
- •2 Жас платформалардың мұнайгазды провинциялары
- •2.1 Батыс Сібір мұнай-газды провинциясы
- •2.1.1 Батыс Еуропалық эпипалеозойлық тақта
- •2.1.2 Болгар тақтасы
- •2.1.3 Аквитан провинциясы
- •2.1.4 Баск провинциясы
- •2.2 Солтүстік Кавказ мұнай-газ провинциясы
- •2.2.1 Аймақтық мұнай-газдылы кешендер
- •2.2.2 Негізгі мұнайгазды облыстардың қысқаша сипаттамасы
- •2.2.3 Мұнай және газ жинақтарының орналасуының геологиялық ерекшеліктері
- •2.3 Орта Азия
- •2.3.1 Арал - Каспий аумағының кеңістік геодинамикасы
- •2.3.2 Каспий аймағының мұнай газды алаптары
- •2.3.3 Орталық Каспийлік мұнай газды алабы
- •2.3.4 Ірі жарылымдар жүйесі
- •2.3.5 Рифтогенді жүйелер
- •2.3.6 Бозащы мұнай-газды провинциясы
- •2.3.7 Заволжско- Орал алды облысының кенорындары
- •2.3.8 Солтүстік-Үстірт мұнайгазды обылысының мұнай және газды кенорындары
- •2.3.9 Сурхан-Вахш мұнай-газды облысының мұнай және газ кенорындары
- •2.3.10 Оңтүстік Маңғышлақ провинциясы
- •Тектоникасы мен газдылығы
- •2.3.12 Зайсан болашақты-мұнайгаздылы облысы
- •2.3.13 Амудария газдылы мұнай провинциясы
- •2.3.14 Орталық Қарақұм мұнай – газ аймағы
- •2.3.15 Тәжік мұнайгазды облысының геологиялық құрылысының негізгі ерекшеліктері
- •Тәжік мұнайгазды облысының мұнайгаздылығы
- •2.3.16 Ферғана мұнайгазды облысының геологиялық құрылысының негізгі ерекшеліктері
- •2.4 Арабия тақтасы
- •2.4.1 Сирия
- •2.4.2 Түркия
- •2.4.3 Сауд Арабиясы
- •2.4.5 Катар
- •2.5 Оңтүстік Америка
- •2.5.1 Анд қозғалмалы белінің мезо – кайнозойлы қатпарлы құрылыстары.
- •2.5.2 Колумбия
- •2.5.3 Эквадор
- •2.5.4 Перу
- •2..5.5 Боливия – Аргентина провинция
- •2.5.6 Нигерия мұнайгаздылы алабы
- •2.5.7 Атлант мұхит маңы
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Мазмұны
- •2 Жас платформалардың мұнайгазды провинциялары.................................3
2.1.4 Баск провинциясы
Баск провинциясы Испанияның солтүстік белдемінде орналасқан, оңтүстігінде Пиренеймен шектелген. Ибери платформасының солтүстік иілімімен үйлескен, кішкене ғана Полиентес және Седан күмбездерімен күрделенген, солтүстігінде Кантабрий иінді ойысымен шектелген, іргетасы герцин жасты.
Шөгінді тысы мезозой түзілімді платформалы түрлі, 2500 метрге жуық қалыңдықпен жабылған. Таскелбеттік құрылысы мен мұнайлы қимасы бойынша Аквитан ойысының қимасына ұқсас, бірақ Баск провинциясының қалыңдығы одан аз. Қима континентальды- тоғанақты қызыл түсті перм және триас шөгінділеінен басталады. Триастың жоғарғы жағында түзілімдері ізбестастар мен мергельдермен көрсетілген (1900м), олар тоғанақ–континентальды қабат, ізбестас, құмтас және саз жарылымды жоғарғы юрада үйлесімсіз жатыр. Төменгі бор неокомда саздармен және альбі құмтастармен, ал жоғарғы бор массивті ізбестастардан тұрады.
