Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 том.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
155.16 Mб
Скачать

2.1.3 Аквитан провинциясы

Аквитан провинциясы Франциядағы ең ірісі. Олар эпигерцинді платформалардың синеклизалық маңындағы терең баурайда орналасқан, Периней алды иінді ойысының флиші оңтүстігінен жабылған (214 -сурет). Синеклиза солтүстігінен және шығысынан палеозой тауларымен қоршалған, Арморика және Орталық массивтермен, ал батысында Бискай шығанағына қарай ашылады. Жалпы шөгіндінің қалыңдығы Париж ойпатының қалыңдығынан әлдеқайда көп және оңтүстігінен орталық бөлігіне қарай оның қалыңдығы 4500м ден 19000м аралықта өседі, әсіресе Пиреней алды иінді ойысында.

218 -сурет. Аквитан мұнайгаздылы алабындағы мұнайлы және газдылы кенорындарының орналасу сұлбасы

А-юра түзілімдері; б-палеозой түзілімдері; г- жарылымдар; д-іргетас бетінің шолу изогипсалары, м; кенорындары: е- мұнайлы; ж-газдылы.

Мұнайгазды орналасуы мен стратиграфиясы. Герцинді іргетасында перьм-карбон шөгінді қатпарлары жатыр, мезозойлық солтүстік герман тас - келбетінде, палеоген-неоген моласстармен жабылған. Триастың жоғарғы бөлігінде тұздар мен ангидриттерде мұнай айқындалған. Юра кеніштері ізбестастармен, доломиттермен және мергель лейасасымен, доггер және мальталармен көрсетілген.

Тектоникасы. Аквитан синеклизасы ассиметриялық құрылысты болады және үш құрылымға бөлінеді. Солтүстік бөлігі мезо-кайнозойды, бел-белесті құрылыммен күрделенген және үлкен жарылымдарды көрсетеді. Төменгі бор қимасында кездеспейді. Құрылымды деңгей белдемі орталықтан бөлінген, бұл бордың үлкен қалыңдыққа енгенін және моласстардың кең түрде таралғанын көрсетеді.

Мұнай және газдың шоғырлану шарттары. Кенорындар провинциясы екі мұнайгазды облысқа бөлінеді –Аркашон және Пиренейалды. Аркашон мұнайгазды облысы Бискай бұғазының жағалауында және Аркашон ойпатының ортаклинальды бөлігімен шектелген. Мұнда 10 мұнай кенорыны бар. Ең маңыздысы болып Паранти-Франциядағы ірісі және Батыс Европада ірілердің бірі болып табылады. Ол әлсіз ассиметрияланған антиклиналь, сырғымалармен бұзылған. Неокомның ізбестастары мен жоғарғы юрада, түзу емес доломиттелген, ұралы және жарылымды, 2260-2660м тереңдікте үлкен мұнай кенішінен құралған, сумен жайылған. Мұнайы парафинді, тығыздығы 0,830 кг/м3. Паранти өнімі жылына 1.4 млн. тоннаны құрайды. Шельф бұғазысындағы барлау бұрғылау жұмыстары ешқандай нәтиже бермеді және 1968 жылы тоқтатылды.

Екінші Пиренейалды мұнайгазды облысының беделдігі флексурада орналасқан, Адур ойпатын Пиренейалды иінді ойыстан айырып тұратын, немесе қатпар асты флиште орналасқан газды кенорын болып табылады. Мезозой құрылымымен байланысқан кенорын өте жарылымдармен бұзылған және тұздармен енгізілген.

219-сурет. Аквитиан, Париж және Рон-Бреск алаптарының мұнай және газ кенорындарының орналасу карта сұлбасы.

а – пермь-триас тереңдіктерінің изосызықтары; б – Іргетас тереңдіктерінің изосызығы; в - жарылым бұзылымы; Кенорындар: г – мұнайлы; д – газды; е – мұнайгаздылы; ж – кристалл іргетасының жоғары шығуы; з – Пиреней қатпар облысы.

I – Аквитиан алабы; II – Париж алабы; III – Рон алабы; IV – Арморикан белдемі; V – Орталық белдем; VI – Рейн сазды тауы. Кенорындар: 1 – Кулом, 2 – Шартрет, 3 – Шелли, 4 – Валянс, 5 – Сен-Мартен де Боссена, 6 – Вильме, 7 – Тарайль, 8 – Шаторенар, 9 – Шоель, 10 – Жуанье, 11 – Сен-Фермен де Буа, 12 – Валемпуер, 13 – Лон ле Сонье, 14 – Галициан, 15 – Габиан, 16 – Казо, 17 – Люго, 18 – Мот, 19 – Паренти, 20 – Люка, 21 – Сен- Троссе, 22 – Мимизан-Норд, 23 – Лак, 24 – Сен-Марсе.

220- сурет. Сен-Марсе кенорнының тiк қимасы.

1 – жоғарғы бор флиші; 2 – сеноман; мергел және брекчиялы (газдылы); 3 – альпі-апт; 4 – юра доломиттері (газдылы); 5 – 7 – лейас: 5 – жоғарғы, 6 – ортаңғы, 7 – төменгі; 8 – триас.

221-сурет. Лак кенорнының тік қимасы.

1 – неогендік молассасы; 2 – лютет ярусы; 3 – ипрск ярусы; 4 – палеоцен; 5,6 – сенон: 5 – жоғарғы, 6 – төменгі (мұнайлы); 7 – турон-сеноман; 8 – альб; 9,10 – апт; 9 – жоғарғы, 10 - төменгі; 11 – неоком (газдылы) 12 – валанжин (газдылы); 13 – жоғарғы юра (газдылы) қабат. а – мұнайлы, б – газды.

222-сурет. Паренти кенорнының тік қимасы.

1 – кайнозой; 2 – бордың жоғарғы қабаты; 3 – сенон; 4 – 5 – сеноман: 4 – жоғарғы, 5 – төменгі; 6 – альб; 7 – апт; 8 – баррем; 9 – неоком; 10 – юра әктастары. а – мұнай.

223- сурет. Казо кенорнының сұлбалық тiк қимасы.

1 – сенон- турон; 2 – сеноман; 3 – альб; 4 – төменгі апт; 5 – неоком: а – тығыз әктастар; б – мергелдер; в – қоңыр саздар; г – мұнайлы құмтастар; д – сулы құмтастар.

224- сурет. Сен-Мартен де боссена кенорнының жоғарғы юра түзілімдерінің құрылымдық картасы. а – мұнай ұңғымалары.