Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 том.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
155.16 Mб
Скачать

2.1.2 Болгар тақтасы

Балқанның ауданы шамамен 45 шақырым. Оның батыс бөлігінің жотасының ұзындығы 2186м, ал орталық бөлігі ұзындау және онда кристаллды тау жыныстар күмбез тәрізді орналасқан, оның ұзындығы 2373м.

209- сурет. Солтүстік Болгарияның мұнайлы және газдылы кенорынның орналасу сұлбасы.

1 – Мизий тақтасы; Карпат-Балқан альптік қатпарлы облысы; 2 – Батыс-Балқан алды тектоникалық белдемі; 3 – Шығыс Балкан алды тектоникалық белдемі; 4 – Оңтүстік Карпат тектоникалық белдемі; 5 – Төменгі Камчий тау алды иімді ойысы; 6 – Мизий тақтасының аумағындағы ірі құрылымдық бөлімдерінің нұсқасы; 7 – ірі тектоникалық жарылымдар; 8 – мұнайгаздылы алаптардың шекаралары; 9 – анықталған мұнайгаздылы белдемдердің нұсқалары.

Мұнай кенорындары: 10 - өндірісті, 11 - өндірістен тыс; газ кенорындары: 12 - өндірісті, 13 - өндірістен тыс.

Ірі құрылымдық бөлімдер: І –Солтүстік Болгар дөмбеккүмбезі, ІІ – Добруджин массивның оңтүстік баурайы; ІІІ – Лев тобының көтерілімдері; ІV – Плеве тобының көтерілімдері, V – Видин-Стрехан дөмбеккүмбезінің оңтүстік баурайы; VІ – Лом ойпаты; VІІ – Борован-Тучениц иінді ойысы; VІІІ – Александрий ойпатының оңтүстік борты; ІХ – Тутракан иінді ойысы; Х – Варнен ойпаты; ХІ – Тырговшитско-Провад баспалдағы; ХІІ – Провадий ойпаты.

Мұнайгаз жинақ белдемдері: а – Дыбник; б – Гиген-Корабий; в – Деветак-Павликен; г – Тюленов; д – Мраморен.

Мұнайгаздылығының таралуы және стратиграфиясы. Тақтатастың іргетасы әртүрлі жасты, тақтатастың солтүстік бөлігінде- байкал, кембрийге дейінгі және кембрий метаморфты тау жыныстары көрсетілген, оның астынан аралық кешен түзілген, силур сланецтері(300-400м), девон карбонатты жыныстарымен(800м) және карбонмен(1000м). Платформалық тыс эвапоритті-қызылтүсті пермь шөгінділерінен тұрады(300м).

Триас (2500м дейін) герман тас келбеттілігінде, қызылтүсті төменгі және жоғарғы бөліктерінде және карбонат тысы ортаңғы бөлігінде көрсетілген. Палеоген жергілікті жерде, ал неоген моласс стары субпровинцияның солтүстігінде таралған.

Солтүстік Болгар субпровинция іргетасының беделділігі ерте герцинді және мұнда массивтер бөлек одан да ежелгі тау жыныстарынан құралған. Оңтүстік Румынияның негізгі мұнайгазды кешені гельвет(Гет облысы), орта юра, борлы және сарматты(Бухарест-Крайов облысы) болып табылады.

210 -сурет. Румыния аумағындағы Карпат алды Балкан мұнайгаздылы алаптың мұнайлы және газдылы кенорындарының мұнайгаз жинақ белдемдерінің орналасу сұлбасы

1 – мұнайгаз жинақ белдемдерінің шекарасы; кенорындары: 2 – мұнайлы, 3 – мұнайгаздылы, 4 – газдылы, 5 – ірі жарылымдар.

Мұнайгаздылы белдемдері: А – Мойнитинско-Ойтуз; Б – Тецканин, В – Сирет, Г – Солтүстік Плоштин; Д – Батыс Плоештин;

Бузэуско-Кымпин; Е1 - ірі иілім белдем бөлігі; Е2 – шапшыма иілімдердің белдем бөлігі, Ж – Питештин; З – солтүстік Питештин; И – Затренин; К – Былтенин; Л – Крайковско-Бухарест.

Тектоника. Мизий тақтасы солтүстігінен Оңтүстік Карпатпен, солтүстік-шығысында Карпаталды иіндіойыспен, ал оңтүстігінен Балканалды қатпарлы белдемімен шектелген, бұлар бұзылымдар жүйесімен бөлінген.

Гет мұнайгазды облысындағы кенорындар мұнай және газ жекежон құрылыстары құрылымдармен байланысқан гельвет қатпарындағы, бұлардың плиоценінде антиклиналь жарылымдары сәйкес келеді(211 сурет). Мэотес негізінен газды болып табылады. Мұнда іздеу бұрғылау жұмыстары 6000 м тереңдікке дейін жүргізілген.Мұнайгазды жиналған тізбек жекежон көтерілім белдемдер болып, жарылымдарға бейімделген белдемдер болып табылады. Ең бай кенорындар оңтүстік Румыния субпровинциясы 50 жылдары өндіріле басталған, қазіргі уақытты Румынияның негізгі өндірісін беріп тұр. Ең алғашқы кенорын солтүстік Болгар субпровинциясындағы Тюленевада 1951 жылы ашылды. Плевен мұнайгазды облысы 1961-1963 ж ашылды.

