
- •2 Жас платформалардың мұнайгазды провинциялары
- •2.1 Батыс Сібір мұнай-газды провинциясы
- •2.1.1 Батыс Еуропалық эпипалеозойлық тақта
- •2.1.2 Болгар тақтасы
- •2.1.3 Аквитан провинциясы
- •2.1.4 Баск провинциясы
- •2.2 Солтүстік Кавказ мұнай-газ провинциясы
- •2.2.1 Аймақтық мұнай-газдылы кешендер
- •2.2.2 Негізгі мұнайгазды облыстардың қысқаша сипаттамасы
- •2.2.3 Мұнай және газ жинақтарының орналасуының геологиялық ерекшеліктері
- •2.3 Орта Азия
- •2.3.1 Арал - Каспий аумағының кеңістік геодинамикасы
- •2.3.2 Каспий аймағының мұнай газды алаптары
- •2.3.3 Орталық Каспийлік мұнай газды алабы
- •2.3.4 Ірі жарылымдар жүйесі
- •2.3.5 Рифтогенді жүйелер
- •2.3.6 Бозащы мұнай-газды провинциясы
- •2.3.7 Заволжско- Орал алды облысының кенорындары
- •2.3.8 Солтүстік-Үстірт мұнайгазды обылысының мұнай және газды кенорындары
- •2.3.9 Сурхан-Вахш мұнай-газды облысының мұнай және газ кенорындары
- •2.3.10 Оңтүстік Маңғышлақ провинциясы
- •Тектоникасы мен газдылығы
- •2.3.12 Зайсан болашақты-мұнайгаздылы облысы
- •2.3.13 Амудария газдылы мұнай провинциясы
- •2.3.14 Орталық Қарақұм мұнай – газ аймағы
- •2.3.15 Тәжік мұнайгазды облысының геологиялық құрылысының негізгі ерекшеліктері
- •Тәжік мұнайгазды облысының мұнайгаздылығы
- •2.3.16 Ферғана мұнайгазды облысының геологиялық құрылысының негізгі ерекшеліктері
- •2.4 Арабия тақтасы
- •2.4.1 Сирия
- •2.4.2 Түркия
- •2.4.3 Сауд Арабиясы
- •2.4.5 Катар
- •2.5 Оңтүстік Америка
- •2.5.1 Анд қозғалмалы белінің мезо – кайнозойлы қатпарлы құрылыстары.
- •2.5.2 Колумбия
- •2.5.3 Эквадор
- •2.5.4 Перу
- •2..5.5 Боливия – Аргентина провинция
- •2.5.6 Нигерия мұнайгаздылы алабы
- •2.5.7 Атлант мұхит маңы
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Мазмұны
- •2 Жас платформалардың мұнайгазды провинциялары.................................3
2.2.1 Аймақтық мұнай-газдылы кешендер
Солтүстік Кавказ тауалды иіндіойыстарында 8 аймақты мұнай-газды кешендер бөлінеді. Олар орогенге дейінгі және орогенді молассалы құрылымдық этаждарға шоғырланған.
Кесте 16.
Солтүстік Кавказ мұнай-газ провинциясының аймақтық мұнай-газ кешендері
Мұнай-газ кешені |
Стратиграфия лық көлемі |
Литологиялық құрамы |
Мұнай (М), газ(Г), газконденсат(ГК) кенішті кешен-дердің таралуы |
Неоген
Палеоген
Жоғарғы бор Төменгі бор
Тұз асты жоғарғы юра Тұз үсті перспектив ті жоғарғы юра Терригенді юра
Триас
|
Плиоцен–жоғарғы олигоцен Төменгі олиго- цен –палеоцен
Жоғарғы бор
Төменгі бор
Жоғарғы юра – титон ярусы
Жоғарғы юра – кимеридж және оксфорд ярусы
Жоғарғы юра – келловей ярусы, ортаңғы және төменгі юра Триас
|
Құмтас, құм, құмайттас, саз
Құмтас, құм, саз
Мергель, әктас
Әктас
Неоком саздары мен құмтастары, апт-альбтық кар-бонатты құмтас-тар мен әктастар Әктас
Құмтас
Құмтас, саз
Құмтас, әктас, саз |
Солтүстік Кавказ тауалды иінді-ойыстың барлық аймағы (М,Г,ГК) Батыс Кубань тауалды иінді-ойысы (М,Г,ГК) Терско-Каспий тауалдыиінді ойысы Терско-Каспий тауалды иінді-ойысы (М,ГК) Солтүстік Кавказ тауалды иінді-ойыстың барлық аймағы (М,Г,ГК)
Терско-Каспий тауалды иінді-ойысы (М)
Солтүстік Кавказ тауалды иінді-ойыстың барлық аймағы (М,Г,ГК)
Солтүстік Кавказ тауалды иінді-ойыстың барлық аймағы (М,Г,ГК)
Шығыс Кубань тауалды иінді ойысының Адыгей көтерілімі |
Триас кешенінің мұнай-газдылығы туралы мағлұмат аз. Сәйкес түзілімдердің қатысуы Шығыс Кубань иінді ойысында тек Адыгей көтерілімінің тауалды иінді ойысының белдемі аймағында табылған. Бұл жерде мұнымен мұнай білінімдері мен газдың өнеркәсіптік ағысы байланысты. Бұл иінді ойыстың басқа бөліктерінде, сонымен қатар, Батыс Кубань және Терско-Каспий тауалды иінді ойыстарында триастың болуы тек үлкен тереңдіктерде болуы мүмкін деп жорамалданады.
