
- •2 Жас платформалардың мұнайгазды провинциялары
- •2.1 Батыс Сібір мұнай-газды провинциясы
- •2.1.1 Батыс Еуропалық эпипалеозойлық тақта
- •2.1.2 Болгар тақтасы
- •2.1.3 Аквитан провинциясы
- •2.1.4 Баск провинциясы
- •2.2 Солтүстік Кавказ мұнай-газ провинциясы
- •2.2.1 Аймақтық мұнай-газдылы кешендер
- •2.2.2 Негізгі мұнайгазды облыстардың қысқаша сипаттамасы
- •2.2.3 Мұнай және газ жинақтарының орналасуының геологиялық ерекшеліктері
- •2.3 Орта Азия
- •2.3.1 Арал - Каспий аумағының кеңістік геодинамикасы
- •2.3.2 Каспий аймағының мұнай газды алаптары
- •2.3.3 Орталық Каспийлік мұнай газды алабы
- •2.3.4 Ірі жарылымдар жүйесі
- •2.3.5 Рифтогенді жүйелер
- •2.3.6 Бозащы мұнай-газды провинциясы
- •2.3.7 Заволжско- Орал алды облысының кенорындары
- •2.3.8 Солтүстік-Үстірт мұнайгазды обылысының мұнай және газды кенорындары
- •2.3.9 Сурхан-Вахш мұнай-газды облысының мұнай және газ кенорындары
- •2.3.10 Оңтүстік Маңғышлақ провинциясы
- •Тектоникасы мен газдылығы
- •2.3.12 Зайсан болашақты-мұнайгаздылы облысы
- •2.3.13 Амудария газдылы мұнай провинциясы
- •2.3.14 Орталық Қарақұм мұнай – газ аймағы
- •2.3.15 Тәжік мұнайгазды облысының геологиялық құрылысының негізгі ерекшеліктері
- •Тәжік мұнайгазды облысының мұнайгаздылығы
- •2.3.16 Ферғана мұнайгазды облысының геологиялық құрылысының негізгі ерекшеліктері
- •2.4 Арабия тақтасы
- •2.4.1 Сирия
- •2.4.2 Түркия
- •2.4.3 Сауд Арабиясы
- •2.4.5 Катар
- •2.5 Оңтүстік Америка
- •2.5.1 Анд қозғалмалы белінің мезо – кайнозойлы қатпарлы құрылыстары.
- •2.5.2 Колумбия
- •2.5.3 Эквадор
- •2.5.4 Перу
- •2..5.5 Боливия – Аргентина провинция
- •2.5.6 Нигерия мұнайгаздылы алабы
- •2.5.7 Атлант мұхит маңы
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Мазмұны
- •2 Жас платформалардың мұнайгазды провинциялары.................................3
2.5.2 Колумбия
Солтүстікте Кариб теңізі, ал батысында Тынық мұхиты орналасқан. Оған көптеген аралдар кіреді: Провиденс, Сан – Андрес, Кортауын және Альбукере (342 сурет).
Батыстың көп бөлігі Анд тауында Колумбия территориясында екі мұнай газды бассейн орналасқан:
1. Төменгі Магдалена.
2. Жоғарғы және төменгі Магдалена.
Бұл жердегі кенорындар негізен антиклинальдармен байланысты. Борды ізбестастардан құрылған және палеоген және неоген шөгінділірімен жабылған.
Жоғарғы және төменгі Магдалена бассейнінде 60-тан астам кенорындар ашылған. Олар олигоцен және эоцен шөгінділерімен байланысты. Ірі кенорындары Инфантес және Ла – Сира шығыс Кордильер етектауларында параллель созылады. Негізінде сырғымалар солтүстік шығыс, оңтүстік батыс бағыттарында ие болады (339, 340-суреттер).
341- сурет. Укаяли ойпатындағы Анд алды бұзылыстар белдемінің сұлбалы геологиялық қималары. К.К.Эйму және Л.Дж Эрреро бойынша, 1963
1-кайназой ;2-бор;3-юра;4-палеозой;5-кембриге дейінгі жасты граниттер;6- жарылымдар;7-ұңғымалар;
3
42-
сурет. Колубияның мұнайгаздылы шолу
сұлбасы.
а- бассейндер шегарасы; б-шөгінді тысыны қалындық изопахиттері, шақырымы; в- қатпарлы тірегіне жер бетіне шыққан жерлері; г- Бразилия тоқтасының Кембриге дейін тірегінің беткейлері жер бетіне шыққан жерлері; д- Бразилия тақтасының Кембриге дейінгі тірегі.Кенорындары: е-мұнайлы;ж-газдылы;з-изобаттар,м; Мұнайгаздылы бассейндары:I-Боливар; II-Төменгі Магдалендік;III-Жоғарғы және Орта Магдалендік;IV-Мараканбтық;V-Баринас-Алуре;VI-Жоғарғы Амазондық;мұнайгаздылығы болуы мүмкін бассейндер:VII-Атрато;VIII-Каука;IX-Батыс Парагуандық.
