
- •2 Жас платформалардың мұнайгазды провинциялары
- •2.1 Батыс Сібір мұнай-газды провинциясы
- •2.1.1 Батыс Еуропалық эпипалеозойлық тақта
- •2.1.2 Болгар тақтасы
- •2.1.3 Аквитан провинциясы
- •2.1.4 Баск провинциясы
- •2.2 Солтүстік Кавказ мұнай-газ провинциясы
- •2.2.1 Аймақтық мұнай-газдылы кешендер
- •2.2.2 Негізгі мұнайгазды облыстардың қысқаша сипаттамасы
- •2.2.3 Мұнай және газ жинақтарының орналасуының геологиялық ерекшеліктері
- •2.3 Орта Азия
- •2.3.1 Арал - Каспий аумағының кеңістік геодинамикасы
- •2.3.2 Каспий аймағының мұнай газды алаптары
- •2.3.3 Орталық Каспийлік мұнай газды алабы
- •2.3.4 Ірі жарылымдар жүйесі
- •2.3.5 Рифтогенді жүйелер
- •2.3.6 Бозащы мұнай-газды провинциясы
- •2.3.7 Заволжско- Орал алды облысының кенорындары
- •2.3.8 Солтүстік-Үстірт мұнайгазды обылысының мұнай және газды кенорындары
- •2.3.9 Сурхан-Вахш мұнай-газды облысының мұнай және газ кенорындары
- •2.3.10 Оңтүстік Маңғышлақ провинциясы
- •Тектоникасы мен газдылығы
- •2.3.12 Зайсан болашақты-мұнайгаздылы облысы
- •2.3.13 Амудария газдылы мұнай провинциясы
- •2.3.14 Орталық Қарақұм мұнай – газ аймағы
- •2.3.15 Тәжік мұнайгазды облысының геологиялық құрылысының негізгі ерекшеліктері
- •Тәжік мұнайгазды облысының мұнайгаздылығы
- •2.3.16 Ферғана мұнайгазды облысының геологиялық құрылысының негізгі ерекшеліктері
- •2.4 Арабия тақтасы
- •2.4.1 Сирия
- •2.4.2 Түркия
- •2.4.3 Сауд Арабиясы
- •2.4.5 Катар
- •2.5 Оңтүстік Америка
- •2.5.1 Анд қозғалмалы белінің мезо – кайнозойлы қатпарлы құрылыстары.
- •2.5.2 Колумбия
- •2.5.3 Эквадор
- •2.5.4 Перу
- •2..5.5 Боливия – Аргентина провинция
- •2.5.6 Нигерия мұнайгаздылы алабы
- •2.5.7 Атлант мұхит маңы
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Мазмұны
- •2 Жас платформалардың мұнайгазды провинциялары.................................3
2..5.5 Боливия – Аргентина провинция
Оңтүстік – батысында орталық Анд кордильерасынан құралған аудан , ал солтүстік шығысында етек таулар алып жатыр. Бұл жердегі мұнайгазды бассейндер: Укаяли және Орталық үнді.
Боливияның оңтүстік бөлігінде газды кенорындары көптеп кездеседі . Колпа , Пальмар , Паранхилос және т. б.
Боливиядағы ең ірі кенорын Гуайруй. Ол жылына 500000 тонна мұнай беріп отыр .
Боливия территориясындағы құрылып жаткан кен орындары елдің оңтүстігіндегі Переданди мүйісінің ішкі бөлігіне ұштасқан (361-сурет).
361- сурет. Боливияның мұнайлы және газды кенорындарының орналасу сұлбасы.
1-Торо, 2- Бермехо, 3- Мадрехонес, 4- Санандита, 5- Лос- Монос, 6- Каматинди, 7- Буена- Виста, 8- Камири, 9- Татаренда, 10- Рио- Гранде, 11- Пальмар, 12- Наранхилос, 13- Санта- Крус, 14- Колпа, 15- Каранда, 16- Було- Було.
Мүйісінің ішкі бөлігі батысқа қарай құлаған көптеген ірі, бастырмалармен сипатталады; қыртыстардың арасында тар, енсіз антиклиналдармен синкалиналдар созылып жатыр. Қыртыстардың батыс қанаты түйіскен, шығыс қанаттары қатты шайылған болғанымен ірі, кейде төңкерілген. Қатпарларға тереңдей енген сайын біркелкі болып келеді.