Бұл белдемде мұнайдың бар болуы болжамды, ХХ ғасырдан бері осы жерде іздеу жұмыстары жүргізілуде. 1964 ж. Бургос қаласының солтүстігінен 60км жерде сейсмобарлау барысында бірінші өндірістік мұнай кенорны Испанияда – Айолуэнго ашылды, бұл кенорын 1967 ж бері тәулігіне 600 тоннадай мұнай береді. Құрылымның дөңбеккүмбезді бөлігі грабендермен бұзылған және жекежонға бөлінген. Айолуэнго кенорнының мұнайы 1000-1500м тереңдікте жоғарғы юра және төменгі бор беткейінен алынған.
Осы аймақта Ла-Лора және Тозо кенорны ашылды. Ла-Лорада мұнай кеніші төменгі борда 1500м тереңдікте орналасқан. Мұнай өнімі тәулігіне 100 тоннаға дейін жеткен.
2.2 Солтүстік Кавказ мұнай-газ провинциясы
Солтүстік Кавказ мұнай-газ провинциясы Үлкен Кавказ таулы құрылымының бойымен созылып жатқан Азов теңізінен Каспий теңізіне дейінгі тауалды иінді ойыстарымен байланысты. Бұл провинция Краснодар, Ставрополь өлкелерінде, Кабардино-Балкар, Солтүстік Осетия, Чечено-Ингушетия және Дағыстан аумағында орналасқан. Провинцияның батыс бөлігі Украинаның Қырым облысымен, Қара теңіз мұнай-газ облысымен, шығыс бөлігі субмередианды Каспий бұзылымының Маңғышлақ мұнай-газ провинциясымен, солтүстігі Карпинск кряжімен, оңтүстігі Кавказ геосинклиналімен, ал оңтүстік-шығыс бөлігі Азербайжанмен шектеседі. Скиф эпиплатформасында орналасқан. Мұнай-газ провинциясының іргетасы әртүрлі жасты – байкал мен герцинге дейінгі, шөгінді тысы мезозой, кайнозой жыныстарынан құралған. Көлемі 530 млн шаршы шақырым.
Бұл мұнай-газды провинцияның құрамына көптеген тектоникалық элементтер кіреді: Индоло-Кубань және Терско-Каспий аймағының ойысы, Маныч ойысы жүйесінің платформалық бөлігі, Тимашев сатысы, Азов-Ей мегавалы, Солтүстік Азов және Гудилов ойысы, Ставрополь күмбезі, Шығыс Кубань ойысы, Адыгей көтерілімі, Оңтүстік Ставрополь және құмалды белдемді көтерілімі, Шығыс Маныч ойысы, Ноғай сатысы, Сулак қазанойысы және Дағыстан белесі.
Геологиялық құрылысының негізгі белгілері. Солтүстік Кавказ тауалды иінді ойыс белдемі Кавказдан платформалы Кавказалды тақтаға ұласып жатқан Адыгей және Минераловод шоқыларымен бөлінген Батыс Кубань, Шығыс Кубань, Терско-Каспий иінді ойыстарынан тұрады. Осындай текті шоқы—Дағыстан сынасы—Терско-Каспий иінді ойысын, оның шығыстан оңтүстік-шығысқа созылымының өзгеру орнында күрделендіреді. Самур көлденең тереңдік жарылымы Сулак қазанойысының тауалды баурайынан оның солтүстік-азербайжан бөлігін бөліп жатыр. Батысында Батыс Кубань иінді ойысына онымен тығыз байланысқан Кавказ, Қырым таулы құрылымдарын бөліп жатқан, Керчень-Тамань көлденең периклинальды иінді ойысы түйіседі.
Шөгінді түзілімнің қалыңдығы шеткі ойыстарда 12-14 км-ге дейін жетеді, Скифтік тақтаның иінді ойыстарында және ойпаттарында 6-8 км-ге жетеді. Шөгінді кешенде үш құрылымдық қабат орын алады: триасты платформалық, юра-палеогенді ортоплатформалық және олигоценді төрттік–орогенді қабаттар.
