
- •2 Жас платформалардың мұнайгазды провинциялары
- •2.1 Батыс Сібір мұнай-газды провинциясы
- •2.1.1 Батыс Еуропалық эпипалеозойлық тақта
- •2.1.2 Болгар тақтасы
- •2.1.3 Аквитан провинциясы
- •2.1.4 Баск провинциясы
- •2.2 Солтүстік Кавказ мұнай-газ провинциясы
- •2.2.1 Аймақтық мұнай-газдылы кешендер
- •2.2.2 Негізгі мұнайгазды облыстардың қысқаша сипаттамасы
- •2.2.3 Мұнай және газ жинақтарының орналасуының геологиялық ерекшеліктері
- •2.3 Орта Азия
- •2.3.1 Арал - Каспий аумағының кеңістік геодинамикасы
- •2.3.2 Каспий аймағының мұнай газды алаптары
- •2.3.3 Орталық Каспийлік мұнай газды алабы
- •2.3.4 Ірі жарылымдар жүйесі
- •2.3.5 Рифтогенді жүйелер
- •2.3.6 Бозащы мұнай-газды провинциясы
- •2.3.7 Заволжско- Орал алды облысының кенорындары
- •2.3.8 Солтүстік-Үстірт мұнайгазды обылысының мұнай және газды кенорындары
- •2.3.9 Сурхан-Вахш мұнай-газды облысының мұнай және газ кенорындары
- •2.3.10 Оңтүстік Маңғышлақ провинциясы
- •Тектоникасы мен газдылығы
- •2.3.12 Зайсан болашақты-мұнайгаздылы облысы
- •2.3.13 Амудария газдылы мұнай провинциясы
- •2.3.14 Орталық Қарақұм мұнай – газ аймағы
- •2.3.15 Тәжік мұнайгазды облысының геологиялық құрылысының негізгі ерекшеліктері
- •Тәжік мұнайгазды облысының мұнайгаздылығы
- •2.3.16 Ферғана мұнайгазды облысының геологиялық құрылысының негізгі ерекшеліктері
- •2.4 Арабия тақтасы
- •2.4.1 Сирия
- •2.4.2 Түркия
- •2.4.3 Сауд Арабиясы
- •2.4.5 Катар
- •2.5 Оңтүстік Америка
- •2.5.1 Анд қозғалмалы белінің мезо – кайнозойлы қатпарлы құрылыстары.
- •2.5.2 Колумбия
- •2.5.3 Эквадор
- •2.5.4 Перу
- •2..5.5 Боливия – Аргентина провинция
- •2.5.6 Нигерия мұнайгаздылы алабы
- •2.5.7 Атлант мұхит маңы
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Мазмұны
- •2 Жас платформалардың мұнайгазды провинциялары.................................3
2.5 Оңтүстік Америка
Анд Тау жүйесінің кайназойлық қатпарлы белдемі. Осы белдем ұзындығы 9 мың шақырымнан артық, ені 500 ден 700 шақырым. Биіктігі 2500м ден 7000м дейін Анд мезозой түзілімдерімен толтырылған ішкі ойпаттармен (грабендер) бөлінген горст-антаклинаний жүйесінен құрылған.
Анд ұзындығы бағыттамасымен үш белдемге бөлінген: Шығыс, Орталық және Батыс Кордильер. Шығыс Кордильердің Солтүстік және Оңтүстік бөлімдерінде мезокайназойлы тау жыныстарымен шөгінген. Анд батыс бөлімі жарылымдар бойымен Тұнық мұхит су айдының астында орналасқан. Көлденен жарылымдарымен Анд үш сегментке бөлінген: Солтүстік, Орталық және Оңтүстік (Патагондық Анд).(199-211 суреттер)
2006 жылдан бастап Бразилия бассейннің Santos тереңсулы бөлімінде кенорындары кездесіп,ашылып жатыр: Pazati, Tupi, Jupiter, Сazioca, Caramba, Guaza.
