
- •2 Жас платформалардың мұнайгазды провинциялары
- •2.1 Батыс Сібір мұнай-газды провинциясы
- •2.1.1 Батыс Еуропалық эпипалеозойлық тақта
- •2.1.2 Болгар тақтасы
- •2.1.3 Аквитан провинциясы
- •2.1.4 Баск провинциясы
- •2.2 Солтүстік Кавказ мұнай-газ провинциясы
- •2.2.1 Аймақтық мұнай-газдылы кешендер
- •2.2.2 Негізгі мұнайгазды облыстардың қысқаша сипаттамасы
- •2.2.3 Мұнай және газ жинақтарының орналасуының геологиялық ерекшеліктері
- •2.3 Орта Азия
- •2.3.1 Арал - Каспий аумағының кеңістік геодинамикасы
- •2.3.2 Каспий аймағының мұнай газды алаптары
- •2.3.3 Орталық Каспийлік мұнай газды алабы
- •2.3.4 Ірі жарылымдар жүйесі
- •2.3.5 Рифтогенді жүйелер
- •2.3.6 Бозащы мұнай-газды провинциясы
- •2.3.7 Заволжско- Орал алды облысының кенорындары
- •2.3.8 Солтүстік-Үстірт мұнайгазды обылысының мұнай және газды кенорындары
- •2.3.9 Сурхан-Вахш мұнай-газды облысының мұнай және газ кенорындары
- •2.3.10 Оңтүстік Маңғышлақ провинциясы
- •Тектоникасы мен газдылығы
- •2.3.12 Зайсан болашақты-мұнайгаздылы облысы
- •2.3.13 Амудария газдылы мұнай провинциясы
- •2.3.14 Орталық Қарақұм мұнай – газ аймағы
- •2.3.15 Тәжік мұнайгазды облысының геологиялық құрылысының негізгі ерекшеліктері
- •Тәжік мұнайгазды облысының мұнайгаздылығы
- •2.3.16 Ферғана мұнайгазды облысының геологиялық құрылысының негізгі ерекшеліктері
- •2.4 Арабия тақтасы
- •2.4.1 Сирия
- •2.4.2 Түркия
- •2.4.3 Сауд Арабиясы
- •2.4.5 Катар
- •2.5 Оңтүстік Америка
- •2.5.1 Анд қозғалмалы белінің мезо – кайнозойлы қатпарлы құрылыстары.
- •2.5.2 Колумбия
- •2.5.3 Эквадор
- •2.5.4 Перу
- •2..5.5 Боливия – Аргентина провинция
- •2.5.6 Нигерия мұнайгаздылы алабы
- •2.5.7 Атлант мұхит маңы
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Мазмұны
- •2 Жас платформалардың мұнайгазды провинциялары.................................3
2.4 Арабия тақтасы
Арабия-Нуб кристалды қалқанды солтүстік шығысынан қоршап жатыр. Ол рифейге дейінгі және байкал түзілімдерінен құралған, ал түзілімдерді моноклинді жатыспен палеозой, мезозой және кайнозой шөгінділері жауып жатыр. Тақта солтүстік және солтүстік-шығыста Месопотам ілгергі иіндіойыстың орталығына қарай төмендеп жатыр. Оның құрамында ішкі гомоклиналь ерекшеленеді. Бұнда палеозой, мезозой шөгінділерімен жамылған кристалды іргетас 2000-3000 м тереңдікте жатыр. Арабия-Нуб қалқаны мен тақтаның батыс бөлігі Шығыс-Африка жарылымдар жүйесімен бұзылып жатыр. Оның әсерінен Өлі теңіз, ө. Иордан аңғарының және Акаба шығанағының рифті белдемінің төмендеуі болды. (159-сурет). Тақтаның солтүстік бөлігінің платформалық құрылымдарына іргетасының шығыңқы жерімен байланысты бірнеше көтерілімдер жатады. Ал оңтүстік-шығыс бөлігінде Руб-эль-Хали синеклизасы ерекшеленеді. [1]
Геоморфологиялық аудандастыруы
Қарастырылып отырған аумақты араб зерттеушілер мен басқа елдер геологтары мынандай геоморфологиялық аудандарға бөледі:
ө. Иорданның төменгі ағысынан бастап Йеменге дейінгі Арабия жарты аралының батыс бөлігі. Ол кембрийге дейінгі жыныстармен қалыптасқан. Кембрийге дейінгі түзілімдердің оңтүстігінде мезозой, кайнозой шөгінділерімен жамылған. Қалқанның оңтүстік-батыс бөлігі көтеріңкі келген. Бұл жердің тегістелу жазықтығы 2500 метр жоғары жатыр. Ол солтүстік –солтүтік-батысқа аздап еңістелген. Бұл аумақ Арабия жарты аралының ең көтеріңкі бөлігі.
Арабия жарты аралының оңтүстік бөлігі жазық қырат ретінде көрініс береді. Қырат жағалау белдемінде шығыс-солтүстік-шығыс бағытқа еңістелген және Хадрамут-Дофарск үстіртінен Руб-эль-хали шөліне дейін төмендеп жатыр.
Қалқанның шығыс бөлігінде фанерозой түзілімдерінен құралған майысқан белдем бар. Белдемнің сыртқы бөлігін құмтасты және кесектасты жазықтық, Парсы шығанағының аздаған бөлігі және Руб-эль-Хали шөлі құрайды. Бұл белдемге сонымен қатар Шығыс Иорданий және Сібір үстірті, Тигра мен Ефрат өзен бассейндері кіреді.