Құрылымдық қабаттары. Солтүстік Кавказ иінді ойысының фундаменті орогенге дейінгі мезозой- палеоген және орогенді неогенді құрылымдық этаждарымен бөлінген.
Ойыстағы фундамент 8-12км тереңдікте созылып жатыр. Фундаментті құрайтын жыныстардың арасында қарқынды аймақтық метаморфизмге ұшыраған және қатты қатпарланған магмалық және шөгінді таужыныстар бар.
Орогенге дейінгі құрылымдық қабатта магмалық таужыныстар жоқ және триас, юра, бор, палеоген жасты шөгінді түзілімдерінен құралған.
Батыс Кубань тауалды иінді ойысының орогенге дейінгі құрылымдық қабатының ерекшелігіне тауалды баурайының мезозойдағы флиштік формацияның дамуы жатады. Бұл формация Терско-Каспий иінді ойысының солтүстік-азербайжан бөлігінің тауалды баурайында жоғарғы бор түзілімінде пайда болған. Тауалды иінді ойысы белдемінің мезозой түзілімдері басқа бөліктерінде формациялық белгілері бойынша Кавказалды платформалық тақтасының бірдей жасты түзілімдеріне жақын, тек қалыңдығы бойынша ерекшеленеді. Орогенге дейінгі этаждың ең үлкен қалыңдығы 5000-6000м.
2
25-
сурет. Азов –Кубань, орталық Каспий
(Казказ алды ) және Шығыс Қаратеңіз мұнай
газды алаптары.
а- Казказ таулы құрлысы және қатпарлы Донбас; Савтік алаптар аралық тарам; г- жарылымдар; д- сырғымалар; г- дөмбеккүмбездер, көтерілімдер; ж- іргетастың орналасу тереңдігінің сұлба изолиниялары;м- кенорындары; з- мұнайлы және газмұнайлы;и- газды;к- мұнай газ жинақ белдемдері.
А- Азов –Кубань алабы : газ жинақ белдемдері:
I- Ленинград, II- Канев; III- Березан, IV- Алексеев -Советтік, V- Кугультин, VI- Расшеват-Петров, мұнайгаз жинақ белдемдері, VII- невин Комос, VIII- Адыгей, мұнай жинақ белдемдері, IX- Аностасиев -Краснодар, X- Джигин –Кудакин, XI- Азов , , XII- Калуга, XIII- Нефтегорск –Хадыжен.
Б- Орталық Каспий алабы; XIV- газ жинақтағыш белдемдерінің Архгир аумағы; ХV- Промыслов-Кубук мұнайгаз жинақ белдемі; XVI- Агинер-Каспий газ мұнай жинақ белдемі; XVII- газмұнай жинақ белдемдерінің Кум маңы аумағы; XVIII- мұнайгаз жинақ белдемдерінің Терск-Сумжен аумағы; XIX- мұнайгаз жинақ белдемдердің Дагестан аумағы в- Шығыс Қара теңіз алабы
Бұл қабатты құраушы жыныстар аймақтық метаморфизмге ұшырамаған және өздерінің коллекторлық қасиетін жоғалтпаған.
Шығыс Кубань және Терско-Каспий иінді ойысының орогенге дейінгі құрылымдық этажының ерекшелігіне құрамына тастұзының қабаттары кіретін қалыңдығы 1200 м-ге дейінгі жасы жоғарғы юралық эвапоритті формацияның дамуы жатады.
Қалыңдығы 5000 м-ден жоғары тауалды иінді ойыстардағы құрылымдық қабат Үлкен Кавказдың жалпы көтерілу кезінде қалыптасқан. Орогенді қабаттың негізгі формациясы болып жыныстардың құрамы бойынша төменгі және жоғарғы болып бөлінетін молассалар жатады.