211- сурет. Болгария мұнайлы және газды кенорнындарының картасы.

I - Балқан қатпарлы жүйесі; II - Балқан алды сызықтық қатпар белдемі; III - Солт Балқан көтерілімі; IV - төменгі Камчий иілімі; V - Лом ойпаты; VI - Варнен ойпаты; VII - локальды топ көтерілімі: a – Владимир-Карпелит; б – Каспичан-Хитрин; в – Девнен; г – Попов; VIII - жарылымдар мұнайлы және газды кенорындар: 1 – Тюленев; 2 – төменгі Камчий; 3 – Гиген; 4 – Долни-Дыбник; 5 – Чирен.

212- сурет. Лейас қат қалыңдығының құрылымдық картасы және Чирен кенорнының тік қимасы. а – газконденсаты, Тюленев кенорнының әктас валанжині құрылымдық картасы. 1 – газ, 2 – мұнай, 3 – мұнайлы контур.

213-сурет. Оңтүстік Карпат алды иінді ойысындағы мұнай және газ кенорнының орналасу сұлбасы

а – фагераш (Оңтүстік карпаттар) тау құрылымының оңтүстік баурайының кристалды тау жыныстары, б – бор; в – палеоген; г – миоцен (s – сармат ); д – плиоцен, е – шапшымалар, жарылымдар; ж – антиклиналдар мен брахиантиклиналдар; з – мұнайгаз жинақтану белдемінің шекарасы; Құрылымдар I-Гет ойпаты II-Солтүстік Питештин ойпаты III-Питештин көтерілімі IV-Корну антиклинорияның батыс жалғасы V - Гет ойпатын Карпат Балкан ойпатынан бөліп жатқан жарылым; Мұнай газ жинақтау белдемдері А – Балтениндік Б – Затрениндік В - Солтүстік Питештиндік.

Жергілікті көтерілімдер мұнайлы және газдылы кенорындары

1 - Сачел-Чекадия; 2 - Слатиора-Говора; 3 – Стылен; 4 - Чуперчен-Тиргу-Жиу-Сюд; 5 – Ровинари; 6 – Неогеш; 7 – Былтен; 8 – Циклени; 9 – Соку; 10 – Карбунеш; 11 – Ликурия-Бастукини; 12 – Логрешти; 13 – Бибешти; 14 – Хузерани; 15 – Грэдиштя; 16 – Бабени; 17 – Галичя-Стоичен; 18 – Драгану; 19 – Меришиани; 20 – Боцешти; 21 – Затрени; 22 – Доброгостя;

Мезо-кайнозой грабенді ойыс провинциялары

Мезо-кайнозойлы грабенді ойыс провинцияларына Рейн және Рон-Бресс ішкі платформалы грабенді ойыстар жатады, олар эпигерцинді платформаны Жерорта теңізінен Солтүстік теңізіне дейінгі жерді айыратын, Жерорта теңізі- Мъезен Батыс Европа грабенінің бір бөлігі болып табылады. Сонымен қатар батыс Ронға қарай орналасқан, Лиман грабенінде жатқызуға болады. Бұл грабендердің көпшілігі алғашқы палеоген кезінде қалыптасқан. Рейн және Рон-Бресс грабендері палеозой кезінде әлсіз белдемін көрсетті. Олар мезозой шөгінді платформалы түрімен және кайнозой моласс сойдты тұщы теңіз суымен үлкен қалыңдықта қалыптасуын орындаса, Лиман грабені тек моласстармен толтырылды. Барлық аймақтық грабендерге тән белгілер моласстарда мұнайдың, газдың және қатты битумдардың таралуы. Әрбір грабенді жеке мұнайгазды облыс ретінде қарауға болады.

Рейн грабенінің мұнайгазды облысы. Рейн грабені Франция аумағында Рейн жазықтығының жоғарғы бөлігінде орналасқан. Өзінің оңтүстік бөлігінде грабен палеозой массивтерімен Вогез (батысында) және Шварцвалмен (шығысында) шектелген. Оның ұзындығы 300 шақырым, ал ені 35-50 шақырым.

Мұнайгазды орналасуы мен стратиграфиясы. Негізінен грабен палеоцен-миоцен молассаларымен орындалған. Бұл теңіз ащы суларының және лиманикалық шөгінділерінің қалыңдығы 4000м ге дейін. Жалпы қалыңдығы 1500м ден жоғары мезозой таужыныстары, солтүстік германия таскелбеттігінде айқындалған. Қалыңдығы мен толық қимасы солтүстіктен оңтүстікке қарай өседі. Қызыл шөгіндісі аз қалыңдықты (15м ге дейін)доломиттер және цехштейн саздарының астасуы. Триас(800-1000) және юра(800м дейінгі) қимасы мергельді таужынысымен ерекшеленеді. Палеоцен мен бор кездеспейді. Моласстар саздармен, мергельмен, ізбестастармен, кейбір жерлерде қатпарлы құмтастармен және эвопариттермен, ал жоғарғы жағында қоңыр көмірмен және кесектастермен қалыптасқан. Оның бортында шөгінділер дөрекі сынықты, ал орталық бөлігінде көбіне сазды мергельдер қатпарлы құмтастарымен орындалған.