Левантада негізі мезозой шөгінділерінің арасында кайнозой жыныстарынан құралған екі параллельді орналасқан көтеріңкі жазықтық бар. Бұлар грабен тәрізді дипрессиямен бөлінген. Бұның оңтүстік рифттік бөлігінде кембрийге дейінгі және палеозой жыныстары ашылып жатыр. Батыс көтерілімі Синаядан Палестин арқылы, Ливан және батыс Сирия арқылы созылып жатыр. Шығыс көтерілімі Трансиорданий мен Антиливанның батысында орналасқан. Содан кейін өзінің көрінісін жоғалтып, изометриялы төбелер үстіртіне ауысады.
1 Қарастырылып отырған ауданның қалған бөлігін неогенде қалыптасқан орогендік тау тізбек жүйесі құрайды. Олар Кипрдан оңтүстік-шығыс Турция арқылы солтүстік және солтүстік-шығыс Ирак және оңтүстік-батыс Иран арқылы Оманға дейін созылып жатыр. (160-сурет).
2 Арабия жарты аралының шығысынан батысына қарай Макранс тізбегі орналасқан. Бұл тізбек Загростан төмен жатыр және одан Ормуз айыршығы арқылы бөлініп жатыр. Макранс тізбегі аридті аймақтарға тән. [2]
308-сурет. Азия аумағының тектоникалық сұлбасы.
1-Рифейге дейінгі және байкал қатпарлық кезеңінің тақталы көтерілімі; 2- рифейге дейінгі және байкал кезеңінің тақталы тысы; 3- каледондық және герциндік; 4- эпипалеозойлық тақталы тысы; 5- мезозой қатпарлы облысы; 6- Мезозой ойысы; 7- тектоникалық емес типті ойыстар; 8-кайнозой қатпарлы облысы; 9- кайнозой қатпарлы ілгергі иіндіойысы; 10-мезозой және кайнозой интрузиялары; 11- эффузивтер; 12- жарылым; 13- Азия шетелдеріндегі мұнай және газ кенорындарының тобы;14- негізгі ірі және алып кенорындар;
309-сурет.Үнді мұхитының батыс бөлігі
Үнді мұхитының батыс бөлігі өзіне Африканың суасты континентальды аймағын кіргізеді.Қызыл теңіз,Аравия түбегінің шельфты аумағы (соның ішінде Парсы шығанағы) және де Үнді субконтинентінің батыс шельфы.Өндірісті мұнай газды суасты континентальды аймақтар мен континентаралық су айдыны аймағында орналасқан.Ірі мұнай газдылы бассейндер келесілер:Қызыл теңіз,Прасы шығанағы,Үнді шельфінің батысы.
310-сурет.Қызыл теңіз
Қызыл теңіздің мұнайгаздылы бассейні ені 200-300 км және 2000 км- ге созылып жатқан рифтогенді ойпаңды алып жатыр.
Қызыл теңіз ойпаңының солтүстігінде екі шығанаққа-Суэцке және Акабқа бөлінеді.Қызыл теңіздің әрқайсысының рифтогенді құрылымы бар.Қызыл теңіздің көмірсутектерінің негізгі ресурстары Суэцк мұнайгазды суббассейніне тұтастырылған.
311-сурет. Таяу және Орталық Шығыстың геологиялық сұлба картасы.
1-антропоген; 2 – кайнозой; 3 – мезозой; 4 –мезо-кайнозой атқылама жыныстары; 5 - жоғары палеозой; 6 – төменгі палеозой; 7 – кембрийге дейінгі; 8 – қарастырылп отырған ауданның шекарасы; 9 – негізгі дизьюнктивті бұзылыстар белдемі.
Стратиграфиясы
Бұл кестеде жыныстардың ортақ таскелбеттік өзгерісі мен стратиграфиялық үйлесімсіздіктері көрсетілген.
Кесте -23.
Кувейт, Сауд Арабиясы, Катар, Бахрейн.
