Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 том.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
155.16 Mб
Скачать

2.4.3 Сауд Арабиясы

Мұнай іздеу 1933 жылы басталды. Парсы шығанағының оңтүстік батыс жағалауы мен Катар және Кувейттің бейтарап аймағының арасында елдің мұнайлы бөлігінің шегінде екі аудан белгіленеді.

Оңтүстігінде көптеген құрылымдық көтерілімдер белгілі дәрежеде беткейде бейнеленген. Сондықтан мұнда басты назар елдің батысындағы палеозой-мезозой қималарын зерттеуде болған.

Маңызды рольді сейсмобарлау атқарды. 1963 жылы сейсмобарлау мәліметтері бойынша Абу Сафа Теңіздік іздеу ұңғысы ашылды. 1964 жылы бір бөлігі теңізде орналасқан Берри кенорны ашылды.

50 жылдардың басында мұнай өндіру бойынша Абкаик кенорны 1-орында болды. 1953 жылдан 1-ші орында Гхавар болды. 1963 жылы Абкаик кенорнынан алынған нәтижелер толық ақталды, ал 1964 жылы әлемдегі ірі теңіз кенорны Сафания ашылды. Ол Хафания-хафджи кенорнының бөлігі болып табылады. Сала 1964 жылдан бастап Гхавар кенорнында мұнай өндіру оның бес алаңында жүргізіледі. Олардағы ең өнімділері Аин-Дар, Утмания-Шеджум.

326-сурет. Сауд Арабиясының және Бахрейн аралдарының мұнай кенорындары және барлау алаңдары.

1-Сафания;2-Манифа;3-Абу Гадрия;4-Харсания;5-Фадили;6-Берри;7-Абу Сафа;8-Катиф;9-Даммам;10-Абкаик;11-Гхавар;а-е-алаңдар:а-Фавран;б-Аин-Дар;в-Шеджум;г-Утмания,д-Хавия;е-Харад;12-Кхурейс;13-Бахрейн (Авали).

Стратиграфия және мұнайгаздылықтың түрлері

Қарастырылып отырған аймақтың құрылымында палеозой, мезозой және кайнозой шөгінділері орын алады. Олардың сұлбалық қимасы кестеде берілген. Ортаңғы, жоғарғы, төменгі бордың доломиттері мен әктастары және төменгі бордың құмтастары өнімді. Мұнайлы кенорынның сипаттамасы кестеде көрсетілген.

Кенорынның құрылымдық пішіндері және кеніш түрлері. Кенорындардың сипаттамасы.

Кенорындар жазық платформалық көтерілімдерге негізделген. Эн Нала деп аталатын көтерілімдердің батыс аймақтарымен Гхавар, Фадим және Харсания кенорындары байланысты.

Гхавар кенорны-әлемдегі ең ірі кенорындардың бірі. Оның ұзындығы 230-240шақырым, ені 16-25 шақырым,өнімді горизонттың биіктігі 370м-ге дейін. Кенорны Эн Нала аймағының біршама көтеріңкі бөлігін сипаттайды. Бұл көтеріңкі бөлігі рельефте әлсіз айқындалған. Оның күмбезінде палеогеннің жазық шөгінді қабаттары ашылып жатыр. Тереңдеген сайын таужыныстардың құлау бұрыштары ұлғаяды және мезозой шөгінділерінде аймақтың шығыс қабаттарында 5-8, кейде тіпті 16º-қа жетеді. Эн Нала аймағы аз амплитудалы жарылымдармен күрделенген. Ол оның құрылымына айтарлықтай әсер етеді.Кенорындар шегінде 6 алаң белгіленеді. Харав және Хавия атты екі оңтүстік алаңы біршама биік шығыс қанаттағы жіңішке қатпарда орналасқан. Олар құрылымдық ертоқылығымен бөлінген. Солтүстікке қарай Утмания алаңы орналасқан. Оның осінің жалғасында Шеджум алаңы орналасқан, ол үшбұрыш сияқты шектелген тұйық көтерілімге негізделген.

327-сурет. Гхавар кенорнының араб свитасының D горизонтының шекарасы ның құрылымдық картасы. (XX МГК,т.IV мәліметтері бойынша,1959)

Стратоизогипстер 75 метр сайын жүргізілген.

Батыс қатпар осінің жалғасында Аин-Дар алаңы орналасқан, ол екі жіңішке плакантиклинальмен байланысты. Аин-Дардан солтүстікке қарай айқын көрінетін құрылымдық ертоқылықпен бөлінген тағы бір көтерілім бар. Ол Фазуран алаңына сәйкес келеді. Гхавар кенорны бірлестігі бірден қалыптасқан жоқ. 1948 жылы Аин-Дар кенорнының ашылуы туралы хабар шықты, 1949 жылы Харад және т.б. кенорындардың ашылғандығы туралы мәліметтер болды. Кейінгі зерттеулер бұл кенорындардың барлығы Гхавар кенорнының құрылымдық бөлшегі екендіні анықталған.

Фадили кенорны локальды көтеріліммен байланысты. Оның ұзын осі солтүстікке,солтүстік батысқа бағытталған. Оның шегіндегі юра шөгінділерінің биіктігі 160 метр.

Кесте -27.

Сауд Арабиясының мұнайгаз кенорындарының құрылымдық формалары және кеніш түрлері

Құрылымдық пішіндері

Шоғыр түрлері

Кенорындар

Жарылым бойымен іргетас блогының қозғалуынан туындаған көтерілімдер

Тұздыкүмбезді көтерілімдер

Массивті күмбезді:

а) жоғарғы және ортаңғы юра әктастары;

б) неоком әктастары

Қабатты- күмбезді төменгі- ортаңғы бор құмтастары

Массивті күмбезді

Абкаик, Абу-Гадрия, Фадили, Гхавар, Кхурейс, Харсания, Манифа

Манифа

Сафания

Даммам