Переданди ойпатына тиесілі негізінен девон шөгінділеріне тиесілі табиғи 200-ден астам мұнай шоғыры белгілі. Мұнай мен газды табу мақсатындағы бұрғылау жұмыстары 1924жылдан басталды. Бірінші құбырды бұрғылау нәтижесінде Бермеже кен орны ашылды. Осыдан кейін әр жылдары біндары қатар кен орындары анықталды.
Барлау бұрғылары негізінен табиғи мұнай мен газ қорының геалогиялық түсірілімдер негізінде қаланды; кейінірек сейсмикалық және гравирлік барлау жұмыстары кеңінен қолдана бастады.
Боливияның оңтүстік Субакваль белдеуінде екі фациалды аймақ бөлінеді. Олар: чорро мен тариха. Бұл аймақтардың стратиграфиялық қималарын салыстыру кестеде көрсетілген.
Негізгі өнімді жиек девон мен пермо-карбон жыныстарында шоғырланған. Девондық Лос-Монос кенінде Лос-Монос және Каматинди кен орындарында мұнайдың кішігірім салалары ұшырасады. Камири кен орнындағы икири кені 17 өнімді кен ошақтарынан тұрады. Өнімді жиектер тығыздығы 30м және оданда көп құмдықтарда кездеседі. Қатардың борпылдақтығы 10%, өткізгіштігі 20-100мд. Пермо-карбон шөгінділерінде өнімді жиектер тупамби, тариха және тангуати кендерінде кездеседі. Өнімді жиектеріндегі борпылдақтық 10-12%,өткізгіштігі ондаған мд (70мд-ға дейін) болып келеді. Тариха кенінде кездесетін қыртыстар көбінесе линза тектес болып келеді. Оңтүстік ауданның солтүстік шекарасында соңғы жылдары кайназой шөгінділерінен өнеркәсіптік сала ашылуда: Петак жиегінде-Каранда және Рио-гранде кен орны. Сондай-ақ мезазой шөгінділеріне жататын: санджонс-Каранда кен орны.
Мұнай кен орындары жылжымалармен күрделенген, қатты қысылған қатпарланған салалармен ұштасып жатыр.
Камири кен орны Сараренда тау жоталары ауданында орналасқан, жылжымалармен күрделенген антиклиналдарға ұштасқан. Бұл кеніштің өнімділігі жоғары. Мұнда кейбірінің қуаттылығы 30м асатын 17 өнімді жиек бар. Құмдықтардың борпылдақтығы 10%,өткізгіштігі 30-100мд. Кендер 1100м тереңдікте тұнған. Мұнайдың тығыздығы 0,75-0,77г/см3. Қазіргі таңда 178 мұндай құбырлары пайдаланылуда. Кейбір құбырлар сараренда жиегіндегі мұнайдан тәулігіне 100 тоннадан беріп отырған.
Гуайру кен орны Камири кенішінен 20км оңтүстікте орналасқан. Сараренда үстіртінің қанатында жатқан жеке әрі ірі антиклинал блогынан ұштасқан. Қуаттылығы 48 метр болатын 3 жиек мұнайлы болып саналады. Құмдықтардың борпылдақтығы 10%-дан төмен, өткізгіштігі 20-100мд. Кен қатпарлы, тектоникалық экрандалған. Мұнайдың тығыздығы 0,73-0,75г/см3.
Бермехо кен орны екі күмбезді, яғни Бермехо мен Арросалес қатпарларымен ұштасқан. Мұнай тариха мен тупамбидің мензотектес құмдықтарынан алынған. Құмдықтардың борпылдақтығы 11-12%, өткізгіштігі 70мд.
362- сурет. Боливияның Анд алды белдемінің геологиялық піщіні Гессу бойынша 1964 [ ]
1-кайназой (Чако); 2-жоғарғы палеозой – триас; 3-девон; 4-силур – ордовик; 5-ордовикке дейінгі құрылымдар.
Тектоникасы
Боливия – Аргентина провинциясында палезойлық Андқа дейінгі белдемдер жүйелік орогенді эпиплатформалық жарылымдармен Орталық Анд ауданынан бөлінген және палеозой жыныстарынан қалыптасқан. Оның құрылымы көптеген сырғыма – қаусырмалармен айқындаладып батысқа қарай құлап бара жатыр. Қаусырмалардың араларында қабаттар тектоникалық қабықтарды қалыптастырады, қатты қысылған ассиметриялық иілімдерге иіру, кейбір кезде төңкерілген. Тереңдеген сайын иілім құрылғысы оңайланады.