Стартиграфиялық шкала |
Литологиялық құрам мен тектоникалық жағдай |
Плейстоцен |
Континенттік және өзен шөгінділері. Арасында базальтымен |
Плиоцен |
Құмтасты мергельдер, әктастар, гравелиттер. Хоруф және дибдиба свитасы. Қалқаннан тыс андезиттер мен базальттар |
Миоцен |
Тек миоценнің жоғарғы бөлігі ғана қатысады. Құмтастар, әктастар және эвапориттер. Хоруф, дибдиба, дам, хердух, фарс және гар свиталары. Қалқаннан тыс арасында андезит пен диабаз |
Олигоцен |
жоқ |
Эоцен |
Жоғарғы эоцен жоқ.Көтерілімдер Ортаңғы эоцен: неритті әктастар, доломиттер мергельдермен және саздармен. Даммам свитасы Төменгі эоцен: бор, мергель, гипс. Рус свитасы. |
Бор
|
Жоғарғы бор: әктастар сазбен. Төменгі жағында сынықты жыныстар.Арума сериясы ( Кувейт) Ортаңғы бор: батысында теңіз әктастары және қабатталған неритті әктастар, құмтастар, тақтатастар мен оңтүстігінде мергельдер. Төменгі бор: батысында сынықты теңіз жыныстары шығыс бағытта неритті әктастар мен мергельдерге ауысады. Олар калькаренитті әктастардың астында жатыр, ал калькаренитті әктастар пелетті әктастармен үйлесімсіз жатыр. Тамама сериясы, бийяд, бувайб, ямама және сулайя (Сауд Арабия) свиталары. Сулайя свитасы жоғарғы юраның бөлігін алып жатыр. Көтерілім мен эрозия бувайб свитасы мен васия сериясының алдында. |
Юра |
Жоғарғы юра: жоғарғы бөлігінде, әсіресе, Кувейтте, эвапориттер тараған. Қалған аумағында неритті әктастардың астында орналасқан. Арасында пелитті және оолитті. Рияд сериясы. Джубейла, ханифа, тувайк, дарб, диаб,араэдж және готния свиталары. Ортаңғы юра: батысында неритті әктастар мен сынықты жыныстар. Шығысында әктастар. Рума және изара свитасы. Төменгі юра: Сынықты жыныстар, эвапориттер мен әктастар. Маррат, гулайла, бутма, адайа және алан свитасы. Юраның басында трансгрессия |
23- кестенің жалғасы |
|
Триас |
Негізі сынықты жыныстар арасында эвапориттер мен әктастар. Менжур, джил, судейр,гулайла свитасы. Сауд Арабиясында жиі көтерілімдер мен эрозия |
Пермь |
Әктастар саз қабаттарымен.Хуфф свитасы. |
Пермь-таскөмір |
Құмтастар, гравелиттер. Важид свитасы.Тек солтүстік-батысында ғана. |
Девон |
Әктастар, құмтастар, тақтатастар. Жуаф свитасы. |
|
|
Силур-ордовик |
Құмтастар мен тақтатастар. Табук свитасы. Жиегі жиі эродирланған. |
Кембрий- ордовик |
Сак свитасының құмтастары. Кембрийге дейінгі кешенде орналасқан. Қалқан бойында гранит интрузиясы мен экструзивті магматизмді көруге болады. |
Кембрийге дейін |
Пенепленді, метаморфты және плутонитті комплекс. Бірнеше орогенді дәуірінде белгіленеді. белгіленеді. Сауд Арабиясының батысында тараған. |
Кесте 24.
Біріккен Араб Эмираты мен Оман.
Стратиграфия лық шкала |
Литологиялық құрам мен тектоникалық жағдай |
Плейстоцен |
Континенттік шөгінділер, кесектастар мен құмдар. Оманның батысында базальттар. |
Миоцен-плиоцен |
Гравелиттер мен конгломераттар,тауалды жазықтықта кең тараған. |
Миоцен |
Оманда жоғарғы бөлігі сынықты-эвапоритті жыныстардан тұрады. Төменгі бөлігінде әктастар, бор мен мергельдер. “Пират жағалау” елдерінің қимасы эвапоритті-сынықты қабат төменгі жағында тұздарымен. Фарс свитасы. Миоценнің аяғында ортақ көтерілім мен тау бөлігінде қатпарлану. |
Олигоцен |
Бор тәрізді әктастар, мергельдер, доломиттенген әктастар мен гипстер, рифті әктастар. Негізінен Оман мен Дафарда дамыған және Оман қырқасының екі жағынан. Біріккен Араб Эмиратында көбінесе мергель астында жатқан эвапориттер тұзбен. Олигоценнің аяғында Оман қырқасының бөлігінде қатпарлану мен көтерілімдір жүріп жатты. |
|
|
24- кестенің жалғасы |
|
Эоцен
|
Жоғарғы эоцен: тек Эль-Бруайм ауданындағы Оман қырқасының батыс еңіснде ғана.Реликті бассейннің биокласты әктастарымен сипатталады.Ортаңғы эоцен: әктас, бор, Біріккен Араб Эмиратының солтүстік бөлігінде мергельдер. Даммам свитасы.Ортақ көтерілім ортаңғы эоценнің аяғында.Төменгі эоцен: бор тәрізді мергельдер мен әктастар гипспен, доломитпен және тақтатаспен. Рус свитасы |
Палеоцен |
Әктастар мен доломиттер, кейде кедертасты әктастар мен мергельдер. Умм-эр-радума свитасы. Жоғарғы бор Оман қалқанының екі еңісін қамтыған трансгрессия |
Бор
|
Жоғарғы бор: Маастрихті әктастар, жиі кедертасты және мергельдер; төмен бөлігінде базальтты |