2008 ж Santos ауданында үш газдылы және мұнайлы кенорындары табылды.-газ кенорны Jupiter Tupi кенорнына ұқсас (1-т,6 млдр.т) Tupi кенорның жеңіл мұнайлы қалындығы 2000м тұз түзілімдерінің астында табылған. Cuaza және iaza – кенорны мұнайлы. Iaza кенорнының қоры 80-130 млн т.ден есептелінген.
Оңтүстік Американың Атлант маңы ойпатының жағалауында Бразилияда сегіз мұнайгаздылы бассейндарында 100 ден артық мұнайлы және газдылы кенорындары анықталған. Солардың ішінде екеуі Реконкаво (Бания) және Сертики-Алагоас мұнай газ кенорындары табылған. Мұнай газдылы бассейн Реконкаво Атланттың жағалауында Салвадордан солтүстік-батысында орналасқан. Оның оңтүстік бөлімінде 60 мұнайлы газдылы кенорындары орналасқан. Бұл бассейн Бразилияның Кембрийге дейінгі тақтайының шектік бөлімінде орналасқан ірі грабен (400х125 шақырым). Оның құрамында бор түзілімдері (қалындығы 6500м артық) юра түзілімдеріне қарағанда мол. Палеозой жыныстарында кездеседі. Мұнайлы кенорындары қысқа антиклиналдар қатарларында қалыптасқан. Өнімді қабаттары басымды бор құмтастары, юрада 3000м дейін тереңдікте кездеседі. Ең ірі кенорындары Агуа-Гранде, Миранга, Кандейас, Куерера, бірақта олардың жеке қорлары 65млн.т аспайды.
2.5.1 Анд қозғалмалы белінің мезо – кайнозойлы қатпарлы құрылыстары.
Венесуэла – Тринидад алабы.
Алапта геосинклиналды беткей неогенді ойысының Шығыс Венесуэла мен Тринидад аралының оңтүстік бөлігінің аумағында Матурин ойпаты шегінде қосылған. Ол қашықтықтығы 400 км Барселона меридианынан Тринидадқа дейін созылып жатыр. Алабтың материктік бөлімі солтүстікте Оринок алабынан құрылымдық тік жарылым бөлінген.
Стратиграфиясы. Бұл ойыс бөлігінің қатпарлы іргетасты өте қалың ( 10 – 12 шақырым) бор мен кайназой шөгінді қабатымен жабылған. Төменгі бор түзілімдерінің қалыңдығы 3000 м, жоғарғы бор түзілімдерінің қалыңдығы 1000 м. Қимада терригенді таяз сулы палеоцен –эоцен ( 1500 м ) шөгінділері кездеседі. Алабтың материктік бөлігінде олиоцен түзілімдері ірі түйірлі, ал қалыңдығы 200 м құрайды. Неоген түзілімдерінің кең таралуы бұл алабтың басқалардан ерекшелігі, қалыңдығы 6000 м – ге дейін жетеді. Матурин ойпатының орталық бөлігіне тән. Миоцен түзілімдері таязсулы теңіз түзілімдерімен, аргилиттермен, құмтастармен және конгломераттармен қалыңдығы 3000 м, иоплиоцен тұщы сулы және тұзды сулы шөгінділерімен көрсетілген .
Алаптың материктік бөлігінде негізгі мұнайгаздылы кешені лапика миоцен свитасы ( 2400 м – ге дейн ) болып табылады, оның қалыптасуы, түзілуі тайыз сулы теңіз бассейнінің майлы ағындарының әрекетіне байланысты. Тринидадта лапика свитасы атырау түзілімдерімен ( 4000 м – ге дейн ) олар мұнда басты мұнайгазды кешен болып табылады, ал құрамында көп линза тәрізді және бау тәрізді құмтастар және де суасты шөгінді кіріктірулері бар.
