
- •2 Жас платформалардың мұнайгазды провинциялары
- •2.1 Батыс Сібір мұнай-газды провинциясы
- •2.1.1 Батыс Еуропалық эпипалеозойлық тақта
- •2.1.2 Болгар тақтасы
- •2.1.3 Аквитан провинциясы
- •2.1.4 Баск провинциясы
- •2.2 Солтүстік Кавказ мұнай-газ провинциясы
- •2.2.1 Аймақтық мұнай-газдылы кешендер
- •2.2.2 Негізгі мұнайгазды облыстардың қысқаша сипаттамасы
- •2.2.3 Мұнай және газ жинақтарының орналасуының геологиялық ерекшеліктері
- •2.3 Орта Азия
- •2.3.1 Арал - Каспий аумағының кеңістік геодинамикасы
- •2.3.2 Каспий аймағының мұнай газды алаптары
- •2.3.3 Орталық Каспийлік мұнай газды алабы
- •2.3.4 Ірі жарылымдар жүйесі
- •2.3.5 Рифтогенді жүйелер
- •2.3.6 Бозащы мұнай-газды провинциясы
- •2.3.7 Заволжско- Орал алды облысының кенорындары
- •2.3.8 Солтүстік-Үстірт мұнайгазды обылысының мұнай және газды кенорындары
- •2.3.9 Сурхан-Вахш мұнай-газды облысының мұнай және газ кенорындары
- •2.3.10 Оңтүстік Маңғышлақ провинциясы
- •Тектоникасы мен газдылығы
- •2.3.12 Зайсан болашақты-мұнайгаздылы облысы
- •2.3.13 Амудария газдылы мұнай провинциясы
- •2.3.14 Орталық Қарақұм мұнай – газ аймағы
- •2.3.15 Тәжік мұнайгазды облысының геологиялық құрылысының негізгі ерекшеліктері
- •Тәжік мұнайгазды облысының мұнайгаздылығы
- •2.3.16 Ферғана мұнайгазды облысының геологиялық құрылысының негізгі ерекшеліктері
- •2.4 Арабия тақтасы
- •2.4.1 Сирия
- •2.4.2 Түркия
- •2.4.3 Сауд Арабиясы
- •2.4.5 Катар
- •2.5 Оңтүстік Америка
- •2.5.1 Анд қозғалмалы белінің мезо – кайнозойлы қатпарлы құрылыстары.
- •2.5.2 Колумбия
- •2.5.3 Эквадор
- •2.5.4 Перу
- •2..5.5 Боливия – Аргентина провинция
- •2.5.6 Нигерия мұнайгаздылы алабы
- •2.5.7 Атлант мұхит маңы
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Мазмұны
- •2 Жас платформалардың мұнайгазды провинциялары.................................3
2.4.5 Катар
Катардың жалпы ауданы 22 мың км².
Бірінші мұнай іздеу жұмыстары 20жылдардың ортасында басталған. Жоспарлы іздеу жұмыстары жақын орналасқан Бахрейн кенорны ашылғаннан кейін жүргізіле бастаған. 1933 жылы геологиялық түсірілім нәтижесінде 1937-1938 жылы картасы құрастырылған Дукхан қатпары анықталған. 1938 жылы басталған іздеу бұрғылау жұмыстары 1939 жылы Дукхан кенорнының ашылуына әкелді.
328-сурет. Катар және Келісімді Оманның мұнай кенорындары
А-кенорындар:1-Авали (Бахрейн);2-Дукхан;3-Идд-эль-Шарги;4-Майдам Мазам;5-Умм Шаиф;6-Бундуг;7-Закум;8-Бу-Газа;9-Мурбан;10-Абу-Джиду (Асаб).
329-сурет. Дукхан кенорнының өнімді горизонтының шекарасының құрылымдық картасы және қимасы (Э.Даниель бойынша).
1-ортаңғы,төменгі эоцен және палеоцен –доломиттер,әктастар;2-жоғарғы бор-әктастар,саздың төменгі бөлігінде;3-ортаңғы бор-әктастар,саздар,құмтастар;4-төменгі бор-әктастар;5-жоғарғы юра-әктастар мен ангидриттер;6,7- #3,4 өнімді горизонттар.
Соғысқа байланысты мұнда жұмыстар тоқтатылып, тек 1947 жылы ғана өндірістік барлау жанданды, ал 1949 жылдан бастап мұнда мұнай өндіріле бастады. Сол кезден бастап жартыаралда магниттік және гравиметриялық түсірілімдер жүргізілп келеді. 1960 жылғы терең бұрғылау нәтижесінде Халул аралының аймағында көтерілімдердің бірінің (Идд-эль-Шарги) мұнайлылығы анықталған. 1963 жылы Халул аралының маңында орналасқан, Катардың екінші теңіз кенорны-Майдам-Мазам ашылған.