құмтастар мен конгломераттар. Біріккен Араб Эмират аумағында әктастар, мергельдер және тақтатастар.Арума свитасы. Оман тауларында серпентиниттер, габбро, радиоляриттер, брекчия және конгломератқа ауысатын құмтасты мергельдерде жатқан аргилиттер, жоғарғы борда сыртқа шығып жатқан және маастрихті трансгрессия түзілімдерімен жамылып жатқан автохтондар мен аллохтонды кешендер. Оманның қалған аумағын мергельдер, құмтастар және сазды әктастар қамтып жатыр. Оңтүстік жағалауда кездесетін офиолиттер мен радиоляриттер аллохтондық жатыста орналасқан емес. Оман тізбегінде көне жыныстардың экзотикалық жеке жоны кездеседі. Ортаңғы бор: әктастар, мергельдер жергілікті кораллды әктастар, сазды алевролиттер; төменгі бөлігінде құмтастар мен мергельдер. Олар таулы облыста әктастарға ауысады. Васия сериясы, базальтты құмтасты нахр-умр свитасы.Төменгі бор: әктастар, мергельдер, пелетті доломиттенген әктастар, таулы бөлікте радиоляриттер. Бор, мергель және тақтатас горизонттары кездеседі. Тамам сериясы. Төменгі борда көтерілімдер мен эрозиялар. |
|
Юра |
Көбіне карбонатты жыныстар: әктастар, доломиттер, оолитті және пелетті әктастар. Абу-Дабидің батысында эвапориттер белгілі, ал шығысында олар жоқ. Төменгі бөлігінде алевролиттер мен құмтастар. Оман тау жағалауларында базальтты жұқа қабатты сынықты жыныстар белгілі. Мусандам, изара, араэдж, дарб-дийяб свиталары. Оман қырқаларына ультрабазиттер кіріккен. |
24- кестенің жалғасы |
|
Триас |
Доломиттенген пелетті әктастар: филлиттер, кейде эвапориттер. Қиманың жоғарғы бөлігінде сынықты жыныстар белгіленеді. Элфинстоун, гейл, милаха және басқа да свиталар. |
Пермь
|
Әктастар мен доломиттер, пелетті әктастар, мергельдер: Оман тауларында филлиттер. Хуфф, “филлиты хатах” свиталары. |
Таскөмір-девон |
Аумақтың көп бөлігінде жоқ. Тек оңтүстіктің сынықты белгілі.Оларды терең ұңғымалар арқылы ашқан.(мүмкін олардың кейбір бөлігі ежелгі жасты) |
Силур |
Жоқ |
Ордовик |
Құмтастар, аргилиттер, алевролиттер, кремнийлі жыныстар. Оман тауларының солтүстігінде, оңтүстік Оман мен Дофарда белгілі. Мурбат свитасы. |
Кембрий
Кембрий |
Сынықты жыныстар, доломиттер, эвапориттер тұзбен. Оманның оңтүстігінде, оңтүстік Дофарда және тұз кумбездері ретінде Оманда және “Пират жағалауында”. Ормуз, хуг, эль-хота сериялары. |
Кембрийге дейін |
Пенепленді метаморфты кешен.Тек Дофарда анықталған. Метаморфталмаған шөгінділер Дофар мен оңтүстік Оманда кездеседі. Олар кеш кембрийге дейінгі немесе кембрийдің өзіне жатады. |
312- сурет. Орта және Таяу Шығыстың тектоникалық шолу картасы
Арабия-Нуб қалқаны,2 – тұрақты қайраң, 3 – қозғалмалы қайраң, 4 – жоғарғы бор флишті шеткі трогтар белдемі, 5 – неоген ойысы мен автохтонды қатпарлар белдем, 6 – қаусырма мен гравитациялық қатпарлар белдемі, 7 – негізгі дизъюнктивті бұзылыстар, 8 – радиоляритті офиолитті кешен, 9 – қарастырылып отырған аудан территориясы.
Кесте 25.
Сирия – Ливан
Стратиграфия лық шкала |
Литологиялық құрам мен тектоникалық жағдай |
Плейстоцен |
Континенттік шөгінділер: дюн құмдары, аллювий. Көтерілімдер қалыптасуда |
Плиоцен |
Гравелиттер, конгломераттар, құмдар, саздар, мергельдер, бор, лавалар. Бахтиар мен манкура свитасы. Плиоцен аяғында көтерілімдер, эрозия және сырғыма қалыптасуы |
Миоцен |
Өзендік шөгінділер, конгломераттар; батысында теңіздік әктастар. Сирияда эвапориттер, сынықты жынстар мен әктастар, лавалар. Манкура, фарс, диббан, евфрат свиталары. Миоцен аяғында көтерілімдер |
Олигоцен |
Әктастар, арасында рифті; Сирияда пальмир зонасында бор тәрізді және органогендік әктастар мен құмтастар. Башри, анах, абияд свиталары. |
Эоцен |
Жоғарғы эоцен: әктастар, рифті әктастар мен глобигерині мергельдер, бор және кремнийлі жыныстар. Дахек пен джаддала свиталары. Ортаңғы және төменгі эоцен: глобигеринді мергельдер мен әктастар. Сирияда көп дамыған. Джаддала свитасы. Жоғарғы эоценде Ливан мен Антиливанда шөл. |
Палеоцен |
Саз бен сазды әктастар қабаты бар мергельдер. Аалиджи мен кермев свитасы. |
Бор |
Жоғарғы бор: әктастар мен сазды әктастар; Сирияның солтүстік-батысында кремнийлі мен галуконитті құмтастар. Офиолиттер мен радиоляриттер. Шираниш свитасы. Солтүстік-шығысында қызылтүсті дерро қабаты. Бордың аяғында көтерілімдер мен эрозиялар. Ортаңғы бор: әктастар мен доломитті әктастар, кейде мергельдер. Иудея свитасы. Қима төменінде эвапориттер ассафир свитасы. Төменгі бор: саздар, құмтасты мергельдер,құмтастар, көгілдір әктастар, ангидриттер, доломиттер мен мергельдер. Ассафир свитасы Құмтастар сазбен, конгломератпен. Чериф ( Сирия) свитасы, «құмтасты негіздер» (Ливанда). Базальттар. Аз көтерілімдер мен вулканизм |