Мұнайгаздылы жағынан бағынышты плиоцен, олигоцен және кейбір жерлерде жоғарғы бордың құмтастары ие.
Миоцен түзілімдерінің мұнайы құрамы бойынша әртүрлі болып келеді, ал тығыздығы 0,780 – 1,0 г/см3. Тринидадта ауыр мұнайлар басым.
Тектоникасы. Венесуэланың шығыс бөлігінде неоген ойысы Серрания – дель – Интерлар көмпеймесімен байланысты қалыптасқан. Мұнда ол үлкен теріс гравитациялық ауытқылықпен байқалады, ол оның осі үлкен Анако томпақ мен ары қарай Прия шығанағы арқылы және Тринидад аралының оңтүстік бөлігі арқылы субендік бағытта өтеді. Матурин ойпатында оңтүстікке қарай біраз еңкейген және құлай түскен бұзылыстарымен бөлінген. Шамамен беткейдің ортасында қатпарлар жатады. Бұл құрылымдар күрделі құрылысты, әдетте олардың дөңесті немесе қанат бөліктері ірі көлденең және кіші қисық бұзылыстарымен бұзылған. Кейбір көмпемелер диапирлі сипатта.
Тринидад аралының құрылысы жағынан алаптың материктік бөлігіне ұқсас. Аралдық солтүстік жота көмпемесі, ол жағалық жоталардың жалғасы болып табылады және кайнозой ойысымен орталық жота көмпемесінен бөлек Орталық жотаның көмпемесі Серрания – дель – Интериор геоантиклиналі . Оңтүстікте оған Сипария – Эрин терең ойпаты түйіседі, ол миоцен түзілімдерінен құралған және де Солтүстік Анд алды неоген ойысының звеносы болып табылады (337-сурет) .
337- сурет. Тринидад аралының шолу тектоникалық сұлбасы. Барфу және басқалар бойынша.1958 а-плиоцен және миоцен; б-эоцен-олигоцен; в-мезозой; г-балшықты жанар таулар; д-мұнай кенорындары; е-антиклинальды белдемдер; ж-синклинальды белдемдер; з-шаншымалар мен сырғымалар; I.-Солтүстік жота (мезозой; метаморфты тау жыныстары);II-Орталық жота (мезозойлық және полеогендік тау жыныстары);III- Оңтүстік жота (кайнозойлық тау жыныстары); Кенорындары : 1- Ла-Бреа; 2-Пойнт-Фортен; 3-Форей-Рязерв; 4-Баракпор; 5-Кэт-Хилл; 6-Пало-Секо; 7-Солдадо; 8-Брайтон; 9-Гауягуаре.Синклиналдар : А-Карони; Б-Эрин; В-Сипария;
Венесуэла алабының мұнай кенорындары кейбір жерлері диапиризм мен балшық жанартауларымен күрделінген антиклиналь көмпемелерімен байланысты. Мұнайгаз жинақталу белдемдері негізінен антиклиналь белдемдеріне байланысты. Көп мөлшерде мұнай, асфальт пен балшық жанартаулардың шығуы тән (338- сурет).
Алапта екі мұнайгаздылы облыс бар: Матурин ( Кирикире мен Б.Хусепин ауданы ) Венесуэла аумағында және Тринидад (339- сурет) .
Мұнайгаздылы облысы – Матурин. Ол Матурин ойпатының геосинклиналь беткейін күрделендіретін тік бұзылыстарына байланысты. Мұндағы кенорындары қатпарлармен емес миоцен – миоплиоценнің құмтастарының литологиялық сүйірлене тамамдалу белдемдерімен байланысты. Олар, яғни миоцен – миоплиоцен түзілімдері 300 м – ден 1500 м дейн тереңдікте жатқан көне жағалар бойымен оңтүстікке қарай тік бұзылыстардан ( Кирикире, Хусепин, Мулата )
Кирикире – облыстың ең ірі кенорны, оның қоры 140 млн тонна. 1928 жылы анд тау белдемінде ашылған. Жылына бірнеше млн тонна мұнай өндіреді. Шерудің алғашқы 25 жыл бойынша 60 млн тонна мұнай алынды.