Төменгі моласса (шлир) Солтүстік Кавказ тауалды иінді ойыс белдемінде қалыңдығы 2500 м-ге дейінгі қабатты саздармен біркелкі келген. Саздарда құмтасты-құмайттасты материалдар кездеседі, көбінесе бұлар жұқа қабатшалар, кейде олар иінді ойыстардың баурайларында сағаланатындай жеткілікті мөлшерде қалыңдықты құмтасты қабаттар, сонымен қатар ленталы линзалар кездеседі, саздардың, құмайттастардың, құмтастардың ритмдік түрде алмасу бөліктері байқалады.
1912 жылы И.М.Губкин сазды шлирді майкоп тастопшасына жатқызған. Майкоп саздары бойынша әдетте тауалды иіндіойыстардың тауалды баурайларының шекараларында көрінеді. Солтүстік Кавказ тауалды иінді ойыстарының жоғарғы молассасы соңғы миоценді-антропогенді жасқа ие және ол құмтастардың, құмайттастардың, саздардың қабаттарынан тұрады. Кейбір қималарда конгломераттар мен сирек түрде әктастар көрінеді. Жоғарғы молассаның қалыңдығы кейде 4000 м-ге жетеді.
Кавказалды иінді ойысының геологиялық құрылысының төмендегідей ерекшеліктеріне тоқталсақ:
1. Барлық созылым бойынша тауалды иінді ойыстарының тереңдік жарылымдармен түйіндесуі. Тауалды иінді ойыстарды шөгінді тыстағы осы жарылымдар жүйесінің өрнегі ретінде қарастыруға болады.
2. Иінді ойыстың шөгінді жабынының орогенге дейінгі орогенді құрылымдық этажға бөлінуі. Орогенді құрылымдық этаж Солтүстік Кавказ белдемінің барлық жерінде неогенді молассалы формациялардан құралған.
3. Тауалды иінді ойыстардың құрылысына олармен түйіндесті тау құрылымдарының тектоникалық типтері әсер етеді.
Батыс Кубань және Терско-Каспий тауалды иінді ойыстары Батыс және Шығыс Кавказдың қатпарлы орогендерінің алдында орналасқан және осыған байланысты тауалды баурайлары мен осьтік белдемдерінде сызықтық қатпарлар-антиклинорийлер мен синклинорийлер дамыған, олар бастырма, қаусырма, лықсымалармен күрделенген. Мұндай антиклинорийлердің мысалы ретінде Анастасиевско-Краснодар және Батыс Кубань тауалды иінді ойысының Сунжен, Терско, Терско-Каспий тауалды иінді ойысының Батыс және Шығыс антиклинорийлері болады. Бұл антиклинорийлердің құрамына кіретін жергілікті қатпарлар сызықтық топқа жатады; олардың кейбіреулерінің ұзындығы ені 3 шақырымнан аспайтын бірнеше 10-даған шақырымға дейін созылып жатады.
Қатпарлар үлкен биіктікке ие (1000 м-ге дейін) және көбінесе бастырма, қаусырма, лықсымалармен күрделенген. Осындай түрлі ең ірі жергілікті көтерілім-Малгөбек-Вознесенско-Алиюртовское-Терско-Каспий иінді ойысындағы Терско антиклинориінің маңында анықталған. Оның бор түзілімдері бойынша ұзақтығы 65 шақырымға жетеді. Қатпар қанаттары ірі, кейде төңкерілген.
Тауалды баурайларының жоғарғы бөліктерінде молассалар мезозой дислокацияларын жауып моноклинальді шоғырланады. Баурайдың төменгі жағында және осьтік белдемде молассалар қарқынды қатпарланған және антиклинорий құрылысына қатысады.
Платформалардың қатпарлары ауданы және биіктігі бойынша үлкен емес. Орогенге дейінгі құрылымдық қабатта анықталмаған жергілікті көтерілімдер кездеседі.