Юра |
Сазды әктастар, оолитті, доломитті, төменгі бөлікте массивті; лигнитті құмтастар мен жасыл мергельдер, саздар жағалауға жақын. Жағалаудан алыстағаннан кейін доломиттер мен ангидридтерге ауысады. Базальттар мен пирокласты шөгінділер. Долаа свитасы. Юра соңында көтерілімдер, сырғыма пайда болуын жалғастырушы |
25- кестенің жалғасы |
|
Триас |
Саздар, құмтасты саздар мен құмтастар жағалаулық. Жағалаудан алыстағаннан кейін карбонатты жынстар мен эвапориттерге ауысады. Долаа және дубайт свитасы. Ортаңғы триастың аяғында көтерілімдер мен жанартаулықтар. |
Пермь Пермь |
Аргилиттер,құмтастар, доломиттер мен әктастар. Дубайт свитасы |
Таскөмір |
Аргилиттер, құмтастар мен әктастар; слюидті құмтасты әктастар, доломиттер. Дубайт свитасы. |
Девон |
Құмтастар мен кварциттер. Каледондық эпейорогенез |
Силур-ордовик |
Кварциттер мен сазды тақтатастар. Абба свитасы. |
Кембриий |
Сынықты жыныстар |
Кембрийге дейін |
Метаморфты жыныстар (Латтакии ауданы) |
Тектоникасы
Перикратондық ойыстың оңтүстік бөлігінде, маңызды кен орындар орналасқан жерінде геофизикалық барлау мен бұрғылау әсерінен келесі ірі құрылымдық элементтер белгіленеді: солтүстіктен оңтүстікке қарай Басра-Кувейт ойысы, Хаза құрылымдық террасасы, Катар дөңбек күмбезі және Рубь-Эль-Хали синеклизасы. Сонымен қатар бұл құрылымдық элементтер Парсы шығанағының жағалауын қамтиды. Бұлар жоғары мезозой және кайназой таскелбеттік жиналымдары қалыңдықтары бойынша ерекшеленеді. Олар Аравия плитасының перикратондық ойысының төмен майысу мен жоғары көтерілу сегменттерін көрсетеді. Бұлар Месопотам ойысы мен Парсы шығанағынан бастау алған жарылым бойынша бөлініп жатыр. Басра-Кувейт ойысы қалыптасу тысында бор ( 2300м дейін) мен палеоген ( 900 м дейін) жиналымдарының өсуімен көрініс табады. Хаза террасасы көтерілу белдемін сипаттайды, мұнда бор қабаты 850м дейін қысқартылған,ал палеоген 500м дейін. Юра қабаттарының қалыңдығы 1350 м дейін өседі. Хаза террасасы шығанақ және су айдыны бойымен 650 шақырым ені 100-200 шақырым созылып жатыр. Бұл екі құрылымдық элементтер білік тәрізді көтерілімдермен күрделенген. Ал көтерілімдер жергілікті көмпимелермен күрделенген. Бұл көмпимелермен бүкіл кенорындар байланысты. Геофизикалық мәліметтер бойынша кейбір жергілікті көмпимелер тұздардың енуімен күрделенген (310-сурет ).
Хаза террасасының оңтүстігінде олтүстікке төмендеп жатқан Катар күмбезі бар. Орталық Арабия күмбезінің жалғасында орналасқан. Рельефта Катар күмбезінің төмендеуі Хаза террасасын Рубь-Эль-Хали синеклизасынан бөліп тұрған Катар жартылай аралы ретінде белгіленеді. Онымен Парсы шығанағының Солтүстік және Оңтүстікке ойыстарға бөлінуі байланысты. Катар күмбезінде мезокайнозой шөгінділерінің аз қалыңдығымен ерекшеленеді (311-сурет).
Рубь-Эль-Хали синеклизасы Арабия тақтасының толығымен оңтүстік шығысын қамтып жатыр және терең жарылым бойынша Оман қатпарлы жүйесімен шектесіп жатыр. Оның өлшемі 1200x 600 шақырым. Парсы шығанағының оңтүстік ойысы оның жалғасы болып табылады. Синеклиза қалыңдығы 700 м болатын палеозой, мезозой, кайнозой шөгінділерінен құралған. Ол қалың қабат кайнозой шөгінділерімен және солтүстік бөлігінде бор жиналымы мен тұзды күмбез тектоникасының кездесуімен сипатталады. Көптеген көтерілімдер тұз күмбездерімен байланысты. Бұл құрылымдардың өлшемі аз, диаметрі 10-15 шақырым. Абу-Даби жағалауында және Парсы шығанағының оңтүстік ойысында тұз диаперлері
кең тараған. [1]
313- сурет. Парсы шығанағының оңтүстік бөлігі арқылы жүргізілген аймақтық қима.
а – мұнай шоғыры; б - газ шоғыры; в - кембрийлік тұз штоктары; г – жарылымдар; д - қаусырмалар.
1 - фарс; 2 – асмари әктасы; 3 – бор; 4 – юра; 5 – триас және одан да көне шөгінділер; 6 – кембрий; 7 – іргетас;
Мұнай және газ қалыптасу жағдайлары
Провинцияның бүкіл мұнай кенорны жергілікті көтерілімдер мен тұз күмбездерімен байланысты. Орталық провинцияның негізгі мұнайгаз жиналу белдемдері Кувейт доғасы мен Эн-Нала бел-белесі.
