Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 том.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
155.16 Mб
Скачать

2.1.1 Батыс Еуропалық эпипалеозойлық тақта

Батыс Еуропа эпипалезойлық тақтаның өзара ерекшілігі - эпигерциндік бөлімінің жоғарғы дәрежелі қозғалымдылығы болып есептелінеді.

Альпі тектоникасының кернеулігі әсерінен, мезозойдан бастап тік бағыттамалы ығысумен бірге бұзылыстар жүйелерімен ірі – ірі жақпар тастарға бөлінеді. Бұзылыстар екі бағыттамалы: субендік- батыс -солтүстік- батыс (герциндік) және субмередиональды- солтүстік- солтүстік шығыс (рейндік және толық тақта тысын жарып жатыр. Геодинамикалық сұлбада субендік жарылымдар силурда, ортаңғы карбонда және жоғарғы перьмде субдукция әсерінен болған деп дәлелдеуге болады. Шығысындағы Тейссер-Торнквист сызығы ортаңғы девон дәуірінде спрединг әсерінен пайда болған. Сол себептен осы ежелгі Шығыс Еуропа тақтасының түйіскен аумағында палеозойдың соңында ірі үстемеленген Солтүстік теңіз- Германия синеклизасы пайда болған.

Рейн грабен жүйесі алғашқы – орта кембрийде планетарлық субдукция белдемінің үстінде орналасып пайда болған. Бұл жердің ерекшілігі- ол мередианальды Рейн континентальды және Қызыл теңіз рифтарымен субдукциялық белдем жерге сәйкес болған. Соның нәтижесінде тау массивтерінің горст түрлі көтерілімдерімен (Гарц, Вогезы, Шварцвальд) ірі субмередианальды грабендер өрбуіне әсерлік қылған (Жерорта теңіз- Мульзендік грабен белдемелері).

Юра дәуірінде Батыс Еуропа солтүстікке қарай ығысып планетарлық ендік субдукциялық белдем үстінде орналасып, Париж ішкі тақталы синеклизасы және шектік Аквитан синеклизалары пайда болған. Осындай геодинамикалық жағдай Орталық француздық Карпат, Кавказ белдемдерімен біріктіріп жатқан.

Бор дәуірінде Батыс Еуропа эпипалезойлық қатпарлы іргетасын жарылымдармен, көмпимерлермен күрделендірілген. Сондықтан субендік (герциндік) және рейндік жарылымнан қайтадан жанданып Батыс Еуропа тақтасының құрылымын одан әрі тектоникалық күрделілікке ұшыратты.

208 -сурет. Батыс Еуропаның мұнайгаздылы алаптарының картасы .

а – мұнайгаздылы алаптардың шекаралары; б – мұнайлы және мұнайгаздылы кенорындары; в – газдың және газконденсатты кенорындары; өте ірі және алып кенорындарының алғашқы өндірілетін қорлары: г – 100 млн. т. артық мұнайлы, д – 100 млрд. м3 артық газдалы; е – мұнайлы және газдылы кенорнындарының топтары: ж – шөгінді алаптардың анықталған және болжама изогипсалары м, з – неогенге дейінгі тіректік изогипсалары, м; и – цехтейінге дейінгі тірек беткейінің изогипсалары, м; алапдардан тыс аумақ: к – байқалдық және одан ежелгі жасты; л – каледон жасты; м – герцин жасты; н – мезозой жасты; о – кайназой (альп) жасты.

Мұнайгаздылы алап: 1 – орталық Еуропалық; 2 – Карпат алды – Балкандық; 3 – Андриаттық; 4 – Трансильван; 5 – Паннан; 6 – Аквитам; 7 – Сицилиялық: 8 – Веналық; 9 – Эбро; 10 – Альп алды; 11 – Солтүстік – Кара теңіз маңы; 12 – орталық Карпат; 13 – Англо Париж; 15 – Тюринг; 16 – Шотландық; 17 – Батыс Англия; 18 – Рондық; 19 – Солтүстік Қаратеңіз маңы, потенциальды мұнайгаздылы алаптар; 20 – Португальдық (Луизитан); 21 – Андалуздық; 22 – Старокастілдік; 23 – Новокастілдік; 24 – Фессалийдік; 25 – Фракцийлық.