338-сурет. Венесуэла шығанағы
Венесуэла – әлемде мұнай өндіретін ірі мемілекеттердің бірі Маракайбо өзені ауданының маңында асфальт өндіру баяғыдан жетілдірілген. Ауыр мұнайды өндіретін алғашқы өндірістік өнеркәсіп 1878 жылы Тачира штатында ұйымдастырылды. Үлкен көлемдегі өнеркәсіптік өндіру 1914 жылы ашылған Мене-Транде кен орнында 1917 жылы басталды. Мұнайды тұрақты өндіру іздеу-бағдарлау жұмыстарының әр түрлі кешенді құрама мен кең көлемді қолдау көрсетілді.
Ел аумағында үш мұнайлы – газды бассейн бар: Маракайбо, Ориноко (Льяноса) және Апуре (Баринас). Маракайбо бассейнінен солтүстік шығыс жағынан Фалькон немесе Токуйо тектес кішігірім бассейндерді бөліп көрсетуге болады. Маракайбо бассейнінің ауданы 67 мың км2 , Фалькон бассейнінің ауданы 38 мың км2, Ориноко бассейнінің ауданы 144 мың км2, Апуре бассейнінің ауданыны 87 мың км2.
Венесуэлаға барлығы 150 кен орны белгілі, олардың басым бөлігі мұнай кенорындары.
Кариб теңізінің оңтүстік шельфінде көптеген перспективаларды Венесуэла шығанағының қойнауымен байланыстырады. Потенциалды ресурстар 800 млн.т мұнай және 200 млрд.м³ газға бағаланады.Шығанақтың батыс жағында екі газды кенорын ашылған . Одан шығысқа қарай Колумб шельфінің жағында өндірісті газдылылық белгіленген.
339- сурет. Шығыс Венесуэла мен Тринидадтың құрылымдық картасы және басымды мұнай кен орындары. В.Г. Левинсон бойынша Н.Ю. Успенская толтырған [ ]
а- Тринидадтың Серания-Дель-Интернар және Орталық жотасы; б- Гвиан қалқаны; в-офисина топтамасының орталық бөлшегінің жабындысының стратоизогипсалары, м; г-Матурин ойпатының осі, д- мұнайлы кен орындары және мұнайгаздылы алаңдары; е- қаусырмалар; ж- жарылымдар.
Шығыс Венесуэла иінді ойысы, ойпаттары: А- Гуарико; Б-Матурин; Оринок провинциясы, мұнайгаздылы аудандары: І-Үлкен Офисина; ІІ.Б.Анако; ІІІ-Гуарико; ІV-Тембладор; Венесуэль-Тринидад провинциясы мұнайгаздылы облыстары және аудандары: V – Кирикире-Хусепин; VI – Педерналес; VII – Тринидад облысы.
Мұнайлы кенорындары: 1 – Лас-Мерселдес; 2 – Гуавинита; 3 – Белья-Виста; 4 – Рунс; 5 – Эль-Робле; 6 – Сан-Хоакин; 7 – Санта-Ана-Римкон; 8 – Мата; 9 – Бока; 10 – Нипа; 11 – Офисина; 12 – Овеха; 13 – Кирикире; 14 – Хусепин; 15 – Педерналес; 16 – Тембладор; 17 – Пойнт-Фортен; 18 – Барракиор.
Кесте 28.