Мұнай кеніші күмбез типті, массивті карбонаттарда немесе қабаттық резервуарларда орналасқан. Кейде құрамында газды телпек кездеседі. Мұнай кеніш биіктігі алғашқа жүздеген метрден аспайды. Тектоникалық қалқанған кеніш сирек кездеседі. Карбонатты коллекторлардың жапқыш қызметін галогенді немесе мергельді жыныс қабаттары атқарады, ал құмтасты коллекторлардың жапқышы - саздар.
Арабия провинциясында бес мұнай газды облыс белгіленеді: Басра-Кувейт, Хаза террасасы, Катар күмбезінің төмендеуі, Рубь-эль-Хали синеклизасы және провинцияның солтүстігінде Сирия-Ирак облысы. Алғашқы төртеуінде негізгі кенорындар орналасқан. Олар жоғарғы ұңғы дебитімен ерекшеленеді. Орта есеппен әр ұңғы жылына 300-350 мың тонна мұнай береді.
314-сурет. Парсы шығанақ бассейінінің шолу картасы.[4]
а – шөгінді тыс астындағы Арабия – Нуб қалқаны; б – Арабия плитасы; в - Загросалды шеткі ойысы; г - Парсы шығанақ бассейінінің шекарасы; д- шөгінді твстың изопахиттері; е – геотектоникалық облыстарды бөліп тұрған маңызды жарылымдар; ж – Қызыл теңіз рифті; ірі кенорындар: з – мұнайлы, и – газды, к - мұнайгазды.
Кенорындар: 1- Минагиш, 2- Умм-Гудейр, 3- Үлкен Бурган, 4- Вафра, 5- Сафани-Хафджи, 6- Хоут, 7- Кирус, 8-Ферейдун- Марджан, 9- Манифа, 10- Хурсания, 11- Абу – Гадрия, 12- Фадили, 13- Берри,14- Катиф, 15- Абу – сафа, 16 - Даммам, 17 - Абкаик, 18 - Гхавар, 19 - Хуранс, 20- Авали, 21 – Дукхан, 22 – Ростам, 23 - Майдан-Мазан, 24 – Идд-Эль-Шарги, 25 – Эль-Бундук, 26 – Сассан, 27 - Умм-Шейф, 28 – Фатех, 29 - Закум, 30 – Мурбан, 31 - Бу – Хаза, 32 – Джибал, 33 - Нати, 34 – Фахуд, 35 – Хувейза, 36 – Суэдис, 37 – Бай-Хасан,38 – Киркук, 39 – Джамбур, 40 – Ратави, 41 – Румейла, 42 – Зубейр, 43 – Раудхатейн, 44 – Сабрия, 45 – Сиба, 46 – Ахваз, 47 – Масджид-Солейман, 48- Фарис, 49 – Карандж, 50 – Марун, 51 – Мансури, 52 - Ага-Джари, 53 – Пазанан, 54 – Гечсаран, 55 – Раг-и-Рафид, 56 – Биби-Хакиме, 57 – Бинак, 58 – Хафт-Кель, 59 – Канган, 60 – Рима
Аталған облыстарда 26 ірі кенорын, оның ішінде 14 – алып кенорындар, қоры 800млн.нан бастап бірнеше миллиардқа тоннаға дейін. Әлемдегі ең бай кенорындар Гхавар мен Бурган (314-сурет). Бұл екі кенорын жеті алып кенорынмен қосып қарағандағы мұнай қоры 32 млрд.т. мұнай, яғни Арабия провинциясының мұнай қорының 90 % құрайды.
315-сурет.Парсы шығанағы
Парсы шығанағының мұнайгаздылы бассейні шығанақ пен оған қатысты құрлықтың жартысын алып жатыр. Оның аумағында Сауд Арабия, Кувейт, Ирак, Иран және Араб Эмираттары (ОАЭ) кіреді.
Мұнда 70-ке жуық мұнйлы және 6 газды кенорындар ашылған. Парсы шығынағы мұнай қорының жоғары концентрациясымен сипатталады. Ауданның мұнайлы ресурстарының жартысынан көбі 13 кенорында ғана шоғырланған.
Басра-Кувейт мұнайгаз облысының жоғарғы юрасында араб тастопшасы жоқ және төменгі, ортаңғы борда терригенді жыныстар көп. Үлкен аймақтық өнімділігімен осы аралықтың құмтас свиталары ерекшеленеді, әсіресе үлкен мұнай шоғырлары орналасқан бурган свитасы.
Облыс құрылымында ұзындығы 250 шақырым білік тәрізді көтерілім Кувейт доғасы айрықшаланады. Кувейт доғасының мұнайгаз кенорындары брахиантиклиналь мен күмбездерге жақын. Солтүстік Кувейт (Раудхатейн) мен оңтүстік батыс Ирак Басра ауданындағы доғаның солтүстік көтерілімі солтүстіктен батысқа қарай созылып жатыр. Оңтүстік көтерілімі күмбез тәрізді және тереңінде тұзды тектоникамен күрделенген – Бурган, Минагиш, Вафра (314- сурет).