Шығыс Кубань тауалды иінді ойысы Кавказдың басқа бөліктерінен жоғарғы юралық және бор түзілімдерінің қатпарланбағандығымен ерекшеленеді. Орогенді белдемде бұл түзілімдер моноклинальді шоғырланады және иіндіойыс жаққа қарай 15-50 бұрышпен құлайды.
Шығыс Кубань тауалды иінді ойысында сызықтық қатпарлану жоқ. Бұл жерде анықталған жергілікті көтерілімдер өздерінің құрылысы бойынша платформалық дислокацияларға жақын. Осыған негіздей отырып, бірқатар зерттеушілер Шығыс Кубань иінді ойысын платформалық құрылымға жатқызады және оны Кавказалды-Қырым тақтасына кіргізген.
Өзінің орналасуы бойынша Солтүстік Кавказ эпиплатформалық ороген алдында орналасқан Шығыс Кубань иінді ойысы тауалды иінді ойыс ретінде қарастырылуы тиіс. Бұл дәл сол Кавказдың қатпарлы орогендер алдында дамыған Батыс Кубань және Терско-Каспий тауалды иінді ойысы молассалар сияқты типтік молассаларымен иінді ойыстың құралғандығымен дәлелденеді. Солтүстік Кавказ массивтерінің Кавказдың қатпарлы бөлікшелерінде ерекшеленетіні сияқты Шығыс Кубань иінді ойысы да Солтүстік Кавказдың басқа тауалды иінді ойыстарынан ерекшеленеді. Тауалды иінді ойыстар бір-бірінен Адыгей, Минераловод аймақтық көлденең көтерілімдерімен, Дағыстан сынысымен бөлінеді; бұларда брахиантиклинальды және күмбез тәрізді жергілікті қатпарлар дамыған. Олардың мысалы ретінде Дағыстан сынасының Майкоп көтерілімін айтуға болады. Аймақтық көтерілім ірі болған сайын, сонымен қатар іргетасы жоғары болған сайын, оны күрделендіретін жергілікті көтерілімдердің өлшемдері соғұрлым аз болады, әсіресе бұл Минераловод аймағының көлденең көтерілімдерінде жақсы көрінген, оның қатпарлары Адыгей аймақтық көтерілімдерінің және Дағыстан сынасының жергілікті көтерілімдерінен біршама аз.
4. Барлық тауалды иінді ойыстарға ассиметриялық тән. Тауалды баурайлары тік құламалы, кейде төңкерілген болып келеді. Платформалық баурайлар тегіс келген, барлық қабаттардың құлау бұрышы 100-тан аз. Шығыс Кубань тауалды иінді ойысында ассиметрия Батыс Кубань және Терско-Каспий тауалды иінді ойысына қарағанда нақты байқалмайды.
5. Батыс Кубань және Терско-Каспий тауалды иінді ойыстарына ядролары төменгі молассаның майкоп саздарынан тұратын диапиризмдердің дамуы тән. Сонымен қатар, Тамань және Керчень түбектерінде балшықты жанартаулар дамыған. Балшықты жанар тау қазындысы диапирлі құрылымға ие Батыс Кубань тауалды иінді ойысындағы Анастасиевско-Троицк жергілікті көтерілімінен табылған.
6. Солтүстік Кавказ тауалды иінді ойыстарының орогенге дейінгі және орогенді формационды кешендерінде магмалық процестердің нәтижесінде дамитын интрузиялық, эффузиялық, туфты таужыныстар толығымен жоқ.
7. Солтүстік Кавказдың тауалды иінді ойыстары рельефте Кубань, Терек, Сулак және тағы басқалары өзен аңғарларындағы түсірілімдер болып келген. Бұл аңғарлардың тауалды баурайлары көп ағындармен—тау өзендерімен тілімденген. Олардың қарама-қарсы баурайлары тегіс болып келеді.
Мұнай-газдылығы. Мұнай-газды іздеу жұмыстарының тарихын Батыс Кубань және Терско-Каспий провинцияларынан бастап қарастырайық.