Колумбияда өндірістік мұнай бассейндері (343-сурет): Магдалена өзенінің орта және жоғарғы ағысты бассейні (мұнай игеру бойынша негізгі), Солтүстік жағалау маңы бассейні, Маракайв (Зулиа) бассейні (оңтүстік-батыс бөлігі) және Венесуэладағы Лианос (Апуре).
343-сурет.Колумбия кенорнының орналасу картасы
1-Эл- Дифисил, 2- Чину, 3- Кикуа, 4- Джоба- Таблон, 5- Сину, 6- Рио-де- Оро, 7- Тибу, 8- Сардината, 9- Петролеа, 10- Карбонера, 11- Рио- Зулиа, 12- Бутурама, 13- Тотумал, 14- Лебриджа, 15- Кантагалло, 16- Сагамоса, 17- Ла- Салина, 18- Пейоа- Сантос, 19- Квебрада Роджа, 20- Галан, 21- Касабе, 22- Пенас Бланкас, 23- Чукури, 24- Ла- Сира Инфантас, 25- Сан- Луис, 26- Ламугроса, 27- Кайпал, 28- Веласкес- Палагуа, 29- Эрмитанья, 30- Суэска, 31- Гуавио, 32- Галандей, 33- Ортега, 34- Тетуан, 35- Дина.
Европалықтарға мұнай негізі туралы ақпараттар 1541 жылы белгілі болған. Алғашқы мұнай бұрғылау 1907 жылмен байланысты, бұрғылау жұмыстары 1906 жылда, ал өндірістік жетілдіру 1921-1922 жылдарда Инфантас кенорынында басталды. 1962 жылы мұнай игеру 44 кенорында жүргізілді. 1963 жылы ашылған кенорындар саны 50 дейін көтерілді. Жаңа кенорындарды іздеу кезінде түрлі іздеу барлау жұмыстарының кешені пайдаланылады. Ол өзіне геологиялық түсіру, сейсмо, грави және магниттік барлау,геохимиялық түсіру,құрылымдық және терең бұрғылау. Әсіресе үлкен даму геологиялық түсіру,сейсмо және гравибарлауда болды.
Мұнай кенорындары Колумбия-Кордильер созылымдары бойымен созылған антиклиналдарға ұштастырылған,әдетте олар ассиметриялы және бұзылған.
Инфантас кенорны (344- сурет) көптеген жарылымдар және күрделенген бастырмалармен ұштастырылған.«В» олигоцен және «С» эоцен белдемі мұнайлы. Басты мұнайлы белдем «С» кеуектілігі 15 тен 22% дейін орта және майда түйірлі құмнан жиналған. Мұнай тығыздығы 934 кг/м³, күкірт мөлшері 0,9%.
Сонымен қатар Кособе кенорны көптеген жарылымдарымен күрделенген антиклинальды қатпарлармен ұштастырылған. Эоцен және олигоцен түзілімдері мұнайлы болып келеді.
Тотумал,Бутурама және Дина кенорындарында жоғарғы бор корбанатты жыныстар мұнайлылығы орнатылған.
Веласкес (346-сурет), Кантагало және басқа кенорындар қатары тектоникалық экрандалған кеніштерді құрайды. Мугрос свитасының «В» және «D» белдемінің миоцен, олигоцен түзілімдері, чорро свитасының «С» белдемінің эоцен және бор түзілімдері мұнайлы болып келеді. Едәуір өнімді чорро свитасы эоценнің «С» белдемі болып табылады. Құрылымдық формасы және кеніштер типі бойынша кенорындар сипаттамасы 257 кестеде келтірілген.
344- сурет. Ла- Сира- Инфантас (Уикс бойынша, 1954 ж) кенорнының қимасы.
1-чуспас сериясы, 2- чорро сериясы, 3- бор түзілімдері, 4- «А» белдемі, 5- «В» белдемі, 6- «С» белдемі, 7- «Д» белдемі, 8- галембо қабаты, 9- пухамана қабаты, 10- салада қабаты, 11- сальто әктастары, 12- симити тақтатастары, 13- табласо әктастары, 14- пах тастопшасы, 15- рос- бланк тастопшасы, 16- тамбор тастопшасы, а- газ, б- мұнай, в- тектоникалық бұзылыстар, г- стратиграфиялық үйлесімсіздіктер.
345- сурет. Касабе кенорнының көлденең қимасы.
346- сурет. Касабе кенорнының жабыны бойынша құрылымдық картасы.
Кесте 29.
Магдалена өзенінің ортаңғғы және жоғарғы ағысындағы кенорындардың құрылымдық пішіндері және мұнай мен газ бассейндерінің шоғырлар типі
Құрылымдық пішіндер |
Шоғырлар типі |
Кенорындар |
Антиклиналды қатпарлар |
Қабаттық дөңесті |
Тотумал, Ла- Сира, Касабе, Инфантас, Бутурама |
Тектоникалық экрандалған |
Касабе, Тотумал |
|
Моноклинал |
Тектоникалық экрандалған |
Веласкес, Кантагалло |
Жан- жағынан литологиялық шектелген |
Веласкес |
347- сурет. Веласкес кенорнының көлденең қимасы (Уикс бойынша, 1957 ж).
плиоцен, 2- миоцен, 3- олигоцен, 4- эоцен; а- мұнай, б- іргетас жыныстары.