Алып Бурган кенорыны өлшемі 40x14 шақырым, құлау бұрыштары 30 болып келетін ірі көтерілімді сипаттайды. Ол амплитудасы 210 м жететін үш күмбезден ( Бурган, Магва және Ахмади) құралған (317-сурет). Төрт құмтасты свитасы өнімді : біріншісі және екіншісі – сеноман шөгінділерінде, үшіншісі – альбте, төртіншісі – неоком-аптте (зубаир свитасы). Мұнайға бай свиталардың бірі болып зубаир мен бурган свиталары саналады.Олар 1700-2300 м тереңдікте жатыр.Бурган кенорны жоғары концентрациялы, себебі: ондағы құм қалың және үгілгіш болып келген.
Кувейт
доғасынан оңтүстікте Сауд Арабия
жағалауынан солтүстік-шығыс бағытта
бір бел-белес айрықшаланады, Бұған
әлемдегі ең ірі мұнай теңіз кенорыны
Сафания-Хафджи жатқызылады. Бұл 62 метр
ұзындықтағы, кайнозой қабаттарында
жақсы көрінген көтерілім. Мұнайлық
жағдайы Бурганға ұқсас. Мұнай қанығу
қалыңдығы қимада 290 м.
316-сурет. Духкан кен орнының қимасы және №4 беткейінің жабыны бойынша құрылымдық картасы(Даниел бойынша)[ ]
1-ортаңғы төмен эоцен және палеоцен-доломиттер; 2-жоғарғы бор-әктастар, астында саздар; 3-Рортаңғы бор-саздар, саздар, құмтастар; 4-төменгі бор-әктастар; 5-жоғарғы Юра-әктастар және ангидриттер; 6,7-№3 және №4 өнімді беткейлер;
317-сурет. Бурган кенорнының құрылымдық картасы және I-I сызығы бойынша қимасы
Хаза терраса мұнайлы облысында бордың құмтасты фациясы тарамаған. Бұл жердің аймақтық мұнайлылық таужыныстары жоғарғы юраның араб свитасындағы калькаренитті әктастар және ортаңғы юраның оолитті және калькаренитті әктастары саналады. Бұл жердің мұнай жиналу белдемі болып ұзындығы 225 шақырым, ені 16-25 шақырым болып келген Эн-Нала тектоникалық құрылымы саналады. Онымен Гхавар кенорны байланысты. Бұл құрылымда араб, джубаил свитасының құрамында жоғарғы юра жыныстары шөккен, олардың құрамы карбонатты жыныстар ( әктас, доломит) және ангидрит қабаттарымен бөлінген қатты жарықшақты әктастар кездеседі.[ 4 ]
Гхавар кенорны әлемдегі ауданның өлшемі бойынша ең ірісі. Ол 1949 жылы ашылды, ал 1960 ж. Өндірілген мұнай қоры 34,5 млн.т. құрады. Жаңа мәлімет бойынша құрылымы бірнеше қатар көтерілімдерден тұрады: Айн-Оар, Шелдум,Утмания, Хайня, Харад, сонымен қатар алдыңғы қатарда тегіс мұнайлы сызық ретінде көрсетілген Р, N жоғарғы геологиялық шөгінділердің көтерілімдері көрсетілмеген, себебі: тау жыныс қалыңдығы беткей түрінде шоғырланған. Гхавар ірі көтерілімдері тек Эн-Нала тектоникалық құрылымының бір бөлігі ғана.
Катар күмбезінің төмендеу мұнагазды облысында өнімді болып тек араб свитасы ғана емес, сонымен қатар төменгі және ортаңғы бор әктастары,газдылы пермь әктастары саналады. Бұл жерде тек бірнеше кенорындар белгілі. Олардың ішінде Катар жартыарал жағалауында орналасқан Дукхан мен газмұнайлы Авали кенорындар бар.
Руб-эль-Хали синеклизасының газмұнайлы облысы
Бұл жердің қимасы жоғарғы перьмнен сеноманға дейін біртекті карбонатты жыныстармен сипатталады. Ойпаңның солтүстігінің аймақтық өнімділігі 1500-3000 м тереңдікте жатқан неокомның доломитті әктастарымен байланысты. Екінші өнімділік ортаңғы және жоғарғы юраның доломитті әктастарында. Бұл облыс тұз күмбездер тектоникасының таралу аймағы.
Оман жотасының тауалды бөлігінде синеклизаның моноклинді еңісі ірі жарылымдармен жекежондарға бөлінген. Жекежондардың шеткі жақтарында жоғары жарылым бойында көтерілімдер пайда болған. Бұл көтерілімдер жоғары дебитті мұнай және газ кенорындар – Фахуд, Натих, Омандағы Ийбал байланысты. Тереңдікте тұз диаперлерімен күрделенген. Негізгі мұнайгазды свитасы болып доломиттенген әктасты ортаңғы бор саналады. Мұнай қанығу қабаты шамамен 460 м.
Сирия-Ирак мұнайгазды облысы
Тигр өзен аңғарының оңтүстік жағалауында орналасқан. Бұл жердің аңғары ілгергі иіндіойыстың осьтік бөлігімен сәйкес келеді. Сирияның бүкіл кенорны мен Ирактың Аин-Зала және Бутма кенорындары Синжаралды плиоцен-плейстоценді ойысында орналасқан. Кенорындар жергілікті көмпимелер мен көтерілімдермен байланысты. Көтерілімдір ірі жарылымдармен бұзылған.