Батыс Кубань иінді ойысында 1864 жылы Кудако аңғарында қазіргі кезде Краснодар өлкесі аумағына жататын Кудако аумағында ең алғашқы мұнай фонтаны алынған механизацияланған әдіспен ең алғашқы ұңғыма бұрғыланды. Бұл жыл Отандық мұнай өнеркәсібінің дамуының бастауы болып саналды. Мұнайды неогенді түзілімдерден өндіре бастады. И.М.Губкин өзінің жұмысын осы Кубаннан бастаған. Түпкілікті зерттеулер нәтижесінде ол мұнайдың литологиялық кеніштерін анықтаған, олар өздерінің пішініне байланысты жең тәрізді өзен сағалары (рукаваобразный) деп аталған. Бұл И.М.Губкиннің мұнай геология ғылымына қосқан ірі үлесі болып табылады. Мұндай кеніштерді АҚШ геологтары тек көп жылдардан кейін ғана анықтай алды.
И.М.Губкин Таманьда жұмыс істей жүріп балшықты жанартауларға көңіл бөлді. Кейін Тамань, Апшерон түбегі және тағы басқа аудандар бойынша зерттеулерді қорытындылай отырып, И.М.Губкин балшықты жанар таулардың, диапирлердің, мұнай-газ жинақтарының генетикалық байланыстылығын айтты. Бұрынғы балшықты жанартаулы жер қойнауының мұнай-газдылығының теріс көрсеткіші деп таралған көзқарастарға қарсы И.М.Губкин бірінші болып балшықты жанартаулылы аймақтарының болашағы зор екенін көрсетті.
Кубаньдағы келесі ашылым 1909 жылы болды. Мұнда Мұнайлы-Ширван аумағындағы ұңғыма 75м тереңдіктен мұнай фонтанын берген. 1912 жылы қарастырып отырған ауданда 152 мың т. мұнай өндірілді. Кейін өндіру қарқыны төмендей бастады, 1917 жылы небары 30 мың т. мұнай алынды.
Батыс Кубань мұнай-газдылы облысының шынайы гүлдену кезеңі Кеңес Үкіметі кезінде болды. Кавказдағы азаматтық соғыс бітісімен бірқатар жаңа мұнай жиналу орындарының ашылуына әкелген іздеу-барлау жұмыстары басталды. Солардың ең ірісі- Нефтегорск-1923 жылы ашылды. 1930 жылы Батыс Кубань облысында мұнай өндіру 416 мың т-ға жетті. Ұлы Отан соғысының алдында 2 млн. т-дан астам мұнай берді.
Ұлы Отан соғысы кезіңде Краснодар аумағының мұнай өндірісі жойылды. 1944 жылы Батыс Кубань тауалды иінді ойысында мұнайдың жаңа жинақтарын іздеу басталды және осы жылы Зыбза-Глубокий Яр мұнай және газ-конденсаттың жинағы ашылды. Кейін Новодмитриевско, Ахтырско-Бугундырско және т.б. көптеген жинақтар ашылды. 1950 жылы мұнай өндірісі 2 есе деңгейден асты. Ірі табысы 1953 жылы,яғни, Анастасиевско-Троицк мұнай-газды жинағының ашылуы болды.
1893 жылы Терско-Каспий мұнай-газ облысында Старогрозненский аумағының неогенді түзілімдерінен ең алғашқы мұнай фонтаны қазіргі кезде Чечено-Ингушетия аумағында орналасқан жаңа мұнайлы ауданының—Терско-Сунженсконың ашылуы туралы хабарлады. Алайда оны игеру 1913 жылы Новогрозненск мұнай жинағын ашқаннан кейін басталды. Осы жылы Россияда өндірілген 9,3 млн. т. мұнайдың 1,3 млн. т-сы Грозненскиий, Майкоп аудандарының үлесіне тиеді. Кейін құлдырау мен азаматтық соғыс кезінде мұнай өндіру тоқтатылды. Мұнайлы қабаттарға сумен қанығу қаупі төнді. 1920 жылы Лениннің жарлығы бойынша мұнай өнеркәсібін қайта қалпына келтіру үшін ірі мамандар мен талантты ұйымдастырушылар жіберді. Ленин И.М.Губкинке мұнай өнеркәсібін қайта қалпына келтіру бойынша іс-шаралар жоспарын құрастыруға бұйрық берді.