Мұнайгазды кешендер барлық қималарында бар. Триаста бақалшақты ізбестас тастопшасында, сонымен қатар кейпер мен рэта құмтастарында, грабен ортасында аздаған мұнай жиналымдары бар. Дәл осы жерде оолитті бат ярусында қалыңдығы 100м мұнай тастопшасы дамыған. Кедертас текті маржанды ізбестастарында оксфорд-кимеридждің оңтүстік бөлігінде мұнай кеніші белгіленген. Моласстар орталығында және солтүстік бөліктерінде мұнайлы, әсіресе олигоцен таскелбетінде жақсы дамыған. Ең өнімді кешені болып, барлық облыс бойынша 90 пайыз өнім берген, олигоценнің төменгі бөлігіндегі пешельброн қатпары болып табылады. Төменгі бөлігінде Пешельбронда 13 қабатқа дейін мұнай құмтастарымен доломиттерінде шымданған құрылымдар қалыптасқан. Грабеннің шет бөліктерінің беделдігі, неоген моласс тарында құмтастардың таралуы ұзынша көмпимелермен күрделенген жергілікті көмпимелерде ұсақ мұнай кенорындары табылған. Юра жасты әктастардан құралған көмпимелердің дөмбеккүмбезінде массивтік резервуарларда және кейбір жерлерде флексуралардың иілімінде кеніштер шоғырланған. Олардың орналасу тереңдіктері 670 м-ден 1800 м-ге дейін өзгереді. Ең беделді Куломм кенорынында бат жасты әктастарда жалпы қалыңдығы 33-55м үш мұнайлы белдемдер табылған. Мұнай тығыздығы 854-860 кг/м3. Шайон- Шартрет кенорынында сырғымамен байланысты ұсақ бұзылысты белдемдер көлеміндегі бат-келловей жасты әктастар мұнайлы.

Барлау жұмыстары негізінде неокомдағы литологиялық кеніштерді және палеозойлық беткейлеріне бағытталған. Ла-Манш бұғазына қарай ашық Оңтүстік-Ағылшын ойпатында Портсмут маңында Киммеридж кен орыны орналасқан. Бұл кенорында антиклиналдық дөмбеккүмбезіндегі доггер жасты әктастар мұнайлы. Ла-Манштың жағалауынан (Дарсет графство) 3 шақырым қашықтықта 20 шақырым тереңдікте теңіз бұрғылау жұмыстары мен мезозойлық мұнай табылған. Лондон қаласының оңтүстік бөлігінде перм жасты түзілімдерінде газ табылған.

214- сурет. Пешельбронн мұнайлы кенорнының тік қимасы.

1 – асфальтті барлау; 1 – балық қалдықтары; 2 – балық қалдықтары; 3 – фораминиферленген мергелдер; 4 - 5 – пешельброннды қабат: 4 – жоғарғы, 5 – төменгі; 6 – қызыл түсті қалыңдық; 7 – эоцен; 8 – юра; 9 – кейпер; 10 – раковиналық әктас; 11 – құмтастар; 12 – граниттер. а – мұнай көкжиегі.

215- сурет. Штаффельфельден кенорнының тік қимасы.

1 – балықты қабат; 2 – фораминиферленген мергелдер; 3 – 5 – тұзды қалыңдық: 3 - жоғарғы, 4 – ортаңғы, 5 – төменгі; 6 – тұз кристалы; 7 – мергелдер лим қалдықтарымен; 8 –эоцен; 9 – келловей-оксфорд; 10 – жоғарғы бат; 11 – үлкен оолит; 12 – төменгі байос; 13 – лейас; 14 – рэт; 15 – кейпер; 16 - раковиналық әктас; а – мұнай.

216 -сурет. Реин мүнайгаздылы алабының мұнайлы және газдылы кенорындарының орналасу сұлбасы.

Тау жыныстарының жер бетіне шыққан жерлері: а – кристалды іргетас, б – пермдік, в – триас және юра; г – сырғымалар; кенорындары; д – мұнайлы; е – газдылы; ж – құрылымдық табалдырықтар; А - Пешелбронн ойпаты; Б – Семеста ойпаты; В – калий тұзды алап.

Англо-Париж мұнайгазды алабы Францияның солтүстік бөлігін алып жатыр. Бұл өзінің Париж Артезиан алап деген атымен белгілі. Француз алап бөлігі төмпешіктелген жазықтықты көрсетеді, жайлап шекарасына қарай көтерілген, жер бедерімен сипатталады.

217- сурет. Англо-Париж, Рейн және Рон мұнайгаздылы алаптардың мұнайлы және газдылы кенорындарының орналасу сұлбасы [ ]

а-мұнайгаздылы алаптардың шекаралары; б- іргетас бетінің изогипсалары, м; кенорындары: в- мұнайлы; г-газдылы.