Юра түзілімдері 3 аймақтық мұнай-газды кешендерден тұрады:
Терригенді төменгі-ортаңғы юралық келловей;
Карбонатты эвапорит асты оксфорд-кимеридж;
Карбонатты эвапорит үсті жоғарғы титонды;
Шығыс Кубань және Терско-Каспий тауалды иінді ойыстарында юра түзілімдерінің мұнайгаздылығы, оларда мұнай-газдың өндірістік жинағымен және олардың белсенді ағыстарымен дәлелденді.
Негізгі сипаттама болып барлық иінді ойыстарда табылған кедертасты массалардың және бөлек кедертастардың дамуы жатады. Кедертасты денелер эвапорит асты түзілімдердің астында және эвапориттер шөгінген алаптың шектік бөлігінде дамыған. Терско-Каспий тауалды иінді ойыстарында эвапориттен жоғары карбонатты қабаттар (пачка) дамыған. Осы қабаттармен Минераловод көтерілімінің шығыс беткейінде бұрғыланған ұңғылардағы мұнайлы фонтандардың мұнайгаз білінімдерінің біршама қатары байланысты.
Төменгі бор аймақтық мұнай-газды кешен қарастырып отырған провинцияның барлық мұнай-газды облыстарында көмірсутектердің өндірістік шоғырына ие.
Иіндіойыстардың орталық бөліктеріндегі бұл кешен орналасқан үлкен тереңдіктер олармен байланысты көмірсутекті кеніштерді табуға және игеруге кедергі келтіреді. Литологиялық құрам бойынша төменгі бор мұнай-газды аймақтық кешені неоком бөлімшесін алып жатқан карбонатты терригенді бөлікке және апт-альб құм сазды бөлікке бөлінеді.
Әдетте, терригенді жыныстар гранулярлы кеуекті және бастапқы өткізгіш коллектор ретінде қарастырылады. Терско-Сунженско ауданында 5000м және одан да көп тереңдіктерде апт-альб түзілімдерін зерттеу бұл терригенді түзілімдерде коллектордың екі типі бар екендігін көрсетеді. Салыстырмалы аз сулы жағдайларда қалыптасқан гранулярлы түрлі коллекторлар кең таралған болып табылады. Сунженско және Терско антиклинориларының аумағында седиментациялық алаптардың орталық бөлігінде апт-альб коллекторларының басқа түрі дамыған: мұнда терригенді жыныстар нашар сортталған, тығыздалған және гранулярлы коллекторлық қасиетінен айырылған; 3000м тереңдіктен жоғарғы кварц регенерациясының кең таралу нәтижесінде олар кварц тәрізді құрылысқа ие болған.
Терско-Сунженско антиклинориі мен апт-альб құмды-алевролитті жыныстардың үлкен тереңдіктегі негізгі сыйымдылығын сілтіленудің екінші ретті кеуектенуі және жарықшақтылығы құрайды.
Жоғарғы бор аймақтық мұнай-газды кешені Терско-Каспий тауалды иінді ойысының негізгісі болып табылады. Коллектор ретінде жарықшақты-ұралы әктастар кездеседі.
Батыс Кубань мұнай-газды облысының палеогенді аймақтық мұнай-газды кешені негізінен құмды-алевролитті-сазды жыныстардан құралған. Олармен провинция көмірсутектерінің бастапқы барланған қорларының үлкен бөлігі байланысты болып келеді. Олардың негізгі жинақтары жоғарғы эоценнің төменгі бөлігінде, яғни Черкесск беткейінде шоғырланған. Құрамына Майкоп түзілімдері кіретін мұнай-газды аймақтың кешені Батыс Кубань мұнай-газды облысы көптеген мұнай және газ жинақтарына ие; ұзақ уақыт бойы Чокрас және Караган құмды қабаттары Терско-Каспий тауалды иінді ойысының, соның ішінде Терско-Сунженско мұнайлы ауданының негізгі резервуарлары болып табылады.
Мұнай және газ шоғырлану аймақтарының типтері
Тауалды иінді ойыстарына байланысты қатпарлы орогендер алдында орналасқан Батыс Кубань және Терско-Каспий мұнай-газды аймақтарында мұнай-газ кеніштерінің сызықтық созылған белдемдері дамыған. Жиналу орындары әдетте көп қабатты, әртүрлі түрлі кеніштерді біріктіреді – қабатты күмбезді бұзылмаған және бұзылған, литологиялық және стратиграфиялық, тектоникалық қалқанған, кейбір кеніштер сазды диапирлер ядроларымен жапсарлы болып келеді. Жоғарғы бор корбанатты коллекторларында мұнай кеніштері массивті табиғи резервуарлармен байланысты. Басқа аймақтық мұнай-газ кешендерінде бір жинақта 8-12 жеке кеніштер кездеседі, ал әртүрлі кешендер бойынша олардың саны 25-тен асуы мүмкін.
Шығыс Кубань мұнай-газ облысында көмірсутек жинақтарының кенішінде ондай сызықтық белдемдік жоқ немесе айқын емес. Бұл жерде дамыған мұнай-газ жинақтары аз амплитудалы брахиантиклинальдар мен күмбез қатпарлардан тұратын, Терско-Кумско платформалық ойысының Прикум ауданының белдемдері созылуы бойынша үлкен емес бел тәрізді көтерілімдермен байланысты. Шығыс Кубань көмірсутек жинағы әдетте 2-3 кейде одан да көп кеніштерге ие. Кеніштер қабатты, күмбезді, кейде жинақтың литологиялық түрлі де кездеседі (Оңтүстік-Совет, Баракаев).
Иінді ойыстың тауалды баурайын күрделендіретің Адыгей көтерілімі мен Дағыстан сынасының аумағында бөлек күмбез жинақтар кездеседі (Мысалы, Майкоп, Шамхалбұлақ).