Тринидад облысындағы кенорындардың құрылымдық пішіндері және мұнай шоғырларының типтері
Кенорындардың құрылымдық пішіндері |
Шоғырлар типтері |
Кенорындар |
Антиклиналды қатпарлар |
Жарылыммен бөлінген қабаттық дөңесті |
Файзабад, Парриландс, Форест – Резерв, Брайтон, Поинт – Фортин, Ла – Бреа |
Стратиграфиялық экрандалған |
Крузе, Пало – Секо, Пенал |
|
Тектоникалық экрандалған |
Баррэкпор, Гуаягуаре, Моруга |
|
Литологиялық экрандалған |
Форест – Резерв, Файзабад, Кэтс – Хилл, Пало – Секо |
|
Линза түрлі |
Файзабад, Пало – Секо, Пенал |
|
Күрделі шектелген |
Старый Баррэкпор, Лос – Баджос және т.б. |
|
Дизъюнктивті бұзылыстар |
Тектоникалық экрандалған |
Поинт – Фортин, Диабло, Куинам. |
Синклинал борты |
Литологиялық экрандалған |
Сипариа синклиналінің солтүстік және оңтүстік қанаттарындағы шоғырлар |
Линза түрлі |
Кура- Куарри және т.б. |
Миоплиоценнің құмтастары мен конгломераттары өнімді, ал солар олиоцен – миоценнен құралған мол қатпарланған антиклинальдың үстінде орналасқан.
Алапта Үлкен Хусепин мұнайгаздылығы ауданы тән. Оның құрамында бірқатар кенорындар: Хусепин, Санта – Барбара мен т.б ).
Тринидад мұнайгаздылы облысының кенорындары кейбір жерлері диапирлі құрылысты ( Пеннал, Барракпор және т.б ) сынған брахиантиклинальдармен байланысты. Бұзылған дөңесті мен тектоникалық қалқанған кеніштерден басқа литологиялық және стратиграфиялық кеніштері бар. Шеріліп жатқан кенорындардың көпшілігінде антиклинальдардың, ығыспалардың және литалогиялық кеніштердің түрлері кездеседі. Барлық кенорындар көп қабатты.
Сипария – Эрин синклиналінің батыс бөлігінде Ла – Бреа кенорны бар, ол дүние жүзіндегі үлкен асфальт көлі ауданы 42 га. Асфальт қабатының қалыңдығы 50 м. Жоғарғы миоцен құмтастары мұнайлы. Жалпы асфальттың жалпы қоры бұл көлде 15 – 20 млн т.
Тринидад кенорнының өлшемі кіші бірақ олардың көпшілігі 40 жыл шеріліп жатыр. Ірі кенорындардың жылдық өндіруі 0,5 – 2,3 млн .
3
40-
сурет. Перуде, Боливияның эквадорында
мұнайгаздылы провинциялары,облыстары
мен аудандарының таралуы. М.Ю.Успенская
бойынша а-Анд жүйесі; б-платформа және
кратон маңы иінді ойыс; в- Сьерра-де
Макаренна көлденеңді көтерілім; г-Гвиан
қалқаны; д-Бразилия қалқаны; е-Сьерра-Пампа
массивы; ж-жарылымдар және шектік
тігістер; з-мұнай және газ кенорындары;
Провинциялар: I-Жоғарғы Амазонкалық,
облыстары: Iа-Ориенте; Iб-Укаялдық;
II-Боливий-Аргентиналық; III-Тетикантық;
IV-Тұнық мұхит маңы,облыстары; IVa-Санта-Элена
жарты аралы; IVб- жаға маңы-Перуандық.
Мұнайгаздылы аудандары және басымды мұнай мен газ кенорындары: 1-Орито;2-Бермехо;3-Лаго-Агрия;4-Макийя;5-Гансо-Азуль;6-Каранда; Оңтүстік Боливий ауданы:7-Камири; 8-Бермехо;Салта ауданы: 9-Кампа-Дуран;10-Тартагал;11-Сориттос ауданы;12-Пунта-Лобитос ауданы;13-Ла-Бреа-Паринас ауданы;14-Перин