, VIIIб IX, X, жоғарғы бөлігі |
Карачоп кенорнында өнімді
Ислим кенорнында өнімді |
Газ және конденсаттың анықтамасы
Белгілі кенорындардың газдары тығыздығы 620кг/м3 құрғақ метанды газ қатарына жатады. Метанның құрамы 90%. Көміртегі мүлдем жоқ. Альб кенішінен бастап (тереңдігі төмен 700-750м), конденсаттың барлығы бөлінеді, құрамы өседі 2-3 тен 30-40 см/м, кейде 66см/м барады. Конденсат жеңіл (тығыздығы 730-750 кг/м3) түссіз сұйықтық, шайыр, парафин, күкірті жоқ.
Модар кенорнының газының анықтамасы кішкене басқашалау. Онда метанның құрамы 76-83% аспайды. Ал азот саны (12-19%).
Газ және мұнай кенорындары
Зеагли-Дарвазин кенорын тобы Қарақұм шөлінің орталық бөлігінде солтүстік Ашхабадтан шамамен 250км жерде орналасқан. Мұнда 1959 жылдың мамырында бірінші рет Қарақұмда күшті газ фонтаны атқылады.
Зеагли – Дарвазин тобында 11 кенорын бар: Шиих-Дарвазин( төрт газдық куполды біріктіреді – Шиих, Пришиих, Такар, Дарваз), Чалджулбин, Топджульбин, Топорджульбин, Чиммерлин, Шығыс Акуин, Атабай, Чашхын, Сакарчагин, Коюн – Шарлык.
Юра және бордың өндірістік жағдайы 3 газды қабатпен саналады.Олар қимада тегіс емес орналасады. Негізгі газ кеніші альб және апт қабаттарымен байланысты. Қарастырылып отырған кенорынның анықтамасы стратиграфиялық аралығы газдылығымен солтүстіктен оңтүстікке қарай өсетінін көрсетеді. Егер кенорындардың солтүстік бөлік аумағында газдылық турон мен сеноман болса, онда оңтүстік бөлігінде Зеагли – Дарвазин көтеріліміндегі газ кеніші неоком (Сакарчага) және жоғарғы юра бөлімі (Коюн-Шарлык, Чашхын) ашылады.
Газ кеніштерінің аралық тереңдігі 200-1600м. Кенішінің көп бөлігі суға қалқыған болып келеді, ұзындығы 10-20м. Кеніштердің қабаттық қысымы гидростатикалықпен бірдей және 25-160 кГ/см, қабаттың температурасы 32-76 ◦С. Абсолютті бос газ өнімі негізінен үлкен емес, және негізгі кеніш 300 мың. м3тәул., мұнай дебиті 4-30 т/тәул. аумақтарындағы газ өндіретін мекеме 1966 жылға жатады. Ачак кенорнының газ өндіргіш кеніштердің басталатын кезде және бірінші орында газдың берілуі Орта Азия – Орталық. I және II кезекті көрсетілген газды құбыр мәні Шығыс Түркменстан газды аймағы және елдің газы селт жоғарлайды. Айта кететін жағдай жақындағы 5 – 10 жылда тек қана Шатлык кенорнынан 75 млрд.м газ жылына алынды.
Геологиялық құрылымның негізгі белгілері
Тектоникалық жағдайда Шығыс – Түркменстан аймағы Амудария синеклизасының батыс бөлігіне сәйкес келеді. Аумақты негізгі құрылымдық элементі бір бірінен аумақты бөлінуімен ерекшеленеді (Шығыс Заунгуз, Сұлтансанджар, Кошкуин).
Заунгуз ойысы Мұргаб құламасынан Келиф-Репетек белдемінің бұрылумен білінеді. Ол оңтүстіктен тік бұрышпен Мұргаб белдемінің бұрылуына сәйкес келеді.
Шығыс Түркменстан газды аймағының қимасы мезо-кайнозой алаңына сәйкес келеді, ол палеозой ірге тасында немесе пермь- триас пайда болуымен ұласады. Бірақ палеозой және пермь-триас тереңдіктері 2500-3700м бұл ау -мақтың солтүстік және шығыс бөлігінде ашылды.(Гугуртли, Фараб, Ачак). Басқа жерлердің ұңғылары терең (500-4500м)жоғарғы юраның қабаттарын анықтады. Жоғарғы юраның хемогенді жыныстарының қалыңдығы 800-1200м.
Газдылығы
Өндірістік газ кеніштері қимада Шығыс – Түркменстан газды аймағының кенорны мезозой стратиграфиялық аймағында көрсетілген.Дат, маастрих, турон, альб, апт, неоком, жоғарғы және ортаңғы юра газды болып келеді. Сонда да газды этаж аумақтың әртүрлі бөлігінде және негізінен литология- тас келбеттік анықтамалары жоғарғы борға тәуелді.
Ачак аймағының газ кеніштері 1250-2250м тереңдікте көрсетілген және альб, апт, неоком, жоғарғы және ортаңғы юра қабаттарымен байланысты. Бұл жерде әктастан басқа XV горизонт Гугуртли кенорны өнімді қабаттар құмтастар,және алевролиттер, әктастар және мергельдер орналасқан. Коллекторлардың ортаңғы өткізгіштігі 250-370мд, бірақ жеке жағдайда 1,9 – 2,6д (294-сурет).
294- сурет. Ачак кенорнынның геологиялық қимасы (Туркменгазпром бірлестігінің мәліметтері бойынша)
1-жарылымды бұзылыстар, 2-газ, 3-су;