Идд-эль-Шарги кенорны жазық платформалық көтерілімге негізделген. Майдам‑Мазам кенорны тұзкүмбезді көтеріліммен байланысты.
Бахрейн аралдары
Бұрғылау жұмыстары мұнда 1931 жылы басталған, ал 1932 жылы оған негізделген кенорны ашылған, ол 1934 жылы пацдалануға берілген. Кейін аралдың солтүстік-батысында жүргізілген сейсмобарлау және бұрғылау жұмыстары нәтиже бермеді.
Авали немесе Бахрейн кенорны Сауд Арабиясының шығыс аудандары орналасқан құрылымдық аудандарда. Мұндағы шөгінділердің қимасы Сауд Арабиясынан ерекшеленбейді.
Бахрейн кенорны жазық ірі көтеріліммен байланысты, оның қанаттарындағы құлау бұрыштары 5-6 º-тан аспайды. Оның аумағындағы өнімді алаңның ауданы 50 км². Кенорында бор таужыныстарының ірі мқнайлы кеніштері бар. Тереңіректе жоғарғы юра әктастарында газ кеніші орналасқан. Газ мұнайлы қабаттардағы қабат қысымын сақтап тұру үшін қолданылады.
Бахрейннің көлемінің кішілігі мен оның Персид шығанағындағы елдердің арасында орналасуы сыртқы саясатты жүргізуге қолайлы жағдай туғызады. Өз мұнай қорының азаюына байланысты Бахрейн мұнай өңдеу мен айдау жұмыстарына кірісті, осылайша ол халықаралық банк орталығына айналды.
3
30-сурет.
Парсы шығанағы.
Экономика салалары:мұнай өңдеу және мұнай айдау,алюминий қорыту, банк ісі, туризм. Мұнай өнеркәсібі 2002 жылы күніне 43,000 баррельді, ашылған мұнай қоры 62,28 млн. баррельді және табиғи газдың ашылған қоры-46 миллиард метр кубты құрады.
Негізгі мұнай кенорны-күніне 35,000 баррель дебет құрайтын Авали кенорны. Бахрейн мұнайының барлық игерілген мұнай қоры Персид шығанағында өнеркәсіптік көлемде өңделе бастаған ең бірінші кенорын–Авали кенорнында орналасқан. Ел аумағында алынатыннан басқа Бахрейн суасты құбыры арқылы Сауд Арабиясынан мұнай алады. Бұл мұнайдың бір бөлігі Абу Сааф шельфті кенорнынан айдалады. Көршілес мемлекетінің экономикасын тұрақтандыру үшін сауд басқарушылары Бахрейнге күніне өндірілетін мұнайдың 140,000 баррелін қайтарымсыз береді.
2002 жылдың аяғына қарай Бахрейн Сауд мұнай компаниясы- Арамко 2004 жылға дейін Абу Сааф кенорнынан мұнай алу көлемін күніне 300,000 баррельге дейін арттыруды көздейтінін мәлімдеген. Қалған мұнайды Бахрейн Сауд Арабиясынан Даммама ауданындағы кенорыннан алады. Абу Саафа мұнай құбыры Бахрейнге баратын жолда осы ауданнан өтеді. Егер Абу Сааф мұнайы тегін алынса, Даммама мұнайы көтерме бағасымен алынады. Персид шығанағындағы басқа мемлекеттерге қарағанда Бахрейн өңделмеген мұнайдан гөрі мұнай өнімдерін көбірек экспортқа шығарады. Елдегі бірден бір мұнай айдаушы завод- Ситра- Манаманың оңтүстігіне жақын орналасқан және мұнай өндіру көлемі күніне 248,900 баррельды құрайды. Бахрейн мұнайының көп бөлігін Үндістанға және Қиыр Шығыс елдеріне экспортқа шығарады. Ситрадағы мұнай айдаушы завод 1936 жылы салынған, осыдан кейін бірнеше рет модернизацияланған.
331-сурет. Ірі мұнай экспорттаушылары
Мұнайдан кіретін кіріс ел кірісінің барлығының 60%-ын және экспорт көлемінің 65% ын құрайды.
Бахрейннің негізгі мұнай компаниялары:Бахрейн BSC мұнай компаниясы және Бахрейннің ұлттық газ компаниясы (Банагас).
Келісімді Оман
Кенорындары Абу-Даби және Парсы шығанағының аумақты суларының шегінде орналасқан.