Сирияда жетіге жуық кенорындар ашылған: Карачок, Румейлан, Суедие, Сухне және т.б. Мұнайгаздылы болып жоғарғы бор ( маастрихт-кампан), жарықшақты және ұралы әктастар, жиі кедертасты әктстары ортаңғы бордың ( альб-сеноман), сонымен қатар кедертасты және кеуекті –жарықшақты доломиттері төменгі бор мен триастың саналады. Мұнайы ауыр( 920-970 кг/м3).
Оңтүстік батыс Азияның мұнай және газ кенорындары
Таяу Шығыс‑Европа, Азия мен Африканың шектескен жерінде орналасқан. Мұнай және газ кенорындары бар Таяу Шығыс елдеріне Иран, Сирия, Турция, Кувейт, Сауд Арабиясы, Катар, Бахрейн аралдары, Оман, Израиль жатады.
Таяу және Орта шығыс мұнайдың біршама қоры бар аймақ болып саналады. Мұнай өндіру мөлшері бойынша Кувейт, Сауд Арабиясы, Иран және Ирак 1963 жылы сәйкесінше әлемнің басқа елдерінің арасында 4-ші, 5-ші, 6-шы, 7-ші орындарды алған. Катарда, Кувейттің бейтарап аймағында, Бахрейн аралдарында мұнай өндіру айтарлықтай. Кенорындары 4 мұнайгаз бассейндерінде қалыптасқан. Парсы шығанағы, Орталық Иран, Батыс Арабия (Шығыс Жерорта теңізі), Адан. Кенорындардың көбі және барланған қорлардың көп бөлігі Парсы шығанағында анықталған. Қалған 3 бассейнде бірнеше немесе бір (Адан бассейні) кенорыннан бар. Арабия Нуб қалқанымен шектелген және солтүстік шығыс шеті альпы қатпарлы жүйесінің Динар тармағы болып табылады: Тавр таулары (Түркия) және Ирандағы Загрос. Соңғылары елдің оңтүстігінде тармақталады. Солтүстік тармағы Белуджистанға бағытталған. Оңтүстік тармағы Оман қатпарлы құрылымымен бірігеді, ол Батыс және Каджар хребетімен бейнеленеді және солтүстік шығыс бассейнді шектейді. Оңтүстік бассейн Африка-Арабия платформасының фундамент көтерілімімен шектелген. Аравия жартыаралының шығыс жағалауындағы палеоген, бор және одан да көне таужыныстардың батыс және солтүстік батыс құлау азимуттары анықталғандықтан бассейн оңтүстік шығыс жартыаралдың жағалаулық аймағымен шектелетіндігін айтуға болады. Бассейн альпі қатпарлы құрылымының алдында орналасқан және Тавралды, Загросалды, Оманалды шеткі ойыстары мен Африка-Арабия платформасының құлау аймағы кіретін үлкен ойыспен байланысты.Бассейннің оңтүстік батыс борты платформалық беткей мен Тавр-Загрос-Оманалды шеткі ойысынан тұрады. Оның аумағында ірі платформалық көтерілімдер бар. Ішкі бортта Тавр және Загрос хребеттерінің бағытымен бірнеше ондаған шақырымға созылған антиклиналь аймақтары дамыған. Ішкі борттың шеткі солтүстік шығыс жағында қатпарлар биік, кенет ассимметрияланған болып келеді.
Орталық Иран мұнай газды бассейні альпі құрылымының таулы аймағында орналасқан және Деште-Кивир қатпараралық ойысымен байланысты. Солтүстік және шығыс жағынан ол альпі қатпарлық құрылымымен шектелген, оңтүстік және оңтүстік батысынан Иран орталық массивінің ішкі көтерілімімен шектелген. Ойыстың шөгінді тысында альпілік тектогенез нәтижесінде ірі антиклиналь аймақтары қалыптасқан. Олар екі қиылысатын жүйе қалыптастырады.
318-сурет.Оңтүстік батыс Азияның мұнайгазды бассейндері.
1-альпі қатпарлы ауданы; 2-Тавр-Загрос-Оманалды шеткі ойысының ішкі борты; 3-Африка Арабия платформасының беткей облысы және Тавр-Загрос- Оманалды шеткі ойысының сыртқы борты; 4-Африка Арабия платформасының таяз бөлігі; 5-Арабия қалқаны; 6-мұнайгазды бассейндердің шекарасы:I-Парсы шығанағы;II-Орталық Иран;III-Батыс Арабия;IV-Адан;7-Бульгурдаг мұнай кенорны.
Картадағы сандар:1-Ливан;2-Израиль;3-Бейтарап аймақ;4-Кувейт;5-Бахрейн аралдары;6-Катар.
Батыс Арабия (Шығыс Жерорта теңізі) бассейні Африка‑Арабия платформасының шетінде орналасқан және Жерорта теңізіне кіретін баспалдақты сбростардың жүйесімен байланысты ойысты бейнелейді.
Мұнай газ өнеркәсібі соңғы жылдары қалыптасқан Адан бассейні миоцен шөгінділерімен толтырылған Орталық Тавр шегіндегі ортақатпарлы ойысымен байланысты.
319-сурет.Батыс Арабия бассейні арқылы жүргізілген геологиялық қима
(Л.Пикару бойынша,1959).
1-құмдар мен құмтастар;2-гравелиттер,конгломеаттар;3-мергель;4-саздар,сазтастар;5-бор;6-кремнийлі әктастар;7-әктастар;8-доломиттер;9-эффузивтер;10-мұнай кеніштері.