1925 жылы Терско-Сунженско ауданы елге 2 млн. т-дан астам мұнай берді. 1931 жылы өндіру 8 млн. т.-ға жетті. Ұлы Отан соғысы жылдары кезінде Терско-Сунженско ауданы соғыс маңы болды, өндіріс консервацияланды. Мұнай өңдеуші зауыттар мен ұңғылау қондырғылары елдің шығыс аудандарына көшірілді.
1945 жылы Терско-Сунженско ауданының жаңа аумақтары Ташқала, Ойсұңғыр, Нойберді аудандарында мұнай фонтандары атқылады. Неоген түзілімдері бітуге жақындады, 1953 жылдан бастап іздеу нысаналарына байланысты жоғарғы бор карбонатты түзілімдер болды. Бұл түзілімдердегі мұнай фонтандарының дебиті жоғары болды және 1500-2000 т. тәулікті құрады.
Терско-Сунженско ауданында төменгі бор және юра түзілімдерінде мұнай мен газ-конденсатты іздестіру жүргізіліп жатыр, сонымен қатар, үлкен тереңдікте бұрғылау жүріп жатыр.
226- сурет. Иберий (Пиреней) аралының тектоникалық жүйесі.
а – Герциндік іргетастың жоғары шығуы; б – альпілік катпар облысы; в – шеткі иілімдер: 1 – Эброс, 2 – Гвадалквивир; г – альпілік тауаралық ойпаты; д – іргетас үсті изогипстар; е - Айолуэнго мұнай кенорны; 3 – 6 – эпигерциндік платформаның ішкі иілімі 3 – Ла-Манча, 4 – Маэстрасго, 5 – Португалдық, 6 – Алгарви. Рамкадағы – Айолуэнго кенорнындағы ұңғымалардың орналасу жүйесі.
Кесте 15.
Солтүстік Кавказ тауалды иінді ойысының мұнай-газ провинциясындағы мұнай-газды облыстары мен аудандары
Облыс, аудан |
Тектоникалық шоғырлануы |
Мұнай(М),газ(Г), газконденсаттың(ГК), негізгі жинақтары |
Батыс Кубань
Оңтүстік
Солтүстік
Шығыс Кубань
Адыгей
Лабин Совет
Темиргоев
Терско-Каспий
Черногор
Терско-Сунженско
Дағыстан клині Оңтүстік Дағыстан
Солтүстік Азербайжан
Платформалық
Тамань-Керчень Батыс Кавказ |
Батыс Кубань тауалды иінді ойысы
Иіндіойыстың тауалды баурайы
Иіндіойыстың платформалық баурайы
Шығыс Кубань тауалды иінді ойысы
Адыгей көтерілімі
Усть-Лабин айыршығы жергілікті көтерілімдер-дің Советтік тобы
Темиргоев көтерілімі
Терск-Каспий тауалды иінді ойысы
Черных гор моноклиналі
Черногор моноклиналы- нан иінді ойыстың өсіне дейінгі Чечен қазанойысының тауалды баурайы Дағыстан сынама көтерілімі Сулак қазанойысының тауалды баурайы
Чечен және Сулак қазанойысының тауалды баурайы Чечен және Сулак қазанойысының платформалық баурайы Тамань-Керчень периклинальды иінді ойысы
|
Анастасиев-Троицк (МГ)
Майкоп (ГК)
Темиргоев (М)
Датых, Малгөбек-Вознесен-Алиюртов Шамхалбұлақ
Дагестан Огни, Селли
Саадад, Амирханлы
Даходаев
Куколов, Дооб |