Келісімді Омандағы бірінші кенорны-Мурбан 1953 жылы ашылған. 50 жылдардағы құрлықтағы іздеу жұмыстарымен қатар мұнай кенорындарын ауш мақсатымен Парсы шығанағының жағалауында да жұмыстар жүргізіле бастаған. Іздеу жұмыстарына мұнда орналасқан тұз күмбездері негіз болды. Жерасты геологичлық түсірілімі нәтиже бермеді, бірақ гравиметриялық және сейсмикалық зерттеулер осы жерлердің бірнеше ірі құрылымдық көтерілімдерін анықтауға көмектесті. 1958 жылы осындай көтерілімдерде жүргізілген теңіздік іздеу ұңғыларының нәтижесінде Уми-Шаиф кенорны ашылды, ал 1962 жылы қолданысқа енді.
332- сурет. Бу Газа (Абу) және Мурбан (Баб) кенорындары
1-кенорындары;2-мұнай ұңғымалары.
333-сурет. Умм Шаиф кенорындарының сұлбалық қимасы және хит свитасының ангидридтері шекарасының құрылымдық картасы.
а-мұнай;б-газ;в(картада)‑өнімді ұңғымалар; 1- ортаңғы бор,вазиа тобы-саздар;2-неоком және апт,тамама тобы-әктастар;3,4-жоғарғы юра;3-хит свитасы-ангидриттер;4-араб свитасы-әктастар.
334-сурет.Оман мұнай кенорындары (Маскат,Оман,Дхофар)
А-кенорындары:1-Умм-Шаиф (Келісімді Оман);2-Бу-Газа (Келісімді Оман); 3-Мурбан (Келісімді Оман);4-Фахут;5-Джибал;6-Нати;7-Мармул;Б-құрғақ іздеу ұңғылары;а-Вади-Даука,б-Норт-Вест-Мармул,в-Мармул №3;В-мұнай берген іздеу ұңғылары: г,д-Мазрак №1 және 2;е,ж-Мармул №1 және 2.
335-сурет. Израиль мұнай және газ кенорындары.
а-мұнай кенорындары; 1-Кохав,2-Хелетц-Брор, б-газды :3-Нир-Ам,4-Саад,5-Биири,6-Хар-Хаканаим,7-Зохар-Кидод.
Мұнайгаздылықтың түрлері және стратиграфиясы
336-сурет. Биири және Саад кенорыдарының с4а горизонт шекарасының құрылымдық картасы және Биири кенорнының қимасы.
1-куркар;2-сакия;3-эоцен;4-турон;5-сеноман.а-бұрғыланған ұңғымалар;б-газ алынған ұңғымалар.Изогипстер 50 м сайын жүргізілген.
Персид шығанағының мұнайгаздылы бассейні-Катар, Бахрейн, Сауд Арабиясы, Ирак, Иран, Оман, Біріккен Араб эмираттары, сондай-ақ Түркия мен Сирия аймағында орналасқан мұнайгаздылы бассейн. Мұнайгаз бассейнінің ауданы 1,43 млн км². Бірінші мұнай кенорны (Местжеде-Солейман) 1908 жылы ашылған, ал газды кенорны (Парс) -1965 жылы ашылған. Персид шығанағының көлемінде 300 шақты мұнай және газ кенорындары анықталған, олардың 13-і 1-ден 10млрд. т-ға дейінгі қормен, 40-ы 100 млн-нан 1млрд-қа дейінгі қормен.
Персид шығанағының мұнайгазды бассейннің басым бөлігі Аравия жартыаралында орналасқан, ол Персид шығанағының солтүстік шығыс бөлігіне және Загрос тау жүйесінің оңтүстік батысына қарай созылған. Бұл бассейн Иран, Ирак, Сирия, Түркия, Иордания, Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Бахрейн, Біріккен Араб Эмираттары, Оманның аумағында орналасқан.
Жалпы Сауд Арабиясында 77-ге жуық мұнай және газ кенорындары есептелген. Құрлықтағы әлем бойынша ірі кенорын-Гавар кенорны, оның қоры 9,6 млрд.тонна және әлемдегі ең ірі шельфты кенорны-Сафания кенорны, дәлелденген қоры - 2,6 млрд. тонна. Сондай-ақ ел аумағында Надж, Берри, Манифа, Зулуф, Шайбах сияқты ірі кенорындары бар.
Сонымен қатар бұл ел үлкен мұнай өңдеу қуатымен де белгілі, күніне 300 мың тоннаға жуық. Негізгі мұнай өңдеу заводтары :Арамко-Рас Танура (41 мың т/с), Рабиг (44,5 мың т/с), Арамко-Мобил-Янбу (45,5 мың т/с) және Petromin/Shell-аль-Джубейль (40 мың т/с).
Елдің мұнай өнеркәсібі ұлттандырылған, мұнай саласын Жоғарғы Мұнайлы Кеңес (Supreme Petroleum Council) басқарады. Ірі мұнай компаниялары-Saudi Arabian Oil Co, мұнайлы химиялы-Saudi Basic Industries Corp (SABIC).